Қазақ халқының тоғыс есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Сентября 2013 в 11:31, научная работа

Описание работы

Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында біз өмірімізді аталған ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерінсіз елестете алмаймыз. Көліктер, тұрмыстық техника, ақпараттық құралдар, жайлы тұрғын үй, білім алуға қолайлы сынып пен мектеп, барлығы адам өмірін жеңілдетері сөзсіз. Бір ғана ұялы телефонның өзі қазіргі күні жай хабарласудан басқа да бірнеше түрлі міндет атқара алады. Уақытты анықтау (сағат әрі күнтізбе, ..), аудио, фото және видео жазып, оны көрсету, қараңғыда қолшам, ақпаратты жазу және тасымалдау, түрлі ойын-сауық тағы сол сияқты көптеген адам баласына пайдалы міндеттерді атқара алады.

Содержание работы

Кіріспе .................................................................................... 3
Теориялық бөлім .................................................................... 4
Зерттеу бөлімі ...................................................................... 6
Қорытынды ............................................................................ 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................... 10
Аннотация ............................................................................. 15
Жетекші пікірі ..................................................................... 18

Файлы: 1 файл

Тоғыс есебі.doc

— 797.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Батыс Қазақстан  облысы

Казталов ауданы

Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім  беретін мектебі

 

 

 

Авторы:     Бекмулдин Дәурен  8-сынып

 

Тақырыбы:   

«Қазақ  халқының тоғыс есебі»

                                 

                            

Ғылыми бағыты: Жаратылыстану бағыты

 

Секция:         Физика

 

Жетекшісі: Меңдіғалиев Нұржан

 

 

 

                                               Жалпақтал   2013 жыл

 

Мазмұны:

 

 

 Кіріспе  ....................................................................................  3

     Теориялық   бөлім  .................................................................... 4

      Зерттеу  бөлімі   ...................................................................... 6  

     Қорытынды  ............................................................................ 9

     Пайдаланылған   әдебиеттер  тізімі ......................................  10

Аннотация  ............................................................................. 15

Жетекші  пікірі  ..................................................................... 18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі ғылым  мен техниканың дамыған заманында біз өмірімізді аталған ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерінсіз елестете алмаймыз. Көліктер, тұрмыстық техника, ақпараттық құралдар, жайлы тұрғын үй, білім алуға қолайлы сынып пен мектеп, барлығы адам өмірін жеңілдетері сөзсіз. Бір ғана ұялы телефонның өзі қазіргі күні жай хабарласудан басқа да бірнеше түрлі міндет атқара алады. Уақытты анықтау (сағат әрі күнтізбе, ..), аудио, фото және видео жазып, оны көрсету, қараңғыда қолшам, ақпаратты жазу және тасымалдау, түрлі ойын-сауық тағы сол сияқты көптеген адам баласына пайдалы міндеттерді атқара алады. Соңғы кезде ұялы телефон ғаламтор желісіне қосылып, онсыз да көп мүмкіндіктері қазіргі күні шексіз деп айтуға болады. Әрине, ғылымның бұндай жетістіктері қуануға тұрарлық. Дегенмен, аталған жаңа техникалық құралдардың қыры мен сырын меңгеремін деп жүрген кезде өзіміздің атадан қалған дәстүрімізді үмытып бара жатырғанымыз да рас. Солардың бірі, қазақ халқының күтізбесі, «Тоғыс есебі» болып табылады. Тоғыс есебін зерттеудің маңыздылығы, біздің халқымыздың сонау ерте заманда-ақ астрономиялық сауатының болғандығын дәлелдейтіндігі.

Ғылыми жұмыстың мақсаты:

  1. Ата-баба дәстүрін жаңғырту
  2. Бүгінгі ұрпақты көшпенді бабаларымыздың аспан әлемі жөніндегі білімдерімен таныстыру
  3. Балаларды астрономия сияқты өте қызықты ғылымды зерттеу қызықтыру.

 

 

