Жарма өндіруге арналған машиналар.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 21:42, лекция

Описание работы

Дәнді қауызсыздандыру – жарма өндірісінің негізгі үрдістерінің бірі. Қауызсыздандырудың жарма сапасы мен шығымын анықтауда маңызы зор. Құрама жем өндірісінде мал төліне арналған құрама жем шығаруда пленчатый дақылдар қауызсыздандырылады. Дәннің анатомиялық құрылымы қауызсыздандыру тәсілін анықтайды, тәсілді таңдағанда қабықша мен ядро байланысының беріктігі, ядро беріктігі, дән пішіні, берілген дәннен жасалатын өнім ассортименті секілді факторлар есепке алынады.

Файлы: 1 файл

Л-11.docx

— 20.00 Кб (Скачать файл)

Дәріс

Тақырыбы: Жарма өндіруге арналған машиналар.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге жарма өндіруге арналған машиналардың жұмыс принціптерін үйрету.

Дәнді қауызсыздандыру – жарма өндірісінің  негізгі үрдістерінің бірі. Қауызсыздандырудың жарма сапасы мен шығымын анықтауда  маңызы зор. Құрама жем өндірісінде  мал төліне арналған құрама жем шығаруда пленчатый дақылдар қауызсыздандырылады. Дәннің анатомиялық құрылымы қауызсыздандыру  тәсілін анықтайды, тәсілді таңдағанда қабықша мен ядро байланысының беріктігі, ядро беріктігі, дән пішіні, берілген дәннен жасалатын өнім ассортименті секілді факторлар есепке алынады.

Кәсіпорында түрлі қауызсыздандыру машиналар  қолданылады, олардың жұмыс істеу  принципі жұмысшы органдардың дәнге  әсеріне қарай 3 негізгі тәсілге  бөлінеді:

1) Дәнді қысып, үйкеу арқылы қауызсыздандыру.  Бұл тәсіл аралықтары дән өлшемінен  кіші, 2 жұмысшы беттің дәнге әсер  етуімен сипатталады. 1 беттің екіншісіне  қатысты орын ауыстыруы міндетті  түрдегі шарт болып еспетеледі. Бұл шарт беттің бірі қозғалып, екіншісі қозғалыссыз тұрса немесе  екі бет түрлі жылдамдықпен  қозғалса мүмкін болады. Бұл тәсіл  жарма алынатын қабығы ядромен  бірігіп өспеген дәндерді қауызсыздандырғанда  қолданылады. 

Жарма алынатын дәндерді қауызсыздандырғанда 3 негізгі машина қолданылады:

  1. тары мен қарақұмыққа арналған вальце – декалы станок;
  2. күріш пен сұлыға арналған қауызсыздандырғыш постав;
  3. күрішке арналған ЗРД қауызсыздандырғыш.

2) Дәндә бір рет немесе көп  рет ұрғылау арқылы қауызсыздандыру.  Обойлы және т.б., соққылау машинасында  дәнді жұмысшы бетке көп рет  ұрғылау нәтижесінде, ал ортадан  тепкіш машинада – дәнді жұмысшы  бетке бір рет ұрғылау нәтижесінде   қауызсыздандырады.

Дәнді көп рет ұрғылау арқылы қауызсыздандыру  тәсілі пленкасы ядромен бірге өскен  және бірге өспеген дәндерге қолданыла  береді. Бірақ бұл тәсіл бөлінген дәннің көп мөлшерде алынуына әкеп соқтырады, сондықтан  ядросы нәзік  дақылға қолданылмайды. Бұл тәсілді  бөлінген жарма алуда немесе ядросы берік дақылды қауызсыздандырғанда  қолданылады.  Дәнді ұрғылау және онымен қатар жүретін жұмысшы  органдардың фрикционды әсері нәтижесінде  біртендеп ядромен бірге өскен  қабықшалар алына бастайды. Бір рет  ұрғылау тек ядросы қабығымен  бірге өспеген дәнге, соның ішінде сұлыға тиімді. Көбіне беті абразивті  не болаттан жасалған, сұлы, қара бидай, бидай, жүгеріге арналған обойлы машиналар, сұлыға арналған ортадан тепкіш қауызсыздандырғыштар қолданылады.

3) Абразивті бетке үйкеу арқылы  қауызсыздандыру. Бұл тәсілді  қабығы ядромен берік бірігіп  өскен дәнге ғана қолданылады.  Қауызсыздандырғыштың жұмысшы аумағында  орын ауыстыра отырып дән үнемі  қозғалып отыратын абразивті  беттің әсеріне ұшырап, жан-жағынан  қабығы сыдырыла бастайды.

