Күйіндіні сілтісіздендіру және щламды пульпа сатурациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 18:03, реферат

Описание работы

Күйіндіні алдын ала ұсақтау үшін белдікті ұсақтағышты барабанды салқындатқыштан кейін немесе тікелей пештің төменгі қалпақшасына бақылау торы арқылы орнатады ( бұл кезде күйіндіні ұсақтаудан бұрын алдын ала хроматты сілтілермен салқындатады). Зауыттардың бірінде қалпақшаның төменгі бөлігімен(L = 40 және 35 м) шойын ажырамалы былғарыда екі белдікті ұсақтағыштар белдік диаметрі 520 мм, ұзындығы 350—500 мм және айналу жылдамдығы 170—180 айн/мин қондырылған. Ұсақтағыштан күйінді көлемі 16—20 м3 сөндіру камерасына түседі, мұнда ол ерітілген сілтімен салқындатылады.

Содержание работы

І. Күйіндіні сілтісіздендіру және щламды пульпа сатурациясы
1.1 Сілтісіздендіру мен сатурация теория негіздері
1.2 Сілтісіздендіру процесіне әртүрлі факторлардың әсері
1.3 Сатурация процесіне әртүрлі факторлардың әсері

Файлы: 1 файл

Амиржанов.doc

— 347.50 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАР:

І. Күйіндіні  сілтісіздендіру және щламды пульпа сатурациясы

1.1 Сілтісіздендіру  мен сатурация теория негіздері

1.2 Сілтісіздендіру процесіне әртүрлі факторлардың әсері

1.3 Сатурация процесіне әртүрлі факторлардың әсері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Күйіндіні сілтісіздендіру және щламды пульпа сатурациясы

Аппаратура

Күйіндіні алдын ала ұсақтау үшін белдікті ұсақтағышты барабанды салқындатқыштан кейін немесе тікелей пештің төменгі қалпақшасына бақылау торы арқылы орнатады ( бұл кезде күйіндіні ұсақтаудан бұрын алдын ала хроматты сілтілермен салқындатады). Зауыттардың бірінде қалпақшаның төменгі бөлігімен(L = 40 және 35 м)  шойын ажырамалы былғарыда екі белдікті ұсақтағыштар белдік диаметрі 520 мм, ұзындығы 350—500 мм және айналу жылдамдығы 170—180 айн/мин қондырылған. Ұсақтағыштан күйінді көлемі 16—20 м3 сөндіру камерасына түседі, мұнда ол ерітілген сілтімен салқындатылады. Сөндіру камерасында тұтынылатын ылғал ұлу тәрізді диірмен болады.  Сілтісіздендіру және күйіндіні ұсату үшін ылғал ұнтақты диірмендер қолданылады. Бұл диаметрі 1,2—2,1 м және одан да жоғары, футерленген бронды плитамен немесе белдікпен материалды жүктеуге шығаруға арналған  бір камералы құбырлы диірмендер. L = 44 м, DBH = 2,55 м пешке диаметрі 1,5 м және ұзындығы 3 м;  L = 55 м, DBn = 2,36 м пешке — диаметрі  2,1 м және ұзындығы 3 м диірмен орнатылады. Диірменде шламды пульпаны  Қ:С~ 1:3 алады; пульпаның қатты бөлігі саңылауы 0,075 мм 25—50%; кем емес қалдықты беруі керек, сұйық бөлігі  160— 200 г/л СгО3-тен тұрады. Пульпа температурасы 70—90°С. Шламды пульпанының тығыздығын диірменге әлсіз сілтіні беріп тұрақты автоматты реттеу арқылы бірқалыпты ұстап тұру керек. Хром шығынын азайту үшін CrО3B.р және СгОзк.р мен шламды пульпаны көмірқышқыл газымен сатураторда қанықтырады.

Пештерді табиғи газға ауыстырғаннан кейін (қалдық газдарда СО2 концентрациясы бірден түсіп кетеді ) олардың эффективтілігі жеткіліксіз деп танылды. Қазіргі кезде сатурация зауыттарда жоқ және  бұл хромның шығынына алып келеді.

1.1 Сілтісіздендіру  мен сатурация теория негіздері

Өндірістің  бұл сатысында хромның жоғары шығымдылығы болады, тіпті тесу процесіндегі шығынның мөлшерінен асып кетеді.   

Күйіндіні сілтісіздендіру  кезінде бәрінен бұрын күйіндінің минералды фазасы мен су әрекеттеседі.  Күйіндіні сілтісіздендіру кезінде хроматтың қатты ерітіндісі Na2CO3, NaAlO2 ерітіндіге өтеді, қалған минералды фазалар шламды пульпаның қатты бөлігінде қалады және гидратталады.

Хроматты күйіндінің «скелеттің»  минералды фазалары цементті клинкердің минералды фазаларына ұқсас болып  келеді.(айырмашылық тек хроматты күйіндідегі қатынастарда және C3A жоқтығынан.). Судың әрекеті C3S  кезінде ол толығымен сілтіленеді:

СаО 0,052 г/л құрамдағы  ерітінділерде гидролиз CS·nH2O (басқаша CS·3H2O), ал қаныққан ерітінділерде Са(ОН) мына теңдеу бойынша:

- С3S мен C3S барынша термодинамикалық берік гидратация өнімдері гиллебрандит C2S٠1,17H2O немесе Ca12(Si6O17)4 12Са(ОН)2. C3S гидролизінің жылдамдығы C2S-қа қарағанда өте аз. Гидратацияның бірінші сатысында ауыспалы құрамдағы кальций коллоидты гидросиликаттары түзіледі.          С3А мен CsA3 (Ci2A7) гидратациясы гексагональды пластинкалар С4А-12Н2О және С2А-8Н2О,  25°С-дан жоғары температурада октаэдрлер және трапецоэдрдар N = 1,605 түзетін гидроалюминат С3А-6Н2О түзу арқылы интенсивті жүреді. Гидроалюминат С3А-6Н2О үлкен температура интервалында жалғыз берік кальцийдің сулы алюминаты болып табылады; ол температураны 105 °С-ке  көтергенде ғана  жиі  дегидратталады. CsA3 гидратациясы кезінде алюминийдің бос гидроокисьі бөлінеді:

3(5СаО • ЗА1203) + 42Н2О = 5(ЗСаО • А12О3 • 6Н2О) + 4(А12О3 • ЗН2О)

Кальций алюминатының сумен  реакциясы кезінде  С4А-19Н2О, С4А-13Н2О, С3А-6Н2О және С2А-8Н2О, ал 25 °С кезінде барынша берік С4А- 19Н2О болып табылады.

Кальций алюмоферритінің  гидратациясы кезінде С3А-6Н2О, изоморфты C3F-6H2О (А/ = 1,710), сонымен қатар табиғаты дәл анықталмаған (жобамен, CF-mH2О) құрамында темір тотығы бар жапалақ түрде коллоидты гидраттар түзіледі. Қатты ерітіндіде С3(А, F)-6H2О барлық немесе Н2О бөлігі SiО2 –қа ауысуы мүмкін (2Н2О  lSiО2-қа ) гидрогранаттардың баяу түзілуімен, мысалы, C3AS• 4H2О (N — 1,63):

         ЗСаО • А12О3 • 6Н2О + 2СаО • SiО2 • Н2О =

        = ЗСаО · А12О3 · SiО2 • 4Н2О + 2Са(ОН)2 + Н2О

Кальцийдің гидроалюминаттар мен гидроферриттердің сапалық реакциясы екі түрлі комплексті тұздардың түзілуі болып табылады.

Кальций сульфоалюминаттарының  түзілуі - CaS04 немесе Na2S0 ерітінділерінің  гидроалюминаттарға әсер етуі кезінде жүреді. Төменсульфатты форма ЗСаО-Al203-CaS04- 12Н20 (N0 = 1,504, d2Q = = 1,95) гексагональды пластинка түрінде ерітінділерден жоғары концентрациялы ион ОН- бөлінеді; ол метастабильды және уақыт өте келе жоғары сульфатты формаға айналады («цементті бациллаға») 3CaО-Al2О3-3CaSО4-31H2О (инелі кристалдар N0 = 1,464, d25 — 1,73). Екі сульфоалюминат та гексагональды системада криссталданады.Жоғарысульфатты форма суда толығымен гидролизденеді:

ЗСаО • А12О3 • 3CaSО4 • 31H2О=3Ca(ОH)2 + 3(СаSО4 • 2Н2О) + 2А1(ОН)3 + 19Н2О                              (V. 41)

Еріген карбонаттар  немесе магний тұздары қатысында Са(ОН)2 кемінде еріген СаСО3 –ке айналады немесе сәйкесінше Mg(OH)2 гидролизге қабілеттенеді.

Ерітіндіге  Na2CrО4 және CaCrО4, Na23 және NaA1О2 өтеді. (және өте аз мөлшерде Na2SiО3). Ерітіндіге өткен Са2+ иондары ОН- және СО32- әрекеттесіп қиын еритін Са(ОН)2 және СаСО3 түзеді:

Сатурация кезінде  мына реакциялар жүреді;

2NaAlО2 + СО2 + ЗН2О = Na23 + 2А1(ОН)3  (V. 44)

Са(ОН)2 + СО2 = СаСО3 + Н2О                   (V. 45)

Са(ОН)2 + Na23 = СаСО3 + 2NaOH        (V. 46)

Сонымен қатар кальцийдің гидросиликаттарының, гидроалюминаттарының, гидроферриттерінің, хромато-алюминаттардың Mg(OH)2 карбонизациялаудың екі реакциясымен жүреді.

