Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 19:27, доклад
Этил спирті, этанол, С2Н5ОН – біратомды қаныққан-алифатты спирт, түссіз, күйдіргіш дәмі және өзіндік исі бар оңай қозғалатын сұйықтық; балқу t –144,15°С, қайнау t 78,39°С. Этил сумен, спирттермен, эфирлермен, бензинмен, т.б. органик. еріткіштермен кез келген қатынаста жақсы араласады. Этилды өнеркәсіпте алу үшін этиленді күкірт қышқылы арқылы немесе тікелей гидраттайды; зимаза ферментінің әсерімен а. ш. шикізаттарын (картоп, дәнді дақылдар, т.б.) ашытады және ағашты, т.б. өсімдіктерді гидролиздейді.
Этил спирті, этанол, С2Н5ОН – біратомды қаныққан-алифатты спирт, түссіз, күйдіргіш дәмі және өзіндік исі бар оңай қозғалатын сұйықтық; балқу t –144,15°С, қайнау t 78,39°С. Этил сумен, спирттермен, эфирлермен, бензинмен, т.б. органик. еріткіштермен кез келген қатынаста жақсы араласады. Этилды өнеркәсіпте алу үшін этиленді күкірт қышқылы арқылы немесе тікелей гидраттайды; зимаза ферментінің әсерімен а. ш. шикізаттарын (картоп, дәнді дақылдар, т.б.) ашытады және ағашты, т.б. өсімдіктерді гидролиздейді. Этил әр түрлі өндіріс салаларында (лак-бояу, фармацевтика, тұрмыстық химия, т.б.) еріткіш ретінде; хлороформ, диэтил эфирі, этилацетат, диэтиламин, сірке қышқылы, т.б. органик. өнімдерді алу үшін бастапқы шикізат ретінде; мотор отыны, антифриз, т.б. түрінде кеңінен қолданылады. Өндірілетін Этилдың көп бөлігі спирттік сусындар жасау үшін жұмсалады.[1]
Этанол
Этил спирті ауадан ылғалды өзіне жақсы сіңіреді, жақсы еріткіш, сумен, эфирмен, глицеринмен, бензинмен, т.б. Көптеген органикалық еріткіштермен жақсы араласады. Этил спирті екі түрлі тәсілмен алады: ферментативтік немесе биохимиялық; химиялық немесе синтетикалық. Бірінші тәсілде ашытқы ферменттерінің әсерінен қанттың ашуынан алынады, екінші тәсілде этиленге катализатор көмегімен суды қосу арқылы алынады.
Шынында да дәріге тәуелді болудан құтылуға бола ма? Бүгінде әр қалада ішімдікке құмарлардың, нашақорлардың, есірткі шегушілердің анонимді орталықтары жұмыс істейді. Ондағы мамандар зиянды әдетке тәуелділерге көмектеседі. Ал дәріге тәуелділерге кім көмектесе алады?
Әдет пе, ауру ма?
Бұл сұраққа жауап іздей отырып еліміздегі темекіқұмарлар, нашақорлардың нақты болмаса да, шындыққа жуықтайтын көрсеткіштеріне көзіміз түсті. Алайда дәріге тәуелділер туралы дерек табу мүмкін болмады. Ал арамызда дәрі ішпесе тұра алмайтын, қазір бір түйір дәрі жұтпасам ауырып қаламын деген қорқынышпен өмір сүретін, мұны әдетке айналдырған адамдар бар. Олар дәріден құтыла ала ма?
АҚШ-та таблеткаға сүйеніп кеткендерге зерттеу жүргізгенде жасы 30-дан асқан әйелдердің 40 пайызға жуығы жүйкесін дәрі арқылы тыныштандыратынын, тыныш өмірін осыдан тапқанын айтқан. Ал 50-ден асқан азаматтардың 54 пайызы дәрісіз тұра алмайтыны белгілі болыпты.
Әрине, бұл шетелдік дерек. Біздегі ахуал ше дерсіз. Өкінішке орай, бізде мұндай нақты дерек табу мүмкін еместігін жоғарыда айттық. Дегенмен жағдайымыз шетелдікінен жақсы емес екенін ішіңіз сезер. Ендеше адамдар неге дәріге тәуелді болады? Денені дәріге үйретуге не себеп, осыған тоқталып көрелік.
Денені дәріге үйретудің үш түрі болады екен. Біріншісі – дәріге тәуелділік. Бұдан құтылу өте қиын. Дәрілер арасында күшті тәуелділікті тудыратын құрамында наркотикалық заттары бар таблеткалар бар. Мысалы, морфин. Мұндай күшті әсері бар дәрілерді дәрігер-мамандардың кеңесінсіз пайдаланбаған дұрыс.
Екінші түрі – құрамында есірткі заты бар дәріге үйреніп, онсыз ағзаның өздігінен жұмыс жасай алатындығына сенімсіздік таныту. Мұндай жағдайда ағза бұл дәрілерге тез үйреніп, оның жеткілікті әсер алуы үшін көп мөлшерде қабылдай беруін талап етеді. Көбіне бұған тыныштандыратын, аллергияға қарсы және мұрынға тамызатын дәрілер кіреді.
Дәріге тәуелділіктің үшінші түрі – психологиялық тәуелділік. Дәрісіз өмірін елестете алмайтын адамдармен кездескен боларсыз. Міне, мұндай адамдарға бұл проблеманы таблеткасыз шешуге болатыны жөнінде ақыл айтып әуре болмай-ақ қойыңыз.
Қандай дәрілер қауіпті?
Морфин – ертеден келе жатқан дәрі. Дәрігерлер көп уақыт бойына оның адам психикасына әсер етіп, дәріге тәуелділікті арттыратынын білмей келді. Кейін анықтағанымен, оны дәрілер қатарынан алып тастау мүмкін болмады. Өйткені ол басқаларға қарағанда ауруды сездірмейтін ең (көбіне ісік ауруларына) қажет құрал болып саналады.
Транквилизаторлар да солай. Ақыл-есі дұрыс адам оны бей-берекетсіз пайдалана бермейтіні анық.
Сырттай зиянын тигізбейтіндей көрінгенімен, ағзаға тәуелділік тудыратын, дәрігердің рұқсатынсыз дәріханаларда сатылатын кейбір дәрілер де бар. Бұл дәрінің әсері туралы тұтынушыға ескертілуі керек. Өйткені оның құрамында ағзаны уландыратын заттар болады. Соңғы кезде мұндай дәрілердің дәрігер рұқсатынсыз сатылмауы керектігі жиі көтеріліп жүр. Бірақ саудасы жүргенін ойлайтын дәріханалар мұндай ескертпелерге көбіне құлақ аса бермейді.
Қарттардың күнделікті тұтынуында ауруды сездірмейтін, бірақ тәуелділік туғызатын дәрілер де бар. Олардың қатарына валокордин, корвалол, пенталгинді қосуға болады. Басымыз қатты ауырса пенталгин, ұйқымыз келмесе корвалол іше салатынымыз рас қой. Кей жағдайларда дәріні дәрігердің нұсқауынсыз пайдалана беретініміз бар. Білгіштердің сөзіне еріп, жақсы деп естіген дәріні де іше береміз. Кейде мөлшерінен асыра қабылдап қоятынымыз да жасырын емес. Оған денені үйрету қиын емес. Мысалы, бір рет қабылдадыңыз, пайдасы тиді. Осыдан кейін-ақ сол дәріні «жақсы көріп» қаламыз, мақтаймыз, басқаларды да сол дәріге үйретеміз. Ақыры дәріге қалай тәуелді болып қалғанымызды аңғармаймыз.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл дәрілерді қабылдаған кезде оған деген тәуелділік 10 пайыз болады екен. Сондықтан, құрамында кішкене де болса есірткі заты бар дәріні мөлшерден артық қабылдаудан сақтанған жөн.
