Жұмысшы мамандығын алу тәжірибесі бойынша есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2013 в 18:43, отчет по практике

Описание работы

XXI ғасырдың басында Қазақстан дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы мұнай өндіруші елдердің біріне айналып, ТМД елдерінің арасында Ресейден кейін екінші орын алады. Қазақстан мұндай мәртебеге бірден емес, геологтардың, ғалымдардың, мұнай –газ өнеркәсібімен шұғылданушы мамандардың көп жылдық зерттеулерінің нәтижесінде ие болды. Бүгінгі таңда дүниежүзілік экономиканың бірден – бір маңызды мәселесі энергетикалық ресурстар болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе..................................……….........…………………………………………........................4 бет
1. Ұйымдастыру құрылымы. МГӨБ-те өндірісті басқару және еңбекті ұйымдастыру
1.1. МГӨБ басқармасының құрылымдық ұйымдастыру сызбасы..............................................5 бет
1.2. Еңбекті ұйымдастыру...............................................................................................................6 бет
2. Лауазымдық жұмыстар
2.1. Мұнай және газ өндіру цехының жұмысын ұйымдастыру.................................................11 бет
2.2. Өндіріс шеберінің құқығы мен міндеті..................................................................................13 бет
2.3. Мұнай және газ өндіру операторының құқығы мен міндеті...............................................15 бет
3. Жер асты және күрделі жөндеу цехы
3.1. СЖАЖ мақсаты мен міндеті...................................................................................................20 бет
3.2. Скважинаны жөндеу операторының құқығы мен міндеті..................................................23 бет
4. Қабат қысымын сақтау
4.1. ҚҚС мәні мен түрлері..............................................................................................................26 бет
4.2. ҚҚС операторының құқығы мен міндеті..............................................................................29 бет
5. Ғылыми зерттеу өндірістік жұмыстарын жөндеу цехы (ҒЗӨЖЖЦ)
5.1. Скважиналарды зерттеу мақсаты мен міндеттері.................................................................30 бет
5.2. Скважиналарды зерттеу операторының құқығы мен міндеті.............................................31 бет
6. Қорытынды................................................................................................................................34 бет
7. Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................................................35 бет

Файлы: 1 файл

Есимова Г7.doc

— 1,014.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе..................................……….........…………………………………………........................4 бет

1.  Ұйымдастыру құрылымы. МГӨБ-те өндірісті басқару және еңбекті ұйымдастыру

1.1. МГӨБ басқармасының  құрылымдық ұйымдастыру сызбасы..............................................5 бет

1.2. Еңбекті ұйымдастыру...............................................................................................................6 бет

2. Лауазымдық жұмыстар

2.1. Мұнай және газ өндіру  цехының жұмысын ұйымдастыру.................................................11 бет

2.2. Өндіріс шеберінің  құқығы мен міндеті..................................................................................13 бет

2.3. Мұнай және  газ өндіру операторының құқығы  мен міндеті...............................................15 бет

3. Жер  асты және күрделі жөндеу цехы

3.1. СЖАЖ мақсаты  мен міндеті...................................................................................................20 бет

3.2. Скважинаны жөндеу  операторының құқығы мен міндеті..................................................23 бет

4. Қабат қысымын  сақтау

4.1. ҚҚС мәні мен түрлері..............................................................................................................26 бет

4.2. ҚҚС операторының құқығы мен міндеті..............................................................................29 бет

5. Ғылыми зерттеу  өндірістік жұмыстарын жөндеу  цехы (ҒЗӨЖЖЦ)

5.1. Скважиналарды зерттеу  мақсаты мен міндеттері.................................................................30 бет

5.2. Скважиналарды зерттеу  операторының құқығы мен міндеті.............................................31 бет

6. Қорытынды................................................................................................................................34 бет

7. Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................................................35 бет

         

 

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Өзг

Бет

    Құжат  №

 Қолы

Күні

Орындаған

Есімова Г.

 

03.09

Жетекші

Дүйсенов Қ.

 

04.09

Жұмысшы мамандығын алу тәжірибесі бойынша есебі

   Литер

    Бет

 Беттер

ПЦК

Жұмабаев М.

 

04.09

 

0

 

3

35

Бөлім меңг

Айтымбетова Г.

 

04.09

        

АПК ЭНа-09(9) қ

       
       

 

 

  1. Кіріспе

          XXI ғасырдың басында Қазақстан дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы мұнай өндіруші елдердің біріне айналып, ТМД елдерінің  арасында  Ресейден кейін екінші орын алады. Қазақстан мұндай мәртебеге бірден емес, геологтардың, ғалымдардың, мұнай – газ өнеркәсібімен шұғылданушы мамандардың көп жылдық зерттеулерінің нәтижесінде ие болды.

          Бүгінгі таңда дүниежүзілік экономиканың бірден – бір маңызды мәселесі энергетикалық ресурстар болып табылады. Олардың негізгі түрлері: мұнай, газ, көмір, су энергетикалық ресурстар, атом энергиясы, синтетикалық отындар және басқалары. Қазіргі уақытта 90% - дан аса дүниежүзілік энергетиканы мұнай – газ және көмір құрайды. Көріп отырғанымыздай, XXI ғасырда да осы үшеуі қуатты күш болып қалары сөзсіз. Әлемдік экономиканың ең тез зерттеліп, ұшқыр игерілген салаларының бірі саналатын  мұнай өнеркәсібі XIX ғасырдың екінші жартысында қолға алынды. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 1859 жылы бүкіл жер шары бойынша күніне 100 баррельдей қара алтын өндірілсе, 2001 жылы тәулігіне 75 млн.баррель мұнай бұрқақша атқылады.

        2001 жылы дүние жүзінде 3 миллиард 700 миллион тонна мұнай өндірілсе, 2005 жылы дүниежүзілік жиынтық мұнай өндіру 3,9 миллиард тоннаға дейін артты. Мұнай өндірудің шыңы 2020 жыл болады деп болжам жасалып отыр, яғни өндіру деңгейі жылына 4,06 миллиард тоннаға жетпек. Бұдан кейін оның тұрақтану кезеңі болады деп жорамалдануда.

    Қазақстан әлемдегі мұнай қоры дәлелденген 55 елдің ішінде 12 – ші орынды иемденді. Республикамыз көмірсутек өнімінің стратегиялық қорын иемденіп, әлемдік энергетикалық ресурстар нарығын құруда елеулі рөл атқарады. Қазіргі уақытта республикамыздағы жалпы өнім көлеміндегі  мұнай – газ өнеркәсібінің үлесі 30% - ды құрап отыр. Мұнайдың Қазақстандағы бастапқы және қалдықты қоры 2 млрд. тонна шамасында болса, еліміздің батыс бөлігінде табылған мұнай қорларын қоса есептегенде оның көлемі 6 млрд.тоннадан асып отыр. Ел аумағында 70 мұнай кеніші әлі игерілу үстінде. Ал зерттеу нәтижелері әлемдік экономикада сенсациялық құбылыс ретінде танылған. Қашаған кенішіндегі болжамды мұнай қоры 7 млрд.баррельге жететінін ескерсек, көрсеткіш бағанасы бірден 13 млрд.баррельге көтерілмек. Соның нәтижесінде, Қазақстан әлемдік ірі мұнай алпауыттарының алғашқы ондығынан орын алмақ. Қазақстан мұнайының бар қазынасы еліміздің батыс бөлігіндегі бес облыстың қойнауынан табылады. Атап айтқанда, Атырау облысы жалпы қордың 39,3% – ын иеленсе, Батыс Қазақстан облысы 10% – ын, Ақтөбе облысы 8,2% – ын, Қызылорда облысы 15% – ын, ал Маңғыстау облысының қойнауы Қазақстан мұнайының  27,5% – ын алып жатыр.

Өзг

Бет

Құжат №

Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

05.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

06.09

4

 

 

              1. Ұйымдастыру құрылымы. МГӨБ-те өндірісті басқару және еңбекті ұйымдастыру.

1.1  МГӨБ басқармасының құрылымдық  ұйымдастыру сызбасы.

                    Персонал термині кәсіпорынның еңбек ұжымының құрамдас бөліктерін біріктіреді. Персоналға біз өндірістік немесе басқарушылық операцияларды орындайтын және еңбек құрамдарын пайдаланумен, еңбек заттарын өңдеумен айналысатын барлық жұмысшыларды жатқызамыз. Басқару теориясында жұмысшының мамандығы немесе лауазымына, басқару деңгейіне, жұмысшылар категориясына тәуелді персонал классификациясына түрлі жолдар бар. Персонал негізінен өндірістік персонал (жұмысшылар) және басқарушылық персонал (қызметкерлер) болып бөлінеді. Өндірістік персонал өз алдына негізгі және қосалқы болып, ал басқарушылық персонал – басшылар және мамандар болып бөлінеді. 

                    Жалпы менеджмент теориясында, адамдардың қоғамдық өндірісте қатысуын көрсететін терминдердің жеткілікті саны пайдаланылады: еңбек ресурстары, адам ресурстары, адам факторы, ұйымдастырушылық тәртіп, еңбекті ұйымдастыру, персоналды басқару, кадр саясаты, ұжым, команда, әлеуметтік даму, адам қатынастары және т.б. Негізгі обьект ретінде адамды бөле отырып, олар персоналды басқару проблемасының түрлі аспектілерін және оларды шешу жолдарын ашады. 
                    Персоналды басқарудың мақсаты – кәсіпорын, фирманы басқарудағы жетістіктерге қол жеткізу болып табылады. Сонымен қатар оның жекелеген мақсаттарына мыналар жатады: фирманы жақсы дайындалған қызметшілермен қамтамасыз ету; персоналды басқару бөлімінің саясатын қызметшілерге жеткізу; персоналдың біліктілігін, тәжірибесін, жұмыс істеу қабілеті мен шеберлігін тиімді пайдалану. Фирма басшылары қызметшілерді тиімділікке жетудің көзі деп қарастырған жағдайда ғана осы мақсаттар орындалады. 
Персоналды басқару міндеттеріне мыналар жатады: фирмаға алдына қойған мақсаттарына жетуде көмектесу; фирманы жоғары дәрежелі мамандармен қамтамасыз ету; қызметшілердің өз еңбегімен қанағаттануын барынша көтеруге тырысу; қызметшілердің өмір сүру деңгейін көтермелеу; персоналды басқарудың үнемі қызметшілермен байланыста болды; жақсы моральдық климатты сақтауға көмектесу және т.б. 
Кәсіпорынның жоғары басқармасында персоналды басқару өмірлік маңызды элементке айналды. Персоналды басқару жалпы басшылыққа және стратегиялық жоспарлауға ену керек деп санайтын фирмалар саны жыл санап өсуде. Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасының негізін қазіргі уақытта қызметкерлердің жеке тұлға ретіндегі ролінің өсуі, ұйымның алдына қойған мақсатына сәйкес оларды ұйымдастыру және бағыттау жатады.

