Қазақстан тоқырау жылдарында (XX ғ.70-80 жж.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2014 в 12:59, реферат

Описание работы

ХХ ғ. 70-жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын.

Содержание работы

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Қазақстан тоқырау жылдарында (XX ғ.70-80 жж.)

1) Әкімшілік – әміршілдік жүйенің белгілері.

2) «Тоқырау кезеңі» терминінің мағынасын түсіндіру

3) XX ғ. 70-80 жж. Қазақстандағы экологиялық мәселелердің себептері

Файлы: 1 файл

Қазақстан тоқырау жылдарында (XX ғ.70-80 жж.).docx

— 60.93 Кб (Скачать файл)

 КСРО  халық депутаттарының 1 съезінде  жаңа одақтық келісім шарттары  жасау мәселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды (Балтық жағалауы республикалары, Украина, Қырғыстан).

1990 жылы 25 қазанда  Қазақстан өзінің мемлекеттік  егемендігі туралы Декларация  жариялады.

 КСРО  басшыларының шындықты бағалап, түсінуге қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы келмеуі олардың беделін түсірді. Россия Федерациясы да өзінің егемендігін жариялады. Россия «КСРО-ң бел омыртқасы» болып есептелгендіктен, бұл кеңес жүйесіне берілген өте ірі сөққы болды. Соған қарамастан, КСРО-ның болашағы туралы мәселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете берді.

Қоғамдық – саяси қозғалыстар.

80 жылдардың  аяғына қарай демократиялық процестің  жандауына байланысты Қазақ КСР-де  қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.

1989 жылдың  көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.

 

1989 жылы  «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның  негізгі мақсаты ұжымдастыру  кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.

1990 жылы  «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік  егемендігін алу болды.

1990 жылы  ұлтаралық «Единство» қозғалысы  құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.

1991 жылы  «Азат» азаматтық қозғалысының  партиясы құрылды.

 Жастар  өздерінің саяси қозғалысы «Алаш»  партиясын құрды.

1991 жыл Қазақстан  социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса  қоғалдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.

1990 жылдың  аяғына қарай қатарында 800 мыңға  жуық коммунист болған Қазақстан  коммунистік партиясы сан жағынан  неғурлым көп саяси күш болды.

 Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.

90-жылдардың  басына қарай Қазақстанда бұрын  патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. https://www.google.kz

http://kk.wikipedia.org/


Информация о работе Қазақстан тоқырау жылдарында (XX ғ.70-80 жж.)