Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 14:24, реферат
Тұтынушыларды энергетикалық және технологиялық жүйелердің қосалқы жүйесі ретінде электрлік жабдықтау.
Өндіріс орындарының электрлік жабдықтау жүйесі жергілікті өндірістік, көліктік, коммуналдық және ауылшаруашылық тұтынушылардың комплексті электрлік жабдықтауын қамтамасыз ететін энергетикалық жүйенің қосалқы жүйесі болып табылады. Сонымен бірге өндіріс орындарының электрлік жабдықтау жүйесі электрлік жабдықтауға белгілі бір талаптар қоятын сол өндіріс орнының технологиялық жүйесінің қосалқы жүйесі болып табылады.
1.№1 дәріс. Электр жүктемелерінің графиктері ................................................ 4
2.№2 дәріс. Электр энергияны өнеркәсіптік тұтынушылардың
сипаттамалары 8
3.№3 дәріс. Өнеркәсіп орындарындағы электрлік жүктемелер .......................12
4.№4 дәріс. Электр қабылдағыштар және жүктеме графиктерін сипаттайтын көрсеткіштер .........15
5.№5 дәріс. Электр жүктемелерін әртүрлі тәсілдер арқылы анықтау .............19
6.№6 дәріс. Реактивті қуатты өтемелеу .............................................................. 25
7.№7 дәріс. Реактивті қуатты өтемелеу (тақырыптың жалғасы) ..................... 29
8.№8 дәріс. Реактиві қуатты өтемелеу (тақырыптың жалғасы).........................34
9.№9 дәріс. 1 кВ-қа дейінгі кернеуде электр энергиясын тарату..................... 38
10.№10 дәріс. 1000 В-қа дейінгі желілер үшін қорғаныс аппаратурасы ..........41
11.№11 дәріс. 1000 В –қа дейінгі сымдар мен кабельдердің қорғанысын және қимасын таңдау ..................................................................................................... 44
12.№12 дәріс. Кернеуі 1кВ-тан жоғары электр торабы ...................................48
13.№13 дәріс. Жоғары кернеулі желілердің электрлік есебі ………………… 53
14.№14. дәріс. Өндірістік кәсіпорындардағы қосалқы станциялар …………..55
15.№15 дәріс. Өндірістік мекемелердің қосалқы станциялары ……………....58
16.№16 дәріс. Электр энергиясының сипаттамасы …………………………....62
17.№17дәріс. Электр энергиясын есепке алу. Электр қауіпсіздігінің қорғау шаралары .........66
Әдебиеттер тізімі ......................................................
Активті қуаттың Рм, реактивті қуаттың qм, Qм , толық қуаттың sм, Sм және токтың iм, Iм максималды мәндері бір уақыт мезгіліне сәйкес келетін орташа шамалының ең үлкен шамалары. Максималды жүктемелер сол немесе басқа уақыт периоды ішінде пайда болу жиілігімен сипатталады.
Ұзақтық бойынша максималды жүктемелер екі түрге бөлінеді:
а) электрмен жабдықтау
жүйе элементтерін таңдау үшін қызу және
олардағы максималды қуат шығынын есептеу
бойынша анықталатын
б) желідегі кернеудің өзгеріс көлемін тексеру үшін, түйіспелі желідегі кернеу шығынын анықтау үшін, электр қозғалтқыштың өзіндік қосу шарты бойынша желіні тексеру үшін, сақтандырғыштың балқымалы ендірмесін таңдау үшін, максималды тоқ релелік қорғаныстың іске қосылу тоғын есептеу үшін қажетті болатын ұзақтығы 1-2 с бар максималды қысқа мерзімді жүктеме.
Есептік жүктемелер
Рұқсат етілген қызу бойынша
есептік жүктеме дегеніміз - ең көп
жылулық әсер ету бойынша өзгеретін
жүктемеге эквивалентті электрмен
жабдықтау элементінің
Орташа жүктеменің максимумы туралы түсінік
Өткізгіштегі орташа қуаттың шығыны, оның орташа аса қызуы орташа квадратты ток Iск арқылы анықталады. Тек жүктеме уақыт бойынша өзгермейтін жағдайдан басқа жағдайларда, аса қызу бірдей болған кезде орташа аса қызу өткізгіштің максималды аса қызуынан аз болады. Жалпы жағдайда келесі түрде жазуға болады
Iм³ Iр³ Iск³ Iс
мұндағы Iм-берілген графиктегі токтың ең үлкен мәні.
Активті қуат бойынша жүктемелер графигі үшін келесі теңсіздік сәйкес
Рм³ Рр³ Рск³ Рс.
Бұл теңсіздік жеткілікті, бірақ көп жағдайда есептік жүктеменің Рр өте қате бағалауын береді. Рр ең дәл шаманың бағалауын Т уақыт интервалы ішінде Рм,т орташа жүктеменің максимум түсінігін қолдану көмегімен алуға болады.
Орталандыру интервалының оптималды (тиімді) ұзақтығы Тоср өткізгіштің То үш уақыт тұрақтысына Тоср=3То тең деп қабылданады, өйткені осы уақыт ішінде жүктеме өзгермеген кезде өткізгіштің аса қызуы тұрақталған мәннің 95% жетеді. Сол себептен, Тоср=3То уақыт интервалында максималды орташа жүктеме есептік жүктеме ретінде қабылданады, Рр ≈ Рм.
Сонымен, рұқсат етілетін қызу бойынша айнымалы жүктеме графигі кезінде есептік жүктеме Рр ретінде ұзақтығы әртүрлі (0,5; 0,75; 1; 1,5; 2; 2,5сағ.) максималды жүктемелерді қолданады, ал жүктеме графигі аз ауысатын (тұрақты) жағдайда орташа жүктеме қолданылады.
№4 дәріс. Электр
қабылдағыштарды және олардың жүктеме
графиктерін сипаттайтын
Дәрістің мазмұны:
-электр қабылдағыштардың
сипатты көрсеткіштері мен
Дәрістің мақсаты:
-жүктемелерді есептеу кезінде көрсеткіштерді дұрыс қолдана білу.
Жүктемені есептеу және зерттеу кезінде жүктеме графиктерінің кейбір өлшемсіз көрсеткіштері (коэффициенттері) қолданылады, олар электр қабылдағыштардың уақыт немесе қуат бойынша жұмыс режимін сипаттайды.
Қажетке жарату қолданыс коэффициенті
Қажетке жарату коэффициенті
жүктемені есептеу кезінде
Электр қабылдағыштың Ки.а немесе электр қабылдағыштар тобының Ки.а
активті қуаты бойынша қажетке жарату қолданыс коэффициенті деп әрбір электр қабылдағыштың (немесе қабылдағыштар тобының) орташа активті қуатының оның номиналды мәніне қатынасын айтады
Бұл коэффициент, орташа жүктеме Рс, Рс сияқты ең жүктелген ауысымға (смена) қатысты.
Активті қуат бойынша жүктеме графигі үшін электр қабылдағыштың активті қуатының орташа қажетке жарату коэффициенті сол кезеңде (ауысымда) келесі формуламен анықталады
мұндағы Wа -электр қабылдағышының ауысым ішінде кезеңде қолданған энергия, Wа,возм-электр қабылдағышының ауысым бойы номиналды болып жүктелген жағдайда тұтынуға болатын (мүмкін) энергиясы.
Қосылу коэффициенті
Электр қабылдағышты қосылу коэффициенті кв деп циклдағы қосылу ұзақтығының tв сол циклдың бүкіл ұзақтығына tц. қатынасын айтады.
Электр қабылдағышты циклдағы қосылу уақыты оның жұмыс уақыты tр мен бос жүріс уақытының tх қосындысына тең
7 Сурет - Активті қуат бойынша жүктеменің жеке графигі
Электр қабылдағыштар тобының қосылу коэффициенті немесе топтық қосылу коэффициенті Кв деп сол топқа кіретін барлық электр қабылдағыштарының қосылу коэффициенттерінің орташа мәнін айтады (номиналды активті қуат бойынша). Ол келесі формуламен анықталады
Активті қуат бойынша жүктеме графигінің қосылу коэффициенті келесі өрнектен анықталады (7 сурет).
Жүктелу коэффициенті
Электр қабылдағыштың активті қуаты бойынша жүктелу коэффициенті tз.а деп циклдың tц уақыт аралығында іске қосылу уақыты tв ішіндегі қуаты Рс,в тұтынатын орташа активті қуатының номиналды қуатына қатынасын айтады
Активті қуат бойынша топтық жүктелу коэффициенті деп кз,а топтық қажетке жарату қолданыс коэффициентінің ки,а топтық қосылу коэффициентіне Кв қатынасын айтады
Жүктелу коэффициенті қосылу коэффициенті сияқты технологиялық процестерге байланысты және электр қабылдағыштың жұмыс режимі өзгерген кезде өзгереді.
Жүктеме графигі үшін жүктелу коэффициенті келесі формуламен анықталады
Ол жұмыс уақыты ішінде, яғни қосылу уақытында, электр қабылдағыштың қажетке жарату дәрежесін көрсетеді. Мынандай өрнек алуға болады
Жүктеме графигінің пішін коэффициенті
Жүктеме графигінің пішін коэффициенті кф1, Кф1 деп белгілі уақыт ішінде электр қабылдағыштың немесе қабылдағыштар тобының орташа квадраттық тоғының (немесе орташа квадраттық толық қуаттың) сол уақыттағы орташа мәніне қатынасын айтады.
немесе активті және реактивті қуаты бойынша
Пішін коэффициент графиктің уақыт бойынша бірқалыпты еместігін сипаттайды, ол өзінің ең төмен 1-ге тең мәніне жүктеме уақыты бойынша тұрақты болған кезде ие болады. Көбінесе процесі ритмдік өндірістік орындарда Кф,а 1,05-тен 1,15-ке дейін өзгереді.
Максимум коэффициенті
Активті қуат бойынша максимум коэффициенті км.а Км,а зерттеліп отырған уақыт ішіндегі рр, Рр есептік активті қуаттың рс, Рс орташа жүктемеге қатынасын айтады.
Зерттеліп отырған уақыт
ең жүктелген кезеңге тең
Активті қуаттың Км,а максимум коэффициентін nэ және Ки,а функциясы арқылы сипаттауға болады (8 сурет).
Қисықтар То=10 минут уақыты үшін тұрғызылған, яғни орташаландырылған интервалдың ұзақтығы Тоср=3То=30 минут үшін (жарты сағаттық максимум). Қимасы үлкен өткізгіштерге бұл аралық сәйкес келмейді.
Сондықтан Т>>10 минуты үшін
тұрғызылған қисық бойынша
мұндағы Км Тоср=30 минут үшін алынған.
8 Сурет - Км= f(Кижәне nэ) анықтауға арналған қисық
Сұраныс коэффициенті
Активті қуат бойынша сұраныс коэффициенті кс есептік қуаты Рр электр қабылдағыштар тобының номиналды қуатына қатынасын айтады.
Әртүрлі қабылдағыштар топтарының Кс мәндерін әртүрлі өндірістер үшін анықтамалардан алады
Анықтамаларда Кс,а мәні тұрақты және электр қабылдағыштардың санына тәуелді емес, яғни олар тек үлкен Ки,а мен n үшін тұрақты болатын Кс,а үшін сәйкес.
Жүктеме графигінің толу коэффициенті
Активті қуат бойынша жүктеме графигінің толу коэффициенті Кз.г,а деп зерттелген уақыт периоды ішінде орташа активті қуаттың максималды қуатқа қатынасын айтады
Зерттелетін уақыт периоды ең жүктелген кезеңнің ұзақтығына тең деп алынады. Кз.г,а мәнін жобалау кезінде анықтамалардан алады.
Жүктеме максимумының әр мезгілдік коэффициенті
Активті қуат бойынша жүктеме максимумының әр мезгілдік коэффициенті деп электрмен жабдықтау жүйе түйінінің соммалы есептік активті максимумның осы түйінге кіретін жеке электр қабылдағыштар топтарының есептік активті қуатының максимумының қосындысының қатынасын айтады
Бұл коэффициент жеке электр
қабылдағыштар тобының уақыты бойынша
жүктеме максимумның ығысуын
сипаттайды, соның арқасында жеке
топтардың максимумдарының
Жылдық энерго
қолданыс бойынша ауысымдық
Wг – жылдық электр энергия шығыны.
Wг=Рсг×Тг,
Тг – жұмыс уақытының жылдық қоры
Электр қабылдағыштардың келтірілген (эффективті) санын анықтау
Номиналды қуат және әртүрлі жұмыс режимі бойынша электр қабылдағыштар тобының келтірілген (эффективті) саны деп жұмыс режимі бойынша бірқалыпты қуаттары бірдей электр қабылдағыштарын айтады. Олар қарастырылатын номинал қуаттары және жұмыс режимі бойынша түрлі қабылдағыштар тобы сияқты есептік жүктемені қамтамасыз етеді.
Электр қабылдағыштар тобының эффективті санын келесі формуламен анықтайды
Мұнда, алымында берілген топтың
барлық электр қабылдағыштарының номиналды
активті қуаттарының
№5 дәріс. Электр жүктемелерін әр түрлі әдістер арқылы анықтау
Дәрістің мазмұны:
- орташа және есептік жүктемелерді анықтау.
Дәрістің мақсаты:
- жүктеме есептеуінің әдістері (негізгі және қосымша).
Орташа жүктемені анықтау
Жұмыс режімдері бірдей күштік
электр қабылдағыштар тобының ең
үлкен жүктелген кезеңдегі
Рсм=Ки,а×Рном .
Жұмыс режімдері бірдей күштік қабылдағыштар тобының (тоғы қалатын) ең үлкен жүктелген кезеңдегі орташа реактивті қуаты келесі формуламен анықталады:
а) Qсм=Ки.р.×Qном;
б) Qсм=Рсм×tgj.
Ал тоғы озатын қабылдағыштардың (СҚ, КБ) реактивті жүктемелері «-» таңбасымен алынады.
Әртүрлі жұмыс режімде істейтін электр қабылдағыштар тобына кіретін электрмен жабдықтау жүйе түйінінің ең үлкен жүктелген кезеңдегі орташа активті қуаты Рсм
Жүктеме түйінінің орташа реактивті қуаты
мұндағы Qсм,i – тоғы қалатын электр қабылдағыштардың i -ші тобының ең жүктелген кезеңдегі орташа реактивті қуаты;
n – берілген түйінге кіретін әртүрлі режімде жұмыс істейтін тоғы қалатын электр қабылдағыштар тобының саны;
Qсм.сд,I – ең жүктелген кезеңдегі синхронды қозғалтқыштардың орташа реактивті қуаты;
Информация о работе Электр энергиясын есепке алу. Электр қауіпсіздігінің қорғау шаралары