Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 12:16, реферат
1887 жылы орыс ғалымдары Генрих Герц пен А.Г.Столетов электродтардың арасындағы ұшқынды разрядты зерттеу кезінде мына құбылысқа көңіл аударды. Әдетте ұшқынды разряд (газдағы электр тогы) электродтар арасындағы кернеу U белгілі Uтіп шамасынан асқанда ғана байқала бастайды. Ал олар электродтардың біріне (катодка) ультракүлгін сәуле түсіргенде, U кернеу Uтіп шамасынан кіші (U < Uтіп) болса да разряд ұшқынының пайда болғанын байқады (1-сурет). Бұның сырын қалай түсіндіруге болады?