Өшетін және еріксіз (механикалық және электромагниттік) тербелістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 16:08, курсовая работа

Описание работы

Мамандық бойынша PhD докторантураға түсуге арналған емтиханның мақсаты мен міндеттері: білім деңгейін, өз ойларын нақты жеткізу дағдысын және икемдерін анықтау, сонымен қатар «6D030100 - Заңтану» мамандығы бойынша докторантурада оқу үшін және «PhD докторы» дәрежесін алу үшін талапкерлердің талдау қабілетін анықтау. Докторантураға түсу емтиханының нысаны – жазбаша емтихан. Емтихан тапсырушылыр емтихан билеттерінің сұрақтарына жауаптарын арнайы жауап парағына жазады. Бұл жауаптар шифр қойылғаннан кейін емтихан комиссиясымен тексеріледі.

Файлы: 1 файл

юрфакказ.doc

— 239.00 Кб (Скачать файл)

20. Құқықтық сана және құқықтық  мәдениет. Құқықтық нигилизм

Құқықтық сана – қоғамдық сананың  нысаны. Құқықтық сананың қоғамдық сананың өзге де саяси, құқықтық, өнегелік және діни нысандарымен арақатынасы. Құқық пен құқықтық сананың өзара әрекет ету нысандары. Құқықтық сананың құрылымы: құқықтық идеология және құқықтық психология. Субъектілер бойынша құқықтық сананың түрлері: қоғамдық, топтық және жеке құқықтық сана. Мазмұны бойынша құқықтық сананың түрлері: әдеттегі, кәсіби және теориялық құқықтық сана.

Тұлғаның әлеуметтік-құқықтық анықталуы. Құқықтық сана және зани маңызы бар  мінез-құлық. Құқыққа сай мінез-құлықтың психологиясы. Қоғамның құқықтық мәдениеті және құқықтық сана. Құқықтық мәдениет: элементтері, мазмұны, әрекет ету аясы және нысандары. Құқықтық және саяси мәдениеттің арақатынасы. Құқықтық мәдениеттің жалпы сипаттамасы. Қоғамның құқықтық мәдениеті. Заңгердің құқықтық мәдениеті. Қоғмның құқықтық мәдениетін арттырудағы заңгерлердің кәсіби қауымдастығының рөлі. Құқықтық мәдениеттің функциялары: танымдық, бағалау және реттеушілік. Құқықтық мемлекетті, заң шығармашылық және құқық қолдану қызметтерін жетілдіруді қалыптастырудағы құқықтық мәдениеттің маңызы. Құқыққа құрмет және қазіргі кезде оның қалыптасу үрдістері.

Азаматтардың құқықтық санасының  деформациясы. Тұлғаның құқықтық санасындағы  құқықтық инфантилизм, нигилизм. Құқықтық нигилизм қоғамның жәй-күйі ретінде, құқықтық нигилизмнің себептері. Құқықтық нигилизмнің нысандары және олармен күресу жолдары. Азаматтардың құқықтық тәрбиесінің түсінігі, мазмұны және мақсаттары. Демократиялық қоғамда азаматтарды құқықтық тәрбиелеу механизмі, нысандары және құралдары.

21. Құқық және мінез-құлық. Құқыққа сай мінез-құлық

Құқықтық мінез-құлық. Құқыққа сай  мінез-құлық. Тұлғаның мінез-құлқының мотивациясы және құқықтық фактор. Еркіндік, сана және олардың тұлғаның құқықтық өмірінде көріну нысандары. Құқықтық мінез-құлықтың түсінігі мен белгілері. Құқыққа сай мінез-құлықтың құрамы: объективтік және субъективтік тұстары. Құқыққа сай мінез-құлықтың ниеті. Құқыққа сай мінез-құлықтың түрлері. Құқыққа сай мінез-құлықтың психологиясы. Құқыққа сай мінез-құлықтың ниетін қалыптастыру факторы ретінде құқықтық құрылғы мен құқықтық мәдениет.

22. Құқық бұзушылық және заңды  жауаптылық 

Құқық бұзушылықтың түсінігі. Құқық  бұзушылықтың заңды құрамы. Құқық  бұзушылықтың субъектілері. Құқық бұзушылықтың объективтік және субъективтік жақтары. Кінәнің нысандары. Құқық бұзушылықтағы зиян мен себепті байланыс.

Құқық бұзушылықтың негізгі белгілері. Құқық бұзушылықтың түрлері. Қылмыстылықтың, сонымен қатар өзге де құқық бұзушылықтардың  әлеуметтік табиғаты мен себептері.

Заңды жауаптылық: түсінігі мен негізгі белгілері. Құқық бұзушылық – заңды жауаптылық үшін негіз. Заңды жауаптылықтың моральдік және саяси жауаптылықтан айырмашылығы. Заңды жауаптылық және құқықтық санкциялар.

Заңды жауаптылықтың түрлері. Заңды  жауаптылықтан босату негіздері. Кінәсіздік презумпциясы, оның мазмұны. Қажетті қорғану және аса қажеттілік заңды жауаптылықтан босату негізі ретінде.

23. Заңдылық, құқықтық тәртіп, тәртіп. Құқықтық реттеу механизмі.

Заңдылықтың түсінігі. Заңдылықты қамтамасыз етудегі Конституцияның орны мен  рөлі. Конституциялық заңдылық – заңдылық пен құқықтық тәртіптің негізі.

Қазіргі мемлекеттерде заңдылықтың  бұзылуы: себептері, нысандары, күресу жолдары. Заңдылық және бағынбаушылық. Тоталитарлық мемлекеттерде заңдылықтың  бұзылу нысандары. 

Құқықтық тәртіптің түсінігі. Құқықтық тәртіп пен қоғамдық тәртіп. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің кепілдіктері мен әдістері. Тәртіптің түсінігі. Заңдылық пен тәртіп. Тәртіптің түрлері. Атқарушылық тәртіп, оның мемлекеттік аппарат қызметіндегі маңызы. Технологиялық тәртіп. Кәсіпкерлік қызметтегі тәртіп.

Құқықтық реттеу мен құқықтық ықпал  ету. Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі. Құқықтық реттеу механизмінің сатылары мен негізгі элементтері. Құқықтық реттеу үрдісіндегі құқық нормасының, заңды фактілердің, құқықтық қатынастардың, құқық қолданушылық қызметтің актілерінің рөлі.

Құқықтық реттеу механизмінің тиімділігі және құқықтық реттеу механизмінің тиімділігіне әсер ететін факторлар.

 

Пән «Азаматтық құқық»

1. Кіріспе. Азаматтық   құқық оқу пәні ретінде

Азаматтық құқық құқық саласы жүйесiнде. Азаматтық-құқықтық реттеу пәнi. Мүліктік  қатынастар, мүліктік емес өзіндік  қатынастар.

Азаматтық-құқықтық реттеу әдiсi. Азаматтық  құқықтың негiзгi қағидалары.

Азаматтық    құқық және  азаматтық заңдар. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет етеiн негiзгi азаматтық заңнамалар, олардың  арақатынасы.  Азаматтық  заңдардың әрекет етуi. Халықаралық   мәмілелер  және  азаматтық  заңдар. Әдет-ғұрыптар  және  іскерлік  қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар-азаматтық  құқығының қайнар  көзі.

Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Талап  мерзімдері.

2. Жеке тұлғалар азаматтық құқытың субъектісі ретінде

Жеке тұлға  туралы  ұғым. Құқыққабілетттілік туралы  түсінік және оның мазмұны. Шетел азаматтары мен  азаматтығы жоқ  адамдардың құқық қабілеттілігі.

Құқыққабілеттілікке шек қоюға  жол бермеу. Әрекет қабілеттілігін  шектеу ерекшеліктері.

Қорғаншы және қамқоршы. Тұрғылықты жер және оның заңи маңызы.

Азаматты хабар-ошарсыз кетті  деп тану және оның  салдары. Азаматты өлді деп жариялау және оның  салдары.

3. Заңды тұлға, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық құқықтың субъектісі ретінде

 Заңды тұлға  туралы түсінік  және оның белгілері, пайда  болуы.

Заңды тұлғаны тоқтату және қайта  құру.

Заңды тұлғаның түрлері. Коммерциялық, коммерциялық емес  заңды тұлғалар.

Коммерциялық ұйымдардың түрлері  мен ерекшеліктері. Коммерциялық емес заңды тұлғалардың құқықтық ерекшеліктері.

Мемлекет және аумақтық-әкiмшiлiк  бөлiнiстер азаматтық құқық субъектiсi ретiнде.

4. Азаматтық құқығының  обьектілері

Азаматтық құқығының объектілері туралы түсінік және оның түрлері. Мүлік - азаматтық құқығының объектісі. Мүліктің классификациясы.

Қызмет және басқа әрекеттер-азаматтық  құқығының оъектілері. Интеллектуалдық  қызметтің нәтижелері-азаматтық  құқытың обьектілері ретінде.

Ақша және басқа да  шетел  валютасы.

Бағалы қағаздар. Түсінігі және түрлері.

Өзіндік  мүліктік емес игіліктер-азаматтық құқығының обьектісі ретінде.

5. Мәміле институты

Азаматтық құқықтағы мәмілелер  ұғымы және олардың түрлері.

 Мәміленің нысаны.

Мәмілелердің жарамдылық  мәмілелері. Мәміленің жай жазбаша нысанын сақтамаудың салдары.

Жарамсыз мәмілелер түсінігі, түрлері.

6. Өкілдік және сенімхат

Өкілдік түсінігі мен түрлері. Өкілдіктің  пайда болу негіздері.

Коммерциялық өкілдік және оның ерекшеліктері. Сенімхат түсінігі мен түрлері. Сенімхаттың жарамдылық жағдайлары. Сенім ауысу.

7. Меншік институты

Меншік құқығы туралы түсінік және оның мазмұны.

Меншік нысаны. Жеке меншік және мемлекеттік  меншік.    Мемлекеттік  меншік және жекешелендіру.

Жеке меншік және оның түрлері.

Меншік  құқығының пайда  болу негіздері мен тәсілдері. Мүліктің кездейсоқ  жойылу немесе кездейсоқ  бүліну қаупі. Меншік  құқығының  ерікті түрде тоқтатылуы.

Ортақ меншік ұғымы және түрлiк  сипаттамасы.

Меншік құқығын қорғаудың азаматтық  құқықтық тәсілдері. Меншік иесінің Ұзгеден заңсыз иеленген мүлкін  талап етуі. /Виндикациялық талап/. Заттарды заңсыз иеленуден  қайтарып алу кезінде есеп айырысу. Меншік иесі құқықтарын иеленуден айыруға  байланысы жоқ бұзылудан қорғау. /Негаторлық талап/. Меншік құқығын қорғаудың басқа да тәсілдері.

8. Міндеттеме түсінігі  және тараптары

Міндеттемелік құқық ұғымы мен  жүйесі. Міндеттеме туралы түсінік  және оның басқа  мүліктік қатынастардан  ерекшелігі. Міндеттеменің пайда  болу негіздері. Мәмілеты жне мәмілесыз міндеттемелер. Міндеттемедегі көпжақтылық. Ортақ, үлестік және субсидиарлық  міндеттемелер. шінші жақтың  қатысуымен болатын міндеттемелер. Регресстік міндеттемелер. Үшінші жақтың пайдасына орындалатын міндеттеме. Міндеттемеде тараптардың ауысуы. Міндеттемені орындау ұғымы. Міндеттемені орындаудың бастаулары. Міндеттемені орындау мерзімі. Міндеттемені мерзімінен бұрын орындау. Міндеттеме орындалатын жер. Міндеттемені бөлшектеп орындау. Міндеттемені үшінші жаққа орындау. Ақшалай міндеттемені орындау. Міндеттеменің орындалғанын куәландыру.

9. Міндеттеменің орындалуын  қамтамасыз ету тәсілдері

Міндеттеменің орындалуын   қамтамасыз ету туралы түсінік және оның маңызы. Тұрақсыздық төлем және оның түрлері. Кепіл түсінігі және түрлері. Кепіл  болушылық және кепілдік, бір-бірінен айырмашылығы. Кепілпұл. Ұстап қалу құқығы. Міндеттемені тоқтату  негіздері.

10. Азаматтық-құқықтық  жауапкершілік

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік  түсінігі және негіздері. Азаматтық  құқықтық жауапкершіліктің құқықтық жауапкершілік  жүйесінде алатын орны. Заңға қайшы әрекет, залал, кінә және себепті байланыс- азаматтық құқықтық жауапкершіліктің мәмілелеры ретінде. Азаматтық құқықтық жауапкершілік түрлері. үлестік, ортақтасқан және субсидиалық жауапкершіліктің түсінігі мен ерекшеліктері. Аралас жауапкершілік. Регресстік жауапкершілік. Моральдық шығындарды өтеудің ерекшеліктері.

