Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 14:10, реферат
Шаманы өлшеу деп физикалық шаманың мәнін арнайы техникалық құралдар арқылы анықтауды айтады. Кез-келген физикалық шаманы өлшеу - оны бірлік ретінде шартты түрде қабылданған біртекті шамамен салыстыру. Демек, өлшеу нәтижесі U өлшенетін Q шама мен өлшеу бірлігі q арасындағы келесі қатынаспен анықталады:
Q = q U (1)
(1) теңдеуге сәйкес, U шамасы бірлік ретінде алынған q -ға кері болып табылады. Егер Q шамасын өлшеу үшін басқа бір q1 мәнді алсақ, онда
1. Физикалық шамаларды өлшеу
2. Өндірістік және лабораториялық өлшеу әдістері
3. Жанама өлшеу
Шығынды өлшеу
Шығынды өлшеудің ең таралған әдісі - оның жолына бөгет қою және осы бөгеттегі қысымның өзгерісін есептеу. Соңынан қысымның осы өсімшесіне сәйкес келетін ағын өлшеді. Қысымның бұл өзгерісі де механикалық болып табылады. Яғни ағыстың кеңдігі, көп бөлігінің бағыты өзгеріске ұшырайды. Бөгет металл пластина түрінде болады, ол фланцтар арасына бекітілген, қажет деңгейдегі қуысы болады (12-сурет).
Ағынның үш түрлі энергиясы болады: кинетикалық энергиясы, қысымының энергиясы, потенциалдық энергиясы.
Сұйық горизонталь түтікпен аққанда потенциалдық энергиясы өзгермейді. Түтіктің көлденең қимасы тар жеріне келгенде сұйық ағынының жылдамдығы артады. Бұл кезде сұйықтың бірлік массасының кинетикалық энергиясы артады. Сырттан ешқандай энергия қосылмайтындықтан, кинетикалық энергияның артуы қысым энергиясының кемуі есебінен жүреді. Бөгеттен кейінгі қысымның энергиясы бөгетке дейінгі энергиядан аз. Қысымның осы екі мәнінің айырмашылығын (∆Р) құрылғыдағы манометр өлшеп алады. Бұл өзгеріс сұйықтың бөгет алдындағы жылдамдығына пропорционал. Құрылғы жүйесі жылдамдықтың осы мәнін және түтіктің көлденең қимасы ауданын пайдалана отырып, бірлік уақыттағы шығынды және ол арқылы белгілі уақыт ішіндегі ағыс шығынын есептейді.
12-сурет
РАДИОЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ
Микрофондар - акустикалық тербелісті электрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радио хабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі - гректің «mikro» - аз, шағын, «рһоnе» - дыбыс деген сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналға айналдыратын бірден - бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр тогына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқа диафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады. Индукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттік үнтаспаға түсіріледі.
Микрофондардың басты сипаты бағытталуында болып табылады. Әр микрофон түрлі бағыттардан келетін дыбыстарға сезімталдығы да әр түрлі болып келеді. Сондықтан микрофондарды екі топқа бөлуге болады: бағытталған және бағытталмаған деп. Ал, атқаратын функцияларына қарай, микрофондар электродинамикалық (катушкалы, ленталы), конденсаторлы, пьезоэлектрлі, электромагнитті, көмірұнтақты болып бөлінеді. Сонымен бірге, стерефониялық, тік бағытты, көп бағытты, шағын көлемді радиомикрофондар болып та сараланады. Радиода, теледидарда катушкалы, конденсаторлы, ленталы микрофондар көп қолданылады. Электродинамикалық катушкалы микрофондардың теледидар орталықтарында және радиоүйінде қолданылуы тиімді болып отырғандығы тәжірибеде дәлелденген. Заман талабына орай, электронды дәуірдің жаңалықтары күннен - күнге жаңартылып, өндіріске