Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 00:55, дипломная работа

Описание работы

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы өнім сапасын арттыру мәселесін отандық өнім өндірушілердің үйреншікті ыңғайларын толығымен өзгертті. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, нарықтық экономикаға кіру болашағы республика экономикасының бәсекеге қабілеттілікке жетуінің обьективті қажеттілігін негіздейді. Әкімшілдік әміршілдік экономикада бәсекеге қабілеттілік мәселесі ішкі нарықта туындамады, себебі өнімді өткізу сұрақтарын әкімшілдік шаруашылықты бұзып, өндірістік звенолар санының өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасына төніп тұрған қауіп нығайып өсіп бара жатқан халықаралық экономикалық бәсекелестік.

Содержание работы

КІРІСПЕ.....................................................................................................4
I. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
І.І.Өнеркәсіп түсінігінің мәні, түрлері...............................................................6
1.2. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы сапаның ролі.................................11
І.3.Сапаны қамтамасыз ету облысындағы ИСО қызметі...............................18
1.4.Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі......................................24
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ОҢТҮСТІК КАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1.Қазақстан Республикасы өнеркәсіп салаларының қазіргі
жағдайы..............................................................................................................29
2.2.Оңтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіп салаларының жағдайы мен оның республикадағы алатын орны................................................................40
2.3.Қазақстандағы сүт өнеркәсібінде "ФудМастер" компаниясының алатын орны....................................................................................................................45
III. ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫН ДАМЫТУ МЕН ӨНІМНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................56

Файлы: 1 файл

Дип.-ӨНЕРКӘСІП-САЛАЛАРЫН-ДАМЫТУ-МЕН-ӨНІМНІҢ-САПАСЫН-АРТТЫРУ-ЖОЛДАРЫ.doc

— 501.00 Кб (Скачать файл)

- минералды және табиғи шикізатты, жылуды өндірумен айналысатын өндіру өнеркәсібі;

- өндіру өнеркәсіп салаларында және ауыл шаруашылығында өндірілетін шикізаттар мен материалдарды қайта өңдеумен айналысатын өңдеу өнеркәсібі.

3) Өнімнің функционалды бағытына сәйкес кешенді салалар бөлінеді: жылу, машина құрастыру, металлды өңдеу, қара металлургия, түсті металлургия, химиялық және мұнай химиялық және т.б.

Қазақстан Республикасының өнеркәсібі үш негізгі саладан тұрады, атап айтқанда:

● тау – кен өндіру өнеркәсібі;

● өңдеу өнеркәсібі;

● электр энергиясын, газ бен су өндіру мен бөлу.

Өңдеу өнеркәсібі келесідей салалардан тұрады:

● ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу;

● тоқыма және тігін өнеркәсібі;

● былтырғы өндірісі, былтырғыдан жасалынған бұйымдар мен

   аяқ киім өндірісі;

● ағаш және ағаш бұйымдары өндірісі;

● кокс өндірісі, мұнай айдау, ядролық материалдар өндірісі;

● химиялық өнеркәсіп;

● металлургия өнеркәсібі;

● машина жасау.

Бүгінгі күні еліміздің глобализациялау процесіне белсенді қатынасуы, әлемдік экономикадағы толық интеграцияның қажеттілігі отандық өнім өндірушілер өнімнің әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті сапада болуын қажет етеді. Эконмикалық әдебиеттерде сапа түсінігіне әр түрлі анықтамалар беріледі. Соның бірнешеуін қарастырайық:

1. Сапа – бұл болжам жасалынған немесе негізделген қажеттілікті қанағаттандыруға қабілетті тауардың сипаты мен қасиеттердің жиынтығы.

Тұтынушы тұтыну шартына жауап беретін өнімді сапалы деп есептейді. Шынында да өнім қасиеттердің жиынтығы бұрынғыдай болуы мүмкін, бірақ тұтынушы үшін бұл өнім пайдаланылмауы мүмкін.

Кез келген құжатта немесе үлгіде белгілі бір қасиеттер жиынтығы қандайда бір уақыт кезеңінде қажеттілік үздіксіз өзгеріп отырады, сондықтан кәсіпорын өнімді дайындай отырып, нормативті – техникалық құжатпен сәйкестендіргенімен тұтынушыны қанағаттандырмайтын сапасыз өнімді өндіруге тәуелді болады. сондықтан өнім сапасын бағалаудағы негізгі орынды тұтынушы алады. Өндіруші мен тұтынушы сапасы - өзара байланысты түсінік. Әкімшіл әміршіл экономика шартында сапа өндірушінің ыңғайымен қарастырылса, ал нарықтық экономикада ол тұтыну ыңғайымен қарастырылады.

