Ғарыш қызметінің жалпы даму үрдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2014 в 07:55, реферат

Описание работы

Космонавтика, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің негізгі өнімі бола отырып, өзі-де әлемдік шаруашылықтың басқа салаларына маңызы жағынан баға жетпес және көлемі жағынан теңдесіз жаңа материалдар, технологиялар мен ғылыми әзірлемелер, ағынын үздіксіз бере отырып, адамзаттың тұрақты дамуна айтарлықтай үлес қоса отырып, осы прогрестің қуатты қозғалтқышына айналды. Қазіргі кезеңде ғарыштық қызмет және оның ғылыми-өндірістік базасы әмбебап заңдылықтар мен даму үрдістеріне бағынатын ғаламдық экономиканың табиғи қызмет ететін саласына айналып отыр.

Файлы: 1 файл

Ахан.docx

— 28.29 Кб (Скачать файл)

Ғарыш қызметінің жалпы даму үрдістері 

 

Космонавтика, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің негізгі өнімі бола отырып, өзі-де әлемдік шаруашылықтың басқа  салаларына маңызы жағынан баға жетпес және көлемі жағынан теңдесіз жаңа материалдар, технологиялар мен  ғылыми әзірлемелер, ағынын үздіксіз бере отырып, адамзаттың тұрақты дамуна айтарлықтай үлес қоса отырып, осы  прогрестің қуатты қозғалтқышына айналды. Қазіргі кезеңде ғарыштық қызмет және оның ғылыми-өндірістік базасы әмбебап  заңдылықтар мен даму үрдістеріне  бағынатын ғаламдық экономиканың табиғи қызмет ететін саласына айналып отыр.

 

Бұл ретте ғаламдық экономиканың ғарыштық секторы қарқынды әрі тұрақты  дамуын көрсетіп отыр, бұл ғарыштық технологияларды әскери саладан  азаматтық салаға қуатты трансферттеу процестеріне және соның негізінде  ғарыш индустриясы мен әзірлемелерімен  байланысты тұтастай коммерциялық қызметтер  кешені негізінде дамуына байланысты. Мұның барлығы тұтастай алғанда  ғарыш қызметін коммерцияландыруға және ғарыш өнеркәсібінің, ғарыштық өнімдерді, технологиялар мен қызметтерді  әзірлеу мен өткізудің қарқынды өсуіне ықпал етеді, бұл, өз кезегінде, түрлі-деңгейлерде: ғаламдық, аймақаралық, мемлекетаралық және ұлттық деңгейлердегі  салалық бәсекелестіктің күшеюіне қатты серпін береді.

 

Әлемдің ғарыштық нарық өз кезегінде жоғары технологиялардың әлемдік нарығыны, ірі әрі тез  дамушы сегменті болып табылады. Қазіргі  экономикалық пргрестің басты қозғалтқышы  болып, микроэлектроника, цифрлі және, ақпараттық жүйелер, бағдарламалық  қамтамасыз ету, байланыс және телекоммуникация, жаңа композиттік материалдар және т.б. саласындағы инновациялық технологиялар  саналатындығы белгілі. Бұл әзірлемелердің көпшілігі бастауын ғарыш индустриясының түрлі салаларынан алады және қазіргі тіршілік әрекетінің алуан  түрлі салаларына айтарлықтай әсерін тигізеді.

 

Ғарыштық әзірлемелердің едәуір бөлігі құпия күйінде қалатындығы  және ұлттық қауіпсіздік саласында  ғана мемлекеттік саясат жүргізуіне жататындығы белгілі. Сонымен қатар  қазіргі заманғы ғарыш қызметін дамытудың белгілі үрдістері  ғарыштық технологиялар мен әзірлемелерді  біріктіруді күшейту, оларды қарусыздандыру және коммерциялық мақсаттарға пайдалану  болып табылады. Осыған байланысты ғарыш қызметін жабық әскери ғарыш  саласына (military space) саралап жіктеу және азаматтық және коммерциялық ғарыш  салаларын (civilian and commercial space) ашу жөн  саналады.

