Кинематика негіздерін қайталау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 02:07, доклад

Описание работы

Білімділік: Тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау, жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, осы заңдардың қоршаған ортада бар екеніне көз жеткізу.
Дамыту: Сандық, сапалық есептер шығару арқылы ой-өрістерін арттыру, шығармашылыққа баулу, ҰБТ-ға дайындау. Компьютерді қолдану арқылы оқушылардың ғылымға деген ынталылық сезімін өсіру.

Файлы: 1 файл

Kinematika kaitalay.docx

— 57.47 Кб (Скачать файл)

Сырбай Мәуленов атындағы гимназия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Кинематика негіздерін қайталау»

 

(аукцион сабақ)

 

9 – сынып

 

 

 

 

 

Мұғалім     Шаяхметова Ә.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай қаласы

2005 жыл, қазан  айы

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы:  Кинематика негіздерін қайталау

 

Сабақтың  мақсаты:

 

Білімділік: Тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау, жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту.

 

Тәрбиелік:  Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, осы заңдардың қоршаған ортада бар екеніне көз жеткізу.

 

Дамыту:  Сандық, сапалық есептер шығару арқылы ой-өрістерін арттыру, шығармашылыққа баулу, ҰБТ-ға дайындау. Компьютерді қолдану арқылы оқушылардың ғылымға деген ынталылық сезімін өсіру.

(осы айтылғандар слайд  арқылы экраннан оқушылар мақсатына  айналдырылып көрсетіледі)

 

Презентация

 

Механикалық қозғалыстың  түрлерi

 

 

І. Ұйымдастыру:  Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты экономикалық білімге бет бұрыс байқалып отырған кезде сіздер экономикалық білім алу үшін, экономикалық ой-өрістерің даму үшін сабақты аукцион түрінде өткіземіз. Ойын барысында «банк», «капитал», «кредит» ұғымдарымен танысасыздар.

Сынып 4 топқа бөлінеді. Топ жетекшісі  тағайындалады. 4  топ та аукцион  алдында банктен 30%-тік жылдық қарыз  ақша (кредит) алады. Алғашқы капиталы 1000 теңге. Олар ойын аяғында банкке 1300 теңге берулері қажет. Топ жетекшісі  «Кредит берілді» деген кітапшаға  қол қояды және аукционға қатысушының  нөмірін алады. Тек нөмірі болған жағдайда ғана сұрақты сатып ала  алады.

 

І

Ашық лот (слайд)

Әр лоттың алғашқы бағасы 1000 теңге, ал сату қадамы 100 теңге. Мысалы, бір  команда аукционист ұсынған сұраққа 200 теңге берсе, басқа команда 300 теңге  немесе 400 теңге, т.т. ұсынуға болады. Өз бағасын айта отырып, нөмірін  көтеріп отыруы қажет. Жауап беруіне  қарай 500 теңгеден 1500 теңгеге дейін  сыйлық ақша алады.

Музыкалық тапсырма: (компьютер арқылы ойналады)

1. Мына өлең жолдарынан қандай  қозғалысты байқауға болады? (Қозғалыс  анықтамасын, оны сипаттайтын  формулаларды айту керек.) 

«Таңертеңмен бір жас сұлу суға келеді, суға келеді, суға келеді.

 Ат жетектеп бір жас жігіт  еріп келеді, еріп келеді, еріп  келеді...»

                                     (Су тасушы қыз әні)

Жауабы: Бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс.

                           (слайд)

 

Түзу сызықты бір қалыпты  қозғалысты сипаттайтын формулалар:

 

Жылдамдық:

Орын ауыстыру:       

 

Координата:

 

2. «Ал, қалқа, келді кезің жайнайтұғын,

    Бұлбұлдай бақшадағы  сайрайтұғын.

    Қырандай аспандағы самғайтұғын,

    Екпінім самолеттей заулайтұғын!»

                   (Желдірме.)

Жауабы:  Түзу сызықты бір қалыпты үдемелі қозғалыс.

                                 (слайд)

 

Түзу сызықты бір қалыпты  үдемелі қозғалысты сипаттайтын  формулалар:

Үдеу:

Жылдамдық:

Орын ауыстыру:

 

Координата:

 

3. «Аппақ, аппақ, жапалақтап

    Қар жауады тынбастан.

