Оқу технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 21:15, доклад

Описание работы

"Оқыту технологиясы ”ұғымы педагогикада және жеке әдiстемеде әсiресе соңғы уақытта кең таралып отыр. Байқауымызша, бұл ұғымның педагогикада пайда болуы техногендiк өркениеттiң дамуымен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның елдерi мен АҚШ–та "технология” ұғымының өзi де, оған байланысты мәселелер де арнайы зерттеулерге арқау бола бастаған кезге жатады.

Файлы: 1 файл

оқу технологиясы.docx

— 15.53 Кб (Скачать файл)

Оқыту технологиясы

"Оқыту технологиясы  ”ұғымы  педагогикада және жеке әдiстемеде әсiресе соңғы уақытта кең таралып отыр. Байқауымызша, бұл ұғымның педагогикада пайда болуы техногендiк өркениеттiң дамуымен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның елдерi мен АҚШ–та "технология” ұғымының өзi де, оған байланысты мәселелер де арнайы зерттеулерге арқау бола бастаған кезге жатады. ХХ ғасырларда педология шеңберiнде "педагогикалық технология” терминi туындады. Осы кезеңде педагогикалық техника ұғымы да кеңiнен қолдалынады. "Педагогикалық  технология” ұғымы рефлексология идеяларына негiзделген.

"Бiлiм берудегi технология”  терминi оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолдаумен техникалық құралдарын  қолдану әдiстемесi мәселелерiн қарастыруда  оқыту технологиясы (50-60 жж.), сондай-ақ  педагогикалық технологиялар терминi қолданыла бастады. 60-жылдары педагогикалық  технология қандай да бiр әдiстеменi, мысалы, бағдарламалық оқытуды ғылыми  негiздей отырып қолданылуы тиiс  деген түсiнiк қалыптасты. 70–жылдарға  қарай педагогикалық тәсiлi туындады. Педагогикалық әдiстер технологиясы, яғни, оқу процесiн өзiн немесе  оқытуды құру технологиясы пайда  болды. Осы бағыттың тұңғыш  перзентi және педагогикалық технологиялардың  салынатын iргетасы бағдарламалық  оқыту болды. Оған тән сипат  – оқу мақсаттарын нақтылап  алып, соларға бөлiк-бөлiгiмен бiрiздiлiкпен  жету. Бұл сипаттамада оқыту технологиясының  арқауы мектептегi оқыту жүйелерiн  құрастыру болып табылады.

70 – жылдары жүйелiлiк  тәсiлдiң дамуына байланысты педагогикада педагогикалық технологиялар нақты  белгiленген мақсаттарға сай оқу процесiн басқаруға бағытталған дидактикалық мiндеттердi шешуi тиiс деген идея қолданыс тапты. Бұл бағыттың мәнi мектеп жұмысының толық басқарымдылығы идеясында жатыр.

70-80 жылдары оқыту технологиясы  және оқу процесiнiң технологиясы  терминi пайда бола бастады. Кейiнiрек  педагогикалық технология терминi көбiнде оқыту технологиясы терминiмен  теңестiрiлдi.

Кеңiнен қолданылатын "оқыту  технологиясы”, "бiлiм беру технологисы”, "оқу процесiнiң  технологиясы”, терминдерi ақыр аяғында оқу–тәрбие процесiн ұйымдастыру және басқару дегенге келiп саяды.

"Педагогикалық технологиясы” терминдерiнiң өзара байланысына келсек:

1.Педагогикалық технологияда педагогикалық жүйесiнiң жобасы ретiнде объектiлердi, процестердi және олардың өзара әрекет ету жағдайларын ажыратады, яғни, педагогикалық технология кең мағынасында бүкiл бiлiм беру жүйесiнiң тұжырымдамасын, стратегиясын бiлдiредi.

2.Оқу процесi технологиясының ерекшелiгi мұнда қойылған мақсаттарға жетуге кепiлдiк бере алатын оқу процесi құрылады. Оқу процесi технологиясын  түсiнудiң бiрден бiр кiлтi бiрiздiлiкпен айқын белгiленген мақсаттарға бағытталу болып табылады;

-         Оқушының iшкi интелектуалдық, эмоционалдық, тұлғалық даму процестерi арқылы мақсаттарды анықтау;

-         Оқытылатын мазмұн арқылы мақсаттарды анықтау;

-         Оқушылардың оқу қызметi арқылы мақсаттарды анықтау;

-         Мұғалiм қызметi арқылы мақсаттарды анықтау.

Мұндай тәсiлде "қалай  оқыту керек?” сауалы бiрiншi қатарға  шығып, педагог оқу материалын емес, оқушы мен оның оқу қызметiн  басты назарда ұстайды.

3.Оқыту технологиясы – бұл оқытушылар мен оқушылардың қызметiн құру. Мұнда оқушылардың өнiмдi қызметiн ұйымдастыруға мүкiндiк беретiн оқыту жағдайларына (нысандарына, әдiстерiне, тәсiлдерiне, құралдарына) басымдық берiледi.

Соңғы жылдары педагогикалық  технологиялар ұғымы оқу–тәрбие жүйесiн басқару және жобалау  құралдары мен процестерiнiң: оның мақсаттары мен мiндеттерiнiң, мазмұнының, әдiс–тәсiлдерiнiң жиынтығы ретiнде  түсiнiледi.

Кең таралғандығы мен негiздiлiгiнде, бiлiм беру тарихындағы айқын белгiленген мәнi орнына қарамастан, осы ұғымның  мазмұнын ашу, оның көлемi үнемi талдану  үстiнде және бүгiнгi күнге дейiн  оның бiрiңғай түсiнiктемесе жоқ. Педагогикалық  сөздікте мынадай анықтама берiлген: "Педагогикалық техника – оқу  сабақтарын айқын да тиiмдi ұйымдастыруға  бағытталған тәсiлдер мен құралдар жиынтығы”.

Майкл Кларк бiлiм беруде технология жаңа нәрсе емес, ол тек  оқытудың жаңа жолдары ашылған кездерде ғана қызықтырады деп атап көрсетедi де, одан әрi педагогикалық технологияларға "бiлiм сапасын тексеруге болатын  бақылау жүйесi”, сондай-ақ "бiлiм, дағдыны бағалау әдiстерiн әзiрлеу”  ретiнде анықтама бередi.

П.Буга мен В.Карпов оқыту  технологиясы дегенiмiз ғылыми ұйымдастырылған  бiлiмдi практикалық тапсырмаларды  орындауда жүйелi түрде iс жүзiнде  қолдану деп түсiндiредi және оқыту  технологияларын оқытудың әртүрлi әдiстерiн  қолданудың ғылыми негiзi ретiнде анықтайды.

Жапон педагог ғылымы Т.Сакамотоның  сипаттауынша, өз мәнi бойынша педагогикалық  технология барлық басқарылатын компоненттер:

1.     Бiлу, түсiндiру, пайдалану, бағалау, түсiну, қолдану, жасау, атап көрсету және т.б.

2.     Қайта құру, болжау, сауал, қою, қайта ұйымдастыру, топтастыру, жүйелеу, жеңiлдету және т.б.

3.     Белгiлеу, қорытынды жасау, мәнерлеп оқу, айту және т.б.

4.     Пiкiрiн айту, қолдау, ынтымақтаса қызмет ету және т.б.

Оқу процесiнің мақсаттарын  нақтылау (Б.Блум таксономиясы негiзiнде) технологиясының қисынды қорытындысы  педагог қызметiнiң күнтiзбелiк  – тақырыптық және күнделiктi сабақ  жоспары түрiнде көрiнiс табады.


Информация о работе Оқу технологиясы