Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 13:33, практическая работа

Описание работы

1. Оқушыларға энергия, жұмыс пен энергия арасындағы байланыс, энергия түрлері, бірліктері туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа жүйелі білім алуға тәрбиелеу.

Файлы: 1 файл

7 сынып Энергия сабак.docx

— 444.51 Кб (Скачать файл)

 

7- сынып

 

Сабақ тақырыбы:  Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.

1. Оқушыларға  энергия, жұмыс пен энергия арасындағы  байланыс, энергия түрлері, бірліктері  туралы  түсінік беру.

2. Оқушыларды  ғылыми ой қорытындыларын жасай  білуге дағдыландыру

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа жүйелі  білім алуға  тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақ әдісі: СТО технологиясы

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайд, тақырыпқа байланысты видеоролик

Пән аралық  байланыс:  математика, қазақ тілі, табиғат ғылым салалары

 

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

    • Сәлемдесу.
    • Оқушыларды түгендеу,сыныптың гигиеналық тазалығын қадағалау, оқу құралдарын тексеру;

 

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Істелген нақты жұмысты қандай формуламен есептейді? Формула қалай оқылады?
  2. ХБ жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі қалай аталыд?
  3. Қандай жағдайда жұмыс істеледі деп айтуға болады? Денеге күш әрекет етіп, бірақ ол орнынан қозғалмаса, онда механикалық жұмыс атқарыла ма?
  4. Дене қозғалыста болып, оған күш әсер етпесе, онда механикалық жұмыс істеле ме?
  5. Қуат ұғымы неліктен енгізілген?
  6. Қуат дегеніміз не?
  7. Қуатты қалай есептеуге болады?
  8. Энергияны ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?
  9. Есептердің шығарылуын тексеру.

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

 


             

 

 

                                                                             (ассосация )      

 

 

 

І. Қызығушылықты ояту

Өткен тақырып, яғни үй тапсырмасы бойынша топтама жасау арқылы жаңа сабақтың тақырыбына көшу.

 

Күштің атқарған ісі      дене әрекеті       Джоуль (Дж)


 


                                             Энергия



Физикалық шама

 

                             Механикалық жұмыс             күш,   Қуат

ІІ. Мағыныны тану.

Жаңа сабақты хабарлау.

         Физикада «энергия» ұғымы дене қозғалысымен тікелей байланысты. Энергия жер бетіндегі тіршілік көзі. Энергия өте күрделі физикалық ұғымдар қатарына жатады. (слайд № 1,,3)

Қозғалыстағы кез келген дене өз жолында қандай да бір механикалық жұмыс жасауға қабілетті.Олай болса энергия «жұмыс», «өзара әрекет», «қозғалыс» ұғымдарымен тура байланысты.  Дененің  механикалық жұмыс жасай алу қабілетін механикалық энергия деп атаймыз.

 

 

 

Сығылған серіппенің кері тебілу барысында денелер қозғалысқа келіп, жұмыс істеледі. Бұдан сығылған серіппенің жұмыс істеуге қабілетті екенін білеміз.

 

Тәжірибе жасайық (слайд № 7,8)

 

 

 

Қозғалыстағы денелердің істеген жұмысы сол денелердің массаларына тәуелді.

 

Дененің істеген жұмыс сол дененің жылдамдығына да тәуелді.

 

Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама энергия деп аталады.

Яғни, дене жұмыс істеуге қабілетті болса, онда оның энергиясы бар деп айтады. Энергияның белгіленуі Е.

Энергия бірлігі

1 Джоуль=ватт·секунд.

Тұрмыста энергияның өлшем бірлігі ретінде

1 киловатт·сағат=3600000 Вт·с=3600000 Дж

Механикада энергияның екі түрін көрсетеді.

            


                          Энергия


 

Потенциалдық                        Кинетикалық

 

 

 

Потенциалдық энергия (латынша потенция – мүмкіншілік) деп әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.

Жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы сол дененің массасына және көтерілу биіктігіне тәуелді.

Дененің потенциалдық энергиясының мәні жалпы денеге әсер ететін күштердің салдарынан өзгереді. Мыс: ауырлық және серпімділік күші әрекетінен.

Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия кинетикалық энергия(грекше кинетикос – қозғалыс) деп аталады.

Денелердің кинетикалық энергиясы сол денелердің массалары мен жылдамдықтарына тәуелді өзгереді.

Ерекшеліктері, потнециалдық энергия дененің массасына байланысты, ал кинетикалық энергия жылдамдыққа байланысты.

 

Дененің механикалық энергиясының өзгерісі атқарылған жұмыстың шамасына тең:

Яғни осы потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы механикалық энергия деп аталады.

W= Ek+ Ep

 

Жоғарыда аталып өткен ережелер мен формулаларға қарай отырып есептер шығарамыз.

 

 

 

 

 

ІІІ. Венн диаграммасы.

 

 

                                                 Ұқсастығы


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. Кубизм әдісі

Шаршы жасап, әр қабырғысына оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін бекіту мақсатында сұрақтар қойылады. Әр оқушы кезекпе кезек лақтырып, сұраққа жауап береді.

Сұрақтар:

  1. Қандай жағдайда дененің энергиясы бар деп айтуға болады?Энергия дегеніміз не?

Жауап:

Қозғалысқа келетін әрбір дененің энергиясы бар деп айта аламыз.

Энергия дегеніміз -  дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама.

  1. Жұмыс пен энергияның бірліктері қандай?

Жауап:   жұмыс және энергия өзара тығыз байланысты физикалық шамалар, өлшам бірлігі Дж болып саналады.

  1. Энергияның қандай түрлері бар?

Жауап: Энергияның екі түрі бар. Олар: Потенциалдық жіне кинетикалық .

  1. Потенциалдық энергия мен кинетикалық энергия деп қандай энергияларды айтады және олардың қандай ерекшеліктері бар?

Жауап:

 

V.  Бес жол өлең.

 

1. Зат есім. Не?

2. Сан есім.  Неше?қанша? 

3. Сын есім.  Қандай?

4. Етістік. Не қылды, не істеді?

5. Тақырыптың синонимі немесе зат  есімнің синонимі.

Қысқашаа жауап мына түрде болады.

Механикалық энергия. Екі түрі бар. Потнециалдық жіне кинетикалық. Дененің жұмыс істеу қабілетін анықтайды. Механикалық энергия немесе жұмыс, қозғалыс.

  Яғни оқушылар міне осы бес жол өлең сртатегиясы бойынша  білген, түсінген білімімізді қорытындылаймыз.

 

Қолданылуы.

Энергия жалпы тіршілік көзі. Яғни энергияны қазіргі заманда барлық өндіріс саласында пайдаланып келеді. Тұрмыста органикалық отын (тас, көмір, мұнай, газ, ағаш т.б) туралы мәселе көп кездеседі. Осы энергия көздері арқылы адамзат күнкөрісі жақсаруда. Бірде бір техника энергиясыз қозғғалысқа келіп жұмыс істей алмайды.

 

VІ. Бағалау.

 

VІІІ. Үйге тапсырма: Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.

Толтырып келу.

 

 

Бұрыннан білемін!

Мен үшін жаңалық.

Білгім келеді.

.

 


 

 

 

Сау  болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Киров негізгі мектебі    

«Балдәурен»  Республикалық оқу- сауықтыру орталығы

Жас педагогтардың І Республикалық сайысы                                    

                                                                                            Физика пәні бойынша

      Тақырыбы:

 

                                                                                        

 

                                                                           Пән мұғалімі: Қажғалиева Н.Т

 


Информация о работе Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы