Шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру. Негізгі принціптері.Ерітінділер технологиясында гидролиттік және тотығу тотықсыздану про

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 10:02, дипломная работа

Описание работы

Шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру. Шаншуға арналған ерітінділерді стрильдеу процесінде және сақтаған кезде,кейбір дәрілік заттар ыдырап,оларды тұрақтандыру қажеттілігін тудырады. Ерітінділердегі дәрілік заттардың ыдырау себебі-гидролиз және тотығу-тотықсыздану реакциялары есебінен жүреді. Бұл реакциялар көрінбейтін өзгерістер түрінде,сонымен қатар боялу немесе түсінің,иісінің өзгеруі, тұнба түзілуі сияқты өзгерістермен өтуі мүмкін.
Ыдырау нәтижесінде түзілген өнімдер бастапқы заттарға қарағанда токсикалық болуы мүмкін.
Гидролиз - әртүрлі заттармен су арасындағы ион алмасу реакциялары.

Содержание работы

Кіріспе.

Шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру.

Негізгі бөлімі
ерітінділер технологиясында гидролиттік және тотығу-тотықсыздану процестері;
күшті қышқыл және әлсіз сілті тұздары ерітінділерін тұрақтандыру;
әлсіз қышқыл және күшті сілті тұздары ерітінділерін тұрақтандыру;
жеңіл тотығатын заттардың ерітінділерін тұрақтандыру;
шаншуға арналған ерітінділердің тұрақтылығына әсер ететін факторлар және технологиялық тәсілдер.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

ДТН срс шаншуға.docx

— 33.33 Кб (Скачать файл)

-глюкоза  ерітінділерін  тұрақтандыру.Стерильдеу  кезінде  глюкоза  ерітінділері,әсіресе   сілтілі  шыныды,тотығады  және  карамелизицияланады.

Бұл  кезде  ерітінді   сары  түске боялады.Глюкоза ерітінділерін тұрақтандыру  үшін  оның  полифункционалды  қасиетін  ескеру  қажет.Сілтілі ортада  глюкоза тұрақсыз,өттегі  әсерінен  оксиқышқылдар:гликоль,левулин,құрмысқа  және  басқа қышқылдар және  оксиметилфурфурол түзіледі.

Термолабильді  заттармен  шаншуға  арналған  ерітінділерді  дайындау  әр  түрлі  тәсілдермен  жүргізіледі:

-термолобильді  заттар  ерітінділерін  жылумен  стерильдеусіз  асептикалық  жағдайда  дайындалады.Бұл  топқа  жататын  ерітінділер:акрихин,барбамил,натрий  барбиталы,гексаметилентетрамин,физостигмин  салицилаты,апоморфин  гидрохлориді,12%  эуфиллин  ерітінділері:

-шаншуға  арналған  термолабильді   заттардың  ерітінділерін   МФ Х 992  бет  басылым   көрсетілген  бойынша  консервантар  қосу  арқылы  дайындауға  да  болады.Ол  үшін  ерітінділерге  0,5 %  фенол  немесе  0,3% трикрезол   қосып, құтыны  суға  салып,800С  температурада  30  минут  ұстайды.

-кейбір  заттардаң  бактерицидті  антисептикалық  қасиеттері  болғандықтан,асептикалық   жағдайда,жаңа қайнатылған  шаншуға   арналған  суда  дайындап,стерильдеейді.Оларға  фенотиазин  туындылары  жатады:аминази,дипразин,имизин  ерітінділері.

Бұл  заттардың  сулы  ерітінділеріне тұрақтандыру  мақсатында  1л  ерітідіге  келесі  жазылым  бойынша  антиокидантар  қосады:

 

            Аскарбин  қышқылы          2,0

            Сусыз  натрий  сульфиты  1,0

            Натрий  метабисульфаты  1,0

            Натрий  хлориді                  6,0

Бұл  заттардың  тітіркендіргіш   әсері  бар  және  кілегей  қабаттарды  тітіркендіріп,дерматиттер  тудыруы  мүмкін,сондықтан  жұмыс  істеген  кезде  қолға  резина  қолқап  киіп,ауа  тартқыш  астында  жұмыс  істеу  қажет.

Шаншуға  арналған  ерітінділерге  қойылатын  талаптардың  бірі  механикалық  қоспалардың  болмауы.МФ  Х  басылымы  бойынша  парентеральді  қолдануға  арналған  дәрілік  заттар  көрінетін  механикалық  қоспалардан  таза  болуы  керек.Бұл  бөлшектер  жағымсыз  патологиялық  өзгерістер  тудыруы  мүмкін,мысалы:қан  тамырларын  бекіту,аллергияға  ұласатын  жергілікті  қабыну  реакциялары.Ыдыстар  мен  инвентарды  мұқият  өндеу  процессін  жүргізу  ағдайларын  қамтамасыз  ететін  жоғарыда  көрсетілген  баолық  факторлардан  басқа,ерітінділерді  сапалы  филтрлеуге  ерекше  көңіл  бөлңнеді.

 

 

 

  Қорытынды

 

Шаншуға  арналған  ерітінділердің  артықшылықтары:

-тез  терапевтік  әсер  көрсетеді:

-дәрілік  зат  дәл  дозаланады:

-енгізілетін дәрілік  заттар  бірден  қанға  түседі.Дәрілік   заттарды  өзгертіп,кейде  тіпті   бұзатын  асқазан-ішек  жолдары,бауыр   сияқты  ағзаның  қорғаныс  барьерлерінен  өтпейді.

-ес-түссіз  жағдайдағы  науқасқа  дәрілік  затты  енгізу  мүмкіндігін   береді:

-жағымсыз  иісі  мен  дәміне  және  асқазан  ішек  жолдарын  тітіркендіруіне  байланысты  жағдайларды  болдырмайды:

-қанды  коп  жоғалтқан   кезде,оны  сұйықтықтармен  алмастыру   мүмкіндігі.(қан  алмастырғыштармен).

Шаншуға  арналған  дәрілердің  кемшіліктері: 

-инфекция  енгізу  қаупі:

-шприц  инесімен  үлпаны  жарақаттану   нәтижесінде  ауырсыну,осмыстық  қысымның  өзгеріуі,рН-мәнінің   ауытқуы  және  т.б.

-майда  қан  тамырларын  қатты  заттармен  немесе  ауа  көпіршіктермен  бекітілу  қауіпі-эмболия.

-дәрілік  затты  ағзаға  енгізу  үшін  арнайы  білімі  бар  медициналық  қызметкердің  қажеттілігі.

  Шаншуға  арналған  ерітінділерді   ұлпаларға  және  ағза  сұйықтарына   енгізу  терінің  және  шырышты   қабаттардың  табиғи  қорғаныс  барьерлерін  бұзып  енгізгендіктен  оларға  МФ  ХІ  басылымында   жалпы Инъекционные  лекарственные   формы  мақалаға  сәйкес  келесі  талаптар  қойылады:стерильдік,апирогендік,тұрақтылық,механикалық   қоспаларының  болмауы,кейбір  ерітінділер   фармакологиялық  мақаладағы  науқасларға  сәйкес  изотонды,изогидрлі  және  изоионды  болуы  керек.

Дәріханадағы  шаншуға  арналған  ерітінділерді  дайындаудың  технологиялық  схемасы  келесі  сатылардан  тұрады:

-бөлмені  асептикалық  блокты  дайындау:

-фармацевт  технологты  дайындау:

-ыдыстарды  және  қосымша   материалдарды  дайындау:

-дәрілік  заттармен  еріткіштерді  даындау:

-дәрілік  заттарды  еріту:

-тұрақтандыру:

-фильтрлеу:

-ерітінді  құрамындағы  әсер  етуші  заттарды  химиялық  талдау:

-флаконды  тығындап,механикалық   қоспалардың  болмауын  бақылау:

-тығынды  бекітіп  маркалау:

-ерітіндіні  стерильдеу:

-ерітіндінің  мөлдірлігін   анықтау,түстілігін,механикалық   қоспаларын  болмауын  анықтап,химиялық  талдау  жасау:

-безендіру  және  босату.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Государственная Фармакопея Республики Казахстан – изд. первое. - Астана – 2008 г.
  2. И.А. Муравьев   «Технология лекарственных форм» том 1. М., Медицина – 1980 г.
  3. Технология лекарственных форм. под ред. Т.С. Кондратьевой том. 1. М. Медицина – 1991 г.
  4. Руководство   к   практическим  занятиям   по   технологии   лекарственных   форм.   В.М. Грецкий, В.С. Хоменок.  - М., Медицина  - 2000 г.
  5. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.
  6. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р. М.  Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. Шымкент, 2008.- 436 бет.

Информация о работе Шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру. Негізгі принціптері.Ерітінділер технологиясында гидролиттік және тотығу тотықсыздану про