ЗШН типті қауызсыздандырғыш  - тегістеуші машина тек қауызсыздандыру қауызсыздандырып ғана қоймай, ядро бөлшегін дөңгелектеп, дөңгелек пішін береді. Бұл машинада бұршақ, қара бидай, бидай, жүгері және т.б. қауызсыздандырылады. Аталған тәсілден басқа қазргі кезде жаңа қондырғылар  қатары жасалынуда (аэро қауызсыздандыру).

2. Вальцедекалы станоктар.

Вальцедекалы  станоктың негізгі жұмысшы органы айналып тұрған валок пен қозғалыссыз  дека. Дәннің қауызсыздануы валок  пен дека арасында жұмысшы аумақта  өтеді. Қарақұмықты қауызсыздандыру  үшін құмтастан жасалған валок пен  дека қолданылады, жұмысшы зазордың пішіні доға тәрізді, яғни, валок пен  дека арасындағы қашықтық шеткі жағында  ортасына қарағанда аз болады. Арпа қауызсыздандырғанда валокты абразивті  материалдың, деканы мата қабаты аралас резеңке пластиналармен көмкереді. Жұмысшы зазордың пішіні сына тәрізді, яғни, валка мен дека арақашықтығы дәнді қабылдаудан шығуға қарай  кішірейеді.

СВУ – 2 вальцедекалы станогы қарақұмық  пен арпаны қауызсыздандыруға арналған. Дән барабан мен дека арасындағы жұмысшы аумақта өңделеді. Реттеу механизмі арқылы жұмысшы аумаққа  доға тәрізді пішін немесе сына тәрізді  пішін беруге болады. Қауызсыздандыру  өнімі станоктан патрубок арқылы шығарылады.

 

СВУ – 2 вальцедекалы станоктың техникалық сипаттамасы.

 

Өнімділігі,  т/сағ..............................................................4,5/6*

Барабан өлшемдері, мм.:

диаметрі...........................................................................600

ұзындығы.........................................................................600/650*

Барабанның  айналу жылдамдығы, айн./мин................440/485*

Эл. қозғалтқыш қуаты, квт.............................................10*

* - бөлшектің алымында қарақұмықты,  ал бөлімінде – арпаны өңдеуден  алынған мәлімет.

Қазір арпаны қауызсыздандыруда екі декалы жоғары технологиялы қауызсыздандыру  станогы 2 ДШС – 3 қолданылады. Бұл  станок тары не қарақұмық дәнінен  гүлді пленканы алуға арналған. Өнім түріне қарай валок пен дека бетінің  материалы таңдалады. Тарыны қауызсыздандыру  үшін 3 валкалы дөңгелектен, деканы – резеңке маталы пластинадан  жасайды. Қарақұмықты өңдегенде  жұмысшы валокты монолитті құмтастан  қояды. Ал декаұстағышта-құмтасты дека қояды.

Қабылдаушы  воронкаға келіп түсетін өнім қоректендіруші механизімнің валигі арқылы жұмысшы валоктың ұзына бойына бөлініп  таралады. Жұмысшы аумаққа түсетін  өнім көлемін өнімділік регистраторымен  байланысты қоректендіруші механизімінің  заслонкасымен мөлшерлейді. Дән  айналып тұрған жұмысшы валок  пен қозғалыссыз дека арасындағы жұмысшы кеңістікте өңделеді. Қауызсыздандыру  өнімдерін станоктың төменгі  патрубогы арқылы шығарады. Жұмысшы  валок эл. қозғалтқыштан белдік беріліс  арқылы қозғалысқа келеді. Қоректендіруші валок белдік беріліс арқылы жұмысшы  валокпен байланысады. Станокты жалпы  аспираторлы желіге қосады.

 

2 ДШС –  3 қауызсыздандыру станогының техникалық  сипаттамасы.

Өнімділігі, т./сағ..........................................................................5/6*

Жұмысшы валок  өлшемі, мм.:

диаметрі.......................................................................................600

ұзындығы.....................................................................................600

Валоктың  айналу жилігі, айн./мин............................................500

Деканың өлшемі, мм.:

ұзындығы.....................................................................................600

ені..................................................................................................110/125*

Қоректендіргіш  валок өлшемдері, мм.:

диаметрі.......................................................................................75

ұзындығы.....................................................................................500

Айналым жиілігі, айн./мин.........................................................90

Аспирацияға кететін ауа шығыны, м3/сағ.................................700

Қуаты, квт.....................................................................................22/5,5*

* - алымында  – тары, бөлімінде қарақұмық өңдеуден  алынған мәлімет.