Теориялық бөлім

Табиғат құбылыстарының қайта айналып келіп отыруын, күн мен түннің, жыл мезгілдерінің, айдың тууы мен батуының алмасуын, жұлдыздардың орналасу тәртібін, мұқият бақылап, есептеп ұғынудың қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы үшін маңызы орасан зор болды. Халқымыз өзінің байырғы күнтізбесі арқылы жайлауға қай уақытта көшу керектігін, күзеуге және қыстауға қай уақытта қайту, мал төлдету, шөп шабу секілді шаруашылық жұмыстарын жүргізу мезгілдерін есептеп біліп отырған. Бұл есептен жаңылу шаруашылық үшін қауіпті болды. Мысалы, күйік дәл уақытында алынбай, ерте алынса – мал суық айларда төлдеп шығынға ұшырайды, кеш алынса, қой қысыр қалады. Мұндай жайттар уақыт есебін мұқият білуді, айналадағы табиғат құбылыстарын қатаң бақылап отыруды қажет етті. Осындай табиғат құбылыстарын, қоршаған ортаны, жұлдызды, аспанды бақылаудан туған халықтың көпжылдық тәжірибесінде жинақталған, қорытылған, зерделенген астрономиялық құбылыстар мен білімдер жүйесі негізінде Қазақ күнтізбесі қалыптасты. Бұл күнтізбе шетсіз-шексіз кең далада мал бағуға, көшіп-қонуға, жол жүруге, жоқ іздеуге, аң аулауға көмектесті. Халық арасында ауа райын болжайтын және уақыт есебімен шұғылданатын арнайы есепшілердің білім-тәжірибелері атадан балаға мирас болып қалып отырды. Олар әр айдағы ауа райының шұғыл бұзылатын кезеңдерін, яғни, үш, бес күндік амалдарды алдын ала болжап, жұртқа хабарлап отырды. Сонымен қатар халқымыз планеталарды, жұлдыздарды жаңылмай таныған.

Қазақтардың аспан  денелеріне қойған аттары да өздерінің мал бағушылық өмірінен алынды. Жұлдызды аспан картасын олар темірқазықтан бастады. Темірқазық халқымыздың түнде жол жүргенде бағыт-беталысын бағдарлайтын астрономиялық компасы іспетті болды. Оның жанындағы екі жұлдыз «Ақбозат», «Көкбозат» деп аталды. Жетіқарақшы қазақтың мал күзеткен күзетшілерінің астрономиялық сағаты еді. Күздің ұзақ таңында күзетшілер Жетіқарақшыға қарап кезек ауыстырды. Юпитерді – «Есекқырған», Марсты – «Қызыл жұлдыз», Сириусты – «Сүмбіле» деп атады. Үркер шоқжұлдызының біздің халқымыз үшін мәні зор болды. Үркердің аууынан күн райы өзгереді деп білді. «Үркер жерге түспей жер қызбайды» деген содан қалған деседі. Есепшілер Үркердің тууы мен батуын ұдайы қадағалаған, бақылап отырған, шаруаларын соған сәйкестендірген. Орион шоқжұлдызына да ерекше көңіл бөліп, оны әр түрлі атаған. Арқар, Үш арқар, Таразы, Шідер. Шілденің аяғында «Таразы жұлдызының» тууы жаздың өтіп, аптаптың беті қайтқандығын аңғартады. Қазақ есепшілері бұл жұлдыздың көрінуіне қарап: «Таразы туса, таң салқын, бидай, тары піседі» деп тұжырымдаған. Сүмбіленің тууы жаздың аяқталғанын білдіреді. «Сүмбіле туса – су суық» деген сөз қыстың қамын ойлауды аңғартады. Қазақ есепшілері жыл айларын дұрыс есептеу үшін Айдың қозғалысын үнемі бақылап отырған. Олар бір жылды он екі айға, айды үш ондыққа бөлген, жыл мезгілдерін Күннің Үркерге қарағандағы жайына қарай да белгілеген. Күн көзіне негізделген жылдың айлары «жұлдыз» деп аталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу бөлімі

Жоғарыда атап айтқандай қазақ халқының уақыт есебіндегі үркер шоқжұлдызына негіздеп жүргізілетін «Тоғыс есебіне» толығырақ тоқталайық. Тоғыс есебі шаруа жайымен, мал шаруашылығымен шұғылданып өмір кешкен байырғы қазақ халқының үркер мен Айдың қозғалысына негізделген күнтізбесі. Ел арасында аспан денелерінің қозғалысын бақылап, бақылаулар қорытындысы бойынша ауа-райына болжам жасап, шаруашылық науқандарының уақытын анықтайтын адамдарды – есепшілер деп атаған. Тоғыс есебі ел арасынан шыққан  осындай есепшілердің бірнеше ұрпағының жұмысының жемісі екені сөзсіз.

Алдымен үркер  шоқжұлдызына тоқталып өтейік. Үркер шоқжұлдызы зоодиактық «Торпақ» шоқжұлдызының құрамына керетін, аспан сферасында бір-бірінен жақын көпінетін жұлдыздар шоғыры. Бұл жұлдыздар қазіргі кезде түн ортасы ауа аспанның шығыс бөлігінде пайда болады.  Бұл жұлдыздың үркер деп аталу себебі, жұлдыздарының жақын орналасуында. Көшпенді бабаларымызға қараңғы аспанда бір-біріне жақын орналасқан жұлдыздар,  үріккен киік тобына ұқсаса керек.

