«Электр қауіпсіздігі» тақырыбы бойынша білім беру мекемелерінде сыныптан тыс сағат өткізуге арналған дәріс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 08:19, лекция

Описание работы

Электр қондырғылары – бұл энергетиктер пайдаланатын жабдықтар, сонымен бірге біздің күнделікті тұрмысымыздағы барлық тұрмыстық приборлар. Оқшауланбаған сымдар мен электр қондырғысының ток жіберетін бөліктеріне жақындаған адам электр тізбегіне қосылған кернеуге түседі. Кернеу әсерімен оның денесінен адам ағзасының қалыпты жұмысын бұзатын электр тогы өтіп, соның салдарынан адамның денесі құрысып-тартылып, дем алуы тоқтап, жүрек қағысы тоқтайды. Адам денесінің бір бөліктері күйіп, ол ауыр күйік жарақаттарын алады. Адам өмірі тоқтайды, не болмаса ол мүгедек болып қалады.

Файлы: 1 файл

эл кауипсиздик.doc

— 70.50 Кб (Скачать файл)

 

«Электр қауіпсіздігі» тақырыбы бойынша

 білім  беру мекемелерінде

 сыныптан  тыс сағат  өткізуге  арналған  дәріс

 

Балалар! Сендер электр энергиясының халық  шаруашылығында, тұрмыста  және  оқуда қандай  маңызды  роль атқаратындығын жақсы  білесіңдер. Ол бізге  жарық  пен жылу  береді, және де түрлі механизмдерді  іске  қосып, адамның  қол  еңбегін  жеңілдетеді. Электр  энергиясы біздің  тұрмысымызда нық орын  алғандығы соншалық, оның  мүмкіндіктерінсіз өмір  сүру мүмкін болмай  отыр. Ол  біздің  сөзсіз көмекшіміз. Алайда, электр  энергиясы адамдарға орасан көмегін көрсете отырып, ол электр  қауіпсіздігін білмеген,  не  болмаса оны елемеген, тұрмыстық приборларды қолдана білмеген, энергия нысандарының жанында қауіпсіздік ережелерін  бұзған  адамдар үшін өлім  қауіп-қатерін тудырады.

 

 

Электр  тогының қауіптілігі  туралы  түсінік

Кез-келген  кернеуде  тұрған  электр  құрылғысы  адам  өмірі  үшін  қауіп  тудырады.

Есте  сақтаңдар: қауіпсіз электр тогы болмайды!

Электр  қондырғылары – бұл энергетиктер пайдаланатын жабдықтар,  сонымен  бірге біздің күнделікті тұрмысымыздағы барлық  тұрмыстық приборлар.

Оқшауланбаған сымдар мен электр  қондырғысының  ток  жіберетін  бөліктеріне  жақындаған  адам электр  тізбегіне қосылған кернеуге  түседі. Кернеу  әсерімен  оның  денесінен адам  ағзасының  қалыпты жұмысын бұзатын  электр  тогы  өтіп, соның  салдарынан адамның  денесі  құрысып-тартылып, дем алуы  тоқтап, жүрек  қағысы  тоқтайды. Адам  денесінің бір  бөліктері күйіп,  ол  ауыр  күйік  жарақаттарын алады. Адам өмірі  тоқтайды,  не  болмаса ол  мүгедек  болып  қалады.

Адам  денесінен  өтетін ток қаншалықты көп  болса, ол  соншалықты  оның  өміріне  қауіпті!

Адам токқа  түсіп  қалған ток  кернеудің  жоғары  болуына  байланысты.

Қауіпсіз деп 12 вольтті кернеу  саналады. Ал  өнеркәсіп пен ауыл  шаруашылығында,  және  тұрмыста   біршама кеңінен  таралған электр  желілері 220 - 380 вольтті (220 вольт – жарықтандыру  және  тұрмыстық  асапаптар  үшін, 380 вольт – үш  фазалы электр  қозғалтқыштары  үшін). Бұл  кернеу  экономикалық  жағынан  үнемді,  бірақ  адам үшін қауіпті. Көптеген өмірге  қауіпті жазатайым  оқиғалардың  көбі 220-380 вольтті кернеуге  түскен  адамдардың оқиғаларына байланысты  болған.

Сіздер  күнделікті  тұрмыста, үйде  және  мектепте қолданатын  электр  приборлары,  сіз күнде жанынан өтіп  жүрген ауладағы, көшедегі электр  желілері  мен қосалқы станциялар қалыпты  жұмыс  барысында  қауіпсіз. Конструкторлар мен  электр монтажшылары ток  келетін  бөліктерге кездейсоқ  жағдайда  тиіп  кету жағдайларын   болдырмауды  ойлап  тапты.

Алайда, оқшауландырудың  түрлі  зақымданулары, сымдардың  үзілулері, бағандардағы олқылықтар, қосалқы  станциялар  мен  электр  щиттеріне  кіріп  кету кезінде адам  өмірі  үшін нақты  қауіп  туындайды.

Міне,  сондықтан  да біз  барлығымыз электр  приборлары мен электр өткізгіш сымдарды қолдану ережелерін  біліп, электр  желісі  мен қосалқы станциялардың жанында жолдасыңның тентектігін уақытында ескертуге, электр  желісінің зиянданғандығын көргенде  өзіңді  және  басқаларды ескерту  өте  маңызды.

 

Электр  приборларын  қолдану ережелері  қиын емес, және  оларды есте сақтау  оңай:

1) сендерге электр  лампалары мен  сақтандырғыштарды ауыстыруға, электр сымдары мен  тұрмыстық  приборларды  жөндеуге, теледидарлар мен радиоқабылдағыштардың артқы  қақпағын ашуға, қоңырауларды, сөндіргіштерді  және штепсельді розеткаларды орнатуға  тыйым салынады. Мұны үлкендер  не  болмаса электрик мамандар жасасын!

2) Қақпақтары  сынған сөндіргіштерді, штепсельді  розеткаларды, қос  тіл айырды, қоңырау батырмаларын,  сонымен  бірге зияндалған, күйген  және  айналып  кеткен шнурлары  бар тұрмыстық  приборларды қолдануға   тыйым  салынады. Бұл  өте  қауіпті!

Осындай  сияқты  жағдайлардың  жанынан жай  өтіп  кетпеңіз. Бұл  туралы уақытында үлкендерге  хабарлаңыз!

Сендер электр сымдарын  зақымдай  отырып, сөндіргіштердің қақпағын  ашып, қоңырау батырмаларын сындырып  тентектік  жасағанда адам  өміріне  қауіп  әкелетін  қылмысқа  тең  әрекет  жасайсыңдар.

3) адамдарды электр  тогына  түсу  қаупі электр  тогын жақсы  өткізетін  жер,  кірпіш, цементті  және  бетон  еденді ғимараттарда өте үлкен (бұл жуынатын бөлмелер,  моншалар,  сауна, гараждар, жер төлелер, сарайлар).  Мұндай  үймереттерде кернеуі 12 вольтті электр приборлары  мен  лампалары қолданылуы  керек.

Электр  тогын  жақсы  өткізетін жер, цементті,  бетон  және  басқа едені  бар үймереттер  мен  ашық  кеңістікте,  сонымен  қатар жерге  жақсы  салынған   заттар  мен  электр  аспаптарына  бір  уақытта   тиіп  кету   мүмкіндігі  де  болуы  мүмкін  құрғақ  үймереттерде 220 вольтті тасымалды  электр  лампалары  мен  электр  аспаптарын қолдануға  тыйым салынады.

4) егер  сіз электр  приборының,  құбырларға  және  су,  газ,  жылу  және  ванна құбырларының  корпусына басқа металл  заттармен  тиіп  кеткенде «шаншу» сезсеңіз,  не  болмаса сізді «шайқаған»  сияқты  болса,  онда  бұл зат қандай  да  бір  электр  желісінің  зақымдануы  салдарынан  кернеуде  тұр  дегенді  білдіреді. Бұл қауіп белгісі!

Бұдан  біршама  нашар  жағдайларда (жалаң  аяқ сулы  еденде  тұрғанда) кернеуде  тұрған мұндай  заттарға  тиіп  кету электр  тогының  әсерінен   қауіпті  өлімге  әкеп  соқтыратын жағдай болуы  мүмкін.

Мұндай  жағдайларда не істеу керек:

1) тез  арада зақымданған электр приборын желіден ажырату  керек;

2) егер құбырларда,  ваннада  және  т.б. кернеу  шықса, электр желісін электр  санауыштың сақтандырғышын  бұрап  алу  арқылы  автоматты  ажыратқыш   арқылы өшіру  керек;

3) айналаңыздағы адамдарды қауіп туралы ескерту керек.

 

Энергия  нысандарының  жанында жүріп-тұру ережелері

Энергия нысандары – бұл электр  таратушы ауа және  кабель  желілері, қосалқы станциялар, трансформаторлы қосалқы станциялар, таратушы  пунктер.