Өзг

Бет

Құжат №

Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

07.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

10.09

5

 

 

    1. Еңбекті ұйымдастыру

 

                     Еңбекті ғылыми ұйымдастыру — өндіріске жүйелі тірде үздіксіз енгізілетін ғылым мен озат тәжірибе жетістіктері негізінде материалдық еңбек ресурстарының тиімді пайдаланылуын, еңбек өнімділігнің үздіксіз артуын, адамның денсаулығын сақтауды, еңбекті бірте-бірте ең бірінші өмірлік қажетке айналдыруды қамтамасыз етеін шаралардың жиынтығы. Еңбекті ғылми ұйымдастырудың негізінде кәсіпорында, оның бөлімшелерінде және жұмыс орындарында жұмыс күші мен еңбек құралдарын мейлінше тиімді пайдалану қамтамасыз етіледі. Еңбекті ғылми ұйымдастыру әрбір кәсіпорында өндіріс мәдениетінің жоғары болуын, ауыр еңбектің жойылуын, кңбек жағдайының мықтап жақсаруын, санитарлық-гигиеналық және эстетикалық жағынан қолайлы жағдай жасалуын талап етеді.

Жалпы түсініктеме

                     Ғылыми-техникалық революция жағдайында жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруға және маман жұмысшыларды даярлауға жұмсалатын шығын үздіксіз артып отырады. Сондықтан еңбекті ғылми негізінде ұйымдастырудың маңызы артады. 
Социалист кәсіпорындарда Еңбекті ғылми ұйымдастыру В.И.Ленин белгілеген принциптік теориялық қағидалар негізінде дамытып отырды. Еңбекті ғылми ұйымдастырудың міндеттерін тұжырымдай келіп: «... біздің Тейлор системасын және еңбек өнімділігін арттырудың американдық ғылыми системасын бүкіл Ресейге таныстырумыз тиіс, бұл системаны жұмыс уақытын қысқартумен ұштастыруымыз қажет, еңбекші халықтың жұмыс күшіне ешқандай нұқсан келтірместен өндірістің және еңбек ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін пайдалануымыз керек»,деді. 
                        Еңбекті ғылыми ұйымдастыру – комплексті, сан қырлы процесс. Ол өндірістің барлық сатысын – жұмыс орнынан бастап тұтасынан алғанда, кәсіпорынға де»інгі бүкіл аралық буындарды қамтиды. Мұндағы Еңбекті ғылми ұйымдастыруқамтитын мәселелрді негізінен техника-экономикалық және әлеуметтік мәселелер деп екі топқа біріктіруге болады. Техника-экономикалық міндеттер еңбек өнімділігін арттыру, техниканы тиімді пайдалану, материал мен еңбекті барынша үнемдеп, жұмыстың көлемі мен түрлерін ұлғайту, атқарылатын жұмыстың санын арттыру, еңбектің үрдіс қарқындылығын қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды. Ал әлеуметтік міндеттерге еңбекті ең бірінші өмірлік қажеттілікке айналдыру, жеке адамды жан-жақты жетілдіру, еңбектің мән-мағынасын және тартымдылығын арттыру, қолайлы еңбек жағдайын жасау және оның мәдениетін көтеру, адамдарды еңбекке деген саналы көзқараста тәрбиелеу және творчестволық инициативаны кең өрістеу мәселелері кіреді.

Өзг

Бет

Құжат №

Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

12.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

13.09

6

 

 

Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың бағыты

Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың басты бағыты

                   Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың басты бағыты – кәсіпорындарда өніс жасаумен тікелей шұғылданатын негізгі жұмысшылар мен негізгі өндірістің бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеін көмекші жұмысшылардың арасында дұрыс арақатынас орнатудың маңызы зор. Әдетте көмекші жұмысшылардың еңбегін механикаландырудың негізінде бұл жұмысшылардың үлесі азайып отыруға тиіс. Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың нәтижесінде көмекші жұмысшылар жоғары мамандықты талап етпейтін операциялардан негізгі жұмысшыларды бастуға мүмкіндік береді. 
                  Негізгі жұмысшылардың арасында да еңбекті операция бойынша бөлу тәсілі қолданылып жүрді. Мұның өзі әр адамға жұмысты тезірек меңгеруіне мүмкіндік беріп, бір операциядан екінші операцияға ауысқан кезде сөзсіз орын алатын уақыт шығындарын болдырмайды. Сондықтан кәсіпорындарда еңбек бөлудің ақылға қонымды шегін іөздеуге, ал кейбір жағдайларда операцияларды біріктіруге немесе оларды кезектестіруге жұмысшылардың жапсарлас бірнеше мамандықты меңгеруіне қамқорлық жасалынып отырады. 
                 Еңбекті кооперациялаудың тиімді формаларының бірі – жұмыстың алуан түрін орындауды қамтамасыз ететін комплексті бригадаларға біріктіру. Бұл форма әсіресе металлургияда, мұнай өндіруде, машиналарды жөндеуде немесе құрастыруда, ауыл шаруашылығында т.б. кеңінен қолданылып жүр.

                 Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың екінші бағыты

                 Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың келесі бағыты – жұмыс орындарын неғұрлым ұйымдастыру. Жұмыс орны – жұмысшының немесе жұмысшылар тобының [[еңбек ету аймағы, жұмыс орнын неғұрлым тиімді ұйымдастыру жұмысшының еңбек нәтижелігін, оның еңбек өнімділігін арттыруға, жұмыс уақытының өнімсіз шығынын азайтуға жағдай жасайды. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру жөніндегі шаралар жүйесінже жұмыс орындарында қызмет етуді жетілдіру маңызды рөл атқарады. Кәсіпорындары мен дала жұмыстарында жұмыс уақытының смена ішіндегі шағынының кемінде үштен бірі материалдар, аспаптар құралсаймандардың жұмыс орнына уақытында жеткізілмеуінде, сондай-ақ жабдықты жөндеуді және реттеуді күтуге байланысты. Бұл ретте жұмысшыларды материалдармен қамтамасыз ету, оларға сменалық тапсырма беру, жабдықты реттеу және жөндеу, қалдықтарды жинау және дайын өнімді қабылдау – осының бәрі жұмысшыны бос тұрмайтындай немесе негізгі жұмысшынан алаңдамайтындай етіп тиімді ұйымдастырылуы тиіс. 

Өзг

Бет

    Құжат  №

Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

12.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

13.09

7

 

              Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мұнан соң ең тиімді еңбек тәсілдерін іріктеуді, зерттеуді, қорытуды және таратуды кездейді. 
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру проблемаларының комплексінде жұмыс істейтіндер үшін қолайлы еңбек жағдайын туғызу маңызды орын алады. Бұған ең алдымен өндіріс процестерін механикаландыру мен автоматтандыру, адамның еңбегін жеңілдететін және оның өнімділігін арттыратын осы заманғы алуан түрлі техникалық құралдарын еңгізу арқылы жетуге болады.     Алайда техниканың әрбір тиісті дәрежесінде қаржыны аз жұмсай отырып қызметкерлерге жемісті еңбек ету үшін ең қолайлы санитарлық гигиеналық және эстетикалық жағдайлар туғызуға болады.  
                    Өндіріс шуын азайту, жарықты жақсарту, ауа тазалығын сақтау, бір қалыпты ылғалдық пен температураны қамтамасыз ету әрбір жұмысшыға бүкіл смена бойына ең жоғарғы өнімділікпен еңбек етуіне, сөйтіп өнім мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді. Ғылым мен практикалық тәжірибе адамдардың көңіл-күйі, демек жұмыс қабілеті тіпті машиналардың, аспаптардың, мебельдің, қабырғаның, төбенің сыртқы түрі мен бояуы сияқты ұсақ түйек болып көрінетін нәрселерге де байланысты екенін дәлелдеді. 
Кәсіпорындарда басқа шаралар мен ұштастырылған өндірістік эстетиканы енгізу өндіріс мәдениетін өрге бастыруға көмектеседі.

                     Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың үшінші бағыты

                     Кейбір жағдайларда Еңбекті ғылми ұйымдастырудың еңбек пен демалыс тәртіптерін рационалдандыру сияқты бағыты да едәуір нәтиже береді. Еңбекті ғылми ұйымдастырудың қарапайым талабы – кәсіпорындардағы барлық қызметкерлердің жұмыс күнінің ортасында емін-еркін тамақтануына, сыртқа шығып тиісті уақытта дем алуына мүмкіндік туғызу. Сменада жұмыс пен демалыс тәртібін жақсарту еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бүкіл жұмыс күні (смена) бойына еңбек пен демалыс тәртібін жақсы жолға қою үшін үзілістің қаншаға, қай уақытта жасалуын, оларды тиімді пайдалану жолдарын дұрыстап ойластырудың маңызы бар. Адамның жұмыс қабілеті мен еңбек өнімділігінің артуына гимнастика жасау да игі тигізеді.  
                     Еңбекті ғылыми ұйымдастыру неғұрлым кең мағынада, еңбек нормалауды жетілдіру, еңбек тәртібін нығайту сияқты проблемаларды да қамтиды. Өндірісте Еңбекті ғылыми ұйымдастыру үшін оның жоспарын жасап, жүзеге асыру қажет. Бұл жоспар жұмыс орындарында бригадаларда, учаскелерде, цехтарда, бүтіндей кәсіпорындарда жүзеге асырылатын еңбекті ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі шаралар комплексін қамтиды. Еңбекті ғылми ұйымдастыру жоспарын жасамас бұрын өндірістік процестің барлық буындарында еңбекті ұйымдастырудың жайы зерттеліп оған талдау жасалады. Мұнда еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін енгізу жағдайларын, өндіріс озаттарының тәжірибесін зерттеу маңызды орын алады.

Өзг

Бет

    Құжат  №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

12.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

13.09

8

 

           Еңбекті ұйымдастыру жайын зерттеп, талдау негізінде оны жақсарту үшін ұсыныстар даярланады. Мұның өзі еңбекті ғылми ұйымдастыру жоспары болып табылады. Еңбекті ғылми ұйымдастыру жоспарындағы белгіленген шараларды орындау – жұмыстың ақырғы және ең жауапты кезеңі.

          Нақты алынған экономикалық пайданың мөлшері жоспардың қаншалықты сапалы болғанын, оның қалай орындалғанын толық бейнелейтін көрсеткіш табылады. 
КПСС 24-съезінің шешімдерінде еңбекті ұйымдастыруды жетілдірудың, жұмыс уақытының әрбір минутын өнімді пайдаланудың қажеттігі атап көрсетілді, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың шешуші факторларының бірі ретінде еңбекті ғылми ұйымдастыру әдісін кеңінен енгізуді қамтамасыз ету міндеті алға қойылған.

 

 

 

 

 

 

 

Өзг

Бет

    Құжат  №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

12.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

13.09

9

 

 

  1. Лауазымдық жұмыстар.

2.1. Мұнай  және газ өндіру цехының жұмысын ұйымдастыру.

                        Мұнай және газ өндіру цехы (МГӨЦ) қызметінің негізгі бағыты  келешекті геологиялық  құрылымдарда мұнай және газ кендерін іздеу және барлау және  оларды ары қарай өңдеу болып табылады. 
                        МГӨЦ жұмысы  тоқтаусыз, вахталық тәсілмен жүзеге асырылады: бір уақытта вахтада  60 қызметкердей жұмыс істейді,  олардың қатарына  еліміздің және шетелдің  жетекші жоғары оқу орындарында білім алған мұнай-газ саласының жоғары білікті мамандары да кіреді. Компанияның мамандары механикаландырылған өндіруді оңтайландыру бойынша қазіргі заманғы технологияны ендірумен айналысады, қаттық флюид  ағындарын  қарқындандыру  бойынша мәселелерді шешеді, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге қатысады,  сейсмобарлауды,  бұрғылауды қоса,  мұнай кәсіпшілігінің жабдықтарының, технологиялық құрылғылардың және коммуникациялардың тоттануының алдын алу бойынша  ісшараларды жүзеге асырумен айналысады, пайдалану ұңғымасының  және басқа кәсіптік өндірістік объектілердің  жұмыс параметрлерін есепке алуды жүргізеді,  мұнай мен газды өндіру бойынша,  ұңғыма қорының жағдайы бойынша жоспарлық  тапсырмаларды орындау туралы  тәулік сайынғы ақпаратты уақытылы ұсынады.

                       Кәсіп бойынша жұмыстарды  уақытылы және білікті орындау үшін жұмыс орындары  ҚР санитарлық нормалары мен ережелеріне сәйкес жабдықталған, қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.  МГӨЦ медициналық  пунктпен, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту классымен жабдықталған.   
                      Кәсіпшілікті тоқтаусыз энергиямен  жабдықтау  жеке Wilson  дизельдік электр станциясымен қамтамасыз етіледі,  оны пайдалану Компания қызметкерлерінің күшімен жүзеге асырылады. 
                     Кен орнында  өндірілетін және шығарылатын мұнай өнімдерінің сапасын бақылауды жүзеге асыратын аналитикалық зертхана бар. 
Кәсіпорынның  негізгі қызметкерлер құрамымен бірге  кәсіпшілікте  мердігер ұйымдардың қызметкерлері де қызмет етеді:

  • «Новомет-Қазақстан» сервистік компаниясымен механикаландырылған өндіру  технологиясы саласында қызмет көрсетумен, жабдықты ұсыну және қолданудың нақты жағдайлары үшін жобалаумен қатар, ЭОСҚ сорғыларының ақауларын анықтау және жұмысын оңтайландыру, құрастыру, пайдалану сатысында  қызмет көрсету жүзеге асырылады;

Өзг

Бет

    Құжат  №

Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

14.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

17.09

11

 

  • терең барлау-іздеу және өндіру ұңғымаларын бұрғылаумен  «НефтьТехСервис» мердігер  ұйымы  айналысады,   бұл ұйым  ҚХР  шығарылған ZJ-20, ZJ-30 және ZJ-40 мобильді бұрғылау станоктарын қолданады;
  • бұрғылау режімін бақылау «Батыс-ГТИ Сервис» мердігер ұйымымен  заманауи бекітуші және тіркеуші  электрондық жабдығын online режімінде қолдана отырып, жүзеге асырылады;
  • ұңғымалардың күрделі жер асты және  ағымдағы жөндеу  жұмыстарын келісім-шарттық негізде «АлемОйл Технолоджи» және «ФракДжет» мердігер ұйымдары  жүргізеді, олар Ресейде және Қытайда өндірілген  мобильді агрегаттарды қолданады және  шарттық жұмыстардың келесі түрлерін жүзеге асырады:
  • ШГН және ЭЦН  тереңдік сорғы қондырғыларын  ауыстыру;
  • қышқылдық өңдеу және қаттарды гидроүзу  әдістерімен  қаттардың мұнай қайтарымын ұлғайту;
  • ВУС ерітінділерін  қолдана отырып, ұңғымалардың  суландырылуын, колоннадан тысқары ағуларды  жою;
  • ұңғыманы ары қарай пайдалануға бере отырып, бұрғылаудан кейін ұңғыманы игеру және зерттеу.

                      МГӨЦ жұмысшыларын  Компанияның табысқа деген ұмтылысында  негізгі қозғалыс күші және  негізгі құндылығы ретінде  қабылдай отырып, сыйақы беру жүйесін жан-жақты  құру  бойынша іс-шараларды іске асырады, ол  еңбек сапасына ақы төлеу ұстанымдарын  нығайтады,  ақы төлеудің  ішкі және сыртқы  әділдігін  қолдайды,  ұжымдағы  командалық құрамды нығайтуға  ұмтылыста  ерекше жұмыс сапасын  қабылдауды  қамтамасыз етеді.

 

 

Өзг

Бет

    Құжат  №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

14.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

17.09

12

 

 

2.2. Өндіріс  шеберінің құқығы мен міндеті

 

                    Лауазымдық міндеттері. Ұңғымаларды бұрғылау бойынша бригада жұмысына басшылықты жүзеге асырады және оның нәтижесіне жауап береді. Геологиялық-техникалық нарядтың, режимдік-технологиялық карталардың және бұрғылау жұмыстарының жоспар-кестесі талаптарының орындалуын ұйымдастырады және бақылайды. Ұңғымалардың геофизикалық зерттеулер өндірісіне: қисаюды өлшеуге, гидрогеологиялық су тартуға, құюлар және бақылау өлшеулеріне дайындығын ұйымдастырады. Еңбек өнімділігін арттыруға, жұмыс өндірісінің жағдайын жақсартуға, өндірістік жарақаттарды тудыратын себептерді жоюға бағытталған техникалық-ұйымдастырушылық іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Бұрғылау технологиясының талаптарына сәйкес бұрғылау аспаптарын, жабдықтар мен материалдарды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды. Жабдықтарды тиімді пайдалануды, материалдардың үнемді жұмсалуын, бұрғылаудың өзіндік құнының төмендеуін қамтамасыз етеді. Бригадамен орындалған жұмыс көлемдерін және нақты өтелген уақыттың есебін жүргізеді. Жұмыс орнында ұңғымаларды бұрғылау, кедергілерді және апаттарды алдын алу және жою бойынша ең қиын және жауапты жұмыстарды орындайды. Апат себептерін талдайды және оларды жою шараларын қабылдайды. Ең жаңа техникалық құралдарды енгізу негізінде өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды, ұңғымаларды бұрғылаудың оңтайлы режимдерін, қиын ауқымды үдерістерді механикаландыру мен автоматтандыруды жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды. Ұңғымаларды жою, бұрғылау станогын және құрал-жабдықтарын тасымалдау, бұрғылау жұмыстарынан кейінгі алаңдарды қалпына келтіру бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады. Бұрғылау аспабының және жабдықтардың жұмысы туралы белгіленген құжаттаманы, материалдық құндылықтарды есепке алуды жүргізеді, олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады. Жұмысшылар мен мамандарды оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырды. Жұмысшыларға өндірістік нұсқау береді. Өндіріс және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасының, өндірістік тазалық және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларының, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау туралы заңның сақталуын қамтамасыз етеді.

                   Мыналарды білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын және геологиялық (геофизикалық, гидрогеологиялық) зерттеулер мен жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді; бұрғылау жұмыстарының әдістері мен технологиясын;

Өзг

Бет

    Құжат  №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

19.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

20.09

13

 

бұрғылау жабдықтары, аспаптары техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану және жөндеу ережелерін; геологиялық және техникалық кедергілердің пайда болуының себептерін, оларды алдын алу және жою әдістерін; құжаттамаларды рәсімдеу ережелерін; техникалық нормалау, бригада және мердігер шаруашылық есебі әдістерін; жұмыстарға арналған нормалар мен бағаны, оларды қайта қарау тәртібін; бұрғылау кезінде пайдаланылатын материалдарды және оларды сақтау ережелерін; қолданыстағы еңбекақы және материалдық ынталандыру түрлері жөніндегі ережелерді; еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру негізін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын, өндірістік тазалық және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын. 
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) (техникалық) еңбек өтіліне талаптарды ұсынусыз немесе техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) (техникалық) білімі және ұңғыма бұрғылау жұмысында 3 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы. 

 

 

 

 

Өзг

Бет

    Құжат  №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

19.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

20.09

14

 

2.3. Мұнай және газ  өндіру операторының құқығы мен  міндеттері

 

Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымалардың, газды кешенді дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының, насос және компрессор стансаларының, газды жерасты сақтау стансаларының берілген жұмыс режимін ұстауға және жүзеге асыруға және  түрлі пайдалану тәсілдерімен мұнай, газ, газ конденсатын өндіру технологиясымен байланысты басқа да жұмыстарға қатысу.  Мұнай кәсіпшілігі жабдығына, қондырғылар мен труба құбырларына қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына қатысу.  Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін алу.  Талдау жасау үшін сынама іріктеу.  ДНС, ГЗУ есеп тораптары арқылы мұнай мен суды өлшеуге қатысу. 

Білуге  тиіс: мұнай мен газ ұңғымаларының құрылымын; ұңғыманың жердегі жабдығының, қолданылатын құралдың, айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және оған қызмет көрсету ережесін;    мұнай, газ, газ конденсатын өндіру, жинау және тасымалдау, газды іріктеу мен айдау технологиялық процесі туралы негізгі деректерді; қолданылатын   реагенттердің негізгі химиялық қасиеттерін; жеке қорғану құралдарының жұмыс принципін.

Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператордың басшылығымен мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің барлық тәсілдері кезіндегі технологиялық процесті жүргізу,   жабдыққа қызмет көрсету, монтаждау және демонтаждау. Ұңғыманың, кешенді газ дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының,  насос және компрессор стансаларының, газды және газ конденсатын жер астында сақтау стансалары мен мұнай, газ, газ конденсатын өндірумен және  газды жер астында сақтау технологиясымен байланысты басқа да  объектілердің  берілген жұмыс режимін қолдау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру. Қарапайым мұнай кәсіпшілігі жабдығының жекелеген тораптары мен механизмдері мен арматураны бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.  Ұңғымадағы насос-компрессор трубаларды  механикалық және автоматты қырғылармен және реагенттерді, еріткіштерді, ыстық мұнай мен буды қолдана отырып парафин мен шайырдан тазарту.  Ұңғыманың жерасты және жер бетіндегі жабдықтары мен шықпа желілерді жоғары қысымды бумен өңдеу. Ұңғыма дебитін  автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысында өлшеу. Бақылау және автоматика аспаптарының көрсеткіштерін шешу.

 

Өлш

Бет

    Құжат №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

21.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

22.09

15

 

Ұңғыма мен басқа да мұнай кәсіпшілігі жабдығының жұмысындағы барлық ақаулар туралы  жұмыс басшысы мен операторға ақпарат ұсыну.  Біліктілігі анағұрлым жоғары мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператордың басшылығымен газ лифт коммуникацияларына (газ манифольдарға, газ сепараторларына, жылуды ауыстырғыштарға)техникалық қызмет көрсету. Газ құбыры жұмысының параметрлерін өлшейтін аспаптардың көрсеткіштерін жазып алу, газ бен сұйық шығысын есептеу, УКПГ, цех жұмысының режимдік парақтарын жүргізу.  

Білуге  тиіс: мұнай, газ кен орындары туралы негізгі деректерді;    ұңғыманың жердегі жабдығы мен қондырғыларына,  қолданылатын құрал мен айлабұйымдарға, бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету және оларды пайдалану ережесін; мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің, жинаудың, тасымалдаудың, газды іріктеу мен айдаудың  технологиялық процесін; қызмет көрсететін учаскедегі мұнайды, газ, газ конденсатын жинаудың, тасымалдау сызбасын; қызмет көрсететін бақылау-өлшеу аспаптарының, аппаратураның, автоматика және телемеханика құралдарының құрылымын.

 

Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің барлық тәсілдері кезіндегі газды іріктеу және айдау технологиялық процесін жүргізу және ұңғымалардың, кешенді газ дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының, насос және компрессор стансаларының, жерасты газ сақтау стансалары мен басқа да мұнай кәсіпшілігі қондырғылары мен жабдығының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.  Ұңғымаларды игеру, оларды берілген режимге шығару жұмыстарына қатысу. Труба құбырларын,  технологиялық жабдықты престемелеуге қатысу. Жердегі кәсіпшілік  жабдықтарын, қондырғыларды, механизмдер мен коммуникацияларды монтаждау, демонтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу.  Гидрат құрылымдардың, парафин, шайыр, тұз шөгінділерінің алдын алу жөніндегі жұмыстарды жүргізу және осы жұмыстарды жүргізу үшін   реагенттерді есептеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен әртүрлі   технологиялық параметрлердің шамасын  өлшеу.  Ұңғыма жұмысының  параметрлерін алу және беру, автоматика мен  телемеханика құралдарының жұмысын бақылау.   Ұңғымаларды зерттеу жұмыстарына қатысу. Газлифті ұңғымаларының коммуникацияларына (газ манифольдарына, газ сепараторларына, жылу ауыстырғыштарға) техникалық қызмет көрсету. Насос жабдығына ағымдық қызмет көрсету.

Білуге  тиіс: мұнай, газ кен орындары, шөгінді режимі туралы негізгі деректерді; мұнайдың, газдың, газ конденсатының  физикалық-химиялық қасиеттерін; қызмет көрсететін ұңғыманың технологиялық режимін;   

Өлш

Бет

    Құжат №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

21.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

22.09

16

 

кешенді газ  дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу  қондырғыларының, насос және компрессор стансаларының, жерасты газ сақтау стансалары мен басқа да мұнай  кәсіпшілігі қондырғылары мен жабдығының, жердегі кәсіпшілік  жабдықтарын, қондырғыларды, механизмдер мен коммуникациялардың, автоматика мен  телемеханика құралдарының құрылымы мен жұмыс принципін;  мұнай, газ өндіруді интенсивтендіру, ұңғымаларды зерттеу, мұнай және газ кен орындарын дайындау, ұңғымаларды жер асты (ағымдық) және күрделі жөндеу    әдістері туралы негізгі деректерді; кәсіпшілік электр жабдығын пайдалану және электротехникалық қондырғыларда жұмыс істеу ережесін. 

 

Мұнай мен газ  өндіру жөніндегі оператор

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің барлық тәсілдері кезіндегі газды іріктеу және айдау технологиялық процесін жүргізу және ұңғымалардың режимін қолдау және жақсарту жөніндегі геологиялық-техникалық іс-шараларды жүзеге асыру.   Ұңғымаларды, өнімділігі тәулігіне  500 м3/ дейінгі электр тиеу ортадан тепкіш насостарды игеру, оларды берілген режимге шығару жұмыстарын жүзеге асыру. Факел жүйелерінің құрылғыларын  баптау, кешенді газ дайындау, газды тазарту және кептіру кешенді қондырғыларына, жұмыс қысымы  15 Мпа (150 кгс/см2) дейінгі тығыздаушы ұңғымаларға қызмет көрсету. Қарапайым және күрделілігі орташа мұнай кәсіпшілігі жабдығын, қондырғыларын, механизмдерін, бақылау-өлшеу аспаптары мен коммуникацияларды монтаждау және демонтаждау жұмыстарына басшылық ету. Ұңғымаларды күрделі және ағымдық жөндеуге дайындау және оларды жөндеуден кейін қабылдап алу жұмыстарына қатысу. Ұңғымаларды зерттеуге,  игеруге және пайдалануға қосуға дайындау. Жер бетіндегі және астындағы жабдық ақауларының сипатын анықтау. Жер бетіндегі және астындағы жабдықтағы,  автоматика және телемеханика құралдары жұмысындағы ақаулардың сипатын  бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен анықтау. Жергілікті автоматиканың жарамсыз блоктарын ауыстыру, ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу. Күштік және жарық беру желісіндегі, қосуды реттеу аппаратурасы мен электр қозғағыштарындағы ақаулардың себебін анықтау және қарапайым зақымдарды жою. Газлифті ұңғымаларының коммуникацияларына (газ манифольдарына, газ сепараторларына, жылу ауыстырғыштарға) техникалық қызмет көрсету жұмыстарына қатысу және басшылық ету. Біліктілігі анағұрлым төмен газ және мұнай өндіру операторына басшылық жасау.

 

Өлш

Бет

    Құжат №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

21.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

22.09

17

 

Білуге  тиіс: мұнай мен газ, газ конденсатын өндірудің, газды іріктеу мен айдаудың технологиялық процесін; жер бетіндегі және астындағы жабдықтардың құрылымын, техникалық сипаттамасын; ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеудің түрлерін;  мұнай, газ өндіруді интенсивтендіру, ұңғымаларды зерттеу әдістерін; қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың құрылымын және оларды пайдалану ережесін;   монтаждау және принципті сызбаларды, қызмет көрсететін жабдықты, автоматика мен телемеханика аппаратураларын пайдалану ережесін; радиотехника, электротехника, автоматика және телемеханика негіздерін.

Орта  кәсіптік білім талап етіледі.

