Плащтық мата

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 11:20, реферат

Описание работы

Плащтық матаға дайындалатын талаптар. Қолданылатын мақсаты мен мезгіліне байланысты маталарға әртүрлі талаптар қойылады. Плащтық маталар адам денесін қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғап, жасандымикроклимат жасауы керек.
Плащ- желді және жауынды ауарайына арналған жеңіл су өткізбейтін бұйым. Плащ жылу сақтағыш киімге жатады. Ол адамды суық тиюден қорғайды.
Плащтық маталардың негізгі көрсеткіштігінің нормативері талшықты құрамына, беттік тығыздығына және өндіру тәсіліне байланысты тағайындалған: мақта маталары үшін ГОСТ-9009-77, синтетикалық жіптерден алынған жібек маталары үшін ГОСТ-2848-90

Файлы: 1 файл

плащтык мата.docx

— 15.34 Кб (Скачать файл)

    Плащтық матаға дайындалатын талаптар. Қолданылатын мақсаты мен мезгіліне байланысты маталарға әртүрлі талаптар қойылады.  Плащтық маталар адам денесін қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғап, жасандымикроклимат жасауы керек.

      Плащ- желді  және жауынды ауарайына арналған  жеңіл су өткізбейтін бұйым.  Плащ жылу сақтағыш киімге  жатады. Ол адамды суық тиюден  қорғайды.

      Плащтық  маталардың негізгі көрсеткіштігінің  нормативері талшықты құрамына, беттік тығыздығына және өндіру  тәсіліне байланысты тағайындалған:  мақта маталары үшін ГОСТ-9009-77, синтетикалық жіптерден алынған  жібек маталары үшін ГОСТ-2848-90

      Плащтық   маталар арасындағы ең жоғарғы  сұранысқа иесі-негізі бойынша  комплексті полиамид жіптерінен, ал арқауы бойынша текстурленген  полиэфир жіптерінен алыған маталар.  Олар жұмсақтығымен, жақсы драпталуымен  және аз мөлшердегі беттік  тығыздығымен ерекшеленеді.  

      Плащтық  маталарға көбінесе беттік жағы  тегіс немесе аз мөлшерде бедерленген  өте тығыз маталар жатады.

Плащтық маталар  әртүрлі әдістермен иірілген иірім  жіптердің жаймалық және саржалық айқасуынан өндіріледі,сызықтық тығыздығы әртүрлі  болады,беттік тығыздығы 190-301 г/м Плащтық маталар ассортимнттері:   

 Диагональ- саржалық айқаспалы біржіпті немесе иірілген иірім жіптен ө-ндіріледі,беттік тығыздығы-176-382 г/м2  .

 Репс- жаймалық айқаспалы иірім жіптен өндіріледі,жеңіл әрі біртекті боялған.

 Молескин- өте ауыр мата, (200-347 г/м2) сатинді айқаспалы біржіпті иірім жіптен өндіреді.Жууға төзімділігімен сипатталады.

 Плащ астарлық матамен  өңделген.Астарлық материалдар бұйымның ішкі жағын жабу үшін қолданылады. Астармен өңделген киім төзімді болады. Сонымен қатар адам денесінде плащтың жақсы киіліп, шешілуі үшін қолданылады. Қозғалысқа тұрақты, үнемі үйкелісте болғандықтан астар беті жылтыр, тегіс, тазартуға төзімді, аз сетінегіш болуы қажет. Сондай-ақ бұйымның түстік шешімі бойынша материал сырты мен сән бағытына, қызмет ету мерзімі негізгі материал бұйымның эксплуатация мерзіміне сәйкес болуы тиіс.

     Астарлық материалдардың  ауа өткізгіштігі 100дм3/м2с, бу  өткізгіштігі 50г/м2 сағ 50 ден км  емес. Көбінесе астарлық материалдарда  жартылай жібек, вискозды және  вискозды- ацетатты капронды кешенді  жіптерден өндіріледі. Астарлық материалдарға синтетикалық және ацетатты талшықтардың құрамы 30% ден аспауы керек. Негізгі астарлықты тігін бұйымдарының жеке бөлшектеріне форма беру үшін және кию процесінде форманы сақтау үшін қолданады.

