Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 18:46, курсовая работа
Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік қорымызға «менеджер», «менеджмент» ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздерінің түпкі мағынасын әрқашан дәл бере бермейді.
«Менеджмент» ағылшын сөзі оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол күші» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, ат тізгінін ұстау шеберлігін білдірген. Кейін бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.