Радиоактивті сәулелердің әсері
Қоршаған
ортаның адам организміне теріс
әсер ететін факторларының бірі радиация болып
табылады. Радиация адамның клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына
зиянды әсер етеді. Радиация әсер
еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі,
құрылымы мен құрамының өзгеруі мүмкін.
Радиациялық сәулелену тұқым қуалаушылық
аппаратын өзгертуге, яғни мутацияға душар
етуі мүмкін.
Соңғы он жыл ішінде радиациялық сәулеленудің табиғи фоны көтерілді. Бұл кейбір
елдерде ядролық қарулардың өндірілуіне,
ядролық энергетиканы пайдалануға, уран
өндіруді көбейтуіне, радиация қалдықтарының
дұрыс сақталмацуына байланысты болып
отыр. Осыған байланысты барлық тіршілік
иелеріне - өсімдіктерге, жануарларға,адамдарға нақты қауіп төнді. Мутация көлемі ұлғайды, тұқым қуалайтын
әр түрлі аурулар, дамуында түрлі кемістіктері
бар (қатерлі аурулары, сәлелік аурулары
және тағы басқа) ауру балалар мен адамдардың
саны ұлғайды. Табиғаттың барлық жерлерінде
табиғи радиабелсенді сәулелері болады.
Барлық тірі организмдер сияқты адамға
да табиғи сәулелердің әсері тиеді. Сәулелердің
артық мөлшері адам организмде ауытқуларды
және әр түрлі ауруларды туғызады. Сондықтан адам радиосәулелердің
мүмкіндік мөлшерін анықтай алуы тиіс.
Оны дозиметр деп аталатын арнайы құралмен
өлшейді. Сәулелердің артық мөлшері организмнің
ауруға қарсы мүмкіндігін төмендетеді,
тыныс алу, көз, тері және тағы басқа ауруларға
себеп болады.
Радиациялық ластану
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің
бірі – радиациялық ластану болып
қалып отыр. Радиактивті ластанумен күресу
тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі
табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын
биологиялық ыдырату әдістері де, басқа
да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек
бойынша тарала отырып (өсімдіктерден
жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік
өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп,
адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін
жиналуы мүмкін. Радиоактивті ластану
– қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін
физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану
адам денсаулығы мен тірі организмдерге
радиациялық сәулелену арқылы зиянды
әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған
елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған
ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп
тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық
кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық
ластанудың мынадай топтарға бөледі: 1)
Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде
пайда болатын альфа - (гелий ядросы), бетта
–(жылдам электрондар) бөлшектердің және
гамма – сәулеленулердің әсерінен болатын
радиациялық ластану (физикалық ластану
түрі);
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті
заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты
болатын ластану (химиялық ластану түрі).
Ортаның радиациялық ластануына атом
қаруын сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол
радионуклидті жауын-шашынның түсуіне
әкелді. Радионуклидтер – бұл элементтердің электрондарды
атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға
оң және теріс йондар жұбын түзуімен қосаға
қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын
изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы
деп атайды. Кейбір заттарда барлық изотоптар
радиобелсенді болып табылады. Атап айтқанда,
оларға технеций, прометий, сондай-ақ Д.И.Менделеев
кестесінің полоний басталып трансурандылармен
бітетін барлық элементтері жатады. Гелий ядроларының (альфа –сәулелену)
немесе жылдам электрондардан (бетта –
сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық
сәулелену деп атайды. Электромагнитті
иондаушы сәулелену – бұл гамма - сәулелену
мен оған жақын рентгендік сәулелену.
Альфа және бетта-сәулелену организмнен
тысқары тұрып та оған әсер ете алады.
Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға,
бірінші кезекте – адамға аса күшті әсер
етеді. Оған микроағзалар төзімдірек келеді.
Эксперименттік зерттеулер белсенділігі
3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің (кобальт-60,
цезий-137) қуатты көздерінің қасында жоғарғы
топтағы бірде-бір өсімдік немесе жануар
тірі қалмайтындығын көрсеткен. Түрлі
радинуклидтердің организмге әсері аса
сан алуандығымен ерекшелінеді, әйтсе
де жалпы алғанда, оларға мутагенді және
бластомогенді эффект тән. Мысалы, 131-иодтың
аз мөлшерінде қалқанша бездің қызметі
бұзылады, ал көп мөлшерінде – зиянды
ісіктер түзіледі. Радиациялық ластанудың
көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері
шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді
болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы
радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі
сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық
өндіруге және қолдануға, атом энергиясын
өндіруге және ядер қаруын сынауға байланысты
жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне
өте қауіпті радиациялық антропогендік
әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен
тығыз байланысты: • Атом өнеткәсібі;
• Ядролық жарылыстар;
• Ядролық энергетика;
• Медицина мен ғылым.
Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті
элементтермен және радияциялық сәулелермен
ластайды. Бұдан басқа атом өнеркәсібі
радиоактивті қалдықтардың көзі болып,
адамзатқа жаңа үлкен қауіп және әлі шешімін
таппаған мәселені – оларды көму мен жою
мәселелерін алып келді. Келесі бір қауіпті
радинуклид – стронций-90, ол ядролық сынақтардың
нәтижесінде түзіледі (жартылай бөліну
периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға асқазан-ішек
трактісі , өкпе, тері жабыны арқылы түсіп,
қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жиналады.
Стронций қанда патологиялық құбылыстар
тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек
кемігінің құрлысының бұзылуына әкеледі.
Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін
(келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы
болуы мүмкін. Қазіргі гигиена ғылымының
өзекті мəселесі адам өмір сүретін ортаның
зиянды жəне қауіпті факторларын анықтау
ғана емес, сонымен қатар олардың халық
денсаулығына тигізетін қауіп-қатерін
бағалай білу болып табылады. Қауіп-қатер
туғызатын əртүрлі факторлар нақты елдің,
аймақтың жағдайларына да тəуелді екенін
ескеру қажет.
Радиоактивті заттардан қорғану
Радиоактивті заттардан қорғаудың
бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері.
Физикалық тәсіл
Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша,
дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен
жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде
дайындалған перчаткаларды кию керек.
Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің
кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға
өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек.
Егер кішкентай бөлшектер ішкі
органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан
шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті
ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті
сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды
түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ
тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған
сәулеленуді таратады. Радиоактивті стронцийдің
бөлшектерін адам ағзаларынан шығару
оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып
шығаруға болады.
Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін
ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп
мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді
ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке
қышқылы мен лимон қышқылынкөп мөлшерде
пайдалану керек. С, Д витаминің ішу өте
пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап ішуге
болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп
жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар
Уран өндіретін шахталарда істеп жүріп
күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол
адам күні бүгінге тірі. Ал арақ ішпеген
оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда
қоштасқаның ол жіпке тізгендей айтып
беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті арақ-шарап
ішіп отырған жөн болғаны. Радиациядан
қорғанудың химиялық және биологиялық
жолдары. Радиацияға қарсы қолданатын
препараттарды радиопротекторлар деп
аталады. Олар радиоактивті элементтердің
бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше
түрлі химиялық препараттарды пайдаланады.
Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады.
Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде
пайдалануға болады. Дерттерге диагностика
қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады.
Сәуле тератиясы мен қан, ауруларын емдеуге
болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін
бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды
Радиациядан қорғау Қазақстан Республикасының
алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан
Республикасында адамдардың денсаулығына
өте үлкен көңіл бөлінеді. Әсіресе экологиялық
аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын
халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға
алынған. Осы айтылғандарды қорыта келе,
радияция (сәуле) дертіне шалдықпау үшін
халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан
жан-жақты білім және тәрбие беру екенін
естен шығармауымыз керек. Адамзат баласы
осы кезде бұрын – сонды болып көрмеген
орасан көп ғылыми табыстарға жетіп, техника
мен технологияны дамыта түсуде. Оларды
төтенше түрде дамуы биология ғылымдарына
тікелей байланысты. Ол жаратылыстану
ғылымдарының көрнекті салаларының бірі.
Оның басты міндеттері жер бетіндегі тіршіліктің
пайда болуын, оның эволюциялық жолмен
дамуын зерттеу. Биология жердің тіршілік
иелері адамдар мен жануарлар өсімдіктер
мен неше түрлі көзге көрінбетін микроорганизмдер
әлемін зерттейді. Алынған мәліменттердің
негізінде сигнал хабарды дәл тіркейтін
сезімтал машиналар мен механизмдер шығару
жұмыстарын жүргізеді. Кейінгі кезде биологиялық
ғылымдар орасан зор ілгерлеп, алға басты.
Осы уақыттың ішінде тіршілік дүниесі
адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі
туралы көптеген түсінігіміз бар. Тірі
организмдердің пайда болу жолдарын, биохимиялық
процестерін білеміз. Бірақ көптеген биологиялық
көріністердің құпия сырлары әлі күнге
дейін өз шешімін тапқан жоқ.
Дереккөздер
1. ↑ Әділханов А.С., Жаңабердиева
К.А., Брусенко З.Г. Алматыкітап ААҚ, 2005