Жобалар әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 15:36, реферат

Описание работы

Жобалар әдісінің мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.

Файлы: 1 файл

ЖОБАЛАР ӘДІСІ.doc

— 133.50 Кб (Скачать файл)

ЖОБАЛАР ӘДІСІ

«Жобалар  әдісі» білім беру  ресурсы: 
Жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: «оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту» 
Жобалар әдісінің  мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы  шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды. 
Рефлекторлы  ойлау мәні – фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмәннан шығу жолдарын табу үшін, фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру. 
Жобалар әдісі  біріншіден – қандай бір мәселені шешуді, екіншіден –   нәтижеге қол жеткізуді болжайды.  
Жобалар әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға  жетудің  тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық   бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәсенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің  интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы.  
Жобалап оқыту түзу болып табымайды, және бұл жерде тек нәтиже ғана емес, көп шамада үрдістің өзі құнды.  
Жобалармен жұмыс істеу студенттерге дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын білім алуға мүмкіндік бере отырып,  жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады.  Бұлай болуы мүмкін, өйткені студенттер өздері өз таңдауларын жасайды және өздері талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның: 
- тәжірибелік құндылықтары болуы; 
- студенттердің өзіндік зерттеулерін жүргізуінің  болжауы болуы ; 
- онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да бірдей мөлшерде болжаусыз болуы; 
- оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы; 
- өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы; 
- студентке өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі; 
- кең спектрлі тапсырмаларды шешуде студенттің қабілеттерінің ашылуына көмегі болуы; 
- студенттер арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы тиіс.  
Жобалар әдісінің мәртебесі (басқа әдістермен және технологиялармен салыстырғанда):  
Жобалар әдісін педагогикалық технологиялар ретінде айтатын болсақ, онда бұл технология зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің жиынтығы, өзінің мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады. Жобалар әдістері – тек шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа білім алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық технология. 
Жобалар әдісі білім беру жүйесінің толық өңделген және  құрылымдалған компоненті болып табылады. Жобалар әдісінің танымалдығы нақты мәселелерді шешу үшін, онда теориялық білімдер мен олардың тәжірибеде қолданылуының үйлесу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.  
Жобалардың түрлері: 
Жобаларды түрлерге бөлудің негізі болып келесі белгілер табылады:   
- Жобада басты іс-әрекет: зерттеу, іздеу, шығармашылық, рольдік, қолданбалы (тәжірибелік бағытталған), таныстырулық бағытталған  және т.б. (зерттеу жобасы, ойын, таныстырулық бағытталған,  шығармашылық); 
- Жобаның пәндік – мазмұндық ауқымы: моно жоба (білімнің бір саласында); пәнаралық жоба; 
- Жобаны үйлестіру сипаты: бір беттілік (бұлжымайтын, иілгіш), жасырын (анық емес, телекоммуникациялық жобаларға тән, жобаға қатысушыны имитациялау); 
- байланыстың сипаты: бір ЖОО, факультет, қала, аймақ, елдің және әр түрлі елдер арасындағы қатысушылар үшін; 
- жобаға қатысушылардың саны;

- жобаның ұзақтығы.

Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері (сипаттаудың мүмкін нұсқалары):  
I нұсқа. Жобалар әдісінде жобамен жұмыс жасаудың келесі кезеңдері анықталады:  іздеу, конструкторлық, технологиялық, қорытынды.   
Іздеу кезеңі:

- Мәселені іздеу және  талдау. 
- Жоба тақырыбын таңдау. 
- Кезеңдер  бойынша  жобалау іс-әрекетін жоспарлау. 
- Жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау, зерделеу, өңдеу. 
Конструкторлық кезеңі:

- Жоба тапсырмасының оңтайлы  шешімін іздеу.   
- Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым нұсқаларын зерттеу. 
- Дайындау технологиясын таңдау. 
- Экономикалық баға беру. 
- Экологиялық сараптама жасау. 
- Конструкторлық және технологиялық құжаттарды құрастыру. 
Технологиялық кезең:

-Жобаны тәжірибеде жүзеге  асырудың жоспарын құру, қажет  материалдарды, құралдарды және  құрылғыларды таңдау. 
- Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау. 
- Сапаға ағымдық бақылау жасау. 
- Қажет болған жағдайда құрылымға және технологияға өзгерістер енгізу. 
Қорытынды кезең:

- Жобаның орындалуының  сапалық бағасы. 
- Жобаның орындалуындағы нәтижелерді талдау. 
- Жобалаудың нәтижелерін қолданудағы мүмкіндіктерді зерделеу (көрме, сату, жобалар банкіне қосу, жариялау). 
II нұсқа.  Оқушылардың барлық іс-әрекеттері келесі кезеңдерге шоғырланған: дайындалу, жоспарлау, зерттеу, нәтижелер немесе тұжырым, нәтижелер мен үрдістерді бағалау.  
Дайындалу:

- мәселені және  одан туындайтын мақсаттар мен  міндеттерді анықтау; 
- мәселені шешудің болжамдарын беру; 
- зерттеу әдістерін талқылау. 
Жоспарлау:

- ақпарат көздерін анықтау; 
- ақпаратты жинау және талдау тәсілдерін анықтау; 
- нәтижелерді көрсету тәсілін анықтау; 
- нәтиже мен үрдісті бағалаудың іс жосығы мен критерилерін орнату; 
- топ мүшелері арасында міндеттерді бөлу. 
Зерттеу:

- ақпараттарды жинау; 
- аралық тапсырмаларды шешу. 
Нәтижелер және қорытындылар:

- алынған көрсеткіштерді  талдау; 
- қорытындыны тұжырымдау. 
Нәтижелер мен үрдісті бағалау:

- соңғы нәтижелерді  рәсімдеу; 
- қорытынды  жасау, түзету енгізу, соңғы қорытындылар. 
Жобалар әдісін қолдану қиыншылықтары мен шекаралары: 
Жобалар әдісі оқу үрдісінде шешімі үшін әр түрлі салалардан білімнің шоғырлануын, және де зерттеу әдістерін қолдануды қажет ететін қандай да бір зерттеушілік, шығармашылық тапсырмалар пайда болған жағдайда қолданылады  (мысалы, әлемнің әр түрлі аймақтарындағы демографиялық мәселелерді зерттеу; белгілі бір тақырыпты: қоршаған ортаға қышқылдық жаңбырлардың әсері мәселесі, әртүрлі аймақтарда өндірістің әртүрлі салаларының орналасу мәселесі, т.б. ашатын бір мәселеге мемлекеттің әртүрлі аймақтарынан, жер шарының басқа мемлекеттерінен репортаждар сериясын құру). Жобалар әдісінің кең таралуын тежейтін басты мәселе – жобалық  тапсырмаларды білім стандарттарының талаптарымен үйлестіру қиындығы болып табылады. Жобалық тапсырмаларды студенттер орындағанда стандартты білімін, икемін, дағдысын (нақтырақ айтқанда – олардың қажеттілігі туындайтындай) қолданатындай етіп құру тәжірибе жүзінде мүмкін емес.

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке-даралық ерекшеліктеріне мейілінше мән бере отырып, бейіндік оқыту жүйесі іске асырылуда. Мұндағы алға қойған басты мәселенің бірі- «Білім беру мазмұнын негізгі білімнен сөйлеу дағдысына өзгерту».

Бейіндік оқытудың негізгі мақсаты — жеке білім  беру траекторияларын оқушыларда жүзеге асыру, оқушылардың отбасында, аймақтық ортада әлеуметтенуі, орта және жоғарғы  білім алуға дайындау үшін оқушылардың жалпы білім беру бағдарламасындағы жекелеген пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Қазақ тілі пәні қазіргі таңда айрықша роль атқарады. Қазақ тілінде жаңа технологияны қолдану – баланы жан-жақты терең ашуға, оған бағыт-бағдар беріп, жағымды әсер етуге, зейінін көтеруге, белсенділікті арттыруға көп септігін тигізеді. Оқушының білім алу арқылы тұлға ретінде дамуына, ол үшін оқушы тұлғасының дамуын жүзеге асыратын білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі амалдары анықталып жүзеге асырылуда. Қазіргі мақсат оқушының табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау. Сондықтан бейіндік оқытуда гуманитарлық бағытындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін жобалап оқыту әдісінде төмендегі мақсаттарды басшылыққа аламын: барлық оқушыларды қазақ тіл біліміне негіз болатын білімдер жүйесімен қаруландыру және алған білімін практикада қолдана білудің іскерліктері мен дағдысын қалыптастыру, оқушылардың өз бетімен зерттеу жұмыстарын жүргізуін дамыту, әр оқушының білімдік қабілетін ояту, есте сақтауын, ой-өрісін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру,танымдық белсенділігін арттыру; көпшіл, ұйымшыл болуға баулу, ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу, кәсіптік бағдар беру. Қазақ тілін оқыту әрбір жеке сыныптарда мемлекеттік стандартқа сай оқу бағдарламасын басшылыққа алу болып табылады. Сонымен қатар қазіргі таңда қолданбалы, таңдау курстарын оқыту болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Жобалау әдісі оқытудың жаңа әдісі болып табылады. Жобалау әдісі – оқу үрдісін жекешелеуге, оқушыға жоспарлау барысында өзінің тәуелсіздігін көрсетуге, тапсырмалар орындағанда шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беретін кешенді оқыту әдісі. Жобалар әдісін технология деп есептеуге болмайды – ол басқа әдіс-тәсілдермен бірге нақты бір мақсаттарға жету үшін қолданылады. Бұл әдісті қолданғанда балалар тек қана өздерінің іс- әрекеттерін жоспарлауды ғана қоймай, сол жоспарларын жүзеге асыру үшін жаңа әдіс тәсілдерді ойлап табады, бірнеше саладан алған білімдерін бір міндетті шешуге қолданады, табылған нәтижелерді талдап, болжаммен салыстырады. Осы талдаудың нәтижесі арқылы жаңа міндет қояды. Жауапкершілікке тәрбиелейді, бастаған істі аяқтауға баулиды. Аталған әдіс бала жаратылысына тән: білуге құмарлық, байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты бала әрекетіндегі жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Жоба тапсырмаларын орындау үстінде көбінесе оқушылар жұптасып, немесе үш-үштен бірігіп, немесе шағын топпен жұмыс істейді. Табысқа жету ұжымдағы әрбір мүшенің тілдік қатынасқа құрылған жоба тапсырмаларын дұрыс орындауына және ұжымның жаппай ұйымшылдықпен жұмыс істеуіне байланысты. Жобада оқытушы сарапшы, үйлестіруші немесе қосымша мәліметтерді беруші рөлін атқарады. Өз күшімен жоба-тапсырманы орындауда тіл үйренушілер өз жұмыстарын жоспарлау, оның нәтижесін болжау, бірігіп жұмыс істеу сияқты өз бетінше жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді.Бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті түбегейлі өзгереді.