    Айналамыз қар жамылған,

    Маужырайды түнгі аспан.»   (Ақша қар.)

 

Жауабы: Еркін түсу.

                    (слайд)

 

Дененің еркін түсуін сипаттайтын  формулалар:

Үдеу:

g = 9,8 м /с2;

Жылдамдық:

Орын ауыстыру:

Координата:

 

4. «Айгөлек-ау, айгөлек,

    Айдың жүзі дөңгелек.

    Айдай толған кезімде

    Би билеймін дөңгелеп.» (Айгөлек әні.)

Жауабы:  Шеңбер бойымен қозғалыс.

                     (слайд)

 

Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын денені сипаттайтын формулалар:

Үдеу:

Период айналу жиілігі:

Жылдамдық:

 

 

ІІ.

Жартылай ашық лот.

1-сұрақты ең көп ақшасы бар  топ алады. Әрі қарай ретімен  алады. Егер  топ мүшелері толық  жауап бере алмаса, 100 теңге айыпты  банкке қайтарады. Дұрыс жауап  берсе, марапаттау құны – 1000 теңге.

Графиктік тапсырмалар.  (слайд)

1. Суретте уақыттың бір мезетінде  жылдамдығын өзгерткен дененің  қозғалыс графигі көрсетілген.  V1 ,V2 жылдамдықтарын тап.

 

Жауабы:  А.  V1 =3,3 м/с; V2=20 м/с.

               В.  V1 =10 м/с;   V2 =20 м/с

               С.  V1 =3,6 м/с;  V2 =10 м/с

               Д.  V1 =3 м/с;     V2 =10 м/с

               Е.   V1 =10,3 м/с;V2 =20 м/с.  

 

2. Дененің жылдамдығының уақытқа  тәуелділік графигі бойынша 2 секунд кезеңіндегі түзу сызықты  қозғалыстың үдеуін тап.  (слайд)

Жауабы:   А.  18 м/с2

                В.    9 м/с2

                С.    3 м/с2

                Д.    5 м/с2

                Е.   12 м/с2.

 

3. Материялық нүктенің 4 секундта  жүрген жолын анықтаңыз.

Жауабы:   А.  3 м

                В.  12 м

                С.   4 м

                Д.   8 м

                Е.    5 м.

 

4. График бойынша материялық  нүктенің 5 секундта жүоген жолын  анықтаңдар.

 

Жауабы:  А.  190 м

               В.  170 м

               С.  150 м

               Д.  130 м

               Е.  110 м.

 

ІІІ

Жабық лот.

 

Бұл турда  топ қандай сұрақ екенін білместен жабық лотты сатып  алады. Жабық лоттың құны сұрақтың оңай-қиындығына байланысты. Дұрыс жауап бере алмаса, 500 теңгеден 1500 теңгеге дейін айып банкіге қайтарылады. Оны қатесін  жөндеген топқа беруге болады.

 

 

6000

 

2500

 

4000

 

5500

 

3000

 

4500

 

2000

 

3500

 

5000


 

1. Реактивті ұшақ 720 км/сағ  жылдамдықпен ұшып келеді. Бір  мезеттен бастап, ұшақ 10 с үдей  қозғала бастайды да, соңғы секундта 295 м жол жүреді. Ұшақтың соңғы  жылдамдығын анықтаңыз. (6000 теңге)

 

2. Екі поезд бір-біріне  қарама-қарсы 72 км/сағ және 54 км/сағ  жылдамдықпен жүріп келеді. І  поезд ішіндегі жолаушы ІІ  поездың өзінің жанынан 14 с  ішінде өткенін байқайды. ІІ поездың  ұзындығын тап. (5500 теңге)

 

3. Тас 80 м биіктіктен  жерге түседі. Тастың түсу уақытын  тап. (2000 теңге)

 

4.  Велосипедші радиусы  100 м шеңбер бойымен бірқалыпты  қозғалып, 2 минутта бір айналым  жасайды. Оның 1 минуттағы жүрген  жолы мен орын ауыстыруын тап. (3000 теңге)

 

5.  Дене шеңбер бойымен  тұрақты жылдамдықпен қозғалады.  Шеңбер радиусын өзгертпей, жылдамдығын  екі есе арттырғанда центрге  тартқыш үдеу қалай өзгереді? (2500 теңге)

 

6.  Тежелген автомобиль  толық тоқтағанға дейін 100 м  жол жүреді. Оның бастапқы жылдамдығы 72 км/сағ болса, үдеуі қандай? (3500 теңге)

 

7. Материялық нүктенің  қозғалыс теңдеуі x=-0,2t2. Бұл қандай қозғалыс? Нүктенің 5 с өткендегі координатасын және жүрген жолын тап. (4000 теңге)

 

8.  Екі дененің қозғалыс  теңдеулері x1=5t,  x2=2+t берілген. Олардың кездесетін уақытын, орнын тап. (4500 теңге)

 

9.  Еркін құлаған дененің  1 с және 2 секундта жүрген жолдарының  қатынасы неге тең?  (5000 теңге)

 

Ойын аяқталғаннан кейін аукционшы  бүкіл ойнаушыларға қолда бар  ақшаларын санауды ұсынады және банкке 30 пайыз өсіммен қайтаруын  айтады. (1300 теңге). Қай  топтың қолында  көп ақша болса, сол  топ  жеңімпаз атанады.

Жеңімпаз  топтың ойыншылары өте  жақсы деген бағаға ие болады, сонымен  қатар қарсылас  топтағы жақсы  жауап берген оқушылар бағаланады.

 

 

Ескерту:

 

1. Аукционның екі турына берілген  сұрақтар орнына кез келген  сұрақ алуға болады. Сыныптың  оқу дәреже деңгейіне байланысты  сұрақты қиындатуға, оңайлатуға  болады.

2. Сұрақтар санын өсіруге немесе  кемітуге болады.

3. Ойын-аукцион сабағын кез келген  пән бойынша өткізуге болады. Ол үшін өтілген материалдар  бойынша өте дәл анық сұрақтар  құрастырып, оны аукционның екі  турына бөлсе болғаны.

4. Ойынды жеке оқушылардың жарысы  түрінде де өткізуге болады.

5. Сұрақтарды жоғарыдағыдай бірыңғай  ұлттық тестілер жинағынан алып, оқушылардың мемлекеттік сынаққа  дайындық деңгейін бақылауға  болады.

 

6.                                       Қосымша.

 

Ойын-аукционға қатысушы барлық  топтар өзінің есеп парағын (лицевой  счет) дайындайды.

Есеп парақшасы

Команда номері_____________________________________________________

Банктен алынған ақша_______________________________________________

 

Ж/н

Кіріс

Шығыс

Қалдық

1.

2.

3.

4.

     

 

«Кіріс» графасына топқа келген ақшаларды, «Шығыс» графасына төленген сомаларды, ал «Қалдық» графасына қазіргі  жағдайда қалған ақшаны жазады. Есеп парақшасындағы бірінші жазу банктен кредит алғанда (1000 теңге) кіріске жазылады.

 

Есеп парақшасы

 

№1 топ

Банктен алынған ақша 1000 теңге.

Жазу нөмірі

Кіріс

Шығыс

Қалдық

 

1000

 

1000


 

Ал басқа финанстық жазулар  ретімен орындалып отырады.

Мысалы: №1 топ 1 - турда 2 – ші сұрақты 400 теңгеден сатып алсын. Сатып алғаннан кейін топ жетекшісі есеп парақшасына  мынаны жазып, қалған ақшаны есептейді:

Нөмір

Кіріс

Шығыс

Қалдық

1

2

1000

-

-

400

1000

600


 

Егер №1 топ сұраққа дұрыс  жауап берсе, онда ол 500 теңгеге марапатталады. Онда «Кіріске» мынадай жазу жазылады:

Нөмірі

Кіріс

Шығыс

Қалдық

1

2

3

1000

-

500

-

400

-

1000

600

1100


 

Осындай әдіспен үнемі жазып  отыра топ өзінің ақша қалдығын біліп  отырады. Бұл оқытушыға да ыңғайлы.

Егер қандай да бір топтың ақшасы таусылса, онда мұғалімнің рұқсатымен қосымша қарыз алуға болады. (1000 теңгеден аспайтын)

Бірақ бұл қарыз енді 50 пайызбен беріледі.

 

ІҮ. Үйге тапсырма:  §1 - §9 қайталау. Таңдалынбаған есептерді үйде шығарып келу.


Информация о работе Кинематика негіздерін қайталау