 

Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы.  Мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің барлық тәсілдері кезіндегі газды іріктеу және айдау технологиялық процесін жүргізу және ұңғымалардың, кешенді газ дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының, насос және компрессор стансаларының, жерасты газ сақтау стансалары мен басқа да мұнай кәсіпшілігі қондырғылары мен жабдығының үздіксіз жұмыс істеуін бақылауды   және ұңғымалардың жұмыс режимін қолдау мен жақсарту жөніндегі геологиялық-техникалық іс-шараларды жүзеге асыру.   Мұнай және газ ұңғымаларын пайдаланудың берілген коэффициентін қамтамасыз ету. Өнімділігі тәулігіне  500 м3/  жоғары электр тиеу ортадан тепкіш насостарды, редукциялау тораптарына метанолды беруге арналған дозалаушы насостарды, газлифті мен бірнеше рет түсірілетін және басқару стансасының көмегімен  ажыратылатын штангалы насостармен әрі өзінің режиміне сәйкес ұңғыма өнімі алынғанға дейін айдап шығарылатын сұйықтың параметрлерін бақылауды жүргізумен жабдықталған  ұңғымаларды    берілген режимге шығару.   Қысымы 15 Мпа (150 кгс/см2) жоғары газды айдай отырып, қабат қыс ымын ұстап тұру әдісін пайдалану кезінде тығыздаушы ұңғымаларға қызмет көрсету. Күрделі технологиялық жабдықты, электрмен тиеу ортадан тепкіш қондырғыларды,  қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, автоматтандырылған топтық  өлшеу қондырғыларын  монтаждау және демонтаждау жұмыстарына басшылық ету. Нысандарды жерасты (ағымдық) және күрделі  жөндеуге дайындау  жұмыстарына қатысу. Нысандарды жөндеуден қабылдау, оларды жөндеуден кейін  баптауға және іске қосуға   қатысу. Іске қосылатын электр жабдығын, басқару стансаларын, автоматика және телемеханика блоктарын монтаждауға қатысу, автоматика және телемеханика жүйелерінде бақылау-өлшеу және баптау жұмыстарын орындау. Бригадалық мұнай есебі тораптарының жұмысын бақылау.  Технологиялық мұнай құбырларын, алаң ішіндегі газ құбырларын, газоманифольдарды үлеу алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру.

 

Өлш

Бет

    Құжат №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

21.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

22.09

18

 

 

Ұңғыма лифтінің герметикалылығын сынау, ұңғыма камераларын  газбен үрлеу жұмыстарына қатысу. Газоманифольдарын жоспарлы-алдын  ала жөндеу (диафрагмаларды, ершіктерді, шар клапандарын ауыстыру және т.б.) жұмыстарына қатысу. Учаскеге қызмет көрсету жөніндегі вахталық құжаттаманы жүргізу.   Біліктілігі анағұрлым төмен газ және мұнай өндіру операторына басшылық жасау.

Білуге  тиіс: жұмысталатын кен орнының сипаттамасын; жердің бетіндегі және астындағы жабдықтардың техникалық сипаттамасын;  ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеудің түрлерін;  мұнай, газ өндіруді интенсивтендіру, ұңғымаларды зерттеу әдістерін;  кәсіпшіліктерді кешенді автоматтандыру кезінде қолданылатын автоматика, телемеханика және  бағдарламалық құрылғылардың құрылымын, пайдалану ережесін; автоматика және телемеханика негіздерін.

Орта  кәсіптік білім талап етіледі.

 

       

 

Өлш

Бет

    Құжат №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

21.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

22.09

19

 

 

    1. Жер асты және күрделі жөндеу цехы.

3.1. СЖАЖ  мақсаты мен міндеті

 

 

р/с

Жұмыс атаулары

күрделілік  санаттары

1

2

 

3

4

5

6

7

8

Жоғары немесе төмен жатқан горизонттарға оралу

Пайдалану горизонтын бөгде сулардан (ұңғыманы жоюды қоса) оқшаулау

Забой жаны аумағын  қышқылды-шайырлы өңдеу

Пайдалану ұстынын түзеу

Гидроүзік және гидро-құм ағынымен перфорациялау

Ұңғыманың екінші оқпанын кесу және бұрғылау

Пайдалану ұстынының  трубаларын кесу

Ұстап қалу жұмыстары

І

 

ІІ

І

ІІ

ІІ

ІІ

ІІ

ІІ


              Тағайындалуы әр түрлі (мұнайлы, газды, айдама, т.б.) ұңғымаларды пайдалану кезінде, кез келген басқа да инженерлік құрылымдарды пайдалану кезіндегідей, оларды мерзімімен жөндеп отыру кажет.

             Ұңғымаға құбырларды, қарнақтарды, сорғыларды немесе қандай да бір құрал-саймандарды түсіру мен көтеруге байланысты жұмыстардың жиынтығын жерасты жөндеу деп атайды.

             Ұңғыманы жер асты жөндек жұмыстардың түріне және күрделігіне байланысты шартты түрде ағымдық және капиталдық деп бөледі.

            Ағымдық жөндеу жұмыстарына сорғыларды ауыстыру, құбырлар мен қарнактарды ауыстыру немесе олардың ілініп тұрған сипатын өзгерту, ұңғыманы құмды тығыннан тазарту, күрделі емес ұстау жұмыстарын жүргізу (сорғы-компрессорлық құбырлар бағанасындағы үзіліп кеткен қарнақтар мен басқа да бұйымдарды ұстау) жатады. Бұл жұмыстарды мұнай мен газ өндірудің әрбір мекемесінде ұйымдастырылатын ұңғыманы жерасты жөндеу бригадасы орындайды.

         Жерасты жабдықтарының апаттарын жоюға байланысты (үзілген құбырларды ұстау және алып шығу), зақымдалып бұзылған эксплуатациялық бағаналарды жөндеумен, суды оқшаулаумен, басқа эксплуатациялық объектіге ауысуға байланысты жүргізілетін күрделі жұмыстар ұңғымаларды капиталдық жөндеу санатына жатады. Бұл жұмыстарды ұңғымаларды капиталдық жөндеу бойынша арнайы бригадалар орындайды. Осы бригада- лар әдетте забой маңы аймақтарын өңдеу бойынша барлық операцияларды орындайды (қатты гидравликалық үзу, гидроқұмарындық перфорация, қышқылдық өндек, дірілді өңдеу, т.б.).

Өлш

Бет

    Құжат №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

24.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

25.09

20


     

       Ұңғыма сағасының үстіне жөндеу жұмыстары жүріп жатқан уақытта  қажетті биіктікте көтергіш құрылым (мұнара немесе діңгек) және көтергіш механизм (механикаландырылған шығыр) орнатылады. Құбырлар бағанасын бұрау арқылы жүретін жұмыстар кезінде ұңғыма сағасының үстіне, бұрғылау кезіндегідей, ротор орнатады.

            Ұңғыда жүргізілетін  күнделікті жер асты және күрделі жөндеу жұмыстары кезінде, ұңғы түбінің төңірегін өңдеу операциялары кезінде,оның ішіндегі құбырларды, штангілер мен басқа құралдарды көтеру және  түсіру жұмыстарымен байланысты. Сондықтан ұңғы сағасына уақытша немесе  тұрақты  мұнаралар мен мачталарды  қондыруды қажет етеді. Оған қоса көтеру механизмдерін (тракторға немесе автокөлікк орналасқан механикаландырылған шығыр) орналастырылған. Мұнай және газ кәсіпшіліктерінде ұңғыны күнделікті және жер асты жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қолданатын мұнара мен шығыр  трактор немесе автокөлік үстінде орналасқан  көтергіш агрегаттар кеңіннен таралған. Құбырларды, штангілер мен басқа құралдарды  көтеру –түсіру  жұмыстарын жасау үшін қолданатын мұнаралар мен мачта жабдықтарының үлгісі 1-ші суретте көрсетілген. Осы сияқты қозғалатын агрегаттардың  өзінің үстіне орнатылған  мұнарасы мен мачтасы болады. Мұнара кәдімгі ілмегі бар тәл жүйесімен жабдықталған. Оған арнайы аспап арқылы көтеретін жүк құбырлар, штангілер ілінеді. Мұнараның төбесіне жиналған қозғалмайтын роликтерін кранблок деп атаймыз. Кранблоктың әдетте роликтері еркін бір білікке орнатылып, массивті рамаға бекітілген. Тәл жүйесінің көтеретін жүк салмағына байланысты кронблокта үштен беске дейін роликтер болуы мүмкін. Тәл жүйесінің  қозғалмалы роликтері де сол сияқты тәл блогы деп аталатын бір торапқа жиналған.

1-Сурет.  Көтеріп  түсіру әрекетін жүргізетін  мұнара.

1 — кранблок; 2 —мұнара; 3 —тәл арқан; 4 — тал блогы; 5 —ілмек; 6 — бұрғылау шығыры; 7— мұнараның қозғалмайтын  бөлігі


Өлш

Бет

    Құжат №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

24.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

25.09

21

 

              Ұңғыманы күрделі жөндеу - жөндеу-түзету, ұңғыманың екінші оқпанын жасақтау, қармау және жөндеу-оқшаулау жұмыстарының кешені. Жөндеу-түзету жұмыстарына пайдалану бағанасының майысқан, сынған, жарылған орындарын түзету, зақымданған белігін ауыстыру, ұңғыма ернеуін нығыздау, цемент тығындарын бұрғылау жатады. Ақауларды түзету қиын болғанда ұңғыманың екінші оқпаны бұрғыпанады. Ол үшін ақауы бар жерден ойық жасалады, еңкіш бағытталып бұрғыланган екінші оқпанға бағананы түсіріп бекітеді. Қармау жұмыстарына құлап түскен сораптық-компрессорлық құбырлардың бағанасын, сорап штангаларын, құралдарды тартып шығару және оқпанды тазарту шаралары жатады. Ұңгымага қойнауқаттық сулар құйылғанда жендеу-оқшаулау жұмыстарын жүргізеді. Жоғарыдан, төменнен қуйылатын суларды цемент ерітіндісін айдап бітеу арқылы тоқтатады.