110-6 киловольтті  кернеудегі электр таратушы ауа  желілері қала  және  поселке,  сонымен  бірге елді мекендер ішіндегі  электрмен  қамтамасыз  етуге  жауап  береді. 380 вольтті  кернеудегі электр  тарату желілері көп  пәтерлі тұрғын   үйлерді  электрмен  қамтамасыз етеді, ал 220 вольт – жеке  пәтерлерді  электрмен  қамтамасыз етеді.

Қосалқы станциялар 35 киловольтті жоғары  кернеу класындағы қосалқы станцияларға және  6,10 киловольтті кернеудегі трансформаторлы қосалқы станцияларға бөлінеді. Қосалқы станциялар электр энергиясын  таратуға  және  айнымалы токты  желіде  кернеуге  дейін  төмендетуге  арналған.

Трансформаторлы  қосалқы станциялар әрбір  елді  мекенде  орналасқан  және олар  өздерінің  күшіне  қарай  халық  үшін ерекше  қауіпті!

Барлық  энергия  нысандары  өмір  үшін   нақты  қауіп туғызады!

  1. электр  тогына  түскен  көптеген қауіпті жазатайым жағдайлардың  көптегені салбырап  тұрған сымдарға жақындау  немесе  жерде үзіліп  жатқан  сымдарға  жақындау нәтижесінде болады.

0,4, 6, 10  және 35 киловольтті электр  таратушы  ауа  желісінің үзіліп  қалып   жерде  жатқан сымдары   үлкен қауіп тудырады. Мұндай кернеудегі  электр  желісінің ерекшелігі – ол үзілгеннен  кейін де кернеуде  болуы мүмкін. Электр  тогы  мұнда жерге «кетеді» де,  сым жатқан  жер учаскесі электр   потенциалында болып, мұнда сым жерден  қаншалықты түйісу  нүктесінен   қашық  болса, потенциал  соншалықты  аз  болады. Ток  әсерінен адамның аяғы  құрысып, ол  құлайды  да,  ток  тізбегі   оның  бойында дем алу мүшесі  мен  жүрек  арқылы  тұйықталады. Сондықтан  да жерде  үзіліп  жатқан  сымды көрсеңдер  ешқашан  да оған 8 метр  қашықтыққа жоламаңдар. «Бастапқы кернеу» зонасына түскендер жерден ұлтанын көтермеу керек. «Шынжыр табан» қадамымен,  яғни өкшесін жерден  алмай екінші  аяғының тұмсығын келесісіне  қойып жылжу керек.

Келеңсіз  жағдай  болмас  үшін, төмендегілерді есте сақтау керек!

1) электр  тарататын, радио  тарататушы және  байланыс желілерінің салбыраған,  үзілген  сымдарына  жақындауға  болмайды;

2) жерде  жатқан сымға 8 метр  қашықтыққа дейін  келу қауіпті;

3) электр  таратушы  ауа  желілерінің  сымдарына жақын  келгенде  сіздің  жолыңызда   салбыраған  және  үзілген сымдардың  жоқ  екендігіне көз  жеткізіңіз.

Сынған  бағандарды,  үзілген  және  салбыраған  сымдарды  көрсеңіз басқа  адамдар, жануарлар  сымға  тимейтіндей зақымданған  орынға күзетті ұйымдастырыңыз. Күзетті үзуге болмайды! Адамдарды айғайлап  шақырып алуға   тырысыңыз, өз  орныңызға соларды қалдырып, өзіңіз  болған  жағдай  туралы үлкендердің біріне  хабарлаңыз. Егер жақын арада адамдар   болмаса,  өзіңіздің қолыңызда  бар  материалдар:  таяқшалар, ағаш  бұтағынан қоршау  жасаңыз. Тек осыдан  кейін ғана авария  туралы   хабарлау   жасауға кетуге  болады.

  1. әрбір адам жер,  бетонды  немесе  кірпіш  еден  электр  тогын  өткізетіндігін   білуі  керек. Сондықтан  да, осындай еденде  тұрған  және оқшауланбаған  немесе  зақымданған  сымға денесі  тиіп  кеткен  адам өліп  кетуі  мүмкін.
  2. ағаштар немесе  бұталардың басында орналасқан  немесе  оларға  жақын  орналасқан  ауа  желілерінің сымдары  үлкен  қауіп  тудырады. Мұндай ағаштарға жоламаңыз және ылғалды  ауа райы  кезінде оларды тербемеңіз! Олар электр  тогын  өткізгіштер  болып саналады.
  3. трансформаторлы қосалқы станциялар мен электр  таратушы  ауа  желілерінің жанында ойнау қайғылы  оқиғаларға әкеп  соғады,  сонымен бірге  балалардың  тентектігі  мен сонтақтығы де  қайғылы  оқиғаға  әкеп  соғады.
  4. кернеуге  түсу және осы ток  жүретін бөліктерге жақын тию  қауіпті. Электр  қондырығысы  мен  адам  денесінің  аралығындағы  ауада  электр  доғасы  шығып, өмірге  қауіпті  күйік салады.

Есте  сақтаңдар,  мүлдем тыйым  салынады:

1) қосалқы станциялар мен  электр  таратушы  ауа  желілерінің  жанында  ойнауға;

2) ауа  желісінің  сымдарына  заттарды  лақтыруға   жіне  олардың  жанында «ұшыратын батпырауықты» жіберуге;

3) ауа желілерінің  бағандарына  мінуге, оларға  саты  және  басқа  да  заттарды  қоюға;

4) қоршауларға кіруге,  қосалқы станциялардың  ішіне  кіруге  немесе қақпақтарын ашуға, электр  щиттерінің  есіктерін ашуға;

5) үйлер мен  ғимараттардың шатырына  шығуға, сонымен  қатар олардың  жанынан  электр  таратушы  желілер  өтетін  болса шатырдағы  есіктерін  ашуға;

6) электр  таратушы желілер мен  қосалқы  станциялардың жанына  мүлде жақындауға; тұрақтар орнатуға, шатыр  тігуге, от  жағуға, балық аулауға.

 

Адам  ағзасына  электр тогының  әсері

Электр тогының  қаупі адам  ағзасында электр  тогын  қашықтыққа  сезетін  арнайы  мүшесі  жоқ. Электр  тогы түссіз, иіссіз  және шусыз әсер  етеді. Электр қондырғысы кернеуде  немесе  токта  тұрғандығын арнайы  приборлардың көмегінсіз сезу қиын. Бұл  адамдардың   қауіпті көбінесе  сезінбей,   қажетті   қорғаныс  шараларын қолданбауына  әкеп соқтырады.

Адам  денесінен  өткен  электр  тоғы биологиялық, электролитті,  механикалық  және  термикалық  әсер етеді.

 

Заңсыз  әрекеттер мен  олардың  салдары

Энергия нысандарынан түрлі-түсті  және  қара металл сымдардың  ұрлануы  туралы ерекше атап  өткен  жөн. Бұл  заңға  қарсы  әрекеттер  авариялық  жағдайлар  туындатып, денсаулық  сақтау мекемелерінің,  мектептердің,  бала-бақшалардың  электр  энергиясымен  қамтамасыз  етілу  сенімділігін  күдікті  мәселе  етеді. Мұнда ұрылар өздерінің  денсаулықтарына  зиян  келтіріп, тіпті  өміріне  өте  қауіпті  жағдайларға  ұшырайды. Энергия  нысандарына  жасырын  кірген  ұрылар көптеген  жағдайларға өлім  қатеріне   ұшырап  жатады,  олардың  ішінде  балалар  мен  жасөспірімдер  де  бар.

Өз  өмірлеріне қауіп  төндіре  отырып  олар басқа  адамдардың  денсаулықтарына  және  өміріне  зиян келтіріп, өздерінің  жеке  бастарының  қауіпсіздігіне  нұқсан  келтіреді. Олар  көбінесе  электр  тогы  келтіретін   зиян  туралы  ойлана  бермейді, ал  егер санасы  оянған  жағдайда пайда табу  үстемдік  етеді. Кейде шауып  тасталған ағаш  немесе  ұрланған сым жер  бетіндегі ең  маңызды құндылық – адам өміріне  тең  түседі.

Электр желісін  зақымдаған  тұлға келтірген шығынды  өтейді,  сонымен  бірге Заң  тәртібінде  бекітілген   жауапкершілікке  тартылады.

Электр  қауіпсіздігі бойынша  ескертуші  белгілер

Электр қондырғыларына кездейсоқ кіріп  кетуді  болдырмас  үшін, және  осы арқылы  адамдарды электр тогына  түсіп қалуды ескертетін арнайы  ескертугі белгілер мен  плакаттар  бар. Олар кез-келген  электр  кернеуіндегі ауа  желілерінің бағандарына, электр  жабдығы  тұрған түрлі  электр  щиттерінің  есіктеріне,  электр  қондырғысын   қоршап тұрған   қоршаулар  мен дуалдарға ілінеді  немесе жазылады. Мұндай  белгілердің  болуы  электр  жабдығына  халық  тарапынан кіруге  немесе  электр  таратушы  желілердің  бағандарға көтерілуге  тыйым салынатындығын  білдіреді.

Информация о работе «Электр қауіпсіздігі» тақырыбы бойынша білім беру мекемелерінде сыныптан тыс сағат өткізуге арналған дәріс