2. Сапа – бұл фирманың беделі, пайданың өсуі немесе фирмада сапаны басқару бойынша жұмыстардың өсуі.

Өнім сапасы кәсіпорын іс әрекетінің негізгі көрсеткіші болып табылатындықтан, өнім сапасын арттыру қандайда бір деңгейді кәсіпорынның нарықтық жағдайда өмір сүруін ғылыми – техникалық прогрес қарқынын, өндіріс тиімділігінің өсімін, барлық ресурстар түрлерінің үнемделуін анықтайды.

Қорыта айтқанда, сапа – бұл экономикалық категория ретінде тауарға салынған қасиеттер жиынтығын тұтынудың нақты шартында, қажеттіліктің қанағаттану деңгейін сипаттайтын қоғамдық бағалау.

Өнім сапасының өсуі - әлемдегі барлық жетекші жұмыстарының тенденциясына сипатты. Өндірілетін өнім сапасы – фирмалар арасындағы өндірілетін өнімнің сапасы бойынша болып отырғандығы туралы баршамызға мәлім. Міне соған байланысты стндарттар, заңдар және ережелер сапа облысындағы жинақталған тәжірбиені бекітеді.

Өндірілетін өнімнің сапасы – бұл кәсіпорын экономикасының бүгінгі күнінің белгісі. Шетелдік менеджерлердің айтуы бойынша – бұл лозунг емес, керісінше ол үлкен философия, онда еңбек өнімділігінің өсу шығындарының төмендеуі өнім сапасының нығаюына алып келетіндігі атап өтілген. Әр түрлі елдердегі фирмалар өнімнің әр түрлі ассортименттерін өндіре отырып, оның сапасымен жұмыс істейді. Өнім сапасын арттыру бойынша жұмысқа жұмсалынатын шығын мөлшерінің үлесі үлкен болады және тұрақты өсіп отырады. Өнім сапасы – еңбек заттары, еңбек құралдары, технология, басқару, өндірістік орта сапасының нәтижесі. Соңғы сапа әр кезеңдегі жұмыс сапасынан тәуелді болады. Өнім сапасының қалыптасуы оны жобалау кезеңінен басталады. Зерттеу фазасында техникалық және экономикалық қағидалар талқыланып, функционалды үлгілер жасалынады. Конструктивті – технологиялық жұмыстар кезеңінде өндіріске ендіру дайындалады. Нарықтық экономика шартында өндіру және тұтыну процесінде сапаны қадағалауға ұйымдастыруға ұмтылады. Аралық өнім сапасы өз кезегінде соңғы өнімнің сапасын қалыптастырады, ал соңғысы өмір сапасына шығады.

Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформаның даму шаралары бойынша сапаға үлкен көңіл бөлінуде. Ал өз кезегінде яғни сапалы өнім – бұл төлемге қабілетті батыс нарығына экспорттық жол ашады.

Өнеркәсіп өнімнің сапасын бағалау үшін екі топқа бөлінетін көрсеткіштерді пайдалануға болады: дара және кешенді. Сапаның дара көрсеткіштері өнімнің бір қасиетін сипаттайды, ал өнімнің сапасының кешенді көрсеткіштері өнімнің бірнеше көрсеткішін сипаттайды.

Өнім сапасы тек қана бір көрсеткішпен шектеліп қана қоймайды, өнім қажетті өнім көрсеткіштерімен өрнектеледі. Көрсеткіштерге сәйкес қасиеттер келесідей топтарға бөлінеді:

1. Тауардың пайдаланылу көрсеткіштері, оның нақты нарықта бағыты бойынша пайдаланудың қайтымдылығын сипаттайды. Өнімнің пайдаланылу облысымен негізделеді.

2. Тауардың сенімділігі – тауардың ұзақ мерзімге жарамдылығынан, қасиеттердің сақталуынан, жөндеуге жарамды-лығынан тәуелді болатын сапаның күрделі қасиеті.

Кейбір бұйымдар үшін жоғарыда аталған қасиеттердің біреуі ғана тән болуы мүмкін. Эклектроприборлардың, автомобильдердің кейбір механизмдердің қайтымсыздығы өте маңызды. Ұзақ мерзімге сақтау – бұл бұйымның өз көрсеткіштерін сақтау қасиеті, сақталуының орташа мерзімі, гамма – проценттік мерзімі. Сақталу- бұл тамақ өнімдерінде маңызды рөл ойнайды. Жөндеуге жарамдылық техникалық қызмет көрсетудің орташа құнын, берілген уақтта жөндеуді орындау ықтималдылығын анықтайтын көрсеткіш.