ЗРД – 2,5 резеңке  валоктары бар қауызсыздандырғыш.

Күріш пен арпаны қауызсыздандыруға арналған. Дән қабылдаушы патрубок арқылы бункерге түсіп, лоток арқылы жұмысшы аумаққа  бағытталады. Түсетін дән көлемін  заслонка арқылы мөлшерлейді. Жұмысшы  аумақтан өнім асператорлы камераның  жоғары қабырғасына түседі, ол қабырғаны  құлаудан сақтау үшін өнім бөлімін  уақытша ұстап тұрушы табалдырықпен  қамтылған. өнімнің негізгі массасы  аспираторлы камераға түсіп, одан лузга  айырылады, одан әрі қабық ауа  ағынымен аспираторлы патрубок арқылы желіге әкетіледі. Қалған өнімдер патрубок арқылы машинадан шығады. Жылдам айналатын  валок приводы белдік беріліс  арқылы эл. қозғалтқыштан болады. Жай  айналатын валок редуктор арқылы тез айналатын валоктан қозғалысқа келеді.

 

ЗРД – 2,5 қауызсыздандырғыштың техникалық мінездемесі.

 

Өнімділігі, т./сағ..........................................................................2,0-2,5

Валоктың  бастапқы диаметрі, мм..............................................200

Валок дөңгелегінің жылдамдығы, м/сек.:

Тез айналатын...............................................................................9,8

Жай айналатын.............................................................................6,2

Валок жылдамдықтарының қатынасы......................................1,46

Аспирацияға кететін ауа шығыны, м3/сағ.................................650

Эл. қозғалтқыш қуаты, квт..........................................................5,5

 

ЗШН типті қауызсыздандырғыш-тегістеу машинасы. Тегістелген бидай жармасы  өндірісінде бидайды алдын-ала  тегістеу, арпа жармасы өндірісінде  қарабидайды, бұршақты тегістеу мен  әрлеу кезінде қолданылады. өнім абразивті дөңгелекке, қозғалмайтын цилиндрге және бір-біріне үйкелеу  арқылы өңделеді.

Шойын станинада эл. қозғалтқыш, корпус, ортасы бос вал, қозғалмайтын електі цилиндр  бекітілген. Ортасы бос валға абразивті  дөңгелектер мен елек бекітілген. Корпустың жоғарғы жағында орналасқан қабылдағыш патрубок арқылы өнім машинаға түсіп, қозғалмайтын електі цилиндр  мен абразивті дөңгелек арасындағы кеңістікке түсіп өңделеді. Өңделген өнім машинадан патрубок арқылы шығады. Машинаны желдетуге арналған жартылай валдың жоғарғы қимасы арқылы желдеткішпен сорылады. Сосын валдағы саңылау  арқылы машинаның жұмысшы аумағына түсіп, қабығымен бірге, ұсақ қоспамен бірге електі цилиндр арқылы електі цилиндр мен машина корпусы арасындағы кеңістікке барып, әкетуші патрубок арқылы шығарылады.

Эл. қозғалтқыш машина валымен белдік беріліс  арқылы байланысады.

 

ЗШН типті  қауызсыздандыру –тегістеу машинасының  техникалық сипаттамасы.

 

Өнімділігі (3 қайтара кезекті жіберу кезінде), т./сағ.................1,6-2,2

Валоктың  айналу жиілігі, айн./мин.............................................2020

Абразивті дөңгелектің  жұмысшы бетінің ауданы, м3................0,35

Диаметрі, мм..................................................................................250

Електі цилиндр  өлшемі:

Ауданы, м2........................................................................................0,5

Диаметрі, мм....................................................................................270

Ауа шығыны, м3/сағ.........................................................................970

Эл. қозғалтқыш қуаты, квт...............................................................22

 

Обойлы  машиналар. Арпа, қарабидай жармасын алу зауыттарында қауызсыздандыру  үшін обойлы машиналар қолданылады. Ұн тарту кәсіпорынындағы қондырғыдан  бұның айырмашылығы жоқ. Пленчатый  дақылдарын қауызсыздандырудың тиімділігін  арттыру үшін ұрғыштардың жылдамдығын 22-25 м/сек дейін көтереді.

 


Информация о работе Жарма өндіруге арналған машиналар.