Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 20:18, дипломная работа
Дәмі тіл үйіретін, хош иісті сусынның бірі - кофе. Бастауын Таяу шығыстан алатын өсімдік тропиктік аймақтардағы кофе ағашының тұқымы. Кофе ағашы егілген соң,алты жылдан кейін өнім бере бастайды.
Әлемде кофенің сан мыңдаған түрі бар. Варашава кофесі, Шығыс кофесі, бразилиялық кофе және т.б. Оның негізгі түсі жасыл, тек қуырған соң қоңырқай тартады. Бұлардың сырт пішіні ұқсас болғанымен, дәмі өз алдына ерекше
Кіріспе
Шығу тарихы
Негізгі бөлім
3.1 Аңыз
3.2 Зияны мен пайдасы
Техникалық қауіпсіздік ережесі
Нұсқау картасы
Экономикалық есеп
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
әл-Фараби мектеп-лицейі
Тақырып: «Кофе»
Орындаған: 5<<А>> сынып оқушысы
Кушбасова Камилла
Тексерген: Шарипова Э.Б.
Петропавл қ.2013 жыл
Мазмұны
3.1 Аңыз
3.2 Зияны мен пайдасы
Кіріспе
Дәмі тіл үйіретін, хош иісті сусынның бірі - кофе. Бастауын Таяу шығыстан алатын өсімдік тропиктік аймақтардағы кофе ағашының тұқымы. Кофе ағашы егілген соң,алты жылдан кейін өнім бере бастайды.
Әлемде кофенің сан мыңдаған түрі бар. Варашава кофесі, Шығыс кофесі, бразилиялық кофе және т.б. Оның негізгі түсі жасыл, тек қуырған соң қоңырқай тартады. Бұлардың сырт пішіні ұқсас болғанымен, дәмі өз алдына ерекше
.Кофе ағашының Арабика, Либерика, Экстельса, Рабуста деген 4 түрі бар. Күнделікті тұтынып жүрген кофеміз Арабика ағашының тұқымы. Кофені куырған кезде оның құрамында 2000-ға жуық химиялық зат түзіледі. Соның нәтижесінде кофенің беткі қабаты жылтырай түсед
Шығу тарихы
Шамамен біздің эрамыздың
1000 жж.
Араб саудагерлері Эфиопиядан Аравия
жарты аралына кофені әкелді.
1100
Аравия жарты аралының тұрғындары кофе
ағаштарын өсіре бастады және кофе дәндерін
қайнатудың алғашқы әрекеттерін жасады.
1453-1457
Бірінші кофе дүкені Константинопольде
ашылды. Бұл Париж, Рим және Лондон сияқты
еуропа қалаларына кофені таратудың және
адамдар көфе ішудің жаңа сәніне құрмет
көрсете алатын мыңдаған кофеханалардың
ашылуының бастамасы болды.
1905
Бірінші кофе машинасы Италияда жасап
шығарылды.
Қазіргі кезде
Кофе ішуге сүйіспеншілік халықаралық
құбылысқа айналды.
Негізгі бөлім
Аңызда айтылғандай,
кофе әлемі адамдармен ғана емес, сондай-ақ
оның ағзаға жағымды әсерін байқаған
жануарлар арқылы да құрылды. Аңыздардың
бірі бойынша кофенің ерекше қасиеттері
IX ғасырда қой бағып жүрген эфиоп
қойшысы ашты. Ол кейбір қойлардың
жақын жердегі кофе ағашының жемісін
жеген соң, әдеттен тыс қозғала
бастағанын байқады. Қойшының өзі олардың
дәмін татып көріп, ұйқы мен шаршауды
басатып қосымша энергияның келуін
сезді. Басқа ақпарат көздерінің
айтуынша, кофенің қасиеттерін эфиоп
монахтары ашқан, олар кофенің көптеген
сағаттар бойы құлшылық ету және медитация
кезінде сергек және жинақы болып
қалуға мүмкіндік беретінін байқаған.
Араб елінен шығуы және мұсылман елдерінде
танымал болуы себебінен XVI ғасырға
дейін кофе христиан әлемінде «Ібіліс
сусыны» ретінде белгілі болды.
Бұл кофе дайындаудың алтын ережелері
әзірленгенге дейін жүз жыл бұрын
болды.
Алдымен кофе ағашының жемістері ұсақталды
және жұмсақ масса түрінде пайдаланылды,
өкінішке орай, оның шамадан тыс жағымсыз
дәмі мен иісі болды. Кейінірек көптеген
сынамалар мен тәжірибелер барысында
кофе дәндерін ыстық суға салып, содан
кейін қуыра бастды, бұл кофе дайындаудың
заманауи өнерінің бастамасына жол ашты.