 

Тұтас алғанда, ғарыш қызметі  із жүзінде қазіргі өмір сүруді қамтамасыз етудің барлық салаларындағы сарқылмас  әрі үздіксіз дамып отыратын инновациялық технологиялар көзі болып табылады. Бұл ретте ғарыш қызметінің дамуына  әлемдік экономикадағы көптеген өндіріс пен қызмет салалары тікелей  байланысты болады. Осыған байланысты жыл сайын ғарыш қызметі тек  мемлекеттер мен олардың бірлестіктерінің ғана емес, сондай-ақ трансұлттық корпорациялардың да назарын аударып отыр. Нарықтың кеңейе түсі және оның қатысушылары санының жүйелі түрде өсуі саладағы қаржылық құралдар айналымының өсуіне ықпалын тигізуде.

 

Әлемдік ғарыш нарығын  қалыптастыру мен дамытуда ғарыш  қызметін интернационализациялау, әлемдік  шаруашылықты индустрияландыру және ғаламдандыру процестері көрініс тауып отыр. Әлемдік  жоғарытехнологиялық нарық сегменті ретінде ғарыш қызметінің дамуын талдау мынадай тұрақты процестерді  анықтауға мүмкіндік береді:

ғарыш құралдарын пайдалану  арқылы зерттеу немесе қолданбалы бағдарламаларды  жүзеге асыратын елдер шеңбері бұлжытпай  кеңейіп келеді. Экономикалық және/немесе саяси мүдделеріне қарай бұл  елдер ғарыштық нарық, қорғаныс пен  қауіпсізідік талаптарына жауап  беретін технологиялар-деңгейін дамытып  және қолдап келеді;

 

жобаларды жүзеег асыруда  ресурстарды шоғырландыру және түрлі  елдерді біріктіру жиірек қолдынылуда. Бұған мысл ретінде 14 елмен құрылған Еуропалық ғарыш агенттігін (ЕҒА) атауға болады;

 

дамушы елдер ғарыш  қызметінде ең алдымен экономикалық даму міндеттерінің шешілуін мақсат етеді. Олар қолданбалы ғарыш құралдарын, атап айтқанда, оларға ғарыштық потенциалы дамыған елдер ұсынып отырған  телекоммуникация және байланыс жүйелерін  дамытуда;

 

ғарыштық зерттеулер мен  әзірлемелерге жұмсалған қаражаттардың  тиімділігін арттыру, ғарышты іс жүзінде пайдаланудағы салыстырмалы шығындарды төмендету талаптары  азаматтық және әскери мақсаттағы технологиялардың араласып кетуіне әкеп соқтырады. «Қосарлы пайдалану» принципі кеңінен таралуда: әскери міндеттерді шешуде азаматтық  ғарыш құралдарын (оның ішінде коммерциялық) пайдалану немесе керісінше;

 

ғарыш кеңістігін игеру және пайдаланудың бастапқы сатыларында  барлық елдердегі ғарыштық бағдарламалар  мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады, ал жекелеген қызмет бағыттарының рентабельділік-деңгейіне  шығуына байланысты олардың мемлекеттік  қаржыландырылуы қысқартылады;

 

коммерциялық ғарыш қызметі  мен жеке инвестициялардың олардың  жалпы қарыжалндыру көлеміндегі  үлесі қарқынды түрде өсіп келеді. Үкіметтік шығындарды қысқартуды жеке бизнес тарапынан коммерциялық жобаларға  инвестициялар салу басып кетіп  жатыр;

 

коммерциялық ғарыштық қызмет қиындап барады. Ол шынында коммерциялық негіздерде құрылған бірқатар ракета-тасушылар  мен әмбебап көпреттік ғарыш  платформаларын қоса алғанда, әзірлемелер мен өндірісін-де, жер үсті инфрақұрылымын да, оның ішінде ғарыш аппараттарын жер бетінен басқару станцияларын да тек ғарыштық құралдар ауқымында қамтиды;

 

