Радиоактивтілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 16:50, реферат

Описание работы

Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.ағаштарды радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер тігуді қажетті етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулені артпайды.

Содержание работы

ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
1.Радиоактивлік тарихы
2. Радиоактивті заттардан қорғану
3. Радиациялық ластану
4.Қазақстандағы радиациялық жағдай 5. «Семей полигоны. Қайнар қасіреті»
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

ЖОСПАР.docx

— 531.74 Кб (Скачать файл)

Жарылыс толқыны көптеген үйлер  терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша  көшірілген адамдар полигон жанындағы  туған жерлеріне қайтып орала  бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап  кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық  полигонындағы сынақтардың әсері  туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген  кең ауқымды медициналық-экологиялық  зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды  профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі  қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты  дауасыз өзгерістерге соқтыруға  мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы  жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық  сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа  аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны  байқалады. Бұлар өкпе мен сүт  бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей  полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер  дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен  болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер  де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің  жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әр түрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

 

 

 

                                              Қорытынды 
       Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады.  
       Қазіргі кезде ауаны ластайтын заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді. 
Радиациялық ластанудың баска ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электрмагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы — радиактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды (клеткаларды) бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады. 
Радиациялык ластанудың негізгі көздері — альфа, гамма және бэта, сиякты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермеш жоне басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады. 
Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшерше қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде адам ұзак уакыт сәуле ауруына шалдығады. 
Қабылданған мөлшеріне карай сәуле ауруы төрт түрлі дәрежеде болады: 1-дәрежесі жеңіл түрі — 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа — 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр — 300-500 рентген мөлшерінде: 4-ші дәрежесі өте ауыр — 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады. 
Сәуле ауруы төрт кезенде жүреді: бірінші кезең- сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне карай болады. Оның ең алғашкы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, қүсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының секірмелі болуы, естен тануы. Екінші кезең — бірінші кезеннен кейін уакытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезен, яғни, жағдайдын жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысынын бұзылуы байкалады жәнс қанда өзгеріс болады. Үшінші кезең — өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан үюы бүзылады да жүқпалы аурулар дами бастайды (өкпенің кабынуы, дизентерия, іш өту, каннын бүзылуы, т.б.). Төртінші кезен — сәуле ауруыньщ жеңіл түрі, бұл осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші кезеңде өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде адамның жазылуы бірнеше айға созылып қан азаяды, қан кысымы көтеріледі және организмнің әлсіздігі байкалады. 
Радиактивтік ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болған. Атом энергиясын американдықтар соғыс максатында, ал 1945 жылдан бүрын Кеңес дәуірінде оны бейбіт максатка пайдалана бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде сактандыру шаралары коса жүргізіледі. Өйткені, атом қондырғылары жұмыс істеу кезінде, адам өміріне қауіпті радиактивті шлак түзіледі. Ал оны залалсыздандыру оңай шаруа емес. Радиактивті калдықтарды теңізге, мұхитқа, өзенге тастауға рұксат етілмейді. Әрине, бұл жағдай кейбір капиталистік елдерде сақталмайды. Мәселен, Ирландия жағалауы қазір ядролық үйіндіге айналған. Жыл сайын мүхит түбіне радиактивтік қалдықтар тасталып жатыр. Көптеген дамыған елдерде атом өнеркәсібі кәсіпорындарында белгіленген санитарлык нормаға дейін радиактивті заттардьң концентрациясын азайтатын тазарту қондырғыларын салынған. Қалдықтар баллондарга салынып цементтеледі де, арнаулы жерлерге тасталады. Чернобыль апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына қатты әсер еткен, атом энергиясындағы ешуакытта болмаған апат. Чернобыль апаты кезінде атмосфераға 50 МК радиактивті заттар шығарылған және ауданы 3000 км болатын жерге таралған. [4].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер 
1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология «Алматы» 2009 
2. Төлеубаев Б.Ә. Радиациялық экология жайлы қысқаша таным «Павлодар 2008» 
3. Ж.Ж.Жатқанбаев Экология негіздері «Алматы» 2003 
4. Янтекс 
5. Молахметов З.М. , Ғазалиев А.М., Фазылов С.Д., Экология негіздері «Қарағанды» 2002

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Радиоактивтілік