Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2015 в 11:13, курсовая работа
Дипломдық жобаны орындаған кезде «нория» У16-1-20/20 шөмішті тасымалдағыш жетегінің тістіөзгерткішінің «корпус» бөлшегін өңдеудің технологиялық үрдісі жасалды.
Бөлшектің технологиялығының талдауы жасалды, дайындаманы алудың әдісі таңдалды, механикалық өңдеудің операцияаралық әдіптері есептелді, қалыптасқан технологиялық үрдіс талданды, кесу режимдерін есептеу және технологиялық үрдісті нормалау жүргізілді.
Технологиялық үрдісті жасаған кезде озық және өнімділігі жоғары жабдықтар, жарақ және құрал пайдаланылды.
Әмбебап станоктар үшін айлабұйымдар және тесіктердің ортақ осьтігін бақылау үшін айлабұйым жасалды, әрбір жасалған құрылғының сипаттамалары беріліп, есептеу жүргізілді. Айлабұйыммен жұмыс жасаған кезде қауіпті аймақтардың талдауы жүргізіліп, еңбек қорғау бойынша нұсқама жасалды. Жоғарыда аталған бөлшекті дайындаудың технологиялық үрдісінен бастап қоршаған ортаға келтірілген зиян бойынша мәліметтер талданды.