Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 20:58, реферат
Электр қондырғылары – бұл энергетиктер пайдаланатын жабдықтар, сонымен бірге біздің күнделікті тұрмысымыздағы барлық тұрмыстық приборлар.
Оқшауланбаған сымдар мен электр қондырғысының ток жіберетін бөліктеріне жақындаған адам электр тізбегіне қосылған кернеуге түседі. Кернеу әсерімен оның денесінен адам ағзасының қалыпты жұмысын бұзатын электр тогы өтіп, соның салдарынан адамның денесі құрысып-тартылып, дем алуы тоқтап, жүрек қағысы тоқтайды. Адам денесінің бір бөліктері күйіп, ол ауыр күйік жарақаттарын алады. Адам өмірі тоқтайды, не болмаса ол мүгедек болып қалады.
1.Кіріспе................................................................................................................2
2.Электроизмерительные приборы...................................................................3
3.Магазин сопротивления..................................................................................14
4.Мегаомметр.Измерение мегомметром сопротивления изоляции..............................................................................................................15
5.Стабилизатор напряжения типа ИСН-1...........................................................17
6.Потенциометрической установки постоянного тока У355............................19
7.Установка для поверки счетчиков,амперметров и вольтметров У1134м..................................................................................................................20
8.Электр кауіпсіздігі..............................................................................................22
9.Корытынды.........................................................................................................29
10.Әдебиеттер тізімі.............................................................................................31
1.Кіріспе.....................
2.Электроизмерительные
3.Магазин сопротивления.......
4.Мегаомметр.Измерение мегомметром сопротивления
изоляции......................
5.Стабилизатор напряжения
6.Потенциометрической
7.Установка для поверки
8.Электр кауіпсіздігі.........
9.Корытынды...................
10.Әдебиеттер тізімі..........
Әлемдегі ең үлкен
Бұл магистральдың қызмет
Суға тапшы аудандарды суды жеткізу басты міндеттердің бірі. Өзен, Жетібай, Теңге, Қаламқас, Қаражамбас және де тағы басқа мұнай көздерінің ашылуына байланысты Маңғышлақ бұғазы республикамыздың маңызды да мақтан тұтар өндірістік өлке айналды. Тиістілі елді мекендердегі судың сапасының сұранысы жоғарылай түсті. Бұл проблеманы шешу үшін Астрахань – Маңғышлақ магистралін салуды қолға алынды сол жылы проекты жасалып бұл проект мақұлданып 1985 жылы магистраль құрылысы басталды. Оған қоса магистральмен бірге сорғыштар станцияларымен тазалау обьектілері салына бастады. Екі жыл ішінде бұл магистраль толықтай салынып бітті. Магистраль уникальды проект, себебі, ұзындығы 2000 км ге жуық және ортасында тазалау және реттеу жүйелері бар. 1988 жылы керекті эксперименттерден кейін қолданысқа берілді. Сол уақыттан бастап бұл магистраль «өмір жолы» деп атала басталды.
«Электр қауіпсіздігі»
Электр қондырғылары – бұл энергетиктер пайдаланатын жабдықтар, сонымен бірге біздің күнделікті тұрмысымыздағы барлық тұрмыстық приборлар.
Оқшауланбаған сымдар мен электр қондырғысының ток жіберетін бөліктеріне жақындаған адам электр тізбегіне қосылған кернеуге түседі. Кернеу әсерімен оның денесінен адам ағзасының қалыпты жұмысын бұзатын электр тогы өтіп, соның салдарынан адамның денесі құрысып-тартылып, дем алуы тоқтап, жүрек қағысы тоқтайды. Адам денесінің бір бөліктері күйіп, ол ауыр күйік жарақаттарын алады. Адам өмірі тоқтайды, не болмаса ол мүгедек болып қалады.
Адам денесінен өтетін ток қаншалықты көп болса, ол соншалықты оның өміріне қауіпті!
Адам токқа түсіп қалған ток кернеудің жоғары болуына байланысты.
