Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 16:25, реферат
Біздің заманымызда қоғамның өндірістік қүштері дамуының ең басты көрсеткіші - өндіріс және энергия тұтыну дәрежесі. Сонда жетекші рөл атқаратын электр энергиясы – энергияның әмбебап және пайдалануға ыңғайлы түрі. Егер энергия тұтыну дүние жүзінде 25 жылда (шамамен) екі есе артады десек, электр энергиясын тұтыну орта есеппен 10 жылда екі есе артады. Бұл – энергия ресурстарын жұмсаумен байланысты процестер саны үсті-үстіне электр энергиясына көшеді деген сөз.
Электр энергиясын өндірү және пайдалану.

Электр энергиясын өндіру. Электр энергиясын үлкенді-кішілі электр станцияларында негізінде электр механикалық индукциялық генераторлар арқылы өндіріледі. Электр станциясының негізгі екі түрі бар:жылу және гидроэлектр станциялары. Бұл электр станциялардың бір-бірінен айырмашылығы генератордың роторын айналдыратын қозғалтқыштарының әр түрлілігінде.
Жылу электр станцияларында энергия көзі ретінде мынадай отындар пайдалынылады: көмір, газ, мұнай, мазут, жанғыш сланец. Электр генераторларының роторын бу және газ турбиналары не іштен жану қозғалтықышы айналдырады. Ең үнемділері жылулық бу турбиналы ірі электр станциялары (қысқаша ЖЭС). Біздің еліміздегі жылулық ЖЭС-тің дені отын есебінде көмір тозаңын жұмсайды. Содан 1 кВт /сағ электр энергиясын өндірі үшін бірнеше жүз грамм көмір шығындалады. Бу қазанында отынның шығаратын энергиясының 90%-тен көбі буға беріледі. Турбинада бу ағынының кинетикалық энергиясы роторға беріледі. Турбина білігі генератор білігімен мықтап жалғастырылған. Бу турбогенераторлары өте шапшаң айналады: айналым саны минутына бірнеше мыңға барады.
Жұмыстық дененің бастапқы температурасының артуымен жылу ПЭК-і өсетіні Х сыныптан сыныптын физика курсынан мәлім. Сондықтан турбинаға берілетін буды жоғары параметрлерге: температураны -550o С-қа, қысымды 25 МПа-ға жеткізеді. ЖЭС-тің пайдалы әсер коэффиценті 40%-ке жетеді. Мұнда энергияның көбісі пайдалынылған ыстық бумен шығып кетеді.
Жылу электр орталығы (ЖЭО) деп аталатын арнаулы жылу электр станциялары пайдалынылған бу энергиясының недәуір бөлігінен өнеркәсіп орындарында және тұрмыс қажетіне (үйді жылытуға керекті,суды ысыту және ыстық сумен қамтамасыз ету)