Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 10:37, лекция
Қоғам дамыған сайын энергия тұтыну қажеттігі қарқындап өсе түседі. Әсіресе электр энергиясының орны ерекше, себебі энергияның басқа түрлерімен салыстырғандағы, оның бірнеше артықшылықтары электр энергиясын өте аз шығынмен энергияның кез келген басқа түріне оңай айналдыруға және оны алыс қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік береді.
Электр энергиясы айнымалы токтың индукдиялық генераторларынан әр түрлі электр станцияларында өндіріледі. Электр станциялары көмір мен мұнай қорларының жанында (жылу электр станциялары) немесе өзен-сулардың бойында (су электр станциялары) тұрғызылады.
Электр энергиясын өндіру және жеткізу
Уикипедия жобасынан алынған мәлімет
Қоғам дамыған сайын энергия
тұтыну қажеттігі қарқындап өсе
түседі. Әсіресе электр энергиясының
орны ерекше, себебі энергияның басқа
түрлерімен салыстырғандағы, оның бірнеше
артықшылықтары электр энергиясын өте
аз шығынмен энергияның кез келген
басқа түріне оңай айналдыруға және
оны алыс қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік
береді.
Электр энергиясы айнымалы токтың индукдиялық
генераторларынан әр түрлі электр станцияларында
өндіріледі. Электр станциялары көмір
мен мұнай қорларының жанында (жылу
электр станциялары) немесе өзен-сулардың бойында
(су
электр станциялары) тұрғызылады. Жылу электр стандияларында
отынның (мысалы, көмірдің) жылу энергиясы
электр энергиясына түрленеді. Жоғары
қысымда қызған бу ағыны бу турбинасының
роторын айналдырады, сонда онымен бір
оське орнатылған генератордың роторы
да айналады. Су электр станцияларында
судың механикалық энергиясы электр энергиясына
түрленеді. Өзенді бөгеп, платинамен суды
биікке көтереді. Биіктен гидравликалық
турбинаның қалақшаларына құлаған су
ағыны оны генератордың роторымен қос
Қазіргі кезде дүние жүзінде өндірілетін
электр энергиясының біраз бөлігі атом
электр станцияларында өндіріледі. Мұнда
ауыр ядролардың тізбекті реакциясы кезінде
бөлінген атомныңішкі
энергиясы электр энергиясына түрленеді.
Тізбекті реакция ядролық реактор деп
аталатын қондырғыларда жүреді. Бұл туралы
біз ядролық физика тарауында кеңірек
айтамыз. Электр станцияларының отын немесе
су қорларының жанында орналасуынан, электр
энергиясын тұтынушыға дейін жеткізу
мәселесі туады. Алыс қашықтыққа электр
тасымалдау желісінде шығын көбейеді.
Джоуль-Ленц заңы бойынша
, ал
— екенін ескерсек, электр желісінің ұзындығы
артқан сайын, шығын да көбейеді. Оны қалай
азайтуға болады?
Кедергіні азайту үшін сымдардың көлденең
қимасының ауданын арттыру (жуан сымдарды
пайдалану) немесе меншікті кедергісі
аз материалдарды (мысалы, күмісті) қолдану
керек. Бұл екі жолдың да іс жүзінде тиімділігі
жоқ екені өз-өзінен түсінікті. Джоуль—Ленц
заңының өрнегіне қарасақ, шығынды азайтудың
тағы бір жолы — ток күшін азайту екенін
көреміз. Бірақ берілетін қуат өзгермей
қалуы тиіс. Қуат ток күші мен кернеудің
көбейтіндісіне тең болғандықтан, ток
күшін неше есе азайтсақ, кернеуді сонша
есе арттыру керек. Олай болса, электр
энергиясын жеткізу мәселесі токты трансформациялаумен
байланысты.
Генератордың өндіретін кернеуі
, ал жүктеменің тұтынатын кернеуі
болсын. Онда
, мұндағы
— желінің толық кедергісі. Әдетте, желінің
активті кедергісі оның реактивті кедергісінен
әлдеқайда артық болып келеді. Сондықтан
желідегі кернеудің түсуі оның активті
кедергісімен анықталады:
. Олай болса, желідегі энергия шығыны
былай есептеледі:
Генератордың берілген қуаты үшін желідегі энергия шығыны оған түсірілген кернеуге кері пропорционал.
Генератордың қуаты тұрақты болғанда, желіге берілген кернеудің және мәндері үшін энергия шығынын есептейік:
бұлардың қатынасы:
Егер желіге берілетін кернеу жеткілікті түрде жоғары болмаса,
уақыт бірлігі ішінде сымдардағы шығын
генератордың қуатынан асып кетуі мүмкін,
онда энергия тұтынушыға мүлдем жетпей
қалады. Осы айтылғандардан электр желісіне
жоғары кернеу беру керек екені түсінікті.
Айнымалы ток генераторларының өндіретін
кернеуі жуықтап алғанда 20 кВ-тан аспайды.
Сондықтан электр станцияларында жоғарылатқыш
трансформаторлар қойылады. Әдетте, кернеу
бірнеше саты жоғарылатылып барып, электр
желісіне беріледі. Желінің аяғында кернеу
бірнеше саты төмендетіліп, бұдан соң
тұтынушыға беріледі. Біздің елде 220 В
кернеу кеңінен қолданылады.
Тұрақты токты желімен тасымалдаса, шығын
айнымалы токпен салыстырғаыда әлдеқайда
аз болар еді. Біріншіден, қайта магниттелуге
шығын жоқ, екіншіден, реактивті кедергі
нөлге тең. Бірақ тұрақты токты трансформациялауға
болмайды, трансформатор электромагниттік
индукцияның негізінде жұмыс істейді
ғой. Алдымен, айнымалы
токты жоғары кернеуге трансформациялап,
содан кейін оны түзетіп, желіге жіберуге
болады. Тұтынушыға жеткен соң тұрақты
токты қайтадан айнымалы токқа айналдырып,
кернеуді қажет мәнге дейін төмендетуге
болар еді. Бірақ тұрақты токты қайтадан
айнымалы токқа айналдырудың қиыншылықтары
бар. Сондықтан қазіргі кезде, негізінен,
айнымалы ток қолданылады.
Қазіргі кезде адамзат қоғамының өмірін
энергиясыз елестету мүмкін емес. Кеш
бата бәріміз электр жарығымен өмір сүреміз,
үйдегі көптеген электр құралдары, демалыс,
көңіл көтеру орындарының тіршілігі, бүкіл
өндіріс, өнімдерді өңдеу, басқа да қажетті
заттарды жасау технологиялары электр
энергиясын қолдана отырып жүзеге асатынын
білеміз.[1]
Пайдаланылған әдебиет[өңдеу]