Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2014 в 16:12, курсовая работа
Ағаш сүрегін лигненнен ажырату барысында алынған сульфит сақары (құрамында 1—5 %қант болады) спирт өндіруге де пайдаланылады. Әдетте сульфит сақарының реакциясы сілтілі болып келеді.
Спирт өндіруде оңай өніп-өсетін беттік ашытқы саңырауқұлақтарды қолданады. Қазір ашу процесі жүретін барлық ендірістерде микроағзалар «таза» күйінде, яғни басқа микроағзалардың қоспасынсыз қолданылады. Бұл өндірістің өнімділігін арттырады.
І. Әдебиетке шолу............................................................................................4
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Әртүрлі өнімдерден спиртті бөліп алу..........................................6
2.2 Спирттің ашытқыларын дайындау.................................................8
2.2 Спирттің жіктелуі...........................................................................10
3 Ашытқыдан таза спиртті алу технологиясы.....................................12
3.1 Ректификация қондырғысы және оның жұмыс
істеу принциптері............................................................................13
3.2 Ректификациялы камералы аппараттың қызметі.........................15
3.3 Ректификационды колона...............................................................16
3.4 Ректификация процесінде табақшалардың қолданылуы................17
3.5 РУСЬ-1 қондырғысында ректификациялау әдісін қолдану..........18
ІІІ. Қорытынды................................................................................................. 19
ІҮ Қолданылған әдебиеттер............................................................................20
Ректификациялық колондар жоғары сапалы (таза) спирт алу үшін қолданылады. Колондар бірнеше ректификациялық сыйымдылықтардан тұрады. Бұл сыйымдылықтар жоғарыдан төменге немесе керсінше төменнен жоғарыға айдау жүргізу арқылы жұмыс істейді.
5-сурет. Ректификациялық колондардағы ағындардың сызбасы: а — үздіксіз ректификация; б — мезгілдік ректификация; 1 — беріктендіретін секция; 2 — толық орындалған секция; 3 —колон кубы; 4 — дефлегматор.
Ашыту процесін және вакуум арқылы жүргізілетін дистилляцияны біріктіру технологиялық сызбанұсқасынан брагалық ашыту колонканы, спирт кейінгі бардадан өнімді декантирлеу және буландыруды алып тастауға жол ашады. Құрамында 50% құрғақ заты бар қантталған сусло ашыту процесіне жіберіледі. Ферментерде вакуум астындағы дистилляциямен бір мезгілде үздіксіз ашыту процесі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, көмір қышқыл газы мен спирттің вакуум арқылы шығарылуымен судың булануы жүреді, сондықтан спирттен кейінгі барда құрғақ заттың жоғарғы концентрациясы аркасында бірден құрғатылуға жіберіледі [9].
Вакуум жағдайында спирттық ашудың технологиясы бір мезгілде спирттік будың шығуы суслоның ашуын жылдамдатады. Спирттің вакуум арқылы алынуы, ферментациялық ортада соңғының концентрациясы 2,5-3,5% құрайды, бұл ашытқылардың «еркін жұмыс» істеуіне мүмкіндік береді.
3.4 Ректификация процесінде табақшалардың
қолданылуы
Жұмысты сапалы жүргізілу үшін көптеген ректификациялық колоналарда табақшалар қолданылады. Колонда орналасқан табақшалар – физикалық табақшалар (ФТ) деп аталады. Бұл табақшалар сұйықтықтық және бу фазасында тығыз байланыстардың болуын қамтамасыз етеді.
6-сурет. Ректификациядағы табақшалардың түрлері: а — қалпақты табақша (1 — сұйықтықтың негізгі қабатында; 2 — бу шығатын тесік; 3 — қалпақша; 4, 5 — құюшы құрылым); б —S-элементі(6); в — ситчатты.
3.5 РУСЬ-1 қондырғысында ректификациялау әдісін қолдану
РУСЬ-1 қондырғысы ректификация әдісін қолдана отырып таза спиртті алу қызметін атқарады. Жоғары сапалы спиртті алу үшін көп жағдайларда қант, астық, картоп крахмалы, әртүрлі жеміс-жидектер қолданылады.
7-сурет. РУСЬ-1 ректификациялық қондырғысы
РУСЬ-1 қондырғысы 17л сұйықтық құятын бакты ыдыстан (1), электротэномды бу шығаратын рубашкадан (2) тұрады. Бактың еннеулігінде дефлегматорлы (8) ректификациялық колондар (7) мен дефлематор тоңазытқышы (9) орналастырылған. Суытылған су су жіберілетін кран арқылы полиэтилді шлангка, содан кейін тоңазытқышқа, спиральді дефлегматорға және құюшы раковинаға жіберіледі. Дайын өнім болып есептелетін спирт-ректификатор реттейтін желдеткіш (10) арқылы сұрыпталады және тоңазытқышта салқындатылып, қарауға арналған фонарь (13) арқылы шыны ыдысқа құйылады.
Қорытынды
Таза спиртті алудың өзіндік шарттары бар. Ол жайында мен осы курстық жұмысты жазу барысында тереңірек бойладым.
Жалпы спирттік ашу технологиясында ашытқының таза дақылы қолданылады. Төменгі және жоғарғы ашыту рассаларын ажыратады. Төменгі ашыту рассасына көптеген шарап және сыра ашытқылары жатады, ал жоғарғы ашыту рассасына -спирттік, наубайханалық және кейбір сыра ашытқылары жатады. Төменгі ашытқылар 6-10°С активті, ал жоғарғылары 14-25°С тем-ператураға бейімделген. Ашытқылар қышқыл ортада (рН 4-6) жақсы дамиды және активтігін 10-15% спирт ерітіндісінде сақтайды. Жоғарғы ашытқылар ашыту процесі кезінде жоғары мөлшерде көбік түзеді, СО2 бөлінеді, ашытқы массасы өзі көпірген сұйықтықтың үстіне шығады. Төменгі ашытқылардың қатысуы арқылы ашыту процесі бірқалыпты жүреді, ашытқы клеткасының массасы ыдыстың төменгі жағында қалады.
Осы ашытқыдан спиртті тазалап алу әрине оңай шаруа емес. Бірақ ғылым мен техниканың қарыштап дамуы бұл проблеманың да жолын тауып отыр. Сонымен спиртті 96 пайызға дейін тазалайтын құрылғы – ректификатор деп аталады.
Осы курстық жұмыс
барысында ректификатордың
Жалпы осы курстық жұмысты қорыта келгенде айтарым, алдымызға қойған мақсаттар мен міндеттерді толық қамтыдық деп ойлаймын.
. Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Касаткин А. Г., Основные процессы и аппараты химической технологии, 8 изд., М., 1971;
2. Александров И. А., Ректификационные и абсорбционные аппараты, 2 изд., М., 1971;
3. Коган В. Б., Азеотропная и экстрактивная ректификация, 2 изд., М., 1971;
4. Олевский В. М., Ручинский В. Р., Ректификация термически нестойких продуктов, М., 1972;
5. Платонов В. М., Берго Б. Г., Разделение многокомпонентных смесей. Расчёт и исследование ректификации на вычислительных машинах, М., 1965;
6. Холланд Ч., Многокомпонентная ректификация, пер. с англ., М., 1969;
7. Крель Э., Руководство по лабораторной ректификации, пер. с нем., М., 1960.
8. Увакасова Г.Т., Халина В.И. Оптимизация режимов экстрагирования эфирных масел из растительных ингредиентов //Пищевая технология и сервис. – Алматы, 2005, № 3. – С.12–14.
9. www.medton.org.ru
10. www.diva.by
11. www.synbiotics.ru
12. www.health2000.agava.ru
13. www.fegi.ru
14. www.biomics.ru
15. www.nauka.kz