Эйнштейн Альберт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2015 в 14:56, реферат

Описание работы

Эйнштейн Альберт (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) –физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі.
Альберт Эйнштейн — теориялық физиканың негіз қалаушылардың бірі, 1921 жылғы Нобель сыйлығының иегері, атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.

Содержание работы

1 Жастық шағы
2 Ғылыми жұмыстың басы
3 Альберт Эйнштейн айтқан сөздері
4 Мемориалдық тақталар
5 Эйнштейнге қатыстысы, кейбiр ұмытылмас орындары
6 Cыйлықтар
7 Фильмография
8 Өмірінің соңы
9 Отбасы
10 Пайдаланылған әдебиет

Файлы: 1 файл

Альберт Эйнштейн.docx

— 2.60 Мб (Скачать файл)

Мазмұны

 

    1 Жастық шағы

    2 Ғылыми жұмыстың  басы

    3 Альберт Эйнштейн  айтқан сөздері

    4 Мемориалдық  тақталар

    5 Эйнштейнге қатыстысы, кейбiр ұмытылмас орындары

    6 Cыйлықтар

    7 Фильмография

    8 Өмірінің соңы

    9 Отбасы

    10 Пайдаланылған  әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Эйнштейн Альберт (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) –физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі.

Альберт Эйнштейн — теориялық физиканың негіз қалаушылардың бірі, 1921 жылғы Нобель сыйлығының иегері, атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.

Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал. Ол бiрнеше түбегейлi физикалық теорияларды жасады:

Арнайы салыстырмалылық теориясы (1905).

 Жылу сыйымдылығының  және фотоэффект кванттық теориясы

 Бозе Эйнштейн кванттық  статистика.

 Броун қозғалысының  статистикалық теориясы, флуктуациялардың  теориясына негiзін салған.

                                         Жастық шағы

   Альберт Эйнштейн  14 жаста

14 жасынан Швейцарияда  тұрған. Цюрихтегі политехникумды  бітіргеннен кейін (1900) орта мектепте  сабақ берді, кейін патент бюросында  эксперт (1902 – 1909) болып қызмет атқарды. 1909 – 1911 жылы Цюрих университетінде, 1911 – 1912 жылы Прагадағы Неміс  университетінде, 1912 – 1913 жылы Цюрихтегі  политехникумда профессор болды. Пруссия ҒА-на сайланғаннан кейін (1913) Берлинге көшіп келді (1914). Мұнда  ол 1933 жылға дейін тұрды. 1933 жылдан  өмірінің ақырына дейін Принстондағы (АҚШ) Іргелі зерттеулер ин-тының  профессоры болып жұмыс істеді.

                                         Ғылыми жұмыстың басы

Эйнштейннің ғылымдағы басты еңбегі – салыстырмалық теориясы. Бұл теорияның жасалуы нәтижесінде кеңістіктің, уақыттың және тартылыстың жаңа қасиеттері ашылды, олардың бір-бірімен байланыста болатындығы дәлелденді. Салыстырмалық теориясы жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалатын нысандар (негізінен элементар бөлшектер, ғарыштық сәулелер, т.б. ) мен күшті тартылыс өрісінде өтетін процестерді зерттеу үшін қолданылатын теор. негіз болды. Эйнштейн жарықтың кванттық теориясы, кездейсоқ процестер теориясы, магнетизм, т.б. салалар бойынша да маңызды жаңалықтар ашып, зерттеулер жүргізді. Эйнштейннің салыстырмалық теориясының тұжырымдарын сол кезде кейбір ғалымдар мойындамағанымен, қазіргі кезде ол – жалпы жұртшылық мойындаған ілімге айналды. Эйнштейн – көптеген ғылым академиялары мен ғыл. қоғамдардың мүшесі. Нобель сыйл-ның иегері (1921). 1927 жылы КСРО ҒА-ның құрметті мүшесі болып сайланды.