елдер мен корпорациялар  арасындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік ғарыштық құралдар мен қызметтер  индустриясындағықпалдасу процестеріне, жекелеген компаниялардың халықаралық  ірі корпорацияларға, одақтар мен  консорциумдарға бірігуіне түрткі болатын нарықтық күштер қалыптастырады;

 

елдер арасында ғарыштық қызмет саласындағы бәсекелестік тауар  бәсекелестігі-деңгейінен тікелей  білім беру жүйесі өндірісінен басқа, негізгі және қолданбалы ғылыми саладан  тұратын ұлттық инновациялық жүйелер-деңгейіне  жылжиды;

 

ғаламдық экономикалық қатынастарға ықпалдасушылық ғарыш қызметіндегі инновациялық процестердің қарқындылығын  ынталандыратын басты факторлардың бірі болып табылады;

 

ғарыштық өнімдер мен  қызметтер күрделілігінің және оларды құрумен байланысты ғылыми-техникалық және экологиялық проблемалардың артып  отырған-деңгейі ғарыштық технологияларға  қойылатын талаптарды ұдайы арттырып отырады. Бәсекелестікпен бірге  жиынтықта бұл процесс кейін  экономиканың басқа салаларында  таралымданатын қымбат тұратын инновациялар арқылы ғана қамтамасыз етіледі;

 

ірі ғарыштық кәсіпорындар үлкен  қаржылық тұрақтылығы мен тиімділігі мақсатында өзінің айналасында тек  жоғары технологиялық өнімдерді  ғана емес, сондай-ақ әзірленген технологиялардың өзін-де игеретін және алға жылжытатын еншілес компаниялар желісін  құрады;

 

 

ғарыштық қызметтің ғаламдық сипаты ғарыштық құқықтың (ең алдымен  халықаралық) — ғарыштық кеңістікті ұлттық деңгейде-де, халықаралық деңгейде-де игеру мен пайдалану процесіндегі қатынастарды реттейтін жаңа юриспруденция  саласының пайда болуы мен  дамуын қажет етті.

 

Осылайша, ғарыштық қызмет —  қазірдің өзінде әр түрлі елдер мен  әлем аймақтарының экономикасына айтарлықтай  үлес қосып отырған келешегі зор  қызмет саласы. Оның ерекше белгісі  ғарыш кеңістігін игерудегі жедел  қарқындылық пен практикалық  экономикалық нәтижелер алудағы  салыстырмалы жылдамдық болып табылады.

 

Ғарыш нарығының ғаламдық конъюктурасы

 

Табысы 1990-шы жылдардың ортасында 77 млрд. АҚШ долл. құраған ғарыш  индустриясы әлемдегі миллионнан астам  адамды жұмыспен қамтамасыз ететін әлемдік  экономиканың ірі, коммерциялық тартымды құрамдас бөлігіне айналған. Коммерциялық спутниктік қызметтерге деген сұраныстың артуы әлемдің аэроғарыштық саланың  едәуір көтерілуін туғызады. 2005 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның орташа жылдық табысы 93,3% өскен, нақты цифрлармен көрсеткенде өсім 168,2 млрд. АҚШ долл., 2006 жылы — 220 млрд. АҚШ долл. құраған. Қазіргі кезде әлемдік ғарыш  нарығы 10 пайыздан асатын жыл сайынғы  табысты көрсетіп отыр, ал 2007 жылдың соңындағы деректер бойынша нарықтың жиынтық көлемі 251,16 млрд. АҚШ долл. құраған.

 

Шамасы, «ғарыштық бәліштің" көп бөлігін соңғы тұтынушыларға  қызмет көрсететін провайдерлер алары  сөзсіз (және алады да). Шолулардан байқағанымыздай, спутниктік қызметтер (байланыс, теледидар  және т.б.) көлемі спутниктерді өндіру мен ұшыру құнынан бір саты артық болып отыр. Бұл сегмент  бірінші орында тұр. Екінші орында —  спутниктермен ұсынылатын мүмкіншіліктерді пайдалануға арналған терминалды құрылғылар нарығы, одан кейін спутниктер мен  ғарыштық аппараттар өндірісі тұр, ал тізімді ұшыру қызметтері аяқтайды.

 

Талдау көрсетіп отырғандай, 1997–2007 жж. аралығында коммерциялық ғарыштық ұшырулар нарығында өсіп отырған  бәсекелестік сұраныстың артуымен орны толтырылды. Кейінгі 10 жылда спутниктерді геостационарлық орбитаға белсенді түрде шығарумен байланысты ұшыру  нарығы секторын біршама кеңейту  жүзеге асырылады. Ғарыштық микроэлектроника саласындағы алға басу түрлі мақсаттардағы  аз габаритті ғарыштық аппараттар, ел алдымен, Жерді қашықтықтан барлап тексеру аппараттары санының  өсуіне әкеп соқтырады. Байланыс, навигация  және Жерді қашықтықтан барлап тексеру  технологияларын синтездеу жаңақпараттық  қызметтер мен сервистердің пайда  болуына жетелейді.

 

Ғарыштық қызметтің ішкі аймақтық нарықтары мен қатысушылары

 

Ғарыш нарығы дамуының тағы басқа ерекше үрдісі оның қатысушылар  санын белсенді түрде арттыру  болып табылады. Ғарыш нарығы қатысушыларының  бәсекелестік артықшылықтары мен мүмкіншіліктерін зерделеу мақсатында ғарыштық клуб құрылымын  қарастыру және нарықтағы бәсекеге қабілетті ірі ойыншыларының  ғарыштық бағдарламасын дамыту және жүзеге асыру спецификасын анықтау  қажет болып отыр. Салыстырмалы түрде  қысқа мерзім ішінде ғарыш нарығы монополиядан олигополияға және жетілген бәсекелестікке дейінгі сара жолдан өтті, бұл туралы 1990-шы жылдардың  өзінде нарық қатысушылары санының  күрт өсуі растап отыр.

 

Өткен онжылдық ішінде әлемдік  ғарыш нарығының дамуы шынтуайтында әлемнің барлық аймақтарын қамтыды, және-де жаңа ғарыштық бағдарламалар  әзірлеу, ғарыштық қызметке жаңа мемлекеттердің кіруі және, соның нәтижесі ретінде, бәсекелестіктің табиғи күшеюі космонавтиканың  коммерциялық потенциалын арттырып, жаңа технологиялық әзірлемелерді  дамыта отырып және оларды қолданудың жаңа салаларын аша отырып, оның дамуын біршама дәрежеде ынталандырады.

 

Euroconsult 2007 жылға арналған  талдамалық есеп деректері бойынша  ғарыштық қызметке белгілі бір  шамада 79 мемлекет қатысқан. Сондай-ақ  бұлардың ішінен өздерінің ұлттық  ғарыштық (азаматтық және әскери) бағдарламаларын белсенді әрі  мақсатқа лайық дамытып отырған,  меншікті ғарыштық аппараттары  бар, коммерциялық негізде белгілі  бір ғарыштық қызметтер көрсететін, халықаралық ғарыштық жобаларға  белсенді түрде ат салысатын  30 мемлекетті ерекше атауға болады. Жалпы бұл мемлекеттер ғарыш  нарығының жоғары бәсекеге қабілетті  ойыншылар тобын құрайды.

 

Бұл қатысушыларды географиялық орналасуы бойынша саралап жіктеу мүмкін болып отыр: Солтүстік Америка (АҚШ, Канада), Латын Америкасы (Бразилия, Аргентина), Батыс Еуропа (Франция, Италия, Германия, Ұлыбритания, Австрия, Бельгия, Дания, Финляндия, Ирландия, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Испания, Швеция, Швейцария), Орталық Еуразия (Ресей, Украина), Таяу Шығыс және Африка (Израиль), Азия (Жапония, Үндістан, Қытай, Австралия, Оңтүстік Корея, Тайвань, Малайзия, Вьетнам).

 

Қалған 49 мемлекетті сарапшылар дамушы және тұтастай алғанда ғарыштық қызметі дамудың бастапқы сатысында  болғандықтан, не болмаса ғарыштық бағдарламаларын қаржыландыру аз және дамымағандықтан немесе саланың  енді ғана қалыптасуынан, не болмаса  басталған жобалары талдау жүргізілген  сәтте аяқталмай қалуы және т.б. себептермен бәсекеге қабілеттілігі  аз мемлекеттер қатарына жатқызып отыр.

 

Бұл топқа келесі географиялық аймақтарда орналасқан елдер жатады: Латын Америкасы (Чили, Мексика, Перу, Венесуэла), Батыс Еуропа (Люксембург, Греция), Орталық Еуразия (Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Чехия, Эстония, Венгрия, Қазақстан, Латвия, Польша, Литва, Румыния, Словакия, Словения, Өзбекстан), Таяу Шығыс  және Африка (Алжир, Египет, Иран, Кот-д’Ивуар, Кения, Ливия, Марокко, Намибия, Нигерия, Сауд Аравиясы, ОАР, Тунис, Түркия, БАӘ), Азия (Бангладеш, Камбоджа, Фиджи, Индонезия, Лаос, Моңғолия, Мьянма, Непал, КХДР, Пәкістан, Филиппины, Сингапур, Шри-Ланка, Вануату).

 

Ғарыш қызметінің әлемдік  нарығын әрқайсысының өзіндік даму ерекшелігі, өзгеше мақсатты бағыты, алға басу-деңгейі, қаржылық және техникалық мүмкіндіктері және т.б. бар мынадай  ішкі аймақтық нарықтарға бөлген жөн.

 

Солтүстік Америка: солтүстікамерикалық  нарық әлемдік салыстыруда, оның ішінде қаржыландыру көлемі Euroconsult 2007 жылғы деректері бойынша басқа  елдердегі әлемдік қаржыландырудың  жиынтық көлемінің ¾ құрайтын немесе Space Foundation есептеулері бойынша  әлемдік көлемнің 65% құрайтын, АҚШ  ғарыш қызметінің екпінді дамуы  тұрғысынан аса қуатты нарық болып  табылады. 1990-шы жылдары, АҚШ-та нәтижесі ракеталық, әрі спутниктік бөлімшелері  бар екі ірі корпорацияның  — Boeing және Lockheed Martin құрылуының аяқталуы болған ғарыш саласын экономикалық негізделген біріктіру процесі  жүзеге асырылды. Дәл осы корпорациялар  қалыптасқан аса тиімді экономикалық дуополия режимінде ғарыш саласындағы  миллиардтаған мемлекеттік келісім-шарттарды  өзара бөлісті.

 

АҚШ ғарыштық қызметінің қозғалтқышы  ғарышты игеру басты рөл атқаратын  әскери-қорғаныстық бағдарламалардағы  жаңа бастамалар болып табылады. Осыған байланысты, АҚШ-та НАСА мен Қорғаныс министрлігінің жан-жақты ынтымақтастығы күшейтілген солтүстікамерикалық  нарықты қарусыздандыру байқалып отыр. Атап айтқанда, 2003 ж. Иракқа қарсы жүргізілген  әскери операция барысында 90% дейін  қажетті, ақпаратты коалицияның  қарулы күштері ғарыштық жүйелер  арқылы алып отырған, және-де тұтастай алғанда бұған 100 астам спутник  жұмылдырылған. Америкалық жоспарларға  сәйкес дәл осы ғаламдық ғарыштық жүйелер америкалық күшті — «10 — 30 — 30» қолданудың жаңа тұжырымдамасы  негіздерінің бірі болмақ. АҚШ ғарыштық ғылыми бағдарламаларының қазіргі  тізімі шамадан тыс ауқымды, атап айтқанда, онда Күн жүйесіндегі барлық планеталарға ұшу жоспарланған, бұл  негізгі ғылымның кеңінен дамуына  мүмкіндік туғызады. Мысалы, 1990 ж. ұшырылған Hubble ғарыштық телескоп бағдарламасының  арқасында қазіргі кездегі астрофизика  әлі күнге дейін көшкін тәрізді  жаңалық ашулар өсімін басынан кешіріп  отыр.

Информация о работе Ғарыш қызметінің жалпы даму үрдістері