11. Сатып алу-сату шартын  құқықтық қамтамасыз ету. Сатып  алу-сату шартының түрлік сипаттамасы

Сатып алу-сату шартының түсінігі және маңызы, сипаттамасы. Сатып алу-сату шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері. Мүлікті беру мерзімі, саны, сапасы бойынша шарттың талаптарын бұзған кездегі тараптардың жауапкершілігі. Кепілді мерзім және кепілді мерзімді есептеу тәртібі. Тауардың жарамдылық мерзімі.  Сатушының шартты орындау сәті. Сатып алынған мүлікке сатып алушының меншік құқығының пайда болуы. Тауардың кездейсоқ бүліну  немесе кездейсоқ жойылу қаупінің сатып алушыға ауысуы.

Бөлшек сатып алу-сату шартын құықтық  реттеудің ерекшеліктері.

Тауар жеткізілімі шартының жалпы сипаттамасы. Тауар жеткізілімі шарты талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік.Тауар жеткізілімі шартын орындаудан бір жақты бас тарту негіздері.

Энергиямен және басқа қормен жабдықтау  шарттары. Үй, ғимараттарды сату. Кәсіпорындарды сатып алу, сату.

Айырбас шарты. Айырбас шартының түсінігі, шартты құқықтық реттеу.

Сыйға тарту шартының түсінігі және маңызы. Сыйға тарту шартының жалпы сипаттамасы. Қайырмалдық.

12.   Мүлікті жалдау шарты. Мүлікті жалдау шартының түрлік сипаттамасы

Мүлік жалдау шартының түсінігі, мазмұны. Мүлік жалдау шарты бойынша тараптардың құқтары мен міндеттері.

Қосымша жалға беру. Мүлікті жалдау шартын орындау. Жалға алушылардың мүлікке жасаған жақсартуларының құқықтық салдары.

Мүлік жалдау шартының түрлік сипаттамасы.Тұрмыстық  прокатты құқықтық реттеудің ерекшеліктері. Үйлер мен ғимараттарды жалдау.

Мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жалдаудың құқықтық ерекшеліктері.

Лизингтік қатынастардың құқықтық табиғаты.

Транспорт құралдарын жалдаудың құқықтық реттелуі. Транспорт құралдарын жалдаудың түрлік сипаттамасы.

13.  Мердігерлік шартын  құқықтық реттеу

Жұмысты орындауға бағытталған  міндеттемелердің түсінігі және жүйесі. Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы. Мердігерлік шартын орындамаған  және тиісінше орындамаған  және орындамаған  кездегі тараптардың жауапкершілігі.

Мердігерлік шартының түрлік сипаттамасы. Күрделі құрылысқа мердігерлік  шарты.

Тұрмыстық мердігерлік шартының ерекшеліктері.

Жобалау және іздестіру жұмыстарына  мердігерліктің ерекшеліктері. Ғылыми зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшеліктері.

Өтелмелі қызмет көрсету  шарты,құқықтық ерекшеліктері, мердігерлік  шартынан айырмашылығы.

14. Тасымалдау шарты

Қазақстан Республикасының  заңдары бойынша көлік түрлері. Тасымал, көлік ұйымы, шаруашылық айналымдағы құқықтық жағдайы. Тасымал түрлері, оларды құқықтық реттеу.

Тасымал шартының түсінігі, жүйесі, түрлік сипаттамасы. Тасымал  шартының түсінігі, жасалуы және рәсімделуі. Тасымал шартының орындалуы. Жүкті  тасымалдау шартының ерекшеліктері. Жолаушыларды тасымалдау шартының ерекше белгілері.

Тасымалдау шарты бойынша  наразылық беру және талап қою  ерекшеліктері. Көлік экспедициясы шартының түсінігі, ерекше белгілері.

15.  Сақтандыру

Сақтандыру бойынша міндеттемелердің түсінігі, құқықтық реттелуі. Сақтандыру бойынша міндеттемелердің мазмұны, түрлік сипаттамасы.

Сақтандыру қатынастарындағы негізгі түсініктері. Сақтандыру шартының түсінігі, мазмұны және түрлері.

Информация о работе Өшетін және еріксіз (механикалық және электромагниттік) тербелістер