Қаhар Апатанов еңбектеріндегі ұлттық дүниетаным және патриоттық тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 19:51, реферат

Описание работы

Өмірде өзіндік өрнек салған, іскер басшы бола білген, педагог Қаhар Апатанов оқушылардың бойында ұлттық-дүниетаным мен патриоттық тәрбиені қалыптыстыруда ерен еңбек сіңіре білген тұлға.
Өйткені тарихты білмей алға ұмтыла алмайсың.Қ.Апатанұлы республикадағы 100 жылға жуық тарихы бар Қ.Сыпатаев мектебінің тарихын жинақтап «Киелі шаңырақ» атты кітап жазды.Кітап осында еңбек еткен ұстаздар мен шәкірттер өмірін бүгінгі ұрпаққа үлгі етіп, ұлттың рухын, болмысын қалыптастыруға сүбелі үлес қосатыны даусыз.2002 жылы «Наш мир» баспасынан Қ.Апатанұлының «Ұстаз руханияты» деп аталытын кітабы шықты.

Файлы: 1 файл

Қаhар Апатанов еңбектеріндегі ұлттық дүниетаным және патриоттық тәрбие.docx

— 37.67 Кб (Скачать файл)

Қаhар Апатанов еңбектеріндегі ұлттық дүниетаным және патриоттық тәрбие

   Өмірде өзіндік  өрнек салған, іскер басшы бола  білген, педагог Қаhар Апатанов оқушылардың бойында ұлттық-дүниетаным мен патриоттық тәрбиені қалыптыстыруда ерен еңбек сіңіре білген тұлға.

   Өйткені тарихты  білмей алға ұмтыла алмайсың.Қ.Апатанұлы  республикадағы 100 жылға жуық тарихы  бар Қ.Сыпатаев мектебінің тарихын жинақтап «Киелі шаңырақ» атты кітап жазды.Кітап осында еңбек еткен ұстаздар мен шәкірттер өмірін бүгінгі ұрпаққа үлгі етіп, ұлттың рухын, болмысын қалыптастыруға сүбелі үлес қосатыны даусыз.2002 жылы «Наш мир» баспасынан Қ.Апатанұлының «Ұстаз руханияты» деп аталытын кітабы шықты.Автордың «Ғұмырымның куәсі әсем қалам» деген өлеңінің мына бір жолдары туған өлкеге құрмет сезімін оятады:

         Шаттанамын Шымкент қаласына,

         Сүйіп өткен бабамның бабасы  да.

         Сол себептен өзіңе тәубе етумен,

         Теңгермеймін Москва қаласына!

  Отан отбасынан басталады.  Олай болса, Қаhар аға Отанына деген құрмет сезімін кішігірім мемлекет – отбасының иесі әкесіне аранайды.»Әкеме» деген өлең жолдарында терең философиялық ой жатыр. Әр азаматтың өз Отанын сүюі әкеге және анаға деген сүйіспеншілігінен бастау алатынан паш етеді.

        Әкем  маған үлкен айбын болатын.

        Ақылыма  ақыл нұрын құятын.

        Елін  сүю махаббатын қалдырды,

        Шынайлық  пейілі мен ұятын.

Кешегі кеңестер елі деп  аталатын алып империя құлаған кезде, тәуелсіздіктің экономикалық қиыншылығын  бастан кешкен кездегі келеңсіз көріністер Қаhар Апатанұлын толғандырып, өз ойын өткір тілмен қағаз бетіне түсірді.Бұл кезеңде ақынның «Болашаққа алаңдау», «Нарықтық заман-ай» тақырыбында өлеңдері дүниеге келді.

         Адамдық та барады Араллдай  боп,

         Болашаққа алаңдаймын алаңдай  көп.

         Ар туына біріккен азаматтар,

         Күн кешкені адасқан маралдай  боп, 

Дей келе қалаң жұртылықты бірлігімізді, елдігімізді сақтауға шақырады.1988-1999 жылы мектеп бітірген шәкірттерге  арналған «Көктем» атты өлеңінде былай толғанады:

       Шәкіртім  – биік асылым, таусылмас мұра  байлығым,

      Өміріме  сән берді сендермен болған  әр күнім.

      Марқайып  біз де қалармыз ұстаздық адал  пейілмен,

      Биікке  қағып қанатты өмірдің берсең  сәндә үнін.