Тұнбада кальций қосылыстарының болуы (V. 42) формуласы үшін тепе-теңдік константасы;

(V. 57) формуласы үшін аналогты түрде;

(мұнда ПР — ерігіштігі). Берілген справкалы мәліметтер бойынша 50 °С кезінде мына мәндерді алуға болады /((у-42) « 250 и K{V~43) » 1000. Осылайша хроматты күйіндіні сілтісіздендіру кезінде, ал тіпті шламды пульпаны сатурациялау кезінде СаСг04 –ті шламда сақтауға ешқандай жағдай жоқ .

Термо және рентгенограмма төменхроматты кальцийдің хромато-алюминатты жобамен мынандай құрамда болады:

2,5СаО • А12 О3 • 1,23СаСгО4 • 11,9Н2О

Соңғы жылдары  С3А — СаСгО4 қоспаларының гидролизімен құрам бойынша кальцийдің гексагональды гидро- монохроматалюминатқа  (ГМХАК) және инелі гидро- трихроматалюминатқа (ГТХАК) жақын қосылыстар синтезделді. ГМХАК  40—80 °С-та хромат-алюминатты ерітіндіден және   Са(ОН)2  немесе C4AF гидролизімен синтезделді. ГМХАК   Na23 немесе NaHCО3 ерітінділерінде бұзылады. Na2CrО ерітіндісінің рН  9—8-ке дейін  төмендеуі  C4AF гидролизінің баяулауына алып келеді. Хроматты күйіндіні сілтісіздендіру кезінде кальцийдің гидро- хроматферриттер типті қосылыстары түзіледі.

1.2 Сілтісіздендіру  процесіне әртүрлі факторлардың  әсері

УНИХИМда (Г. К. Магаршак с сотр.; Е. Н. Пинаевская и К. П. Жиделева) температураның әсері (20—107 °С), ұзақтығы (15—360 мин), Қ : С ~ (0,33—1) доломитті шихтаның әртүрлі зауыттық күйіндіні сілтісіздендіруіне эффективтілігіне әсері зерттелді. Осыған сәйкес келесі түйіндер келтірілді.

Шығару дәрежесі Сг03в 0) яғни Na2CrO4 (77—98%)  20—80°С кезінде температура азайған сайын артады. Na2CrО4 шығынының артуы шламда СгО –тің және Сг0 (суммарлы құрамы құрғақ шламдағы 0,74—4,7) құрамының артуына негізделген. 20 °С кезінде 93—96% Na2Cr04 шығаруға болады, тіпті сілтінің жоғары концентрациясы кезінде (Қ:С=1, сәйкесінше 154—173 г/л СгО3) және ұзақ сілтісіздендіру кезінде; 20 °С кезінде 15-минутты сілтісіздендіру кезінде шығу дәрежесіне 96—98% жетуге болады, ал  50 °С кезінде және 15-минутты сілтісісздендіру кезінде шығу дәрежесі ~96% Қ: С = 1 :2 кезінде тек. Осылайша сілтісіздендірудің екі режимі тиімді:           а) салқын және тез, б) ыстық және ұзақ.                                                               

А12 О3 шығуы күйіндінің құрамына байланысты: бос сілтінің көп болуына қарай А12О3 шығуы жоғары; бос сілтінің жоқ болуы Al2O3 практикалық түрде ерітіндіге өтпейді. Na2О шығуы сілтінің температурасы, уақыты және концентрациясы артуымен артады. Шламды жуу қатынасы судың күйіндіге қатынасы 2: 1.                                                                                                     Ескерте кететін жайт, төрттік жүйе  Na2О — А12Оз — Na2CrO4 — Н2O әлі зерттелген жоқ және алюминатты ерітінділердің беріктілігіне Na2Cr04 әсері белгісіз.                                                                                                                

 

 

1.3 Сатурация процесіне әртүрлі факторлардың әсері

УНИХИМде СО2 –ның хроматты сілтімен абсорбциясының жылдамдығы және магний мен кальций тотығының сілтіден С02 –ның сіңіру жылдамдығы зерттелді. СО2 абсорбциясы жылдамдығы газдың концентрациясының (8,7—99,8% СО2) өсуімен  газ жылдамдығымен, араласу санымен,  ерітіндідегі NaOH- тың концентрациясымен (12,5—42,3 г/л) және Na2CrО4 концентрациясының төмендеуімен (151—470 г/л) артатыны табылды. Сұйық пленка бетінің кедергісі мен қалыңдығы және ерітінді тұтқырлығы температураның артуымен түсіндірілетін тиімді температура (~60°С) табылды, бірақ басқа жағынан  Рсо2 азаяды(ізімен Рн2о артады), яғни абсорбцияның қозғаушы күші азаяды.