Оның үстіне, кофенің энергия беріп қана
қоймай, сонымен қатар артериялық қысымды
арттыратыны, ұйқымен күресетіні, ағза
күшін қалпына келтіретіні және шөлді
басатыны ашылды. Уақыт өте келе, сусын
дайындау амалдары анағұрлым әр түрлі
бола бастады. Кофеге қант, бал, сүт және
тіпті қаймақ, сондай-ақ әр түрлі демдеуіштер
(мысалы, кардамон, даршын) және кофенің
әр түрлі тұрпаттарының дәмін және хош
иісін жақсартатын шоколад қосыла бастады.
Қазіргі кезде табиғи кофе әлемдегі ең кең тараған сусындардың бірі болып табылады. Таңсәріде бір шыныаяқ кофесіз ұйқысын аша алмайтындар да аз емес. Алайда оның пайдасы мен зияны – өз алдына бір мәселе. Бұған қатысты көптеген зерттеулер жүргізілді. Ғалымдар әлі де бұл сусынның бізге беймәлім қасиеттерін анықтауда.Ерігіш кофені дайындау тез болғанымен, дәмі нағыз кофеге жетпейді. Сондай-ақ ондағы кофеиннің мөлшері әлдеқайда көп екені дәлелденген. Сол себепті, кофе дәндерін пайдаланған абзал. Ол әлдеқайда пайдалы әрі дәмді. Кофенің ең басты құрамдас бөлігі – кофеин. Бұл алкалоид сондай-ақ шай жапырақтарында және кола жаңғақтарында бар.Кофенің орталық жүйке жүйесіне күшті әсер ететіні дәлелденген. Ол қимыл-қозғалыс белсенділігі мен ақыл-ой және физикалық еңбекке қабілеттілікті арттырады және шаршағаныңызды басып, ұйқыңызды ашады.Кофенің пайдалы қасиеттерін Аристотель мен Авиценна да білген. Кофе дәнінің әр түйірінде көптеген түрлі дәрумендер мен микроэлементтер бар. Олардың негізгілері – темір, натрий, калий, кальций, фосфор және күкірт. Одан бөлек, кофенің құрамында 30-дан астам органикалық қышқылдар бар. Гарвард денсаулық сақтау мектебінің ғалымдары кофенің өт қабында тастың пайда болуының алдын алатынын анықтаған. Сонымен қатар бұл сусын сусамырдың пайда болуынан сақтайды. Кофеде «бақыт гормоны» аталып жүрген серотониннің бары дәлелденген. Ол күйзелістен арылып, көңіл күйді көтеруге септігін тигізеді.Үнді ғалымдарының пікірінше, кофе адамды радиациядан қорғай алады. Алайда Еуропа дәрігерлері бұл пікірді әлі растаған жоқ.Бірақ кофенің пайдасымен бірге зияны да бар екенін ұмытпаңыз. Жүрек ауруы, атеросклероз, бүйрек аурулары, глаукома дертіне шалдыққан, қан қысымы жоғары және ұйқысыздық мазалайтын адамдардың кофеден бас тартқаны жөн.Кофенің құрамында асқазанның шырышты қабығын құрғататын заттар болғандықтан, оны аш қарынға ішуге болмайды. Сонымен қатар қарттар мен балалардың кофені ішпегені абзал. Бұрын кофені жүкті әйелдердің ішуіне болмайды деп есептелген. Алайда соңғы зерттеулер оның ана мен құрсақтағы сәбиге айтарлықтай әсер етпейтінін дәлелдеді.
Техникалық қауіпсіздік ережесі
Өрттің қай жерде және қашан шығуын болжау мүмкін емес. Ол кез келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелерді сақтамаған кезде болып тұратын жайт. Оны болжау да, дәл айту да мүмкін емес.
Кофе дайындаудың бірнеше әдісі бар. Ең қарапайымы Фенч Пресс.Кофені арнайы ыдысқа әзірлейді. Ұнтақ күйіндегі кофе тез бұзылатындықтан оны жаңа ғана тартылған дәннен жасаған тиімді. Ұнтақты арнайы ыдысқа салып үстіне су құйып бұқтырамыз |
|
Талғамыңызға сай сүт пен қант қосуға болады. Бес минуттан соң кофе дайын. |
|
Нұсқау картасы
Экономикалық есеп
100%табиғи , түйіршіктелген, ергіш кофені 600 теңгеге сатып алдым, сүт-80 тенге,қант-50тенге .
Барлығы -30 тенге жұмсалды.
Қолданылған әдебиеттер
Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990жыл.