Оқушының  іс-әрекеті: Мұғалімнің іс-әрекеті:

-Оқушы-оқыту  субъектісі. -Жеке тұлғаға қарай  бағытталған ұсынушы, нақты мақсат  қоюшы.

-Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект. -Бағыт-бағдар беруші, кеңесші.

-Өзін-өзі және  бір-бірін оқытушы. -Оқушының жетістігін  құптаушы.

-Өнерпаз, жасампаз  еңбектің иесі. -Ынталандырушы, мақсат  қоюшы.

-Өз ізденісімен  табысқа жетуші шығармашылық тұлға. -Мақсаттарға жетелеуші.

Жалпы жобалау белгілі бір қасиеттеріне қарай топтастырылады және оларға қойылатын  шарттар мен талаптарына сай  келеді, атап айтсақ төмендегідей типтегі  жобаларды ұсынуға болады:

1. Демонстрациялық  жобалау;

2. Зерттеушілік жобалау;

3. Шығармашылық  жобалау;

4. Рольді –  ойындық жобалау;

5. Ақпараттық  жобалау;

6. Үйретуші жобалау;

7. Моножобалау;

8. Пәнаралық  жобалау;

9. Тәжірибелі  және бағдарлы жобалау;

10. Қысқа мерзімді  жобалау;

11. Ойын жобалауы [2].

Жобалаудың  құрылымы:

- нақты нәтиже шығару жобасы;

- нақты мәселенің  талдауы;

- нақты уақыт  белгілеу;

- жұмыс жүргізу  жобасы;

- нәтиже шығару [2].

Жоба белгілі  бір тақырып бойынша құрастырылады. Ол оқушының қызығулығына қарай таңдалуы мүмкін.

1-кезең  дайындық кезеңі. Тақырып таңдау, оны құрастыру, міндеттерін белгілеу, ұйымдастыру, талқылау, жоба мазмұнымен танысу. Мұнда оқытушымен бірге оқушы жобаның тақырыбын, мақсатын анықтайды.

2- кезең. Материал жинау, материалды өңдеу, толықтыру. Оқушылардың жинаған тілдік материалдарын, алғашқы нәтижелерін қорытындылап талқылау, келесі қосымша материалды, жаңа материалды іздестіру. Жоба үй тапсырмасы ретінде материалды қолдана отырып сұхбат жасауға беріледі, лексикалық, грамматикалық материалдар өңделінеді, кесте беріледі.

3- кезең. Сөйлеу кезеңінде алынған материалды қолдану, жоба жұмысын аяқтайды.

4-кезең. Қорытынды шығару, жобаның презентациясы [1].

Осылайша жоба жұмысымен әр оқушы қазақ тілінде  сөйлейді. Әр оқушы өз ойын айтуға, дәлелдеуге тырысады. Ауызша сөйлеуді жетілдіруге  үлкен мүмкіндік береді.