қолданылу үстінде. Пішіндері өзгертілгенмен де, қолданылу аясы кеңейгенімен де, дизаиндық сапасы жақсарғанымен қызмет көрсету функциясы, дыбыс жазу технологиясы бұрынғы негізде сақталған. Микрофон құралдарының бәріне ортақ элемент - диафрагма болып табылады. Ол пластинка, мембрана, лента түрінде болады. Металдан, диэлектриктен, пьезоэлементтен жасалуы мүмкін. Ең алғашқы микрофондардың түріне көмірұнтақты микрофондар жатады. Көмір ұнтағының ауа тербелісінен қозғалысқа түсуі арқылы жұмыс істейтін микрофондар қазіргі кезде өндірісте қолданылмайды. Пьозоэлектрлі микрофондар сапасы жағынан аса жақсы болмағанымен қарапайым жұмыс жазуда немесе дыбыстық эффект беру үшін қолданылады. Ал, ленталы микрофондардын дүниежүзілік радиобайланысында ұзақ жылдар пайдаланылып, өз сапалылығын тәжірибеде көрсеткен микрофондар қатарына жатады, әрі табысты қолданылу үстінде. Олар сыртқы әсерге аса сезімтал келеді, сондықтан сыртқы жағдайдан сақтауды қолдайды. Ленталы микрофонның ішіне полюстері көрсетілген таспа сияқты магнит орналастыр ылып, арасына фольгадан жасалған осы тәрізді жұқа пленка бекітілген. Дыбыстың әсерінен лента қозғалысқа түсіп, магнит өрісіне әсер ету арқылы электр қуаты пайда болады. Ал, электродинамикалық микрофондарда полюстердің арасына катушка орналастырылған. Диафрагманың тербелісі кезінде катушка бірге тербеліп, сол арқылы электр тогы пайда болады . Конденсаторлы микрофон - сапалы, қызмет көрсету мерзімі ұзақ микрофондар типіне жатады. Бұлар өздігінен электр қуатын шығармайды, сондықтан жұмыс барысында қосымша ток күші қозғалмалы электродқа әсер ететін полимер пленкадан жасалынған. «Дөңгелек үстел» өткізгенде, немесе шағын топ қатысқан хабарларды жазған кезде осы конденсаторлы микрофон ыңғайлы болып табылады. Конденсаторлық микрофондардың конденсаторына тұрақты электр заряды қосылған, яғни қосымша ток күшінің қажеті жоқ.
Конденсаторлы микрофондардың жетілдірілген электредті түрі МКЭ - 4М. Бұл дыбыс жазу құралы телерадиохабарлар жасауға, студияларда музыканың, сөздің жазылуына, театрларда, концерт залдарында пайдалануға арналған. Электретті микрофондардың тағы бір түрі - МКЭ-5. Бағытталмаған, орындаушының кеудесіне қысқыш арқылы бекітілетін шағын микрофон. Арнайы ток көзі қолда немесе қалтада сақталады.
Қоршаған ортадан түсетін дыбыс толқындары микрофон диафрагмасына әсер еткен уақытта әр түрлі тербелісте болады. Әр түрлі болуы дыбыс толқынының қай жақтан әсер етуіне қарай өзгереді. Сол себепті, микрофон диаграммасын негізі үш типке бөлуге болады: дөңгелек, жүрекше тәрізді және сегіз санының пішіні түрінде. Бағытталу диаграммасының формалары микрофондардың жұмыс принциптеріне байланысты. Микрофонның сезімталдығы деген ұғым түскен сигналмен шығатын дыбыс қысымының бірлігімен айқындалады. Ол бірлік децибелмен өлшенеді. Сонымен, микрофонның сезімталдығы ең төменгі электрлі сигнал арқылы анықталады, күшейткіштен дыбыстың шығуы арқылы байқалады. Кейбір бағытталған микрофондардың сезімталдығы аса нәзік, егер микрофон өз осінен сәл ауытқитын болса қабылдағыштық қасиеті азаяды. Микрофонға қойылатын өзіндік талаптар бар: берілетін дыбыс деңгейінен электрлі сигнал жасалуы қажет және ол құралдың өзіндік электрлі шуларының деңгейінен аспауы керек; шыққан сигналға кедергілер болмауы тиіс; аппаратқа қосылған соң жиіліктегі дыбыстардың біркелкі берілуі кажет.
Динамикалық микрофондар қолдануға ыңғайлы, сапалы мықты болып табылады. Ал, конденсаторлық дыбыс қабылдағыштар керісінше осал келеді. Мысалы, қатты қозғалыста жүретін өнер көрсетушілердің қимыл - әрекеттерінен микрофон құрылымы өзгеріске түсіп қалуы мүмкін. Мұндай сәттерде - электродинамикалық микрофондар қолайлы. Тек ғана кабельдердің жалғанбай немесе ажырап қалмауын қадағалаған жөн. Кейбір табиғат өзгерістері кезінде, мысалы, далада, жел өтінде т.б жағдайларда журналистерге жұмыс істеу сәті тууы мүмкін. Ондайда, төзімді болып табылатын ленталы микрофондар. Яғни, студиядан тыс жұмыс кезінде осындай құралдармен жарақталған абзал. Микрофондарды қолдану кезінде формасына, түріне, салмағына көңіл бөлу қажет. Қажетті жағдайларда микрофондарды таңдау тәжірибелі дыбыс режиссерлеріне тапсырылады. Аудиториясының көлеміне, жазылатын хабарлардың барысына орай микрофондар үстелдік, едендік, аспалы және кеудеге тағылатын болып бөлінеді. Әр түрлі жағдайда микрофонмен жұмыс істеу әр қалай болып келеді. Егер орындықта отырған адамның сөзі жазылатын болса оның аузынан 30 - 40 см. жерге микрофон қойылуы тиіс. Қағаздан оқылуға тиісті сөз болса, онда қағаз столда жатуы керек, қолға ұстап тұрған болса сыбдыры жазылып қалады. Парақтарды ауыстыру қажет болған жағдайда жұмсақ, сықырламайтын қағаздарды пайдаланған жөн. Немесе, парақты аудармай - ақ баспалдақ тәріздес етіп жылжытып отыру керек, Сонан соң сөйлеушінің қолы арқылы қозғалып кетпеуін бақылау қажет. Мұндай жағдайларда көбінесе кеудеге тағылатын «петличка» микрофоны ыңғайлы болып табылады.
Егер хабарға қатысушы екі адамның сөзін жазу керек болған жағдайда үстелдің бұрышын орталарына қалдырып не болмаса бір жағына жақын етіп отырғызып, олардың әр қайсысынан микрофонды 40 - 50 см. жерге орналастыру керек. Егер көп адам қатысатындай болса доға тәріздес етіп орналастырған жөн. Ал, музыкалық ансамбльдер болса, онда тік тіреуге дыбыс қабылдағышты бекіту керек.
Үй жағдайында дыбыс жазу қажеттігі болған кезде үй ішінде артық шу беретін заттардан (сағаттың тықылы, телефонның шылдыры, су ағардың дыбысы т.б.) босатып, неғұрлым дыбыстың өшуі процесіне қатысты заттармен (кілем, қалың төсеніштер, жұмсақ мебельдер т.б.) қамтылғаны дұрыс. Әрине бұл айтылғандар микрофонды пайдаланудың шағын ғана түрлері. Оның әр түрлі жағдайларда қолданылатын көптеген әдіс - тәсілдері бар. Тәжірибелі инженерлер дыбыс режиссерлері жазылуға тиісті хабардың пішінін, жанрын, маңызын т.б. жағдайларын алдын ала зерттеп барып орналастыруы тиіс, немесе озық технология үлгілерін пайдаланулары мүмкін.
Электронды журналистиканың
өнімдері ұжымдық болып саналатындықтан
техникалық немесе шығармашылық топтар
бірлесе еңбек еткенінің
Бағытталу диаграммасының формалары микрофондардың жұмыс приципіне байланысты. Микрофон құралына қатысты өзіндік талаптар бар: берілетін дыбыс деңгейінен электрлі сигнал жасалуы және ол микрофонның өзіндік электрлі шуларының деңгейінен аспауы қажет, шыкқан сигналға кедергілер болмауы керек, барлық жиіліктегі дыбыстар аппаратқа қосылған соң біркелкі берілуі қажет. Сонда дыбыс деңгейі бірқалыпты болып, жазылған дыбыс сапасы жақсарады.
Микрофондар қолданылу қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: су асты тербелісін жазатын құралдар - гидрофон, жер қабатындағы дыбысты - геофон, ал ауадағы дыбысты жазатын құрал - микрофон деп аталады. Электрониканың дамуы күннен - күнге қарқын алуда. Бұл құралдардың тек дизайны ғана емес, атқаратын функциялары да жетілдірілуде. Дыбысты сезгіштік қасиеттері артып, дыбыстың жазылу сапасы да жақсара түсуде. Ең сапалы микрофондар қатарынан электретті микрофондар көрінуде. Жартылай кәсіби немесе тұрмыстық жағдайда қолданылатын шағын, бағытталмаған МКЭ - 3, кардиоидты, бір бағытгы МКЭ - 9; бір бағытты МКЭ - 271 (бұрынғы МКЭ - 100) маркалы магнитофондар музыканы жазуда табысты қолданылуда. Әр түрлі радиомикрофондар өте кең таралып, қолданыс табуда. Аса озық технологияларда қолданылатын С414ХLS, СGN321E, СGМ523 және СНМ - 21 сияқты микрофондар дүниежүзілік масштабта өзіндік орын алуда. Ал, АS - SР8 800Р, АJSDG 615 маркалы видеокамералар және олардың микрофондары озық үлгідегі құралдар болып саналуда. Бұл құралдарды өндірушілер әлемге әйгілі SONY, Panasonic, JVC, Thomson секілді фирмалар.
Аудиовидео құралдардың жетілдірілуіне байланысты технология да жаңарды. Болашақ журналистердің жауапкершіліктері сын кезінде. Шығармашылықпен қоса техниканың озық үлгілерін меңгеру талабы да арта түсті.
Магнитафондар. Магнитофондармен
қабылданған дыбыс әлсіз
Күшейтілген, коррекцияланған дыбыс магнит тетікке (маг. головка) түскен соң магнитті дыбысқа айналады. Бұл магнитті головка - таға тәрізді, жұқа магниттелмеген денемен бөлінген ұш жағында 2 полюс белгіленген жүрекше орналастырылған қарапайым тетік. Жазу головкасына шағылған магнитті өріс магнитті үнтаспаға әсер етіп, қажетті информация алынады. Ол дыбыс ұзақ сақталуы үшін үнтаспаға арнайы темірқышқылы, кобальт, хром сияқты химиялық элементтер қосылады.
Сонымен бірге магнитофонда үнтаспаны магнитсіздендіретін өшіру тетігі болады. Алайда, үнтаспалардьг пайдаланар алдында заводтан берілген анықтамаларға көңіл бөлінуі тиіс. Өйткені, кейбір үнтаспалардың магнитті ұстауы күшті болады да магнитсіздендіретін тетікке бағынбайды, сөйтіп бірнеше дыбыс қайта жазылып, магнитті жазудың сапасы төмендейді. Бұл айтылған жайлар магнитофон кызметін анықтайтын негізгі белгілер. Ал бұл магнитофон құралы Ресейде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана пайда болды. Радиожурналистер алғашқы шағын магнитофонды 1952 жылдан бастап қолданды. Киев радиозаводы шығарған алғашқы маркасы "Днелр - 8" деп аталды, кейіннен "репортер" делінді. "Репортер" латын сөзі, хабар жеткізуші, әкелуші деген мағынаны білдіреді. "Репортер 1 - ден" кейін ғалымдар ізденісінен туған, көптеген дыбыс жазу құралдары дүниеге келді. Соңғы цифрлы технологияға дейін табыспен колданылып келген құрал - "Репортер - 7" болды.
Магнитофондардың құрылысына ортақ бөлшектер бар.
Олар:
- алдыңғы панельге
- тоқтату тетігі;
- дыбысты кері шығару тетігі;
- жылдамдатып орау тетігі;
- жазуға дайындау;
- дыбыс деңгейін бақылаушы - индикатор;
- ток күші мен күшейткішке қосар тетік;
- динамикалық компрессорды қосу;
- сөйлеу фильтрін қосу;
- есептегіш құрал;
- кассета салатын орын;
- панельдің артқы жағында токқа қосу тетігі;
- аккумуляторды ұстайтын қақпақша;
- автостоп;
- дыбыстың жазылуын наушник арқылы бақылау тетігі.
Өндіріске компьютерліктехнология араласқанша қолданылып келген, әлі де пайдалануда жүрген магнитофондардың бірі – СТМ - 200. Қате кеткен мәтінді бірден түзеу, дыбыстың естілуін бір қалыпқа келтіру жақсы жолға қойылған бұл магнитофон электронды монтаж жасауға лайықталған. Монтаж - студиядан тыс немесе студияда жазылған хабарларды техникалық өңдеу. Ол үшін студияның жұмысы жолға қойылуы қажет. Оған тиісті шаралар:
Сапалы, ыңғайлы компьютерлер таңдау керек.
