Изотоптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 14:11, реферат

Описание работы

Изотоптар - ядроларында протондар саны бірдей, бірақ массалары әртүрлі белгілі бір элементті құрайтын атомдар түрі. Бір ғана элементтің әртүрлі изотоптарына тән атомдар өздерінің ядросына кіретін нейтрондар саны жағынан, ядролық қасиеттері тұрғысынан бір-бірінен анық өзгешеленеді, алайда олар, электронды қабаттары құрылысының бірдей болуына байланысты, бір-біріне өте ұқсас химиялық қасиеттерді иемденеді..Изотоптардың өмір сүру кезеңі секундтың мыңнан бір бөлігінен бірнеше миллион жылдарға дейін созылады Бүгінгі танда 264 тұрақты изотоптар, 50 шамалы табиғи радиоактивті изотоптар және 1000-нан астам жасанды радиоактивті изотоптар белгілі. Изотоптардың саны шектеулі ғана.

Файлы: 1 файл

Изотоптар.docx

— 237.87 Кб (Скачать файл)

Радиоактивті ыдыраудың  ғажабы сол, жартылай ыдырау периоды  қысқа болатын изотоптарды ертең  де, бүрсігүні де, тіптен 100 жылдан соң  да табиғатта кездестіруге болады.

Радиоактивті изотоптар "қартаймайды", себебі уакыттың өтуіне байланысты ыдырау жылдамдығы өзгермейді. Уран мен торий изотоптары ядроларының  ыдырау кезінде пайда болатын  туынды ядролар тұрақты болмайды, радиоактивті болады. Осылай үздіксіз тізбектелген ядролық ыдырау процесі  тұрақты ядро, яғни радиоактивті емес туынды ядро түзілгенше жалғаса береді. Осы ыдырау тізбегін радиоактивті қатар  деп атайды (8.13-сурет). Радиоактивті ыдырау заңы статистикалық заңдылыққа бағынатындықтан, ол өте көп санды  атом ядролары үшін дұрыс.

 


Информация о работе Изотоптар