3. Тауарды пайдаланудың қауіпсіздігінің экологиялық тазалығы. Тауардың экологиялық көрсеткіштері – тауар сапасының деңгейін анықтайтын маңызды қасиеттердің бірі. Мұндай көрсеткішетрге жататындар: суға, адам денсаулығына, табиғатқа және жануарлар әлеміне әсерін тигізетін көрсеткіштер жатады.

4. Сапаның экономикалық көрсеткіштері  обьектінің экономика-лық талаптарына сәйкестігін анықтау кезінде қолданылады.

5. Сапаның технологиялық көрсеткіштері – бұл көрсеткіш, бар технологияның талаптарының қаншалықты көрілгендігін, өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді.

6. Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткішетері.

7. Тауардың эстетикалылығы.

8. Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері  өнімнің тасымал-дауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді.

9. Патенттік – құқықтық көрсеткіштері..

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келіп, өнім сапасының қалыптасуын келесі сурет арқылы көрсетуге болады.

 Экономикалық өсімніңбарынша жоғарғы қарқынына қол жеткізу еліміздің негізгі міндеті. Бұған өз экономикамымыздың бәсекеге қабілеттілік қабілетін арттыру арқылы қол жеткізуге болады. бәсекеге қабілеттілік  тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыра алатын тауардың құндық және сапалық ерекшеліктерінің  жиынтығымен анықталады. Сапа - өткізу нарығындағы күрестің маңызды құралы бола отырып, тауардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Егер сапаға көңіл аударылмаса, онда ақауларды жөндеуге көп қаржы жұмсалады.

Сыртқы нарықта өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның сапасынан және жоғарғы әлемдік стандартпен экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестігінен тәуелді болады.«Бәсекеге қабілеттілік»-бір нарықта ұқсас объектілерді салыстырғанда, оның біреуінің екіншіге қарағанда нақты қажеттілікті қанағаттандыру деңгейін сипаттайтынн объект қасиеті. Сонымен қатар бәсекеге қабілеттілік бұл нақты нарық жағдайында басқасымен қарсыласа алу мүмкіндігі.

Тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы негізгі шаралар келесідей:

■ ағымдағы статистика есептемесінің негізінде бәсекеге қабілеттілік облысында жүйелі зерттеулерді пайдалану және ұйымдастыру;

■ микродеңгейде маркетинг пен менеджментті жақсарту;

■ ішкі нарыққа бағытталған өндірісті несиелеуге мүмкіндік беретін деңгейге дейін пайыз деңгейін төмендету;

■ тауар қозғалысын ақпараттық қолдау нарық, бәсеке және бәсекелестер жөнінде білім және өнімді өткізу, материалдар мен шикізаттарды өткізу, материалдар мен шикізаттарды жеткізу бойынша стратегиялық серіктестер мен инвесторларды іздестіру;

■ табиғи монопология сферасында бағаны қатаң реттеу;

■ өндірістік технологиялық  және техникалық деңгейін арттыру мақсатында тауарлардың жекелеген өндірісіне шетел инфесторларын тарту.

Көптеген дамыған елдерде ХХ-ғасырдың екінші жартысынан бастап, сапа кәсіпорындардың мәселесі емес, сондай – ақ жалпы мемлекеттік маштабтағы міндеттердің бірі болуда.Сапаны реттеу облысындағы мемлекеттің есте қаларлық қадамдарының бірі ретінде энергетика, индустрия және сауда министрлігінің бастамасымен қазіргі таңда ұйымдастырылған және өткізілетін ХХІ ғасырға республикалық байқауды атауға болады. Осы аталған байқаудың жеңімпаздары болып атанған отандық кәсіпорындар мемлекет тарапынан берілетін бірінші кезекті инфестицияға үміттіне алады. Сонымен қатар Республикалық сапа ассоцияциясы Қазақстандық кәсіпорындардың арасындағы сапаны басқарудағы ең үздік жүйесіне арналған байқауда жеңімпаз атанған отандық кәсіпорындар тауарларына «Халық маркасы» деген белгі бере алуына мүмкіндік алады. Мұндай шаралар кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Қазіргі таңда сапа мәселесі  - кешенді яғни  экономикалық заңдылық, техника, білім беру салаларында, сондай – ақ өндірушілер мен процестердің және қызмет көрсетулердің сапа мәселелерінде мемлекет пен тұтынушылардың ғылыми және инженерлік құрылымдар, заңды және атқарушы басқару органдар жұмыстарын үйлестіру негізінде жүргізіліп жатыр.Нарықтық экономика жағдайында сыртқы және ішкі нарықтағы тұтынушылар үшін күрес нағыз бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруды және өндіруді талап етеді. Осыған байланысты екі мәселе туады. Олар:

- тауардың бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық рационалды деңгейлерін іздеу;

- оларды жүзеге асырудағы шығындарды анықтау;

Мұның  бәрі сапаға әсер етуге бағытталғанбасқарудың рөлін жоғарылатады, осының нәтижесінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігі көтеріледі. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі – бәсекелік нарықтағы дамудың, табысқа жетудің шешуші факторы болып табылады. Мұны көп аспектілі мағынада көрсетуге болады. мысалы, нарықтық жағдайға тауардың сай келуі, тұтынушылардың нақты талаптарына сапалық, техникалық, экономикалық, эстетикалық сипаттамалары ғана емес, сонымен қатар коммерциялық талаптарға сай келуі тиіс.Сондықтан да ішкі нарықтағы тұтынушылардың белгілі және ұсынылған талаптарын тұрақты қанағаттандыруды қамтамасыз ететін өнім сапасын тұрақты деңгейде ұстап тұру және жетілдіру мәселелерін шешу қазіргі кезде қиынға соғып отыр. Сондықтан ИСО-9000 стандартына сәйкес кәсіпорында сапа жүйесінің болуы бүгінгі күннің қажетті шарты.

1.3. Сапаны қамтамасыз ету облысындағы ИСО қызметі

 

Стандартизациялау бойынша Халықаралық ұйым ИСО (The international Organization for standartization, ISO), әлемдегі стандарттар рөлінің артуына және стандартизациялаудың дамуына қатынасады. Оның негізгі міндеті болып интеллектуалды, ғылыми, техникалық және экономикалық іс әрекеттер сферасында бірлесу және халықаралық айырбас жасау. 1947 жылы бекітілген бұл мекеме қазіргі уақытта 140 елдің өкілдерін біріктіріп отыр. Стандартизациялау бойынша Халықаралық ұйымды құру кезінде мағынасы тең дегенді білдіретін грек сөзі ISOS негізге алынған.

Отандық өнеркәсіп өнімдерінің бәсекеге қабілетілігін арттыруға қабілетті ететін кәсіпорындарда сапаны қамтамасыз ететін жүйені құруға халықаралық стандартты қолдану стандартизациялау жүйесін жетілдірудің маңызы зор. Бұл жағдайда сертификациялау-дың көмегімен қол жеткізуге болады.

Өнімді сертификациялау тауардың стандарт талаптарына сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді. Сертификация тауардың сыналғандығын, объективті тексергендігін бекітеді.

Сертификация – тауардың стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатындағы процедуралар мен іс әрекеттер жиынтығы. Қазіргі жағдайда ол ИСО – 9000 және оған сәйкес мемлекеттік стандарттар бойынша жүзеге асырылады.

ИСО – 9000 халықаралық стандарттар әлемдік экономиканың маңызды құралы. Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруды оның стандарт талаптарына сәйкестігінің қажетті шарттарының бірі болып табылады.

ИСО – 9000 Халықаралық стандарт сериясының негізгі мақсаттары:

● саудаға техникалық кедергілерді жою;

● сертификациялаудың көп реттілігін жою;

● сәйкестігін бағалау нәтижесін өзара мойындау;

● «тұтынушы - жеткізуші» қатынасын реттеудің жалпы механизмін құру.

 ИСО – 9000 халықаралық стандартын ендіру – бұл республиканың әлемдік тұрақты өсуі. Сапаны басқару облысындағы мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес келетін сапа жүйесін кәсіпорындарға ендіру арқылы отандық тауар өндірушілерге көмектесуді қарастырады. Бұл орган мемлекеттік стандарттар талаптарының орындалуын мемлекеттік қадағалау және бақылауды жүзеге асырады.

Өнімнің сапасын реттеуге «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» заңдардың рөлі өте ерекше. Осы аталған заңдарға сәйкес стандарттау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, мемлекеттік  стандарттау жүйесінің құқықтық негіздерін және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды реттеу, әзірлеу мен қолдану арқылы өнімнің тұтынушылардың мүдделерін қорғау шараларын белгілейді.

Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес стандарттаудың мақсаттары болып:

Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері