Ауаға автокөліктен бөлінетін көмір қышқыл газының көлемін химиялық жолмен зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2015 в 07:47, реферат

Описание работы

Автокөліктен бөлінетін газдардың қала экологиясына әсерін анықтау.
Автокөліктен шыққан газбен ауаның ластануын зерттеу.
Автокөліктен атмосфераға шығатын шығарындылардың мөлшерін анықтау.
Ластанған ауаның зиянды әсерін анықтау.

Файлы: 1 файл

Жоба.10б.Word.docx

— 40.31 Кб (Скачать файл)

 

ІІ бөлім.Қаламыздаңы автокөліктерден бөлінетін көмір қышқыл газының көлемін эксперименттік жолмен зерттеу.

2.1. Атмосфераны  ластағыштардың құрамы.

Атмосфераға тасталатын 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындының құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ-та олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни тонналап атмосфераға шығарылатындарға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксиді, әр түрлі ұшпа көмір сутегілері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутегі, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады. /9-10/

Негізгі ластаушы компоненттердің атмосфераға тасталатын мөлшері.                                                                                                                                            млн.тонна

 

ЗАТТЕКТЕР

 

   Дүние жүзі бойынша

Қазақстан бойынша

Тұрақты көздер

Көлік

 

Тұрақты көздер

Көлік

Қатты бөлшектер

57

80

6,4

3,7

Көміртек оксиді

     177

200

7,6

10,1

Күкірт оксиді

     99

   0,7

     9,2

         -

Азот оксиді

     68

   20

     3,0

      1,1

Көмір сутектері

      4

   50

     0,2

     2,0


 

Бензинді мұнайды айдау арқылы алғанда да күкірттің біраз мөлшері ауаға тасталады. Мұнай мен көмірге қарағанда табиғи газда күкірт болмайды. Осы тұрғыдан қарағанда газ экологиялық таза отын болып саналады.

  

  2.2.Автокөлік қозғалысының адам денсаулығына әсері.

Атмосфера ауасы өмір тіршілік үшін аса маңызды, тіршілікке нәр береді. Сондықтан атмосфераны ауаны ластанудан қорғау әр адамның мақсаты, міндеті болуы тиіс. Атмосфераны ластаушылардың түріде көп -ақ. Атмосфера ауасын ластайтын негізгі факторлардың бірі автокөлік болып табылды. Автокөлік бөліп шығаратын газдың құрамында шамамен 200 зат бар. Оның бірі түгелдей жанған немесе шала жанған көмірсутектер. Шала жанған көмірсутектер машинадан шығатын түтіннің құрамында, әсіресе көлік моторы баяу істеп тұрғанда көп бөлінеді.Сапалы бензин құйылып, тоқтаусыз жүрген көліктен бөлінетін газдың құрамында 2, 7% жанбайтын көмірсутегінің тотығы болады.Машина жылдамдығын баяулатқан кезде оның мөлшері 6, 9% -ға дейін артады.Бұдан машинаны баяулатып жүру жиі болғандықтан қала ауасы көміртегінің тотығы көп бөлініп шығады. Бұл зат адам ағзасынан енетін болса, қан гемоглобині мен байланысып, оттегінің ұлпаларға жеткізілуіне кедергі жасайды.Бүгінгі таңда автокөлік көптеген қалаларда бірінші орындағы ластаушы көзге жатады. Көптеген мәліметтерге қарағанда бензин қозғалтқышынан тасталатын жанусыз қалған көмірсутектердің толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель қозғалтқышынан анағұрлым жоғары екені анықталған.

Қорыта келгенде автокөліктен осыншалықты адам ағзасына қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлерін білдік.Сондықтан да менің мынадай ұсыныстарым бар;                                                                                 

1) Экологиялық  таза жанармайлар ойлап табылса......

2) Қазіргі автокөліктерден  бөлінетін зиянды заттарды ұстап  қалатын сүзгіштер орналастырылса.....

3) Арнайы сүзгіштерсіз  көліктердің жүруіне тиым салынса.....

.4) Салауатты өмір  салтын қалыптастыруда автокөлік  орнына велосипед қолданылса.....

5) Велосипед жүргізуге  арналған жолдар және оған  арналған тұрақтар салынуы қарастырылса.....

6) Экологиялық  таза отын пайдаланатын автомобиль  қозғалтқыштарын жасаса.....            

                                                                                             

 

2.3. Ауаға автокөліктен бөлінетін көмірқышқыл газының көлемін химиялық жолмен зерттеу

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ

 

№1 зерттеу жұмысы.

Қарағанды қаласындағы  жолаушылар тасымалдайтын №40,43,53 автобустардың 1күндегі жұмыс барысындағы рейске шығатын автобустың санын және осы автобустардың 1 күнде қанша литр бензин жұмсайтындарын №3 автопаркке барып, мынадай мәліметтерді анықтадым.

Жұмыс күндері №40,43,53 автобустардан 1күнде 40 машина жолаушылар тасымалдауға шығарылады екен.Әр автобусқа 1күнде 90-100л, яғни автобаус 8 айналым жасайтын болса 90л, ал 10 айналым жасайтын болса 100л бензин немесе соляр майын  жағады.

 

№2 зерттеу жұмысы.

Бензиннің қозғалтқышта қопарылыс түзіп жануы детонация деп аталады.(детонация- жарылу), яғни жанған кезде дыбыс ырғағы бұзылады.Егер бензин құрамында ароматты көмірсутектер мен тармақты көмірсутектер көп болса, сапасы жоғары, ал ашық тізбекті көмірсутектер көп болса, сапасы төмен болады.Бензинді шартты түрде изооктан мен н-гептанның қоспасы ретінде қарастырады.

Енді осы мәліметтерді пайдалана отырып ,химиялық реакция теңдеулерін жазу арқылы, ауаға бөлінетін көмір қышқыл газының мөлшерін анықтауға болады.

 

C7H16 + 11O2 → 7 CO2 + 8H2O

Гептан                  Көмір қышқыл газы

 

№1есептеу. 1 күнде №43 автобус шамамен 10 айналым жасау үшін 110л бензин жаққанда  бөлінетін  көмір қышқыл газының көлемін есептеу:

Реакция теңдеуі бойынша пропорция құрамыз:

110л                       Хл

C7H16 + 11O2 → 7 CO2 + 8H2O

22,4л                  7*22,4л

110л ________________Хл

22,4л______________156,8л;        Х = 770л;   Бұл №43 автобустың 1 машинасы шығаратын көмір қышқыл газының көлемін,ал 1күнде осы автобустан 40 машина жолаушылар тасымалдауға шығады. Сонда, 40* 770л = 30800л;

№2есептеу. Осындай мөлшерде 1күнде №53 автобус, №40 автобус көмір қышқыл газынын бөлетін болса, 40* 770л = 30800л;  40*770л = 30800л;

№3есептеу. Барлығы : 92 400л көмір қышқыл газы ауаға тарайды.Бұл тек, қаламыздағы 3 қана автобусты есептегенде.

Практикалық ұсыныстар(шешу жолдары)

Бірінші проблема-автокөліктердің табиғи газға көшіру.

Екінші проблема -автокөліктерден улы газды аз шығару үшін арнайы  катализаторлар қондыруға болады.Катализаторларды уақытында ауыстыру жолдарын қарастыру.

Үшінші прблема – қаламыздағы көлік жүрісін реттеу.

 «№92 гимназия» КММ-де химия пәні бойынша автокөліктен бөлінетін көмір қышқыл газының көлемін  зерттеудің практикалық маңызын түсіндіру нәтижесі, осы көміртек қосылыстарына байланысты тақырыптарды өту  өту барысында ұсынылады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келгенде автокөліктен осыншалықты адам ағзасына қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлерін білдік.Сондықтан да менің мынадай ұсыныстарым бар;                                                                                 

1) Экологиялық  таза жанармайлар ойлап табылса......

2) Қазіргі автокөліктерден  бөлінетін зиянды заттарды ұстап  қалатын сүзгіштер орналастырылса.....

3) Арнайы сүзгіштерсіз  көліктердің жүруіне тиым салынса.....

.4) Салауатты өмір  салтын қалыптастыруда автокөлік  орнына велосипед қолданылса.....

5) Велосипед жүргізуге  арналған жолдар және оған  арналған тұрақтар салынуы қарастырылса.....

6) Экологиялық  таза отын пайдаланатын автомобиль  қозғалтқыштарын жасаса.....            

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1. В. Н. Луканин, Ю. В. Трофименко  Промышленно–транспортная экология: Учеб. для вузов / Под ред. В. Н. Луканина. –М: Высш. Шк., 2001, 273б

2. Ә.Бейсенбаева, А.Самақова, Т.Есболов, Ж.Шілдебаев «Экология  және табиғатты тиімді пайдалану».

3. Ғ.Сағымбаев. «Экология негіздері».

4. Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозматаева «Экология».

5. Денсаулық журналы.Арустамов Э.А. және б.

6. Е. М. Упушев Экология, природа, экономика: Учеб. пособие Алматы «Ғылым», 2002–328 б.

7. Экологические основы природопользования. Москва, 2001.

8. Федоров А.И, Никольская А.Н. Практикум по экологи. Москва: Гумм.изд. центр Владос, 2001.Одум Ю.М.

9. Экология 2х томах М.Мир, 1986г. Петров В.В Экологическое право Россия// Москва Изд. ВЕК 1996г

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ауаға автокөліктен бөлінетін көмір қышқыл газының көлемін химиялық жолмен зерттеу