Микропроцессорлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 18:41, реферат

Описание работы

Жалпы түсінік.
Микропроцессордың құрылымдық сұлбасы.
Программалау туралы ұғым.
Микропроцессорлық жинақтар.
Аналогты-цифрлық және цифрлық-аналогты түрлендiргiштер.

Файлы: 1 файл

Микропроцессор казакша.doc

— 64.50 Кб (Скачать файл)

Магистарль – микропроцессор құрылымының микропроцессорлық жүйенің әр түрлі элементтерінің перифейлік құрылғылармен информация алмасуына арналған әмбебап шина.

Микропроцессорлық комплект (МПК) – микропроцессорлық үлкен интегралдық схемалар комплекті – микропроцессорлар мен микропроцессорлық жүйелерді құрастыруға арналған үлкен интегралды схемалардың бір-бірімен тіркестіруге, жалғастыруға ыңғайланған жиынтығы.

Микропроцессорлық жүйе (МПС) – информацияны түрлендіру процесін іске асыру үшін пайдаланылатын микропроцессорлық өңдеуші жады және енгізу-шығару құрылғыларының жиынтығы.

Модем (модулятор-демодулятор) – мәліметтерді белгілі байланыс жолы бойымен ары-бері жеткізу үшін жарамды түрде түрлендіретін құрылғы.

Регистр – берілген мәліметтерді, информацияны өңдеу барысында уақытша есте сақтауға арналған электрондық (функционалдық) құрылғы (блогі).

Стек – адресіз ес түрі. Стек көрсеткіші атты регистр арқылы адрестелетін жады аумағы. Стек көсреткішіндегі дерек жады аумағының түбіндегі ұяшықтың адресін көрсетеді.

Шина – жалпы қызмет белгісі бойынша біріктірілген информация тасымалдау жолдары, мысалы: берілген мәліметтер шинасы, адрестер шинасы басқару шинасы

Аналогтық-цифрлық  және цифрлық-аналогтық түрлендіргіштер.

Мәселен, белгілі  бір сигналдың (температура, ән әуені, т.б) белгілі бір уақыт аралығындағы үздіксіз өзгерісі берілсін делік. Осы сигналды цифрлық түрге түрлендіру үшін оның деңгейін белгілі бір уақыт аралықтарында (квант) белгілей отырып, соған сәйкес v(t)-ге ең жақын деген цифрлық жұбын тауып, соны өлшем ретінде пайдалануымыз керек. Мысалы, t1 уақыт мезетіндегі v(t)=2(010) болса, t2 кезеңінде v(t)=3(011) т.с.с. Әрине,       кӛріп отырғанымыздай, цифрға көшкенгде айнымалы мәндерінің біз аздап болса да жоғалтып отымыз. Бірақ оның есесіне цифлық схемалардың артықшылықтарына (мысалы, сыртқы ортадан тәуелсіздігіне, аумағының аздығына, т.б) ие боламыз.

Cурет 1 - Аналогтық-цифрлық  түрлендіргіштың схемасы

Үздіксіз аналогтық сигналдарды  күнделікті жағдайларда цифрлық  түрге ауыстырудың неше түрлі жолдары бар. Олардың ең қарапайымдарының бірі 1- суретте көрсетілген. Қарап отырған АЦТ импульстік генератордан (ИТ) (мысалы, мультивибратор) реверстік санауыштан (РС), ЦАТ-тен және компаратор К-дан тұрады. Компаратордың екінші кіріс жолына кіріс кернеуі (аналогтық сигнал) vk беріледі де, ол екінші кіріс жолындағы (ЦАТ-тен шыққан) аналогтық сигналмен үнемі салыстырылып отырады. Егер vцат>vk , болса, компаратор шығысы бірінші күйінен екінші күйіне ауысып, реверстік санауышты шегерурежиміне көшіріп, vцат-ты біртіндеп азайта бастайды. vцат<vk болғанда, компаратор бірінші күйіне қайта оралып, санауышты қайтадан қосу режиміне көшіреді. Сонымен, санауыш шығыстары Q1 – Q4 үнемі кіріс сигналдарының ізін кесіп соның маңайында «1» мен «0»-дің аралығында өзгеріп отыратын болады. Сондықтан санауыш шығыстары vк сигналының цифрлық нышаны болып табылады.

Цифрлық – аналогтық  түрлендіргіш. Соңғы кездерде компьютерлер техникасы өрісінің кеңеюіне байланысты, мәліметтерді цифрлық түрде өңдеуге көп көңіл бөлініп отыр. Күнделікті кездесетін үздіксіз аналогтық сигналды (кернеу, ток, температура, т.с.с) цифрлық түрге айналдыру аналогтық-цифрлық құрылғылармен қамтамасыз етілсе, ал оларды кері түрлендіру цифрлық-аналогтық құрылғылардың міндеті. Цифрлық-аналогтық түрлендіргіштің (ЦАТ) қарапайым схемасы 1суретте көрсетілген. Е ток кӛзіне, арнайы кілттер Q1 – Q4 арқылы, шамалары екі еселеніп, үдей өсіп отыратын кедергілер тобы R – 8R қосылған. Әрбір келесі алдыңғысынан екі есе артық. Олардың жұмыс атқару режимі R>>Rж жүктемесінен ағатын ток та, оған түсетін кернеу де Rж-нің өзіне тәуелсіз болып, Q1 – Q4 кілттерімен басқарылатын R – 8R кедергілерінен ағатын токқа тікелей байланысты болады. Әрине, егер R1=R, R2=2R, R3=4R, R4=8R болған жағдайды кернеудің ең үлкен шамасы R1 кедергісіне сәйкес келеді де (өйткені ең үлкен то ағады), Q4 кілті цифрлық шаманың ең үлкен разряды болып табылады. Жалпы жүктемедегі шығыс кернеуінің шамасын былай табуға болады: Ve=e(1*Q1+2*Q2+4*Q3+8*Q4) Мұндағы е – ең төменгі разряд салмағы (сол разрядқа сәйкес келетін шама). Е шамасын белгілей отырып, кез-келген масштабта жұыс істеуге болады: Q1 – Q4 – 1 – 4 разрядтардың екілік нышандық сан мәндері. Electronics Workbench кітапханасының құрамынада жүрген ЦАТ-ның қарапайымдалған схемасы кӛрсетілген.

Сурет 2 - Цифрлық-аналогтық  түрлендіргіштың схемасы.


Информация о работе Микропроцессорлар