      Негізгі  бөлшекті созылудан,желінуден сақтау  үшін желімдік іштік матамен  қатырмалайды.

      Іштік материалдары және қатырмалау тәсілдерін моделде көрсетілген техникалық шартқа сәйкес қолданылады. Киім дайындауда іштік матаның әртүрлі конструкциясы олардың негізгі бөлшекпен біріктірудің әртүрлі әдістері және материалдары қолданылады. Іштік материалдардың конструкциясы мен өңдеу әдісін таңдау бұйымның формасын сақтауға және дайындаудың технологиялық процесінің тиімділігіне үлкен әсері болады. Іштік матаны тігін бөлшектерінде қатырмалау процесін жетілдіруде іштік матаның жаңа түрін ойлап,өңдеумен жинауда жаңа іштік матаны қолдану арқасында аз операцияны технологияға өту. Мойын мен қолтық ойындысының конструкцияның ойынды формасын және созылудан сақтау үшін желімдік кромканы желімдейді немесе ойынды формасымен пішілген іштік матаны желімдейді.

        Флизелин- өндірісте, киімнің өңірінде, жағасында, белдікте, жармада, қалта қақпашасында, жапырақшасында, патада, хлястикте қолданылады.

        Дублерин- тігін бұйымдарының және бөліктерінің негізінен ұсақ бөлшектермен пальто, костюм, плащ, куртка, койлектердің іштіктерімен барлық беткі бөлшектерімен біріктіру.

       Іштік  желімдік матаны бұйымның етегінде, жең аузында қолданылады

 

 

 

 

  Сырт киімдер, сонымен  қатар плащтық бұйымдар эстетикалық,  эргономикалық, утилитарлық талаптарға  сай, яғни сақталуы, ұзақ қолданылуы  және жарамдылығын қамтамасыз  етуі керек.

    Эргономикалық-  бөлшектердің, яғни бөліктердің  адамның антропометриялық және  психо-физикалық ерекшеліктеріне  сай келуін оның санитарлы-гигиеналық  нормаларға жауап беруі.

     Өндірістік  талаптар- бұл бұйымның мүлтіксіз  құрылысының, техникалық құрастыру  әдісінің бұйымдарды дайындауға  кететін уақыт шығынының көрсеткіші.

    Дене кеңістігінің  және киімнің үздіксіз өзара  байланысы кезінде адамда жылу, салқын, суық, ыңғайлылық сезімдері  пайда болады. физиология- гигиеналық  талаптарды қамтамасыз етеді,гигиена ғалымдары адамның тыныштық күйіндегі дене кеңістігінің температурасы 30-35º С болу керек деп есептейді.Киімнің астындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 35-60% болады. Материалға қойылатын басты талаптар- қалыпты жылу, ауамен адам ағзасының қоршаған ортамен газ алмасудың, дененің қалыпты температурасын, тері ылғалдылығын, тері тынысын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Плащтық бұйымдардың  негізгі қасиеттері оларға қойылатын  гигиеналық талаптар мен оның  эргономикалығының сипаты яғни  киімнің жеке бөлшектерінің сәйкестігі  санитарлы- гигиеналық нормаларға  сәйкестігі киімнің адам денесіне  ыңғайлы да қонымды тұруы.

    Сонымен қатар,  киімнің сыртқы түріне де үлкен  мән беріледі, әсіресе оның сән  бағытына сай келуі, заманауилығы, көркемділігі, моделдің жаңалануы  және жоғарғы деңгейлігі бұл  эстетикалық талаптарға жатады.

      Бұл плащтық  бұйымдарға да қатысты, материалдың  құны, оның қызмет ету мерзімі  өндіріс орындарында өте маңызды,  себебі ол өндірістегі уақыт,мата, еңбек шығынын азайтады. Бұл технологиялық  және экономикалық талаптардың  көрсеткіштерге жатады.

   Плащты дайындау  үшін бізге 4-5сағат уақыт қажет  болады.Өйткені осы уақыт ішінде  бұйымды бірнеше секциялардан  өткізіп,дайын бұйымды аламыз.Ал  енді материал шығымына келер  болсақ,бізге 2метр плащтық мата  керек болады.

 

 

 

  

 


Информация о работе Плащтық мата