 

 

 

 

 

 

Өлш

Бет

    Құжат №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

24.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

25.09

22

 

3.2  Скважинаны жөндеу операторының құқығы мен міндеті

 

Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымаларды жер астында жөндеу жұмыстарын орындау. Бір қатарлы және екі қатарлы лифтілерді, парафинделген трубаларды, терең насостарды, бөліп пайдалану жабдығын, газлифті клапандарын ауыстыру. Терең насостарды сіңіруді өзгерту, үзіктерді, штанга қайырмаларын жою, құралдар мен сымдарды алып шығу жұмыстары.  Терең насос пен  плунжердің төменгі клапанын  жуу. Құм зәкірлерді бөлшектеу және тазалау. Ұңғымаларды  құм тығындардан, балшықты ерітіндіден жуу, тазалау. Ұңғымаларды ыстық мұнаймен және басқа да химиялық реагенттермен жуу.  Ұңғыма оқпанындағы   гидратты тығындарды жою, пайдалану ұстыны мен   насос-компрессор трубаларын  парафиннен, тұз бен шайыр шөгінділерінен тазарту.  Забойды уата отырып ұңғымаларды шаблондау. Ұңғыманы пайдаланудың бір тәсілінен екіншісіне ауыстыру.  Қабылдау клапандары мен кескілерді орнату және алып тастау. Циркуляциялық механикалық клапандарды ашу және жабу; ұңғыманың жер асты жабдығын престемелеу. Түрлі пайдалану тәсілдері кезінде ұңғыманың сағалық жабдығын құрастыру және бөлшектеу. Жабдықты, құралды, салмақ индикаторын профилактикалық күтімді жүзеге асыру. Ұңғыманы жер астында жөндеумен байланысты тиеу-түсіру жұмыстарына қатысу. Ұңғымалардың қабылдауыштығын қалпына келтіру және ұстап тұру  жұмыстарын жүргізу.  Жылжымалы агрегаттарды, құрылғылар мен  канат техникасын орнату және бекіту. Дайындау бригадалары жоқ кәсіпшіліктерде, көтеру құрылғыларын орнатумен және қосалқы-көмекші жұмыстарды атқарумен байланысты барлық жұмыстарды (ұңғыманы жөндеуге дайындау, ұңғымаларды тұншықтыру және т.б.) орындау. Ұңғымалардағы, штепсель ажыратқыларымен жабдықталған электр жабдығы мен жарық беру аппаратураларын қосу және ажырату. Канат техникасын басқару.

Білуге  тиіс: ұңғыманы пайдалану тәсілдерін;   газ, мұнай және айдау ұңғымаларының құрылымын; түрлі пайдалану тәсілдері кезінде ұңғыманы жер астында жөндеу, игеру және тұншықтыру өндірісі технологиясын; ұңғыманы жер астында жөндеу кезінде қолданылатын көтеру құрылғыларын   (мұнараны, мачтаны), таль жүйесі мен оның элементтерін, терең насостарды, газлифт клапандарын, канат техникасын пайдалану ережесін, олардың құрылымы мен нысанын;  насос-компрессор трубалары мен штангаларын, кабель орағышты, салмақ индикаторын механикалық бұрау және бұрап алуға арналған автоматтардың құрылымы мен жұмыс принципін; көтеру-түсіру операцияларын механикаландыру және автоматтандыру құралдарының нысаны мен құрылымын; гидро- және пневмо жүйелер туралы негізгі деректерді және олардың құрылымын; көтерілетін жүгіне қарай  таль жүйесін пайдалану тәсілдерін және оларды жарақтандыру есебін; канат жұмыстарын орындау кезіндегі шекті  жүктемені және жылдамдықты;

Өлш

Бет

    Құжат №

  Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

26.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

27.09

23

 

шықпаға қарсы  жабдықтың (шағын габаритті превенторларды) құрылымын және оны орнату ережесін;    гидравликалық терең шығыр мен  тюбинг қондырғысының құрылымын, қызмет көрсету және оларды басқару тәсілдерін; газ-құм зәкірлердің түрлерін және оларды қолдану ережесін;ұңғыманы жер астында жөндеу кезінде қолданылатын құралдардың түрлері мен оларды пайдалану ережесін; түрлі жарақтандыру мен түрліше ұңғыма жабдығы кезінде трубалар мен штангаларды көтеріп түсірудің шекті жылдамдығын; құм тығынын жуу процесінің есебін; еңбекті ұйымдастырудың қолданыстағы нұсқаулық карталарын;   станок-качалканы,  жарық беру аппаратурасын қосу ережесін. 

І санаттағы  ұңғыманы біліктілігі анағұрлым  жоғары ұңғымаларды жер астында жөндеу операторының басшылығымен жер астында жөндеу кезінде   - 4-разряд;

І санаттағы  немесе ІІ санаттағы ұңғыманы біліктілігі  анағұрлым жоғары ұңғымаларды жер астында жөндеу операторының басшылығымен жер астында жөндеу кезінде - 5 разряд;

 ІІІ санаттағы  ұңғыманы  жер астында жөндеу кезінде - 6-разряд;

 Тереңдігі  3000 м астам ұңғыманы, тереңдігі  2000 м астам жазық ұңғымаларды  немесе газ лифт әдісімен пайдаланылатын  ұңғыманы  жер астында жөндеу кезінде -  7-разряд.

6 және 7- разрядтағы ұңғымаларды жер астында жөндеу операторлары үшін орта кәсіптік білім талап етіледі.

 

Өлш

Бет

    Құжат №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

26.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

27.09

24

 

 

  1. Қабат қысымын сақтау

4.1. ҚҚС  мәні мен түрлері

 

Қабат қысымын су айдау арқылы ұстаудың технологиясы

Нұсқа сыртынан су айдау.  Бұл жағдайда қабатқа әсер ету нұсқа сыртында орналасқан су айдау ұңғымалары арқылы жүргізіледі. Су айдау ұңғымаларының сызығы мұнай өндіретін ұңғымаларында сулануды тез болдырмау үшін мұнай нұсқасынан бірдей 300-800 метр қашықтық шамасында орналастырады.         

Нұсқа сыртынан су айдаудың тиімді жақтары:

- мұнай қабатымен су айдау ұңғымаларының орналасу аймағы жақсы гидродинамикалық байланыста болғанда;

- мұнай кенішінің ауданы салыстырмалы түрде кішкене , яғни кеніш ауданының мұнайлылық нұсқасының периметріне қатынасы 1,5-1,75 км болғанда;

- коллекторлық құрылымы жақсы, қабат қалыңдығы және ауданы бойынша бірдей қабат болғанда.    

      Бұл шарттар орындалғанда нұсқа сыртынан су айдау жүйесі мұнай қорын толық өндіруге және қабаттың қозған орталық бөлігінен мұнайды ығыстырып алуға мүмкіндік береді.     

               Нұсқа сыртынан су айдаудың тиімсіз жақтары мен кемшіліктері де бар:

- қабатқа айдалатын су мұнайлылық нұсқасымен су айдау ұңғымасының сызықтарының сүзілу кедергілерін жеңіп өтуі қажет, ол үшін қосымша сорап қондырғыларының қуатын арттыруымыз қажет, ол үшін мұнай өндіруге қосымша энергия шығындау керек;

- су айдаудың аралығы қашықтаған сайын кенішке әсер ету процесі жәй жүреді;

- қабаттың сырқы аумағына су айдау кезінде артық көлемде су шығындалады.

Нұсқа аймағына су айдау.  Кенішке әсер етуді жылдамдату үшін су айдау ұңғымаларын мұнайлылық нұсқасына жақын етіп орналастырып немесе мұнайлылықтың ішкі және сыртқы нұсқасының аралығына орналастыру керек.  

         Нұсқа аумағынан су айдау келесі жағдайларда қолданылады:

- қабаттың сыртқы ауданмен гидродинамикалық байланысы нашар болғанда;

- кеніш ауданы салыстырмалы түрде кіші болғанда;

- пайдалану процесінің қарқындылығы үшін, яғни су айдау сызығы мен сұйық алу арасындағы сүзілу кедергісі олардың арасы жақындауы есебінен азаяды.  

         Бірақ та жекелеген пайдалану ұңғымаларында сулану көбейіп кетеді. Осыған қатысты кейбір ұңғымалардың мұнай бергіштігі жоғалып кетуі мүмкін, ал ол процесті болдырмау үшін өте дәлдікпен зерттеп, есептеп қосымша ұңғымалар бұрғылау қажет.

Өлш

Бет

    Құжат №

  Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

28.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

29.09

26

 

          Энергетикалық көзқараспен қарастыратын болсақ нұсқа аумағынан су айдау процесі экономикалық жағынан тиімді , бірақ сыртқы аймақпен жақсы гидродинамикалық байланыс болатын болса айдалатын су шығыны көбейеді.  

       Нұсқа ішінен су айдау.  Бұл жағдайда қабатқа әсер ету мұнайлылық нұсқасының ішкі жағында орналасқан су айдау ұңғымалары арқылы жүргізіледі. Бұл мұнай кенішіне әсер етудің ең тиімді әдістерінің бірі болып саналады және мұнай қорын өндіру мерзімін қысқартады, бір жағынан мұнай өндіруді жылдам өсіреді.   

      Нұсқа ішінен су айдау әдісі бірнеше түрге бөлінеді: су айдау ұңғымаларының сызығы бойынша кенішті сақиналы түрде, сызықты түрде, орталық қима қатары бойынша нұсқа аймағынан су айдауды есептей отырып бірнеше көлденең қатар құру. Су айдау ұңғымаларының орналасу схемасы нақты анықталған геологиялық шарттарға сәйкес, мұнай қорын өндіру мерзімінің экономикалық тиімділігіне және қосымша қаржының көлеміне байланысты анықталады. Су айдау ұңғымаларының сызығы қабат коллекторлары жақсы орналасқан жерлерге және айдалған судың еш кедергісіз мұнай қабатқа жақсы әсер ететіндей аймаққа орналастырады. Энергетикалық жағынан қарайтын болсақ нұсқа ішінен су айдау жүйесі нұсқа сыртынан немесе нұсқа аумағынан су айдау әдісіне қарағанда өте тиімді және қабатқа айдалған су мұнайды ығыстыруға ғана жұмсалады. Бұл су айдау әдістері қабат шекаралары анықталған және қабатқа сипаттама берілген кен орындарында қолданылады.