Бекітілді:

Тиімді температура 60 °С  кезінде сатурация Na2Cr04  шығу дәрежесін шламдағы Сг03в р құрамының азаю есебінен( 6—10 ретке және одан да жоғары)  арттырады.

Сілті концентрациясының  азаюымен, газ шығының, газдағы СО2 концентрациясының, сатурация уақытының артуымен Na2CrО4 шығу дәрежесі артады. Газ концентрациясын 12% С02 (1 т шихтаға 30 м3 С02  ) және сілтідегі СгО3 құрамын 150—200 г/л-ден жоғары емес  керекті мөлшерде беру кезінде СгО3 –тің шығу толық дәрежесіне 30 мин ішінде жетуге болады.(беттік сатурация кезінде).

Барботажды  сатурация бетіктен гөрі эффективті, бірдей жағдайларда да Na2CrО4  шығу дәрежесі 98% алынды, барботаж кезінде  0,5 сағат, беттік сатурация кезінде —  2 сағат ішінде.

Сатурация уақытының  артуымен бір уақытта сілті концентрациясының  азаюымен  Al2O3  шығу дәрежесін күйінді құрамындағыдан бірнеше пайызға дейін түсіруге болады.

Сатурация Na2О шығуын күйінді құрамынан 50—80% дейін төмендетеді.         Na2О шламмен бірге қандай түрде жоғалады, белгісіз (ерімейтін қосылыстардың mNa23· пСаС03·рН2О,натрий цеолиті Na2О · Al2O3 · 2SiO2 · 2Н2O және араласқан натрий мен кальций хромито-хроматтар түзілуін болжауға болады).

Шламды жуу  қатынасы судың күйіндіге қатынасы 2: 1.

Модельді аппаратта  СО2 әкелуімен бір-бірінен бос сілтілікпен ажыратылатын екі зауыттық күйінді сатурациясы зерттелді:  № 1 күйіндіде ол 0,61%-ке теңесті (Na23 –ке есептегенде), күйіндіде «теріс» болды [«теріс сілтілік ерітіндіде СаСгО4-тің артығына сәйкес келеді. Оң сілтілі күйінді интенсивті сатурация кезінде және керекті мөлшерде газ (1 т күйіндіге ~250м3 газдың  12% СО2-мен) шламдағы құрамы төмендеуі СгО3к р+в 4,7-ден 1,0%-ке дейін (Na2CrО4-тің шығынына ~2%  сәйкес келеді).  Теріс сілтіліктегі күйіндіні сілтісіздендіру кезінде осындай нәтижеге жету үшін сілтісіздендіру алдында күйіндінінің салмағынан 5% сода қосу керек. Күйіндіні сатурациялау процесіне газ жылдамдығының әсері 27 мен 28- суреттерден көрініп тұр. Нәтижесінде № 1 күйінді сатурациясын зерттеу кезінде 30—80 °С кезінде орнатылды (29- сурет), ең тиімді температура 80 °С, ал температура 30—40 °С-қа дейін   тусуі рұқсат етілмейді. Сатурация сынақтары 60 °С кезінде газдың  әртүрлі концентрацияларымен (5—12% СО2) көрінеді ( 30 - сурет). Na2Cr04 шығыны

шламмен бірге СО2 концентрациясының 8ден 5%-ке дейін тусуі кезінде тым жоғарылайды. Араластырғыш айналым санының 1 минутта  362ден 1400ге дейін өзгерісі сатурация процесіне әсерт етпеді.

 

Хроматты пульпаны құрамы 100, 8—10 және 4—5% СО2 газбен сатурация кезінде қатты фаза құрамын зерттеу 15—30 мин аралығында жүретін сатурация 60 °С кезінде Cr(VI) шығу дәрежесін 6—7 абс.%-ке дейін жоғарылататын көрсетті. Кальцийдің карбонаты мен гидросиликаттарының, гидрокарбонаталюминаттарының ЗСаО•А12Оз•СаСОз•11Н2Оынан басқа карбанизирленген шламда бар екені бекітілді.

Күйіндіні ылғал  ұнтақты диірменде сілтісіздендірур кезінде шламды сұйықтың тиімді концентрациясы біздің және шет ел практикасының мәліметтері бойынша  120—140 г/л СгОз 200—230 г/л Na2CrО4). Зауыттардың бірінде СгОэ концентрациясы 200 г/лден (айына орташа) ~140 г/лге дейін СгО3 төмендеуі шламдағы Сг03в р+к р құрамын фильтрмен 2,0ден 1,0%ке дейін төмендетті.

Информация о работе Күйіндіні сілтісіздендіру және щламды пульпа сатурациясы