Микрофоннан, магнитофоннан шыққан сигналдарды микшерлеу құралы қажет.
Дыбыс эффектілерінің жасалуы.
Фонограммаларды бағдарлама жасау кезінде тыңдау.
Барлық қасиеттерін сақтай отырып сапалы дыбыс жазу.
Микрофондарды таңдау, микшерлеу, дыбыс деңгейін реттеу жұмыстарының барлығын инженерлер жүзеге асырады, радиода дыбыс операторы, теледидарда дыбыс режиссері атқарады. Мұндай жұмыстарда техниканы жақсы меңгерумен қатар шығармашылықтан да хабардар болғаны жөн. Сонда ғана ұжымдық еңбектің сапалы болып шығуына мүмкіндік туады. Магнитофондар арқылы жазылған дыбыстың қолданылу аясы да кеңейе түсуде. Мысалы, үй тұрмысындағы видео, аудиожазуларда, лекция, баяндамалар жазу; тарихи деректер жасау; электронды экскурсовод қызметінде; теледидардан трансляциялы хабарларды жазып алуда; радиодан концерттерді жазуда т.б. қолданылады.
Студияның, оның құралдарының қатысуы арқылы жасалатын монтаж npoцeci радио және телехабарларында маңызды рөл атқарады. Хабардьң cәттi шығуы монтаждың дұрыс жасалғанына байланысты. Яғни, монтаж француз сөзінен шыққан жинақтау, бip жүйеге келтіру деген мағынаны білдіреді («Қазақ, энциклопедиясы»). Монтаждың қасиеті ерекше екендігі тәжірибеде дәлелденген. Сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің орнын алмастыру, қысқарту, ой мен ойдың астасуы, қабысуы, пікір түйіндерінің мәнін жоғалтпауы - тартымды хабардьң нeгізі бола алады.
Электронды БАҚ тәжірибесінде дыбыс жазудың екі әдісі бар: бipi - эфирге тарату болса, екіншісі - қағазға түсіру үшін дыбыстьң информация жинау. Алғашқы түpi телерадиода қолданылады да, екіншісі газет журналистері үшін қажет. Эфирге хабар тарату үшін жоғары сапалы магнитофондар керек, кейінгісінен қолайлы құралдар, әр түрлі диктофондар болып табылады. Сөздік информацияны кез келген дыбыс жазу құралдарында, үй тұрмысында қолданылытын тұрмыстық, кәсіби, студиялық магнитофондарда жазуға болады.
Диктофон - латын тілінен алынған сөз, "dikto – сөйлеймін", "phone - дыбыс, дауыс" деген мағынаны білдіреді. Бұл тек ғана адам дауысына арналған құрал. Көбінесе сұхбат жанрында пайдаланылады. Кей жағдайларда репортажға да қолданылады. Репортаж кезінде диктофонмен жұмыс істеу үшін журналистің шеберлігі, ептілігі қажет. Өйткені, аудиторияньң назары мен сөйлеушінің сөзін немесе қажетті дыбыстық детальдарды үйлестіре алу қажеттігі туады. Диктофонньң магнитофоннан бip ерекшелігі - жазылған дыбысты қағазға түcipy үшін баяулату немесе тоқтату тетіктері бар. Яғни, фономашинисткаларға ыңғайлы етіп жасалған. Қазіргі кезде көлемі, сапасы, құны жағынан жаңартылған көптеген түрлері өндіріске енгізілуде. Диктофондармен жұмыс жасау журналист еңбегін ғылыми ұйымдастыруға көмек етеді. Журналист жұмысына жеңілдік болады. Әpi фактілердің, деректердің бұрмаланбауына мүмкіндік жасалады. Бірақ кейбір, талаптарды орындау қажет: асықпай сөйлеу, сөздер мен сөйлемдерді, кейбір күрделі тіркестерді анықтап айту, ретіне қарай қайталап айту, тіпті болмаса әріптермен айту қажет. Диктофон еріннен бірқалыпты деңгейде ұсталуы керек.