Химиялық қондырғыларды жобалау сатылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 20:36, реферат

Описание работы

Технологиялық қондырғы өнеркәсіптік кәсіпорынның қондырғы жүйесінің құрамдас бөлігі болып кіреді және оның өмірлік циклі өндірістің өніміне тәуелді. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы өндіріс өнімнің өмірлік циклінің қысқаруына (көнеру циклі) алып келеді, көптеген жағдайда ол қазіргі таңда бес жылдан аспайды. Сондықтан технологиялық қондырғыны жобалауға арнаулы бөлінген уақыт мүмкіндігінше минималды деңгейге келтірілуі қажет. Жобалаудың негізгі сатылары 5-суретте келтірілген.

Файлы: 1 файл

Химиялық қондырғыларды жобалау сатылары.doc

— 1.82 Мб (Скачать файл)

Химиялық қондырғыларды жобалау сатылары.

 Технологиялық қондырғы өнеркәсіптік кәсіпорынның қондырғы жүйесінің құрамдас бөлігі болып кіреді және оның өмірлік циклі өндірістің өніміне тәуелді. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы өндіріс өнімнің өмірлік циклінің қысқаруына (көнеру циклі) алып келеді, көптеген жағдайда ол қазіргі таңда бес жылдан аспайды. Сондықтан технологиялық қондырғыны жобалауға арнаулы бөлінген уақыт мүмкіндігінше минималды деңгейге келтірілуі қажет. Жобалаудың негізгі сатылары 5-суретте келтірілген.

  Технологиялық қондырғыны жобалаудың  мақсаты:

  • сапаның өте жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, жобаны орындау шарты жағдайында жобалаудың, даярлаудың және эксплуатацияға енгізудің мерзімін қысқарту;
  • өндірістің, ғылыми-техникалық жетістіктердің, ұтымды ұйымдастыру мен басқарудың алдыңғы шепті тәжірибесін қолдану арқылы еңбектік, материалдық, энергетикалық ресурстардың шығындарының мүмкіндігінше минималды шығымдалуын қамтамасыз ету.

  Технологиялық қондырғыны жобалаудың  міндеттерін қою үш сатыда өтеді:

  1. өндірістің өнімін (зат) даярлап жасап шығаруға және өңдеу технологиясына деген идеяның немесе мұқтаждықтың туындауы;
  2. болжамдалған технологиялық қондырғының негізгі параметрлері туралы және оған қойылатын талаптар бар материалдарға сараптама жүргізу;
  3. технологиялық қондырғыны жобалауға қойылатын міндеттерін құрастыру.

 Технологиялық қондырғыға қатысты идея немесе мұқтаждық өнім және оны өндеудің технологиясы пайда болғанда туындайды. Сондықтан технологиялық қондырғы өндіріс өніміне және технологиясына қатысты қараса екіншілік болып келеді. Технологиялық қондырғыны жобалау өндіріс өнімі және оны өңдеу немесе даярлау технологиясы туралы толық ақпарат бар болған кезде мүмкін болады. Жобалаудың бастапқы сатысы негізгі параметрлерді, техника-технологиялық сипаттамаларды және олардың өзара байланыстарын экономикалық, әлеуметтік факторлармен байланысын зерттеу болып табылады.

 Жобалаудың келесі сатысында  ұсынылған өнімді өндеудің технологиялық  процесінің физикалық іске асырылуы  бағытында жүргізілген зерттеулердің, технологиялардың, инженерлік ізденістердің, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың материалдарын сараптамадан өткізу қарастырылады.

 Технологиялық қондырғыны жобалау  міндеттерін құрастыруға мәселені  алдын ала қарастыру, бастапқы  мәліметтерді меңгеру, қаржыландырудың көзін және оның жуықталынған құнын жобалау, жасау және эксплуатацияға енгізу мерзімін анықтау кіреді.

 Технологиялық қондырғыны жобалау  туралы шешімді қабылдау алдын  ала келесі тапсырмаларды орындаумен  жүзеге асады:

  • технологиялық қондырғының көптеген (үштен көп емес) аналогтары мен прототиптерінің арасынан жүзеге асуы тұрғысынан ең мүмкін болып келетін нұсқасын таңдау және оптималдық критерийін анықтау;
  • технологиялық қондырғыны жобалау кезінде еңбектік, материалдық, энергетикалық ресурстарды, макеттерді немесе тәжірибелі-өндірістік (зертханалық) желілерге қатысты жуықталынған шығындарды анықтау;
  • экономикалық және әлеуметтік факторлардың талаптарын қанағаттандыратын жобалау жүйесінің ұтымды құрылымын ұйымдастыруды қарастыру.

 Технологиялық қондырғыны жобалау  туралы шешімді қабылдау приципі  ғылыми-техникалық білімді, даму тарихын, алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибені және жобаның оптималды нұсқасын анықтаудың прогрессивті әдістерін қолдануға негізделген.

 Химиялық өндірістің қазіргі дәрежесі жоғары сапалы машина мен аппараттарды жобалауды және жасауды талап етеді. Бұл келесі техника-экономикалық көрсеткіштердің оптималды үйлескенінде мүмкін болады: максимальді жұмысшы көлем, жоғары өнімділік, қарапайымдылық, жұмыста сенімділік және қауіпсіздік, ең аз энергия және металды сыйымдылық, автоматтандырудың жоғары дәрежесі мен максимальді жұмыс істеу мерзімі.

 Бұйымның құрылымын жасақтау ˗ өзіне тән айрықша дараланған үш сатылы күрделі көпбаспалдақты процесс:

  • біріншісі (жобалық конструкторлық құжаттарды жасақтау) – техникалық тапсырмалардың мәліметтерінен, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік сынақтардың нәтижелерінің негізінде орындалатын инженерлік шешімдердің техника-экономикалық жетілдірулердің қадамнан-қадам арқылы тереңдейтін процесс;
  • екіншісі (жұмысшы конструкторлық құжатты жасақтау) – инженерлік ізденістердің нәтижелерінің материалдық тұрғыдан жүзеге асырылуы, тәжірибелік-өндірістік мәліметтерді жүйелесу және оларды техникалық тапсырмамен салыстыру, құжаттарға қажетті анықтамалар мен толықтыруларды енгізу процесі;
  • үшіншісі (техникалық тапсырманы жасақтау) – жасақталынатын нысанға қатысты бастапқы талаптарды анықтау және жасақталынатын нысанның алдын ала (мүмкін және меңзелінген) кескінін құрастыру процесі.

 Конструкторлық құжат – бұл жеке немесе үйлесулері арқылы бұйымның құрамы мен құрылысын анықтайтын графикалық және мәтіндік құжаттар. Жалпы конструкторлық құжаттар жобалық және жұмысшы конструкторлық құжаттар болып бөлінеді.

 

 

 

 

 

 Жобалық конструкторлық құжатта (техникалық қосымша, эскиздік және техникалық жоба) бұйымды жасақтауға қажетті барлық мәліметтер болады, ал жұмысты конструкторлық құжатта осы бұйымды даярлап шығару үшін қажетті мәліметтер келтіріледі.

 Конструкторлық құжат бұйымды  даярлап жасап шығарудың әдістері мен тәсілдерін, сонымен қатар олардың қолданылу реттілігін регламенттемейді. Бұл – технологиялық құжаттардың міндеті. Бірақ конструкторлық құжаттарда келтірілген мәліметтер оларды таңдауға және қолданылуына анағұрлым әсер етеді.

 


Информация о работе Химиялық қондырғыларды жобалау сатылары