Қазақстанның бейметалды пайдалы қазбаларының алынуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2015 в 13:35, реферат

Описание работы

Бейметалдар - металл еместер қатарына: сутек, бор, көміртек, кремний, фосфор, мышьяк, оттек, күкірт, селен, теллур, галогендер, асыл газдар жататын химиялық элементтер тобы; оларды металдардан бөліп топтауға қолданылатын атау. Табиғаттағы белгілі бейметалдар саны металдарға қарағанда аса көп емес.

Файлы: 1 файл

Қазақстанның бейметалды пайдалы.docx

— 1.85 Мб (Скачать файл)

                               №48 мектеп-лицейі

 

 

 

 

 

             РЕФЕРАТ

             Тақырыбы: Қазақстанның бейметалды пайдалы

                                  қазбаларының  алынуы.

 

 

 

 

                                                                    Тапсырған:Алпыс  Индира

                                                                     10"В" сынып  оқушысы

                                                                   Қабылдаған:Шетенова Ермек  

 

 

 

 

 

 

 

 Бейметалдар


Бейметалдар - металл еместер қатарына: сутек, бор, көміртек, кремний, фосфор, мышьяк, оттек, күкірт, селен, теллур, галогендер, асыл газдар жататын химиялық элементтер тобы; оларды металдардан бөліп топтауға қолданылатын атау. Табиғаттағы белгілі бейметалдар саны металдарға қарағанда аса көп емес. Периодтық жүйедегі бейметалдардың орнын анықтау үшін бор элементінен астатка дейін көлденең сызық жүргізсе, кестенің жоғарғы оң жақ бұрышын ала негізгі топшаларда бейметалдардың орналасқаны байқалады. Периодта бейметалл әлемент атомының ядро заряды біртіндеп өседі де, атом мөлшері кішірейеді. Сондықтан электрон қосып алуға бейімділігі жоғары және тотықтырғыштық қасиеті басым болады. Ал бейметалл орналасқан негізгі топшаларда (IV—VII) атомның радиусы неғұрлым кіші болса, ол ең сыртқы электрондарды күшті тартады. Демек, тотықтырғыштық қасиеті басым болады. Мысалы, фтор мен хлор атомын салыстырсақ, ең күшті тотықтырғыш — фтор. Бейметалдардың тотықтырғыш қабілеті электртерістіктің сан мәніне байланысты. Тотықтырғыш қасиеттердің өзгеруіндегі осы заңдылық сол бейметалдар түзетін жай заттарға да тән.

Бейметалдардың периодтық жүйедегі орны және электрондық құрылысы


Бейметалдардың және олардың қосылыстарының Қазақстан аймақтарында таралуы

Нағыз бейметалдар негізгі топшалардың элементтері болады, сыртқы электрондық қабаттары аяқталуға жақын жөне атомдық радиустары кіші болып келеді. Сондықтан олар сыртқы қабатына электрон қабылдауға бейім келеді. Бұл қасиеттері периодтарда солдан оңға қарай, ал топтарда төменнен жоғары қарай артады. Электрондарды оңай қосып алып, олар негізінен тотықтырғыштық (т-т-ш) қасиет көрсетеді.

Бейметалдар өр түрлі агрегаттық күйде кездеседі. Күкірт, фосфор, кеміртек қатты күйде болады. Олардың кристалдық торларыныңтүйіндерінде атомдар орналасқан.

Ал молекулалық кристалдық торлы заттар газ күйінде жүреді, мысалы, 02, Н2, N2, Сl2, т.б. Бейметалдар жылу мен токты өткізбейді, суда нашар ериді. Олардың кейбіреулері бос күйінде кездеседі (S, 02, Н2, т. б.), ал көпшілігі қосылыстар күйінде жүреді. 

Көміртек байланысқан күйінде мұнайда, тас көмірде, табиғи жәнө мұнайға серік газдардың құрамында болады. Оның бос күйіндегі жай заттары алмаз, графит жөнө карбин. Көмірдің қоры Екібастұз, Қарағанды көмір бассейндерінде көптеп кездеседі, сол жерлерде өндірістік көлемде алынады.

                  

     Бәкенов М.М. Рудалы-формациялар анализінің негізі. Оқу құралы ҚазҰТУ 2011. 
   Оқу құралында рудалы формациялар туралы негізгі түсініктер мен оларды белгілі принциптер бойынша жүйелеу жолдары жан-жақты сипатталған. Автор кендік- формациялық талдау жер қыртысындағы руданың пайда болуын түсіну және кен орындарын болжау үшін қажет әдіс ретінде қолданылады. Сондықтан негізгі бағыт ретінде рудалы формациялардың жүйелі пайда болуы, олардың геологиялық, генетикалық пішінін құру жолдары, руданың заңды орналасуы және оның жоғарғы масштабты металлогениялық зерттеулер жүргізуге қажеттілігі баяндалған. 
   Сонымен қатар негізгі рудалы қалыптасу кезеңдерінің қысқаша сипаттамасы берілген, мысал ретінде жақсы зерттелген молибден-мыс және мыс-никель кен орындары көрсетілген. 
   Өзінің маңызы жөнінен аталмыш оқу құралы «Металлогения» және «Пайдалы қазбалар геологиясы» пәндерінің бір бөлімі болып саналады, геология және «Қазба байлықтар кен орындарының геологиясы және барлау» мамандығында оқитын студенттер мен магистранттарға қажет мәліметтерден тұрады. Қазба байлықтар кен орындарын зерттеу, болжау және барлау мәселесімен айналысатын мамандар үшін пайдалы.  
   Бәкенов М.М. Өмірбеков А.Ә. Сәтбаевтану: Оқу құралы. ҚазҰТУ 2011. 
   Оқу құралында Қазақ ССР академиясының тұңғыш президенті және ұйымдастырушысы, Қазақстандағы тау-кен, геология саласында және техникалық білім саласында ерен еңбегі сіңген белгілі ғалым, геолог Қ.И.Сәтбаевтың сегіз қырлы, бір сырлы таланты үлгіге алына отырып, тау-кен, геология мамандықтарының жұмбақ сырлары ашылады. Қазба байлықтардың ашылуы, ғылымның дамуы, өндіріс күштердің қалыптасуы, сонымен қатар еліміздегі әртүрлі минералды-шикізат көздерін, соның ішінде бейдәстүр тәсілмен кешенді және тиімді ашу жолдары көрсетілген. 
   Сонымен қатар бұл басылымда сан қырлы талант иесінің ұлт әдебиеті мен өнеріне қосқан үлесі егжей-тегжей зерттеліп, көлемді үш тарау негізінде беріліп отыр. Халық өнері мен ауыз әдебиетінің білгірі әрі қорғаушысы бола білген Қаныш тағы бір қырынан көрініс береді.  
   Бәкенов М.М. Қазақстан пайдалы қазбаларының бейдәстүрлі және жаңа түрлері ҚазҰТУ 2008. 
   Оқу құралында тұңғыш рет, қолданылуы әлі қалыпқа түспеген Қазақстанның қазба байлықтары сипатталған. Олардың еліміздің экономикасы мен индустриалды-инновациялық дамуындағы ролі өте зор. Жаңа кен орындары мен кен көздері туралы, олардың қасиеттері, халық шаруашылығындағы қолданылуы туралы жаңа мәліметтер келтірілген. Әсіресе жаңа бейдәстүрлі кен орындары, оларды табу және бағалауға көп көңіл бөлінген. Оқу құралында олардың пайдалы жақтары және өндірістің жаңа салаларын құруға қажет минералды шикізат базасы туралы бағалы жаңа мәліметтер келтірілген. 
   Өзінің мазмұны жөнінен оқу құралы «Пайдалы қазбалар геологиясы» пәнінің жаңа бөлімі болып саналады. Сонымен бірге ол «Геологиялық картаға түсіру, іздестіру және кен орындарын барлау» мамандығында оқитын студенттердің жаңа оқу құралы болып табылады. Қазақстанның минералды-шикізаттарын зерттеу және пайдалану бағытында жұмыс істеп жүргендерге де көмегі бар. 
   Оқу құралы Қазақстан жерасты байлықтарын өндіру және тиімді пайдалану мақсатымен еңбек етіп жүрген отандық және шетелдік инвесторларға да пайдасын тигізеді. Ол министрліктер мен мекемелер басшыларына, педагогтарға, аспиранттарға, гидрогеология, мұнай-газ, география, тау-кен ісі, экономика, металлургия мамандықтарында оқитын студенттерге жаңа мәліметтер береді. Сол сияқты Қазақстан минералды-шикізат ресурстарымен және өндірістің жаңа озық салаларының келешегімен танысуға әрекет жасап жүргендерге де көмегін тигізеді.  
     Бәкенов М.М. Сәтбаевтану: Оқу құралы. ҚазҰТУ 2006. 
   Оқу құралы Қазақ ССР Ғылым академиясының тұңғыш президенті және ұйымдастырушысы, Қазақстандағы тау-кен, геология саласында және техникалық білім саласына еңбегі сіңген белгілі ғалым, геолог Қ.И.Сәтбаевтың сегіз қырлы, бір сырлы таланты үлгіге алына отырып, тау-кен, геология мамандықтарының жұмбақ сырлары ашылады. Қазба байлықтардың ашылуы, ғылымның дамуы, өндіргіш күштердің қалыптасуы, сонымен қатар еліміздегі әртүрлі минералды шикізат көздерін бейдәстүр тәсілмен кешенді әрі тиімді ашу көрсетілген. 
   Оқу құралында геологиялық барлау, тау-кен, мұнай, металлургия және экология-экономика институттарында білім алып жатқан студенттерге пайдалы қазбаларды кешенді әрі тиімді тәсілмен ашу, барлау және өңдеу жолында тиімді бағыт-бағдар беретін құнды материалдар қамтылған. Инженерлер мен аспиранттарға, магистранттар мен ғылыми қызметкерлерге, өндіріс мамандарына және минералдық шикізат көздерінің ашылуына, ғылым, білім және индустрияның дамуына қызығушылық танытатын жалпы оқырмандарға арналған. 
   М.Бәкенов, Қ.Т.Отарбаев. Пайдалы қазбалардың геологиясы: Оқу құралы ҚазҰТУ 2002. 
    «Пайдалы қазбалардың геологиясы» оқу құралы геология және тау-кен мамандығы студенттеріне зертханалық практикум (жаттықтыру) ретінде ұсынылады. Осы пән бойынша қазақ тілінде оқулықтардың мүлдем жоқ екендігін ескере отырып, авторлар пайдалы қазбалар кен орындарының генетикалық типтеріне қысқаша түрде шолу жасап отыр. Онда пайдалы қазбалар жаралуының негізгі жағдайларын сипаттай отырып, кенді формациялары мен үлгі болып табылатын белгілі кен орындары аталған. Оқу құралы студенттердің жеке дайындалу, зертханалық сабақтарды меңгеру кездерінде пайдаланылады.    

М.М. Бәкенов. Қазақстанның бейметалды пайдалы қазбалары. Оқу құралы ҚазҰТУ 2001. 
   Оқулықта тұңғыш рет Қазақстанда кездесетін бейметалды қазба байлықтардың барлық түрлері сипатталған, соның ішінде қолданылуы әдетке айналмаған қазба байлықтар қарастырылады. Олардың республикамыздың экономикасының дамуында алатын орны ерекше. Осы кен орындары, бейметалды-минералды шикізат түрлері, олардың қасиеттері, қолданылуы және өндірілуі туралы толық мәлімет берілген. 
   Оқулық «Геологиялық картаға түсіру, қазба байлықтардың кен орындарын іздеу және барлау» мамандығы бойынша оқитын студенттерге, сол сияқты Қазақстан минералды-шикізат ресурстарын зерттейтін және пайдаланатын мамандар үшін көрнекті құрал болып есептеледі. 
   Жер қойнауындағы қазба байлықтарды өндіретін және пайдаланатын отандық және шетел инвесторлары үшін де маңызы өте зор. 
   Оқулықтың министрлік қызметкерлеріне, мұғалімдерге, аспиранттарға және гидрогеология, мұнай-газ, география, экономика, тау-кен, металлургия мамандығында оқитын студенттерге және Қазақстан минералды-шикізат ресурстарымен, республика халық шаруашылығының келешегімен айналысатын мамандар үшін де пайдасы бар. 
   Бәкенов М.М. Қазақстанның алтын кен орындары. Бөлім I. «Ғылым», 2002. 
   Бұл монографияда алтынды және құрамында алтыны бар түзілімдер мен кен орындарының түрлерін (типтерін) анықтаудың негізгі принциптері және өлшемдері көрсетілген, Қазақстандағы алтын кен орындарының геологиялық, геофизикалық модельдері (пішіндері) жасалған. Олар Қазақстанда жаңа алтын кен орындарын іздеп табуға, мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі.    

