Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2014 в 15:58, доклад
Қазіргі заманғы қоғамдық өндірісті дамыту, жалпыға бірдей үнемге қол жеткізу, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, еңбек өнімділігін арттыру, өнімдердің сапасын жақсарту, онімдер сапасын басқару мен стандарттауды пайдаланбау мүмкін емес.
Өнімдер мен қоғам мүшелерінің қызмет аясы үшін бірыңғай нормалар, ережелер мен талаптарды белгілей отырып, стандарттау сол арқылы өндіріс талаптары мен оны пайдалану жағдайлары арасындағы байланысты анықтайды.
Стандарттау саласындағы негізгі терминдер мен анықтамалар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі (ҚР МСЖ).
Стандарттаудың заңнамалық және нормативтік базасы.
Стандарттау талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау.
Стандарттау негіздері
Қаралатын сұрақтар және қысқаша мазмұны:
Қазіргі заманғы қоғамдық өндірісті дамыту, жалпыға бірдей үнемге қол жеткізу, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, еңбек өнімділігін арттыру, өнімдердің сапасын жақсарту, онімдер сапасын басқару мен стандарттауды пайдаланбау мүмкін емес.
Өнімдер мен қоғам мүшелерінің қызмет аясы үшін бірыңғай нормалар, ережелер мен талаптарды белгілей отырып, стандарттау сол арқылы өндіріс талаптары мен оны пайдалану жағдайлары арасындағы байланысты анықтайды.
Стандарттау нәтижелерін экономикаға енгізу, барынша аз шығын жұмсай отырып, қоғамды жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге, өндірістің мамандануын дамытуға, шикізат пен ресурстарды тиімді және үнемді пайдалануға ықпал етеді.
Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым ұсынған (ИСО) анықтамаға сәйкес:
Стандарттау - бұл белгілі бір салада нақты іс жүзіндегі немесе әлеуметті міндеттерге қатысты жалпыға бірдей және көп рет пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы регке (тәртіпке) келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізугс бағытталған қызмет.
Өнімдердің, процестер мен қызметтердің олардың функционалдық тағайындалуына сәйкестік дәрежесін арттыру, саудадағы кедергілерді жою және ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа көмектесу - стандарттау жөніндегі қызметтің аса маңызды нәтижелері болып саналады.
Нақты өнімдер (шикізаттар, материалдар, отын, толықтыратын бөлшектер, дайын өнімдер); терминдер мен белгілер; физикалық шамалардың бірліктері; өлшеу және бақылау әдістері; құжаттамалар жүйесі; өндіріс технологиясы және ұйымдық - әдістемелік және жалпытехникалық сипаттағы өзге объектілер стандарттау объектілері болып саналады. Осыған орай стандарттау кез келген объектінің белгілі бір аспектілерімен шектелуі мүмкін. Мысалы, аяқ киімнің мөлшері, беріктігі жеке стандартталады.
Тұтыну тауарларын стандарттаудың халықтың тұтынымын қанағаттандырудағы маңызы зор. Ол тауарлардың тұтыну қасиеттері мен сапасының деңгейін, оларды сақтау және тасымалдау, стандарттау жағдайларын бағалау құрамын, көрсеткіштері мен әдістерін қалыпқа келтіре отырып, тұтынушыға дейін тауарларды жоғары сапада жеткізуді қамтамасыз етеді, өндірілетін өнімдердің өзін-өзі ақтамаған түрлерін жоюға және өнімдердің тиімді номенклатурасын белгілеуге, тұтынушыға тауарлардың толық болушылығы мен өзара алмасымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Стандарттауды практикалық қызмет ретінде, ғылым ретінде және басқару жүйесінің элементі ретінде (1-сурет) қарастыруға болады.
Қызметке қатынасу формасы бойынша халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттауға ажыратылады.
Халықаралық стандарттау — оған қатысу бүкіл елдердің тиісті органдары үшін ашық болып саналатын стандарттау.
Аймақтық стандарттау - оған қатысу әлемнің тек бір ғана географиялық немесе экономикалық ауданындағы елдердің тиісті органдары үшін ашық болып саналатын стандарттау.
Ұлттық стандарттау - бір елдің деңгейінде жүргізілетін стандарттау. Ұлттық стандарттаудың негізгі мақсаттары болып мыналар саналады:
Стандарттаудың негізгі
припциптері болып мыналар сана
Жариялылық.
Жұмыс ашық жүргізілуі тиіс. Стандарттардың жобалары жарияланып, пікірлер талқыланып, пікірлер алшақтығы жойылуы тиіс.
Барлық мүдделілік танытқан шеңбердегілердің қатысуы
Мөлшерлеу жұмыстарына қатысуға әркімнің мүмкіндігі болуы тиіс. Өнеркәсіп, сауда, ғылым, мемлекеттік мекеме, тұтынушылар стандарттарды енгізуге көмектесуі тиіс. Осыған орай мемлекет маңызды әріптес болып саналады.
Қайшылықтардан біркелкілік және еркіндік.
Жобаларға талдау жасау жолымен анықтауға және қайшылықтарды жою шараларын қолдануға назар аударуы үшін бейтарап бақылаушы мекеме құрылуы қажет.
Келісу
Стандарттар дүниетаным болып саналмайды. Олар техникалық тәжірибенің даму деңгейін және шындықты айнадай, объективті көрсетуі тиіс. Стандарттың мазмұны заңды келісімге және ортақ көзқарасқа қол жеткізуге ұмтылу, өзара-түсіністік жолмен анықталуы қажет.
Техниканың даму деңгейіне бағыттаушылық.
Стандарттардың мазмұны жаратылыстану білім шеңбері мен техникалық жүзеге асыру мүмкіндіктеріне сәйкес келуі тиіс. Жаңа әзірлемелер мен тәжірибе стандарттарды қайта қарау жағдайында енгізілуі қажет.
Экономикалық жағдайларға бағытталушылық.
Стандартты мөлшерлеу, қабылдау тар аядағы мақсат болып саналмайды. Әрбір стандарттың жобасы бүкіл қоғамға әкелетін тиімділік тұрғысынан зерттелуі тиіс. Мүлтіксіз түрде тек қажеттілері ғана мөлшерленуі тиіс.
Ортақ пайдаға бағытталушылық
Стандартты қабылдау мақсаты ортақ пайдаға қол жеткізу болып саналады. Барлығы үшін пайда, жекелеген кәсіпорындардың немесе тұлғалардың мүдделерінен жоғары тұруы тиіс.
Интернационалдық
Стандарттар "аралдық" шешімдерді сипаттамауы тиіс, қайта ол саудадағы техникалық кедергілерді алып тастауға бағытталуы қажет.
ҚР МСЖ мақсаттары мен міндеттері
Экономиканың қазіргі даму кезеңінде онда болып жатқан өзгерістермен және мемлекеттердің сыртқы экономикалық белсенділігінің артуымен байланысты ТМД елдерінде мемлекеттік стандарттау жүйесін құру мен дамытудың өзектілігі арта тусуде.
Осы саладағы ТМД елдері алдында тұрған аса маңызды болып мыналар саналады:
Стандарттауда заңнамалық және нормативті базасы
Қазақстанның мемлекеттік
1999 жылғы 16 шілдеде "Стандарттау туралы" Заң қабылданды. Аталмыш Заң шаруашылық жүргізуші субъекті мен мемлекеттік басқару органы арасындағы стандарттау; өлшем бірлігі мен қауіпсіздігін, өнімдердің өзара алмасушылығы мен техникалық сыйысушылығын қамтамасыз ету, техникалық кедергілерді жою, сондай-ақ мемлекет пен тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында, стандарттау бойынша нормативтік актілерді әзірлеу мен қолдану саласындағы қатынастарды реттейді.
Бірнеше рет пайдаланылатын және ұдайы өндірілетін өнімдер, қызметтер, жұмыстар стандарттау объектілері болып танылады. Стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдар мен стандарттау саласында тиісті құзырлы өзге де мемлекеттік басқару органдары, сондай-ақ стандарттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың техникалық бөлімдерінің буыны мемлекеттік стандарттау жүйесіне кіреді.
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар (мемлекеттік, мемлекетаралық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктегіштері мен халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттар) стандарттау, метрология және сертафикаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік стандарттау жүйесіндегі реестріне міндетті түрде тіркеу және бекіту керек. Аталған процедуралардан өттпеген құжаттар жарамсыз және қолдануға жатпайды.
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар өнімдерді жасау, өндіріске қою, өткізу, сақтау, тасымалдау және қайта өңдеу, сондай-ақ процестер (жұмыстар) мен қызметтер көрсету кезінде қолдануы тиіс. Мемлекеттік қадағалау барлық атап көрсетілген сатыларда жүзеге асырылады. Республика аумағына әкелетін шетелдік фирмалар өнімдерінің міндеті мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестігін бекіту, белгіленген заңдылықтар тәртібінде жүзеге асырылады.
Стандарттау жөніндегі
нормативтік құжаттардың
Тексеруге арналған сұрақтар:
Әдебиеттер: