Көмірсулар алмасуының бұзылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2015 в 08:07, аттестационная работа

Описание работы

Көмірсулары алмасуының бұзылыстары гипергликемия, глюкозурия және гипогликемия түрлерінде байқалады. Гипергликемия қанда қанттың мөлшерінің жоғары көтерілуі. Оның пайда болу себептеріне қарай ауқаттық, эмоциялық, гормондық және инсулиннің жеткіліксіздігінен болатын гипергликемиялар болып бөлінеді. Ауқаттық гипергликемия тамақпен жеңіл қорытылатын көмірсуларды көп қабылдағанда байқалады. Эмоциялық гипергликемия орталық және симпатикалық нерв жүйелері қатты қозғанда дамиды. Гормондық гипергликемия эндокриндік бездердің қызметтері бұзылғанда байқалады. Гипергликемия инсулин жеткіліксіздігінде ең көрнекті және тұрақты болады.

Содержание работы

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

А.Көмірсу алмасуының бұзылыстары

Б.Қант диабеті

В.Гипергликемия және гипогликемия себептері

ІІІ.Қорытынды

Файлы: 1 файл

Zeyneabedyn_Akmaral.pptx

— 378.17 Кб (Скачать файл)

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 
Патологиялық физиология кафедрасы

 

 

 

 

Тақырыбы:Көмірсулар алмасуының бұзылысы

 

 

Орындаған:Еркін Әйгерім

Топ:2-017ЖМФ

Тексерген: Ақбота Ерланқызы

Қарағанды 2015ж

 

СӨЖ

Жоспар:

 

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

А.Көмірсу алмасуының бұзылыстары

Б.Қант диабеті

В.Гипергликемия және гипогликемия  себептері

ІІІ.Қорытынды

 

 

 

             Организмнің көптеген жасушалары қызмет атқару үшін негізгі энергияны глюкоза тотығуынан алады. Ал, ми жасушалары қызметтерінде энергия тек глюкозамен өндіріледі. Сондықтан қанда глюкозаның деңгейі 3,5-5,5 мМ/л мөлшерінде ұсталып тұруы организмнің маңызды бір гомеостаздық механизмі. Көмірсулары алмасуының бұзылыстары көптеген біртектес патологиялық үрдістер мен дерттер кездерінде байқалады.

Көмірсулары алмасуының бұзылыстары:

1.Көмірсуларының ішек-қарында ыдырауы мен сіңірілуі;

2. Гликогеннің түзілуі мен ыдырауы;

3.Көмірсуларының аралық алмасуы  бұзылыстары кездерінде болуы  мүмкін.

 

              Көмірсулары алмасуының бұзылыстары гипергликемия, глюкозурия және гипогликемия түрлерінде байқалады. Гипергликемия қанда қанттың мөлшерінің жоғары көтерілуі. Оның пайда болу себептеріне қарай ауқаттық, эмоциялық, гормондық және инсулиннің жеткіліксіздігінен болатын гипергликемиялар болып бөлінеді. Ауқаттық гипергликемия тамақпен жеңіл қорытылатын көмірсуларды көп қабылдағанда байқалады. Эмоциялық гипергликемия орталық және симпатикалық нерв жүйелері  қатты қозғанда дамиды. Гормондық гипергликемия эндокриндік бездердің  қызметтері бұзылғанда байқалады. Гипергликемия инсулин жеткіліксіздігінде ең көрнекті және тұрақты болады.

           Қантты диабет организмде инсулиннің толық немесе салыстырмалы жеткіліксіздігінен дамитын зат алмасуларының бұзылыстарымен, қан тамырларының, нервтердің және әртүрлі ағзалар мен тіндердің дерттік өзгерістерімен сипатталатын ауру.

             Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) жіктеуі (1981 ж.) бойынша қантты диабеттің ең кең тараған екі түрі бар:

    1. инсулинге тәуелді (І-түрі)
    2. инсулинге тәуелсіз (ІІ-түрі).

           І-түрі — 25 жасқа дейінгі жастарда және балаларда кездесетін диабет инсулиннің толық болмауынан дамиды. Ол сырқаттың қатты арып-азуымен ауыр түрде өтеді және инсулинмен емдемесе тез кетоацидоз дамуына, адамның өліміне әкеледі.

          ІІ-түрі — ұлғайған адамдарда кездесетін диабет. Бұл түрі барлық диабеттің мөлшерінен 70%-ға жуығы. Қанда инсулиннің деңгейі аздап қана төмендеген немесе тіпті қалыпты денгейде. Сонымен бұл кезде инсулиннің жеткіліксіздігі салыстырмалы түрде болады. Бұл диабетпен ауыратын сырқаттардың арасында семіру жиі байқалады және әдетте кетоацидоз дамымайды. Көпшілік жағдайда бұндай ауруларды тіпті дұрыс емдәммен емдеу жеткілікті болады.

    •           Қантты диабеттің этиологиясы. Қантты диабеттің себебі болып, тұқым қуатын және өмірден алынған жайттар есептеледі.Сонымен бірге қантты диабеттің дамуы акромегалия, Иценко — Кушинг ауруы, феохромоцитома кездерінде соңғы көріністері ретінде байқалуы мүмкін.

 

    • Қантты диабеттің патогенезі және клиникалық көріністері. Инсулин көптеген зат алмасу үрдістеріне әсер етеді. Сондықтан оның жеткіліксіздігінде барлық зат алмасулар бұзылады. Ең алдымен көмірсуларының алмасуы бүлінеді. Гипергликемия дамиды. Инсулин жеткіліксіздігінің алғашқы көрінісі болып, организмнің глюкозаға шыдамдылығы (толеранттығы) төмендеуі есептеледі. Аш қарынға 1,75 г/кг глюкоза ішкізгеннен кейін сау адамдардың қанында глюкозаның деңгейі 7,8 ммоль/л (140 мг%)-ден аспайды және 2 сағаттан кейін қалыпты деңгейіне қайта оралады. Ал инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде гипергликемия 11,3 ммоль/л-ден жоғары көтеріледі де, глюкоза ішкеннен 3 сағат өткен соң да жоғары деңгейде сақталып қала береді.
    •           Қантты диабет кезінде нәруыздардың алмасуы бұзылады. Диабет кезінде нәруыздардың түзілуі баяулайды. Осыдан бұлшық еттерде атрофия дамиды, қанда гипопротеинемия байқалады, антиденелердің түзілуі жеткіліксіз болады. Сондықтан теріде және шырышты қабықтарда іріңдік қабынулар, туберкулезбен ауыру қантты диабетпен ауыратын адамдарда жиі кездеседі.
    •         Инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде майлардың алмасуы бұзылады. Бұл кезде майлардың ыдырауы күшейеді, май тінінен май қышқылдары мен глицерин босап шығады. Осыдан қанда майлардың жалпы деңгейі бірнеше есе көтеріледі. Осыдан келіп бұл адамдарда атеросклероз дамуына қолайлы жағдай пайда болады.
    •          Қантты диабет кезінде тұздар мен судың алмасуы бұзылады. Бұл кезде калий иондарының алмасуы қатты бұзылады, оның жасуша ішінде тасымалдануы баяулайды. К+ иондары жасуша сыртында және қанда жиналып қалады. Артынан К+ зәрмен көп шығарылуынан оның қандағы деңгейі төмендейді. Сонымен бірге қантты диабетпен ауыратын адамдардың зәрінде натрий иондары көбейеді.

Қорытынды

 

         Қорытындай келе,біз көмірсулардың  бұзылыстарынан көптеген аурулардың  туындатылатын білдік. Сонын ішінде,қант  диабеті  дүниежүзілік қауіпті  кең тараған ауруымен таныстық. Ғалымдар осы уақытқа дейін ауру қоздырғыштарды таппай отыр. Олар қант диабетінің пайда болу себебі генетикалық бұзылыстар немесе вирустық инфекция деп санап отыр

 

Назарларыңызға рахмет!!!

 


Информация о работе Көмірсулар алмасуының бұзылысы