Бәкенов М.М. Қазақстанның алтын кені орындары. Бөлім II. «Ғылым», 2003. 
   Монографияда Қазақстан алтын кені орындарының геологиялық құрылымын және олардың жаратылысы мен орналасу ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде әртипті және әртүрлі тереңдікте пайда болған алтын кен орындарын іздеу өлшемдері анықталған. Олардың геологиялық құрылымы, табиғи жаратылысы, магмамен байланыс түрлері, морфологиялық, минералды-геохимиялық ерекшеліктері, орналасқан тау жыныстарының гидротермалды-метасоматикалық өзгешеліктері көрсетілген. 
   Әр түрлі тереңдікте жатқан алтын кені орындарын іздеуге арналған өлшемдері металлогениялық болжау жұмыстарын ғылыми-практикалық тұрғыдан жүргізуге негіз болады, іздеу-барлау жұмыстарының нәтижесі болуына, оның ішінде өте ірі және қолданылуы қалыптаспаған жаңа кен орындарын іздеп табуға жағдай туғызады. Сөйтіп, Қазақстанда алтын өндірісін дамытуға өте қажет минералды-шикізат қорын ұлғайтуға мүмкіндік туады. 
   М.М. Бәкенов., К.Т.Отарбаев. Қазақстанның бейметалды пайдалы қазбалары ҚазҰТУ, 1998. 
   Оқу құралы мамандықтың біліктілік сипаттамасына сәйкес жазылған. Бейметалдық пайдалы қазындылардың өнеркәсіптік типтері пәннің бір бөлігі болып кіреді. Бұл оқулықта Қазақстанда кездестірілетін бейметалды пайдалы қазбалар жүйелі түрде қарастырылған. Тәуелсіздікке орай даярланған мамандар Қазақстанның байтақ даласында жұмыс істейді. Сондықтан, олар өз жеріміздегі кездесетін қазба байлықтарды түбегейлі білгендері жөн. Бұрынғы Одақ басылымдарынан шыққан негізгі оқулықтарда дүниежүзілік, бүкілодақтық ірі, көпшілікке танымал кен орындары көрсетілген. Олардың ішінде Қазақстан кен орындары аз сипатталған. Сондықтан осы оқу құралы негізгі оқулықтарды толықтыра отырып, студенттердің білімін көтеруге мүмкіндік туғызады.

                                                                                                                                                                  


Информация о работе Қазақстанның бейметалды пайдалы қазбаларының алынуы