Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 18:35, реферат
Жұмыстың мақсаты: фотоэлектрколориметрде жұмыс жасап үйрену; градуирлеу график әдісі арқылы Fe3+ құрамын анықтау.
Темір (III) сульфосалицил қышқылымен (2-окси-5-сульфобензолды) ерітіндінің қышқылдылығына байланысты бірнеше комплексті қосылыстыр түзеді. Егер рН 1,8-2,5 аралығында болса қызыл-күлгін түсті катионды комплекс түзіледі, оның жұтылу жолағы сәйкесінше lmax = 510 нм және e max = 1,8×103 мәндері арқылы өрнектеледі. Ортаның рН-ы артқан сайын, яғни 4,0-8,0 аралығында – ерітіндінің түсі қоңыр-қызыл түске ауысады, бұл жағдайда анионды био-комплекс түзіледі. Сілтілі ортада (9 < рН <11,5) жұтылу жолағы lmax = 416 нм және e max = 5,8×103 мәндеріне сәйкес келетін сары түсті комплекс түзіледі. Ал егер рН > 12 мәнінен артса комплекс ыдырап, темір гидроксиді тұнбаға түседі.