ЕСІРТКІ ЖӘНЕ УЫТҚҰМАР ПРЕПАРАТТАР ТУРАЛЫ
Адамның психикалық жағдайына тікелей әсер ететін өсімдіктік және синтетикалық түп негіздегі химиялық қосындылардың бәрін психикалық белсенді заттар деп атау көрсетілген.
Шектен тыс немесе шамадан көп қолдануға құнығуға шарт бойынша олардың жағымды немесе өзгеше психикалық күй тудыратындары итермелейді.
Егер қандай да бір психикалық белсенді заттар адам денсаулығы мен қоғам үшін аса қауіпті болып, мұнда жеткілікті экономикалық шығындар туса, онда есірткілік заттарға бақылау жасау бойынша комитеттің арнайы нормативтік актілерімен ол наркотикалық (есірткілік) зат деп танылады.
Сондықтан есірткі (наркотик) – медициналық қана емес, сонымен қатар құқықтық (юристік) ұғым.
Қайсыбір дәрілік препараттар, алкоголь және никотин, сондай-ақ хош иісті (ароматты) көмірсутектері бар кейбір заттар, заңдылық бойынша есірткілік топқа жатпай және эмоционалдық онды психикалық жағдайға жету үшін тұтынылатын заттар уытқұмарлық бұйымдар деп аталады.
Елімізде есірткілік заттарға мыналар жатады:
- апиын алкалоидтары (морфин, кодеин), жасанды (синтетикалық) опиоидтар (героин, норфин, метадон, промедол);
- кейбір психикалық үдетуші заттар (кокаин және оның өнімдері, фенамин, первитин, эфедрон және басқа амфетамин);
- галлюциногендер немесе психоделихалық заттар: гашиш (анаша, марихуана), ЛСД (лизергин қышқылының диэтиламиді), псилобицин, фенциклидин;
- экстази жаргондық атаумен көбірек белгілі, галлюциногендік әсерлі құрамдас бөлімі бар психистимуляторлар ( психикалық үдетушілер ) –МДМА .
Уытқұмарлық заттар:
- хош иісті ( ароматикалық ) көмірсутектері бар әртүрлі еріткіштер, лактар, желімдер;;
- тыныштандырғыш(седативтік ) немесе ұйқы келтіретін әсері бар медициналық препараттар седуксен, реланиум, радедорм, тазепам, фенобарбитал );
- галлюциногендік әсері (эффекті) бар медициналық препараттар (циклодол, паркопан, тремблекс, кетамин, калипсол ).
Нашақорлық– бұл есірткілік препараттарды тұтыну процесінде дамитын ауыр да емделуі қиын дерт. Оның басты белгісі жағымды психикалық жағдай эйфория немесе нақты ақуалды өзгеріспен қабылдауды тудыратын қандай да болмасын химиялық затқа құнығу болып табылады.
Уытқұмарлық– эйфорияны тудыруға мүмкіндігі бар, бірақ құқықтық тұрғыда есірткілік заттар қатарына жатқызылмаған уытты заттарды тұтынғанда пайда болатын шектен тыс құнығу жағдайы.
Есірткіге қарағанда көптеген уытқұмарлық заттардың адам денсаулығына қауіптілігі аздау екендігін айтқан жөн.
Эйфория-ешбір себепсіз, жеңіл және еркін субъективтік қабылданатын қуаныш, бастан өткізу (бұл ретте есірткілік мастану) жағдайы.
Абстиненттік синдром – ауыр дене дімкәстануларымен (жалпы әлсіздік, қалтырау, ауыру, құсу, дамылсыз іш өту, сілекей ағу және тер шығу), психика және мінез-құлықтағы ауытқулармен (ұйқының бұзылуы, елес, лағу, құрысу жағдайларының пайда болуы) сипатталатын организм қызметінің жалпы бұзылуы.
Абстиненттік синдром есірткіге немесе уытты затқа дене тәуелділігі болғанда препараттарды қабылдауды бірден шұғыл тоқтатқан жағдайда пайда болады.
Оны жеңілдету немесе толық жою тек есірткіні, я болмаса қажетті уытты затты енгізу арқылы арнайы ем жүргізу жолымен жүзеге асырылуы