Үркер жұлдызын түнгі аспанда тауып алудың оңай жолы  «Орион» шоқжұлдызының маңынан  іздеу. Өйткені «Орион» немесе қазақша «Үш арқар таразы» шоқжұлдызын түнгі аспанда байқамау мүмкін емес. Ал, үркер осы «Орион» шоқжұлдызынан оңға қарай сәр жоғарыда орналасқан.

Жұлдызды аспанды  мұқият бақылау барысында көшпенді ата-бабаларымыз, Ай өзінің қозғалысы  кезінде белгілі бір тұрақтылықпен үркерді басып өтетіп тұратындығын  байқаған.  Айдың үркерді басып немесе жақындап өтуі — тоғыс деп аталады. Дәл тоғыс кезінде үркер айдың арғы жағында тасада қалады да, жердегі адамдарға көрінбейді. Ай жылжып өткен соң тоғыс аяқталып, үркер көрінеді. Тоғыс үш күнге жалғасады.

Бір тоғыстан  екінші тоғысқа дейінгі мерзімді тоғыс айы деп атайды. Үркер күн мен айдың орбитасына жақын болғандықтан оған қатысты күн мен айдың орналасуына қарап жыл мезгілін, айдың қай тоғыс екендігін анықтап отырған. Күнтізбені үркердің қозғалысына орай көшпелі халық шаруашылығын, науқанды жұмыстарын да тоғыс есебіне сәйкестендірген.

Үркерге қарап  қыс пен жаздың басын анықтаған. Халықтың «Үркер шаңырақтан көрінсе үш ай  тоқсан қысың бар, ел жатқанша үркер жанбасқа келсе жаз шықпағанда несі бар»  деп тәмсілдеген. Күз басында үркер іңірде күншығыстан, қыс басында іңірді төбеде, көктем басында іңірді күн батыстан көрінеді.

Тоғыс айының  ұзақтығын ғылымда 27 күн 7 сағат, 43 минут деп есептейді. Мұны жуық шамамен 28 күнмен есептейміз. Бір жылда 13 тоғыс айы немесе ай мен үркер бір жылда 13 рет тоғысады.

Жаз басында  үркер аспан сферасының екінші жартысында көкжиектен төмен кетеді де, жер шарының солтүстік жартысындағы елдерге 40 күн көрінбейді. Қазақ мұны  үркер 40 күн жерде жатады деп айтады. Сол 40 күнде екі рет тоғысуға тиіс. Бірақ біз көре алмаймыз, тек он бір тоғысты ғана көре аламыз.

13 тоғысты 28 күнмен көбейткенде 364 күн болады. Бұл мизамша санаудан бір-екі  күн кем деген сөз. Бұл күндер  жыл аяғында тоғыстан тыс қосылып отырады. Тоғыс есебі бойынша жыл басы — бір тоғыс ай. Ол әрдайым мамыр айына сәйкес келеді. Бұрын жыл басын мамыр айынан есептеген. Бұл айда құстар келіп болады. «Жыл құсы» деген атау осыған байланысты. Сонан соң 25, 23, 21, 19, 17, 15, 13, 11, 9, 7, 5, 3 тоғыс айлары келеді. Ең ақырғы тоғыс — 3 тоғыс айы. Тоғыс үнемі  тақ санға келе бермейді. 4, 6, 8 тоғыс та болуы мүмкін. Қалыптасқан дәстүр бойынша оны тақ санға сәйкестендіріп айта береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Біз, сонау қазақ  дәстүрінің жалғастырушылары, өз ата-бабаларымыздан қалған мұраны дүние жүзінің басқа да халықтары сияқты сақтап қана қоймай, оны насихаттап, онымен мақтануымыз керек деп есептеймін. Ал, осы ғылыми жұмыста сөз болып отырған қазақ халқының тоғыс есебі, ерте заманда көшпенді бабаларымыздың өзіндік мәдениетінің болғандығын айғақтайды. Қазіргі кезде әлем жұртшылығы көшпенділер мәдениетін  зерттеге ден қоя бастағаны байқалады. Біз де өзіміздің тарапымыздан, өз халқымыздың бай мұрасының бір бөлігі ретінде тоғыс есебінің толығымен зерттелуіне септігімізді тигіземіз бе деген ойдамыз. Халқымыздың ғасырлар бойы аспан денелерінің қозғалысын бақылап, зерттеп, жинаған білімдерінің тарих қатпарларында жоғалып кетпеуі керек деп ойлаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Қазақ энциклопедиясы
  2. М.Ысқақов «Халық календары»
  3. «Ана тілі» газеті 2013 жыл №33
  4. «Алаш айнасы» газетінің сайты  http://www.alashainasy.kz
  5. Уикипедия сайты http://kk.wikipedia.org/wiki

 

 


Информация о работе Қазақ халқының тоғыс есебі