Қауіпсіз деп 12 вольтті кернеу саналады. Ал өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында, және тұрмыста біршама кеңінен таралған электр желілері 220 - 380 вольтті (220 вольт – жарықтандыру және тұрмыстық асапаптар үшін, 380 вольт – үш фазалы электр қозғалтқыштары үшін). Бұл кернеу экономикалық жағынан үнемді, бірақ адам үшін қауіпті. Көптеген өмірге қауіпті жазатайым оқиғалардың көбі 220-380 вольтті кернеуге түскен адамдардың оқиғаларына байланысты болған.
Сіздер күнделікті тұрмыста, үйде және мектепте қолданатын электр приборлары, сіз күнде жанынан өтіп жүрген ауладағы, көшедегі электр желілері мен қосалқы станциялар қалыпты жұмыс барысында қауіпсіз. Конструкторлар мен электр монтажшылары ток келетін бөліктерге кездейсоқ жағдайда тиіп кету жағдайларын болдырмауды ойлап тапты.
Алайда, оқшауландырудың түрлі зақымданулары, сымдардың үзілулері, бағандардағы олқылықтар, қосалқы станциялар мен электр щиттеріне кіріп кету кезінде адам өмірі үшін нақты қауіп туындайды.
Міне, сондықтан да біз барлығымыз электр приборлары мен электр өткізгіш сымдарды қолдану ережелерін біліп, электр желісі мен қосалқы станциялардың жанында жолдасыңның тентектігін уақытында ескертуге, электр желісінің зиянданғандығын көргенде өзіңді және басқаларды ескерту өте маңызды.
Электр приборларын қолдану ережелері қиын емес, және оларды есте сақтау оңай:
1) сендерге электр лампалары мен сақтандырғыштарды ауыстыруға, электр сымдары мен тұрмыстық приборларды жөндеуге, теледидарлар мен радиоқабылдағыштардың артқы қақпағын ашуға, қоңырауларды, сөндіргіштерді және штепсельді розеткаларды орнатуға тыйым салынады. Мұны үлкендер не болмаса электрик мамандар жасасын!
2) Қақпақтары сынған сөндіргіштерді, штепсельді розеткаларды, қос тіл айырды, қоңырау батырмаларын, сонымен бірге зияндалған, күйген және айналып кеткен шнурлары бар тұрмыстық приборларды қолдануға тыйым салынады. Бұл өте қауіпті!
Осындай сияқты жағдайлардың жанынан жай өтіп кетпеңіз. Бұл туралы уақытында үлкендерге хабарлаңыз!
Сендер электр сымдарын зақымдай отырып, сөндіргіштердің қақпағын ашып, қоңырау батырмаларын сындырып тентектік жасағанда адам өміріне қауіп әкелетін қылмысқа тең әрекет жасайсыңдар.
3) адамдарды электр тогына түсу қаупі электр тогын жақсы өткізетін жер, кірпіш, цементті және бетон еденді ғимараттарда өте үлкен (бұл жуынатын бөлмелер, моншалар, сауна, гараждар, жер төлелер, сарайлар). Мұндай үймереттерде кернеуі 12 вольтті электр приборлары мен лампалары қолданылуы керек.
Электр тогын жақсы өткізетін жер, цементті, бетон және басқа едені бар үймереттер мен ашық кеңістікте, сонымен қатар жерге жақсы салынған заттар мен электр аспаптарына бір уақытта тиіп кету мүмкіндігі де болуы мүмкін құрғақ үймереттерде 220 вольтті тасымалды электр лампалары мен электр аспаптарын қолдануға тыйым салынады.
4) егер сіз электр приборының, құбырларға және су, газ, жылу және ванна құбырларының корпусына басқа металл заттармен тиіп кеткенде «шаншу» сезсеңіз, не болмаса сізді «шайқаған» сияқты болса, онда бұл зат қандай да бір электр желісінің зақымдануы салдарынан кернеуде тұр дегенді білдіреді. Бұл қауіп белгісі!
Бұдан біршама нашар жағдайларда (жалаң аяқ сулы еденде тұрғанда) кернеуде тұрған мұндай заттарға тиіп кету электр тогының әсерінен қауіпті өлімге әкеп соқтыратын жағдай болуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда не істеу керек:
1) тез арада зақымданған электр приборын желіден ажырату керек;
2) егер құбырларда, ваннада және т.б. кернеу шықса, электр желісін электр санауыштың сақтандырғышын бұрап алу арқылы автоматты ажыратқыш арқылы өшіру керек;
3) айналаңыздағы адамдарды қауіп туралы ескерту керек.