Жоба жасауда  мультимедиялық бағдарламаны қолдану  әдісінің көп артықшылықтары бар. Ол әр түрлі сөйлеу түрлерін жаттықтыру және оларды әр түрлі түрде үйлестіруге, тілдік құбылыстарды білуге, лингвистикалық құбылыстарын қалыптастыруға, коммуникативті жағдайларды құруға, тілдік және сөйлеу әрекеттерін машықтандыруға, сонымен қатар қатысушылардың жеке өзіндік жұмыс жүргізулеріне мүмкіндік береді. Таңдалған тақырып бойынша жоба (презентация) жасағанда оқушылар интернет желісін пайдалана отырып, тақырып туралы ең қызықты оқиғаларды,мәліметтерді іріктеп алады. Жобадағы мәліметтерді игерудегі ең маңыздысы оқушылар көрнекілікті, анимацияны, дыбыстарды қолданады. Оларға: суреттер, хаттамалар, маңдайша жазулары, жарнамалар, кестелер, диаграммалар жатады. Сөйлеу барысында оқушылар әр слайдқа толық мәліметтер береді. Өз ойын ашық айту жоба құрушы логикалық, тілдік, грамматикалық жағынан дұрыс құруға ұмтылады.

Оқу – жобамен  жұмыс істеген кезіндегі ең негізгі  бөліктердің бірі. Жобаға керекті  мәліметтерді алу үшін қатысушылар баспа мәліметтеріне сараптама жасауына тура келеді. Жұмыс кезінде оқушы анықтамалармен, энциклопедиялық сөздікпен жұмыс істейді. Тыңдау – оқыту құралы және нысан ретінде жобада қолданады. Тыңдаудың ең бірінші қызметі – жобаны қорғаушы сөйлеген кезде оның сөзін басқалар тыңдайды, жаңа мәліметтерді ерекшелеуге, ал екінші жағынан кейбір түсініксіз сөздерді тастап кетіп, мәтінді түсінуге дағдыланады.

Жобалау әдісі  арқылы ұсынылытын тапсырмаларды орындау барысында оқушылар шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған міндеттерді шешуге алдын ала болжам жасай білуге, басқаша айтқанда, жұмыс істеу мәдениетіне үйренеді. Жобалау әдісіне тән жетістіктерге мыналарды жатқызуға болады:

- жобалау әдісі  оқушыларды оқыту үрдісіне және тілдік қатынасқа белсенді жұмылдыра алуымен ерекшеленеді;

- оқушыны білім  алуда, өз ісін ұйымдастыруда жауапкершілікке үйретеді;

- жобамен жұмыс істеу  барысында оқушының тілдік дайындығы қалыптасады;

- жобалау әдісі  оқушының белсенді түрде өз бетінше ойлауына, жұмыс істеуіне және алған білімін есте сақтауы, тиісті жағдайда қолдана алуына көмектеседі. Сонымен бірге оларды жеке тұлға ретінде қалыптастырады;

- жобаны қорғау кезінде  оқушы өз әрекетін ұйымдастырып бағалай алатын жеке тұлға ретінде ғана емес, тілді меңгеруге байланысты өз бойындағы кемшіліктерді жеңуге де үйренеді.

Жобалау әдісі бойынша  өткізілген сабақтар оқушы бойындағы қабілеттілік пен қызығушылығына сәйкес жетіліп, дамуына жағдай туғызылып, әр оқушының жекелеген мүмкіндіктерінің ашылуына ықпал жасайды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, басқаларына сын көзбен қарауға үйренеді. Бұл әдіс- келешекте оқушылардың зерттеу жұмыстарымен айналысып, ақпарат жинау, шыққан нәтижені бейнелеп төсіндіру, өз зерттеу жұмысын қорғау дағдысын қалыптастырады. Қорыта айтатын болсақ, жобалау әдісі — бұл оқу жүйесі, оқу үрдісінің ұйымдастырылған моделі, ол оқушылардың интеллектуалды және физикалық мүмкіндіктерін жаңа жобаларды құру үрдісінде шығармашылық қабілеттерін дамыту жолымен өзіндік тұлғаны жүзеге асыруға бағытталған. Теориялық тұрғыдан жобалау — белгілі бір мәселенің өзгеруі, дамуы деп танимыз. Жобаның құрылымы мәселенің талдауынан басталып, оны шешіп нәтижесіне жету үшін жасалатын қадамдардың жобалауынан тұрады. Жобалау жұмысында ой өрісінің дамуы, критикалық ойлау, креативтілік, сонымен қатар мәселелерді шешу қабілеті пайда болады. Мұғалім оқушыны өз бетімен білім алып, алған білімін арнайы рәсімдеумен жобалау әдісі арқылы дәлелдей білуге үйретеді. Осы жұмыстың арқасында мұғалім мен оқушының арасында шығармашылық байланыс, жаңа көзқарас пайда болады. Мектеп қабырғасында оқушыда зерттеу, іздеу, анықтау, дәлелдеу, синтез, анализ жасау дағдылары қалыптасады және жобалау әдісі белгілі мерзімге берілуіне байланысты оқушы уақытты ықшамдап үйренеді. Бұл келешекте оқушының өз өмірінде пайдалануға қажет қасиет пен дағды.

Информация о работе Жобалар әдісі