           Таңдап су айдау өндірістік-геофизикалық және гидродинамикалық зерттеу мәліметтері мен бірқалыпты тор бойынша алаңның бөлшегін бұрғылағаннан кейін су айдау ұңғымаларын таңдап алады. Ұңғыманың өнімділік коэффициенттері бойынша , қабаттағы мұнай мен судың тұтқырлықтарының айырмашылықтарын және әртектілік дәрежесін есепке алып пайдалану және су айдау ұңғымаларының өзара қатынасын анықтайды. Бұл жүйеде су айдау ұңғымаларын өнімді қабаттың геологиялық орналасу шартын толық зерттеп және оның жақын орналасқан өндіру ұңғымасының түп аймағымен байланысын немесе мұнайды сумен ығыстыру мүмкіндігі ең жоғары дәрежеде болатындай етіп өндіру ұңғымаларының арасына бір қалыпсыз  орналастырады. Игерудің бірінші сатысында кен орнының геологиялық мәліметтері жеткіліксіз болғанда бұл әдісті қолдану тиімсіз. Бұл әдіс келесі сатыларда яғни қабаттың орналасу ерекшеліктері анықталғаннан кейін және әртекті қабаттарды игеруде қолданған тиімді болады.  

       Алаңдап су айдау әдісі – кен орнын игеру қарқындылығын жоғарылатуды қамтамасыз ету үшін және қабатқа әсер ету жүйесі ең тиімді болып саналады. Мұнай өндіру және су айдау ұңғымалары алаңда дұрыс геометриялық тор бойынша, бірқалыпты квадрат немесе үшбұрыш түрінде бес, жеті және тоғыз нүктелі жүйе болып орналасады.

Өлш

Бет

    Құжат №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

28.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

29.09

27

 

              Су айдап қабат қысымын ұстаудың техникасы мен технологиясы бірнеше түсініктемелер мен анықтамалардан тұрады, оларға: сұйық өндіру мен су айдау көлеміні, қорды өндіру мерзімі және ұзақтығы, су айдау және мұнай өндіру ұңғымаларының саны және мұндай сипаттамаларға қабатқа айдалатын судың көлемі де жатады. Жасанды суарынды режимде, мұнай өндіру  қабат қысымы әсерінен жүргізілген кезде, яғни қабат қысымы қанығу қысымынан жоғары болғанда, қабат жағдайына сәйкес өндірілетін сұйық көлемі қабатқа айдалатын сұйық көлеміне тең болуы керек, сонымен қатар сұйықтың температурасымен қысымына да сәйкес келуі керек.

              Қабат қысымын ұстау жүйесін сумен қамтамасыз етудің негізгі қызметі – қабатқа айдауға жарайтын керекті су көлемін өндіріп, оны су айдау ұңғымаларына тарату және қабатқа айдау. Сумен қамтамасыз етудің нақты жүйесін таңдау, алынған кен орны қандай сатыда игеріліп жатқанына байланысты болады. Қазіргі уақытта қабат қысымын ұстауды кен орнын игеруге берген кезден бастап қолдануға тырысады. Игерудің алғашқы сатысында мұнай өндіру ұңғымалары таза сусыз өнім береді , ал бұл жағдайда үлкен көлемде қабат суы керек. Кейіннен өндіру ұңғымаларының өнімі біртіндеп сулана бастайды да ілеспе суды бөліп алуға немесе тұндырып алуға тура келеді. Осыған байланысты су айдау жүйесін нақты кен орнын игеру шартына қатысты орналастырамыз. Cумен қамтамасыз ету жүйесін жобалауда ұңғыма өнімінің сулануының өсуін, суды алдын-ала бөліп алу қондырғысынан немесе мұнайды дайындау қондырғысынан бөлінген суды және т.б. су көздерін есепке алып қарастыру керек. Қоршаған ортаны және табиғатты қорғау шараларын сақтау үшін, сумен қамтамасыз ету жүйесінде қандай жағдайда болмасын қабат қысымын ұстау үшін қолданылатын суды 100% -ға дейін бөліп алуды қамтамасыз ету керек. Бұл су айдау жүйесін қиындатады және бірнеше есе қымбаттатады, себебі мұнай өнімінен суды бөліп алып оны дайындау керек және технологиялық қондырғыларды, су құбырларын тозудан, шіруден сақтауымыз керек. Бірақ та, мұнайды тұзсыздандыру және сусыздандыру үшін қолданылатын беттік активті заттары бар ағынды сулардың мұнайды ығыстыру мүмкіндігі жоғары болғандықтан қабаттың мұнай бергіштігін жоғарылату үшін қолдануымыз керек. Нақты сумен қамтамасыз ету жүйесін таңдау , қабатқа айдалатын су көздеріне байланысты болады, оларға:

-         ашық су қоймалары( өзен, көл, теңіз),

-         жер асты сулары,

-         берілген кен орнының су қабаты,

-         резервуарлар паркінен тұндырылып алынған сулар, суды бөліп алу қондырғысынан алынған сулар және мұнайды дайындау қондырғысынан бөліп алынған су көздері.

 

Өлш

Бет

    Құжат №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

28.09

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

29.09

28

   

 

4.2. ҚҚС  операторының құқығы мен міндеті

 

Қабат қысымын ұстап тұру жөніндегі  оператор

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 10 МПа (100 кгс/см2) дейінгі қысым кезінде жұмыс істейтін және  тәулігіне 3600 м3/ дейінгі көлемде су айдайтын айдау ұңғымалары жабдығына қызмет көрсету. Конденсатты ылғал бөлгіштен түсіру,  айдау ұңғымалары сағалық жабдығының, ылғал бөлгіштің жарамдылығын қадағалау және оларды жөндеуге қатысу. Таратып бөлу будкаларындағы  батарея байламдарының жарамдылық жай-күйін қадағалау. Магистральдік және  жұмыс труба құбырларын жүйелі аралап қарау, олардың жарамдылығы жай-күйін қадағалау және жөндеуге қатысу. Ұңғымалардың қабылдауыштығын   арттыру жұмыстарына қатысу. Тіркеуші құралдардың көрсеткіштерін қадағалау және көрсеткіштер есебін жүргізу. Труба құбырларын  монтаждау және демонтаждау жұмыстарына қатысу.  Айдау ұңғымалары мен су арналарынан сынама алу. Қабатқа жұмысшы агентті сіңірудің вахталық журналын жүргізу. 

Білуге  тиіс: жұмысталатын кен орнының сипаттамасы мен оны пайдалану тәсілдерін; қабат қысымын ұстап түру әдістерін; айдау ұңғымаларының магистральді су арналары жабдығын пайдалану ережесін мен нысанын; қабатқа сіңірілетін судың, газ бен ауаның сапасына қойылатын негізгі талаптарды;    труба құбырларын қосу сызбасын; таратып бөлу батареяларының құрылымын;   бақылау-өлшеу аспаптарының (расходомерлердің, водомерлердің, манометрлер мен т.б.) құрылымыммен нысаны туралы негізгі деректерді. 

 

Қабат қысымын ұстап тұру жөніндегі оператор

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 10 МПа-ден 12,5 МПа-дейін және одан жоғары  (100-125 кгс/см2)  қысым кезінде жұмыс істейтін және  тәулігіне 3600 м3/-тан 7200 м3/дейінгі көлемде су айдайтын айдау ұңғымалары жабдығына қызмет көрсету.  Ұңғымалардың қабылдауыштығын   қалпына келтіру және ұстап тұру  жұмыстарын жүргізуге қатысу.  Қабатқа жұмысшы агентті берілуін реттеу.  Айдау ұңғымаларының жердегі жабдығын монтаждауға, демонтаждауға және жөндеуге қатысу.  Айдау ұңғымаларының,  таратып бөлу құрылғыларының режимін белгілеу жұмыстарына қатысу. Қорғау автоматикасы мен таратып бөлу пункттеріндегі бақылау-өлшеу аспаптарының ұсақ ақауларын жою. 

 

Өлш

Бет

    Құжат  №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

01.10

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

02.10

29

 

Білуге  тиіс: мұнай мен газ, газ конденсатын өндірудің технологиялық процесін, айдау ұңғымаларын зерттеудің негізгі әдістерін;  құбырларды қосудың бөлшектік сызбасын;  айдау ұңғымалары мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, нысанын, пайдалану ережесін.

Қабат қысымын ұстап тұру жөніндегі оператор

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 12,5 МПа (125 кгс/см2)  қысым кезінде жұмыс істейтін және  тәулігіне 7200 м3/жоғары көлемде су айдайтын айдау ұңғымалары жабдығына қызмет көрсету.  Ұңғымалардың қабылдауыштығын   қалпына келтіру және ұстап тұру  жұмыстарын жүргізу.  Айдауды есептеу пункттерінде бақылау-өлшеу және  баптау жұмыстарын орындау. Труба құбырларын қорғау құралдары мен ұңғыманы коррозиядан қорғау жабдығының жұмысын бақылау. Айдау ұңғымаларын күрделі және ағымдық жөндеуге дайындау жұмыстарына қатысу.  Айдау ұңғымаларын жөндеуден қабылдап алу және оларды игеру, пайдалануға қосу. Автоматика, телемеханика және бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын бақылау. Вахта журналын және жұмысшы агентті сіңіру есебінің алғашқы құжаттамасын жүргізу. Вахта жұмысына басшылық ету.  

Білуге  тиіс: жұмысталатын кен орнының сипаттамасын; мұнай шөгіндісіне әсер ету жүйелерін; жердің бетіндегі және астындағы жабдықтардың нысанын, құрылымын;  насос стансасының, таратып бөлу құрылғысының, айдау ұңғымасының байламы сызбасын;  айдау ұңғымасын ағымдық және күрделі жөндеу түрлерін; ұңғыманың қабылдауыштығын көбейту,  айдау ұңғымаларын игеру және зерттеу әдістерін;  автоматика, телемеханик, бағдарламалық құрылғылары жүйелерінің нысанын, құрылымын, пайдалану ережесін.  