Энергия нысандарының жанында жүріп-тұру ережелері
Энергия нысандары – бұл электр таратушы ауа және кабель желілері, қосалқы станциялар, трансформаторлы қосалқы станциялар, таратушы пунктер.
110-6 киловольтті кернеудегі электр таратушы ауа желілері қала және поселке, сонымен бірге елді мекендер ішіндегі электрмен қамтамасыз етуге жауап береді. 380 вольтті кернеудегі электр тарату желілері көп пәтерлі тұрғын үйлерді электрмен қамтамасыз етеді, ал 220 вольт – жеке пәтерлерді электрмен қамтамасыз етеді.
Қосалқы станциялар 35 киловольтті жоғары кернеу класындағы қосалқы станцияларға және 6,10 киловольтті кернеудегі трансформаторлы қосалқы станцияларға бөлінеді. Қосалқы станциялар электр энергиясын таратуға және айнымалы токты желіде кернеуге дейін төмендетуге арналған.
Трансформаторлы қосалқы станциялар әрбір елді мекенде орналасқан және олар өздерінің күшіне қарай халық үшін ерекше қауіпті!
Барлық энергия нысандары өмір үшін нақты қауіп туғызады!
0,4, 6, 10 және 35 киловольтті электр таратушы ауа желісінің үзіліп қалып жерде жатқан сымдары үлкен қауіп тудырады. Мұндай кернеудегі электр желісінің ерекшелігі – ол үзілгеннен кейін де кернеуде болуы мүмкін. Электр тогы мұнда жерге «кетеді» де, сым жатқан жер учаскесі электр потенциалында болып, мұнда сым жерден қаншалықты түйісу нүктесінен қашық болса, потенциал соншалықты аз болады. Ток әсерінен адамның аяғы құрысып, ол құлайды да, ток тізбегі оның бойында дем алу мүшесі мен жүрек арқылы тұйықталады. Сондықтан да жерде үзіліп жатқан сымды көрсеңдер ешқашан да оған 8 метр қашықтыққа жоламаңдар. «Бастапқы кернеу» зонасына түскендер жерден ұлтанын көтермеу керек. «Шынжыр табан» қадамымен, яғни өкшесін жерден алмай екінші аяғының тұмсығын келесісіне қойып жылжу керек.
Келеңсіз жағдай болмас үшін, төмендегілерді есте сақтау керек!
1) электр тарататын, радио тарататушы
және байланыс желілерінің
2) жерде жатқан сымға 8 метр қашықтыққа дейін келу қауіпті;
3) электр таратушы ауа желілерінің сымдарына жақын келгенде сіздің жолыңызда салбыраған және үзілген сымдардың жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
Сынған бағандарды, үзілген және салбыраған сымдарды көрсеңіз басқа адамдар, жануарлар сымға тимейтіндей зақымданған орынға күзетті ұйымдастырыңыз. Күзетті үзуге болмайды! Адамдарды айғайлап шақырып алуға тырысыңыз, өз орныңызға соларды қалдырып, өзіңіз болған жағдай туралы үлкендердің біріне хабарлаңыз. Егер жақын арада адамдар болмаса, өзіңіздің қолыңызда бар материалдар: таяқшалар, ағаш бұтағынан қоршау жасаңыз. Тек осыдан кейін ғана авария туралы хабарлау жасауға кетуге болады.
Есте сақтаңдар, мүлдем тыйым салынады:
1) қосалқы станциялар мен электр таратушы ауа желілерінің жанында ойнауға;
2) ауа желісінің сымдарына заттарды лақтыруға жіне олардың жанында «ұшыратын батпырауықты» жіберуге;
3) ауа желілерінің бағандарына мінуге, оларға саты және басқа да заттарды қоюға;
4) қоршауларға кіруге, қосалқы станциялардың ішіне кіруге немесе қақпақтарын ашуға, электр щиттерінің есіктерін ашуға;