  Қазақ жастарының  бойында ұлттық дүниетанымын  қалыптастырған Қаhар ағаның әр жылдарда жазылған ойтолғауының маңызы ерекше. «Балалардың басын қатырмайық» деген мақаласында бастауыш сыныптарға әр түрлі тілдерді тықпаламай, алдымен ана тілімізді уызына қандыру қажет деп ойлаймын, сол арқылы олардың ұлттық намысын оятып, өнегелі істерге баулыған жөн деп педагогикалық тұжырымдарын білдіреді. «Ұл-қызыңды қалай тәрбиелеп жүрсіз? Немесе қазақ жастарының шаңырағы неге жиі шайқалады?» деген мақаласында бүгінгі таңдағы проблемалық мәселе – қазақ отбасының тұрақты болуы үшін отбасындағы еңбек тәрбиесі дұрыс жолға қойылуының терең мәніне үңіледі. Әсіресе отбасының берік те тұрақты болуна назар аударады. Ұлы тұлғалардың өмірі ұрпаққа үлгі десек, Қ.Апатанұлы үшін қазақ халқының біртуар ұлы Б.Момышұлы кездесуі ерекше маңызға ие.

   Өзінің саналы  ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған  Қаhар ағамыздың халқына бергенінен берері көп абыройлы азамат екенін үкіметтен алған марапаттаулар дәлелдейді.

2001 жыл Республика Тәуелсіздігінің  10 жылдық медалі, 2002 жылы «Кәсіподақ ұйымының еңбек сіңірген қайраткері» төсбелгісі,2004 жылы «Ерен еңбегі үшін»медалі, «Халықаралық психологиялық Академияның құрметті мүшесі» атағымен марапатталды.

   Сөз соңында бүгінде  70 жасқа толып отырған Қаhар ағамызды мерейтойымен құттықтап, зор денсауық, ұзақ ғұмыр тілейміз, халқыңыз үшін аянбай еңбек ете беріңіз.

                                                                                                                   Роза Жұмабаева, 

                                                                   Қ.Сыпатаев атындағы №7 мектеп-лицейінің        

                                                                                                        тарих пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

                                      Ел үшін ерен еңбек еткен ерсіз

                    Апатанов Қаhар Апатанұлының 70 жылдық

                                          мерейтойына арнау

 

 

Ағайын, аманбысың асқаралы,

Бір үлкен бастап жатқан бастаманы.

Қадірлеп Қаhардайын ел ағасын,

Құрметтеп келген туыс, дос-жараны.

Ұстазды ұлылық деп санайтұғын,

Азаймапты жалынды жастар әлі.

Сізге деген пейілін көрсетіп тұр,

Жайдары мынау елдің қас-қабағы.

Ұстазға қара тұрмақ хан  бас иіп,

Пір тұтқан пәрмені бар  патша дағы.

Өйткені Ұлы Абай айтқандай-ақ:

«Адамдық жақсы ұстаздан басталады».

 

 

Өлеңім өнегесіз өрілмейді,

Ұстаздық – ұлылықтың  төрі дейді.

Халық үшін туылған Қаhар ағам

Мұғалім боп бастаған жолын дейді.

Өзі басшы, өзі ұстаз ақын да өзі

Сегіз қырлы бір сырлы сері дейді.

Еңбегі де елеусіз қалған емес

«Елім» десе елі де «ерім» дейді.

«Білім беру ісінің үздігісіз»

Көрсеткен бұл да маған  сенім дейді.

«Ерен еңбек» медалін алса дағы,

Ағам еңбек етуден ерінбейді.

«Ұстаз руханияты» деп кітап жазып,

Шығармашылық жолда да шегінбейді.

Мұның бәрі арқасы маңдай тердің,

Өз дегенін жасасын  өмір, мейлі.

Елге еңбек етпесең  бұл мадальдар,

Көлденең көк аттыға берілмейді.

 

Отырсыз орын алып анық төрден,

Шамшырақтай жанына жарық  берген.

Сегіз жылдай басқарып осы  орданы,

Сіз едіңіз сара жол салып  берген.

Үш дүркін «Жыл мектебі» байқауында

Жеңімпаз деген атақ алып берген.

Іскер басшы болдыңыз қырық  бес жыл,

Ұрпаққа ұлағатты бағыт берген.

Ағайын, міне осындай азамат қой,

Апатанов дейтұғын алып кеудең.

Қаhар деп атыңызды атаң қойса,

Қайраткер деген атақ халық  берген.