                             Альберт Эйнштейн айтқан сөздері

  “Дүниеде екі нәрсе шексіз: бірі — ғалам, екіншісі — адамның ақымақтағы. Бірақ біріншісіне күмәнім бар”

    “Фантазия білімнен  маңыздырақ. Өйткені білімнің шегі  бар”

    “Адамзат одан  әрі өмір сүргісі келсе, онда, жаңа ойлар (түйсіктер) қажет”

    “Ақшаға сатып  алуға болатын дүниелер өмірдің  кереметтері емес”

 

                                Мемориалдық тақталар

 

Аарауда

    Прагада

  

Берлинеде Миланда                            Мальтада

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Эйнштейнге қатыстысы, кейбiр ұмытылмас орындары

 

    Берн, Крамгассе  көшесі (Kramgasse), дом 49 үй, проживал с 1903 по 1905 годы. Онда қазiр «Альберт  Эйнштейнің үй-мұражайы» орналасады.

    Цюрих, Муссонштрассе, 12 үй, проживал с 1909 по 1911 годы.

    Цюрих, Гофштрассе, 116 үй, проживал с 1912 по 1914 годы.

    Берлин, Виттельсбахерштрассе, 13 үй, проживал с 1914 по 1918 годы (этот  берлинский дом, как и следующий, был разрушен в ходе военных  действий 1945 года).

    Берлин, Габерландштрассе, 5 үй, проживал с 1918 по 1933 годы.

    Принстон, Мерсер-стрит,112 үй, проживал с 1933 по 1955 годы.

 

Cыйлықтар

 

    Нью-Йорктың (1921) және  Тель-Авивтың (1923) Құрметті азаматы  атанды;

    Маттеуччи медалісі (1921);

    немiс орденi «Еңбек  сіңірген» (1923, Эйнштейн 1933 жылда осы  орденді бас тарытты);

    Копли медалі (1925), «за теорию относительности и  вклад в квантовую теорию»;

    золотая медаль  Королевского астрономического  общества Великобритании (1926);

    медаль имени  Макса Планка (1929), Германское физическое  общество (Deutsche Physikalische Gesellschaft);

    Жюль Жансанның  жүлдесі(1931), Франциялық астрономиялық  қоғам (Société astronomique de France);

    Франклин медалі (Benjamin Franklin Medal, 1935), Franklin Institute, Philadelphia.

 

Фильмография

 

    «Альберт Эйнштейн. Өмірдің немесе ажалдың формуласы» (ағылш. Einstein's Equation of Life and Death) — фильм, 2005 жылы BBC түсірген .

    «Эйнштейн және  Эддингтон» (ағылш. Einstein and Eddington) — фильм, BBC және HBO бірігіп түсірген, режиссер: Филип Мартин. Эйнштейннің рөлін  ойнаған: Энди Серкис.

Өмірінің соңы

Денсаулығы қатты нашарлаған Эйнштейн 1955 жылы 18-сәуірде 76 жасында АҚШ-тың Принстон қаласында көз жұмады. Көзжұмар алдын жазған хатында: ”Мен Жердегі тапсырмаларымды орындадым.” деген сөзді жазған. Принстон ауруханасында жатып, көз жұмар кезінде немісше бірдемелерді айтқан екен. Алайда, оның сөздерін американдық медбике ұқпаған.

 

Альберт Эйнштейн — американдық Time журналының “Ғасыр адамы” атағына ие болған тұлға.                                                                                       

Отбасы

    Эйнштейн

    Герман Эйнштейн

    Паулина Эйнштейн (Кох)

    Майя Эйнштейн

    Милева Марич

    Эльза Эйнштейн

    Ганс Альберт  Эйнштейн

    Эдуард Эйнштейн

    Лизерл Эйнштейн

    Бернард Сизер  Эйнштейн

    Карл Эйнштейн

Пайдаланылған әдебиет

 

Қазақ энциклопедиясы, 10 том;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақаншы орта мектебі

 

 

 

 

 

Альберт Эйнштейн

                                                                                                         Орындаған:Жүсіпова Аяулым Ардаққызы                                          Тексерген:Байтолепова Камила Рахымбекқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақаншы ауылы 2012 жыл


Информация о работе Эйнштейн Альберт