 

 

Өлш

Бет

    Құжат №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

01.10

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

02.10

30

 

 

    1. Ғылыми зерттеу өндірістік жұмыстарын жөндеу цехы (ҒЗӨЖЖЦ).

5.1. Скважиналарды  зерттеу мақсаттары мен міндеттері

 

          Игеру кезіндегі геологиялық-кәсіптік зерттеулер.

          Өндіріс нысанын игеру барысында жүргізілетін зерттеулер яғни әрекеттер жиынтығы: ұңғымалардың бүкіл категорияларын бұрғылау араларын бақылап отыру; игеру нысанының геологиялық құрылысын түбегейлі зерттеу; қойнауқаттардың сиымдылық сүзбелеушілік параметрлерін нақтылы әдістер көмегімен анықтау; керек болған жағдайда мұнай мен газ қорларын нақтылау; ұңғымалар жұмысының және бүкіл нысанның барша көрсеткіштерін,шоғырдың термодинамикалық жағдайларындағы өзгерістерді, мұнайдың, судың, газдың қойнаулық және беткейлік жағдайлардағы физика- лық-химиялық қасиеттерін қадағалап отыру; қорларды өндіріп алуды бақылау, шоғырды игеру жағдайын бағалау және оны одан әрі жетілдіру жайындағы ұсыныстарды негіздеуге қатысты геологиялық зерттеулердің нәтижелерін кешенді түрде тұжырымдау мақсатында ұңғымалар мен қойнауқаттардың сумен тоғытылуын қадағалап отыру.

Өлш

Бет

    Құжат №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

04.10

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

05.10

31

     

 

5.2. Скважиналарды  зерттеу операторының құқығы  мен міндеті

 

Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұңғыма тереңдігін,   сұйықтың және су бөлімінің деңгейін терең шығырдың көмегімен өлшеу, ұңғымаларды забойды шыңдай отырып шаблондау.  Забойдың тереңдігін, сұйықтың деңгейін, дебит өлшемін  дебитомермен өлшеу. Мұнай мен газ  дебитін  дебитомермен өлшеуге, ұңғымаларды динамометрлеуге, ұңғымаларды тереңдік аспаптарымен зерттеуге қатысу; зерттеу аспаптары мен тереңдік шығырларын алдын ала қарау. Дайындық-қортынды операцияларын жүргізу.

Білуге  тиіс: жұмысталатын кен орнының сипаттамасын;   ұңғымаларды пайдалану тәсілдері мен оларды зерттеу әдістерін; ұңғыманың. шығырлардың, динамографтардың, қашықтықтан тіркейтін аспаптардың сағалық жабдығының нысанын, құрылымын және пайдалану ережесін; өлшеу аспаптарын күштік және жарық беру желісіне қосу ережесін. 

 

Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымаларды забойды шыңдай отырып шаблондау, пайдалану және тығыздау ұңғымаларындағы  забойлы және  қабаттық қысымды өлшеу. Ұңғымадағы сұйықтың деңгейін эхолот пен волномердің көмегімен өлшеу, сұйық деңгейінің қалпына келуін (түсуін) қадағалау. . Мұнай мен газ  дебитін  өлшеу және газ факторын анықтау. Қашықтықтан өлшеу аспаптарымен (дебитомер, расходомер, термометр, влагомер, манометр, газоанализатор) зерттеулер жүргізуге қатысу. Зерттеу жұмыстарының нәтижелерін анықтау. Автомобильді немесе тракторды басқару. Аппаратура мен жабдықты ағымдық жөндеу.

 Білуге  тиіс: мұнай мен газ өндірудің технологиялық процесін, ұңғымаларды зерттеу әдістерін; ұңғыманың жер бетіндегі жабдығының және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық сипаттамасы мен нысанын; тереңдік аспаптарын, мұнай-газ дебитін өлшеу және газ факторын анықтау аспаптарын пайдалану ережесін;  өлшеу аспаптарын күштік және жарық беру желілеріне қосу ережесін.

Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымаларды тереңдік, қашықтықтан және тіркеуші аспаптармен зерттеу түрлерін жүзеге асыру. Индикаторлық қисық пен қысымды қалпына келтіру қисықтарын түсіріп алу. Насос-компрессор трубаларын шаблондау, забойды және ұңғымалардағы сұйықтың деңгейін майыстырылған оқпанмен шыңдау. Газ  факторын өлшеу,

Өлш

Бет

    Құжат  №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

06.10

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

08.10

32

 

 

 

жоғары қысымды фонтан және компрессор ұңғымаларын арнаулы лубрикаторлар мен трап-сепараторлар арқылы, сұйықтың, газдың және газ конденсаты қоспаларының сынамасын ала отырып өлшеу. Қабаттарды  гидротыңдау жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізу. Сынама алғышпен мұнай мен судың терең сынамаларын алу. Зерттеу материалдары бойынша алдын ала қорытындылар дайындау. Ұңғымаларды зерттеу материалдарын өңдеу. Автомобильді немесе тракторды басқару. Зерттеу аппараттарын, аспаптар мен тереңдік шығырын ағымдық жөндеу.

 Білуге тиіс: жұмысталатын кен орнының сипаттамасын; мұнайдың, судың және газдың физикалық-химиялық қасиеттерін; қабат қысымын ұстап тұру әдістерін; ұңғыманың жердің бетіндегі және астындағы жабдығы мен зерттеу аппаратурасының   нысаны мен техникалық сипаттамасын; зерттеу материалдарын өңдеу әдістемесін; қисықтар мен графиктерді жасау техникасын;  ұңғымалардың өнімділік коэффициентін анықтау әдісін.

Орта  кәсіптік білім талап етіледі.

 

Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары біліктілікті талап ететін күрделі зерттеу жабдығын монтаждау және  демонтаждау жұмыстарына басшылық ету.  Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстармен жұмыс істеу.  Нысандарды жөндеуден қабылдап алу және оларды жөндеуден кейін баптауға және қосуға қатысу. Микропроцессорлі блоктармен жабдықталған жабдықтарда зерттеу жұмыстарын жүргізу және ПЭВМ-ді пайдалана отырып зерттеу нәтижелерін өңдеу. Қабаттардағы жол берілетін  шекті депрессияларды анықтау үшін арнаулы зерттеулер жүргізу. Түрлі күрделі қиындықтармен жұмыс істейтін ұңғыма жұмысының оңтайлы технологиялық режимін таңдау. Мұнай, газ және газ конденсаты  кен орындарын бақылау жөніндегі оперативтік картталарды жасау. 

Білуге  тиіс: жұмысталатын кен орнының сипаттамасын,  забой жанындағы аумақ қабатын интенсивтендірудің негізгі әдістерін, кен жұмыстау жобасының негізгі ережелерін;  қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың нысанын, құрылымы мен пайдалану ережесін;   информатика және есептеу техникасы негіздерін.

Орта  кәсіптік білім талап етіледі.

 

Өлш

Бет

    Құжат №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

06.10

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

08.10

33

 

 

Қорытынды

 

               Мұнай - газ ХХІ ғасырдың ең маңызды энергетикалық, химиялық минерал байлығы. Біздің дәуірімізде мұнай көп елдердің, мемлекеттердің экономикасының, саясатының негізін құрайтын сүйеніш факторларының қуаттысы деп саналады.

           Табиғи байлықтар адамзаттың игілігі болып табылады. Сол табиғи байлықтарды адамзат игілігі үшін тиімді пайдалану әрбір мемлекеттің дамуына әкеледі. Мемлекетіміздің осындай байлықтарының   бірі - мұнай мен газ. Қазақстанда басқа да мемлекеттер сияқты осындай байлықтарға ие. Мұнай және газ біздің еліміздің халық шаруашылығының дамуына үлкен әсер етеді.

         Мен жұмысшы  мамандығын алу тәжірибесінен  «Ембіведойл» ЖШС-де өттім. Тәжірибеден өту барысында Оңтүстік Қамыскөл кен орнымен танысып, аталған кен орыны туралы көптеген деректер жинап, осы есебіме кірістірдім. Соның ішінде, мұнай-газ өндіру басқармасының ұйымдастырылу құрылымы, цех жұмыстарының ұйымдастырылуы мен әр түрлі цех операторларының құқығы және міндеттерімен тереңірек таныс болдым.

         Осы есебімді қортындылай келсек, Оңтүстік Қамыскөл кен орны жөнінде алған және көрген материалдарды жинақтап, осы есепке жалпылай енгіздім.

Өлш

Бет

    Құжат  №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

 

09.10

Тексерген

Дүйсенов Қ.

 

10.10

34

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Нұрсұлтанов Ғ.М., Абайлданов Қ.М., «Мұнай және газды өндіріп, өңдеу», Алматы, 1999ж.

 

2. Гиматудинов  Ш.К., Дунюшкин И.И., Зайцев В.М., Коротаев Ю.П., Левыкин Е.В., Сахаров В.А. Разработка и эксплуатация нефтяных, газовых и газоконденсатных месторождений.    М.: Недра, 1988г.

 

3. «Қазақстан  мұнай энциклопедиясы» , 2 томдық, Алматы, «Мұнайшы» қоғамдық қоры, 2005ж.

 

4. «Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі». Анықтамалық басылым. Алматы, 2003ж.

 

5. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998ж.

 

6. Майлыбаева Г.Ж. «Мұнай және газды өндіру техникасы мен технологиясы».

 

7. 100 лет нефтегазовой промышленности Казахстана (история и современность).

 

8. А. Атчибаев  «Черное золото Казахстанской земли» Алматы, 1999г.

 

9. Т.Ускимбаев  «Мұнай – газ  скважиналарын   бұрғылау, сынақтан өткізу, пайдалану»

Өлш

Бет

    Құжат №

   Қолы

Күні

ЕБ-2002002.000012 ЕТЖ

Бет

Орындаған

Есімова Г.

   

Тексерген

Дүйсенов Қ.

   

35





Информация о работе Жұмысшы мамандығын алу тәжірибесі бойынша есебі