 

Ел үшін ерен еңбек еткен  ерсіз,

Жетпіске тек жеңіспен жеткен ерсіз.

Қазақтың бағы менен бақытына,

Көкаралда туылып көктегенсіз.

Басшы боп жүрсеңіз де мектептегі

Баланың алдын кесіп өтпегенсіз.

Жетпістің қырқасынан асып бүгін,

Сексеннің сеңгіріне беттегенсіз.

Секесен мен тоқсан жас  та оңай емес,

Бұлай десем бірақ та өкпелерсіз.

Ел тілеуі қабыл боп  жүз жастың да

Мерейтойын осында өткерерсіз!

 

                                                                               Бекмұрат Анарбаев,

                                                                               Б.Өтеп атындағы «Өнер»

                                                                               мектеп-интернатының 

                                                                               айтыс пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 Қаhар Апатанұлының педагогикалық көзқарастары

    «Мұғалім – адам жанының хирургі», - деп бекер айтылмаса керек.Өйткені адам жанын жақсы түсінетін ұстаз, білім ордасында жақсы психологиялық ықпал қалыптастырады.Тәуелсіздік алып, етек жеңімізді жиюға талпынған кезеңде халықтың рухани қазынасының белді бір бөлігі, білім саласы болды.Әйгілі шығыс мақалында бірер күндік еңбектің жемісін көргің келсе – күріш ек, ал бір жылда көргің келсе ағаш ек, ондаған жылдағы жемісін көргің келсе, білім мен тәрбие бер дейді екен. Яғни берген білім мен тәрбие ешқайда да жоғалып кетпейді, оны баланың бойынан көре аласың.Беделді ұстаз – мектептің жүргеі, ал жүрек барлық қызметтің күре тамырын басқарып тұрғаны бәрімізге мәлім. Педагогика саласында 45 жыл еңбек етіп,бұл саланың қыр-сырын меңгерген, оқыту мен тәрбиелеудің кейбір дидактикалық мәселелерінеқалам тартып, салиқалы ойлар мен тұжырымды пікірлер білдіріп жүрген өнегелі де ұлағатты ұстаз – Қаhар Апатанұлы.Ағайдың педагогикалық көзқарасы ұрақты тәрбиелеуге негізделген.Яғни Әл-Фараби бабамыздың: «Тәрбиесіз берілген білім – ол адамзаттың қас жауы», - деген сөзі ойға оралады. Тәрбиесі нашар, талғамы жоқ, өзін-өзі ұстайалмайтын оқушылар ұстазын да, құрбыларын да, басшысын да ұятқа қалдырады.

    Ұлттық рухта  тәрбие алмаған, дәстүрін дұрыс  білмеген баладан – еліне,  Отанына қызмет ететін өнегелі  адам шығатынына сену қиян. Осы  орайда «Ұстаз руханиятында» мынадай өлең жолдары бар:

Жинаған бойға ақылдың  кенін,

Бағалар халқың өзіңдей ерін.

Әкемдей қамқор, қамын жеп  жүрген,

Бүгінгі бала – ертеңі елдің.

   Яғни өзі басшы  болған кезеңде тек оқушыларға  жасаған қамқорлығы мен жастар  тәрбиесіне сіңірген елеулі еңбегін  айта отырып, мына жайды еске  түсіргім келді.Қамқорлығына ала  жүріп, бірнеше кадрды қанатының  астына алып тәрбиелеп, мектеп  басшыларын дайындады.

Бақытты іс-дәріс беру шәкірттерге,

Марқайып шаттанасың аққан  терге.

Әрбірінің ақ пейіл «ағай» сөзі,

Үмітті ұшырғандай биіктерге.

  Сондықтан да ағайдың  педагогикалық келбеті біз үшін  үлкен тәжірибе мектебі болды.

  Қаhар Апатанұлының басшылығымен облыста «Мектепті демократиялық тұрғыда басқару» әдісі таратылды.

   Қ.Аратанұлы осындай  түңілген адамдарға өмірлік тәжірибе  болатын өлең жолдарын арнады:

 

Адамзаттың тұрмын деме шыңында,

Қлақ түргін өсиетті сырыма

Юұл өмірден тек жігерсіз түңілген,

Құлшына түс өмірдің сен  сынына,-

Деп өзі айтқандай адалдықтың ақ жолын көрсетеді. Жастырдың еркін  де батыл болып өсуіне ерекше мән  берілген, сонымен қатар әдептен  шығап кетпеу жағы да назардан тыс  қалмаған.Қаhар ағай кадрлардықалыптастыру, шыңдау, оларға қамқорлық жасау жағынан аса шебер болатын. «Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама», - деп, өзіне лайық іс істемеген мұғалімдерді жөнге салып отырды. Жалпы жұмысқа деген жауапкершілікті, тиянақтылықты, жинақтыықты сүйетін.Соған айналасындағыларды баулыйтын.

   Қаhар Апатанұлы «Киелі шаңырақ» кітабында: Мектеп алдындағы борышымызды өтеу мақсатында бар күш – жігерімді, әдіс – тәсілімді барынша жұмсап, аянбай еңбек еттім деп ойлаймын. Еңбек жолы қайда апарса да, мектептің тыныс – тіршілігін сезінуде болым дейді. Басшылықтың қай саласында жүрмесін, Қаhар ағай педагогика ғылымының соңғы жаңалықтарын енгізуге, ұнамды жұмысының жемісін алуға күш салды.Сондықтан да білім беру мен тәрбие үлгісінің модулін, оның мониторингін жасап, ұжымды сол бағытта жұмыс істеуге жұмылдырды.

   Қ.Апатанұлы –  өз еңбек жолында мұғалімдердің  кәсіптік шеберлігін арттыруды  жақсарту үшін ерен еңбек етіп, педагогикалық пікірін үнемі  ортаға салып, шәкірттері мен  әріптестерінің зор құрметіне  бөленген ұлағатты ұстаз. Баяндамамның  соңында бүгінгі мерейтой иесі  Қ.Апатанұлы отбасында ардақты  әке, қоғамда ел таныған зор  тұлға. Қаhар ағамызды шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғмыр тілеймін.

 

 

 

 

                                                                               Дайындаған: Қ.Айтбекова

                                                                               Физика пәні Ә.Б. жетекшісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       Арнау

Жақсы ұл алғыс сыйлар ата-анаға,

Жігерсіз көпке нұрын  шаша ала ма?

Тәңірден бақыт пенен  құт дарыған,

Тойыңыз құтты болсын Қаhар аға.

 

Адалдық жүрегіңе жаққан шырақ,

Сенімді құлатпады арман  – мұрат.

Табаның тиген жерді жайқалдырды,

Кеудеңнен бастау алып аққан  бұлақ.

 

Басқардың талай білім  ордасында,

Мақталдың іскерліктің арқасында.

Отан десе атойлап алға шығып,

Сыналдың саясаттың ортасында.

 

Бұйырды абырой да, атақтар  да,

Сүрінбей шыдас бердің сынақтарғы.

Жаныңа қажыр менен  қайрат берген,

Шүкірлік айттың әр кез  жаратқанға.

 

Түк қалар ат аунаған орынында,

Шалқыдың шеберліктің  қайығында.

Санаға айна салып қуат сыйлар,

Ел риза парасат пен  пайымыңа.

 

Асылсың көпке тиген шарапаты,

Ізгілік өн бойыңа жарасады.

Ғасырдың бұлағынан нәр  бұйырсын,

Тойлайық бірге сондай тамашаны!

 

 

                                                                   Темірхан Әбдіков,

                                                                   Жанар Байғұттиева атын. «Өнер»

                                                                   мектебінің дир.орынбасары:

                                                                   Ақын (Арыс қаласы)

 

 

Қ.Апатановтың 70жасқа  толуына орай өткізілген «Рухы биік,ұстанымы берік нар тұлға» атты ғылыми –  пратикалық

                                            конференцияның

 

                                         Бағдарламасы:

I бөлім.

  1. Конференцияның ашылуы (Ж.А.Тажиева).........................................1мин
  2. Баяндама.Рахима Досалықызы............................................................5мин
  3. Баяндама.Әбдібекова Пазира №25 мектеп.........................................5мин
  4. Баяндама.Жұмабаеа Роза №7 мектеп..................................................5мин
  5. Баяндама.Айтбекова Қызахан №7мектеп...........................................5мин
  6. Баяндама.Қабиболла Айғаным №7мектеп..........................................5мин
  7. Баяндама.Әсет Камила №7мектеп.......................................................5мин
  8. Қонақтардың сөзі................................................................................10мин
    1. Әбділдә Аймақ
    1. Бегман Ысқақ
    2. Айдар Таштанов

Информация о работе Қаhар Апатанов еңбектеріндегі ұлттық дүниетаным және патриоттық тәрбие