Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2015 в 22:33, реферат
Күмістің пайдалылығы ежелден белгілі. Әлемге әйгілі патша Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) жорыққа шыққанда күміс құтымен бұзылмайтын, керемет шипалы су алып жүреді деген аңыз бар. Ал судың ерекше қасиетке ие болып бұзылмай сақталуы күміс ыдысқа байланысты екен. Күмістің емдік қасиеті мол. Ол тістің қызыл иегін зақымданудан сақтайды, түрлі бактерияларды жойып, асқазан-ішек жолдарын тазартады
Күмістің адам псиологиясына әсер етуі.
Күмістің пайдалылығы ежелден белгілі.
Әлемге әйгілі патша Ескендір Зұлқарнайын
(Александр Македонский) жорыққа шыққанда
күміс құтымен бұзылмайтын, керемет шипалы
су алып жүреді деген аңыз бар. Ал судың
ерекше қасиетке ие болып бұзылмай сақталуы
күміс ыдысқа байланысты екен. Күмістің
емдік қасиеті мол. Ол тістің қызыл иегін
зақымданудан сақтайды, түрлі бактерияларды
жойып, асқазан-ішек жолдарын тазартады.
Сондықтан, мүмкіндігі бар адамдар күміс
қасықтарды пайдаланады. Қасық жұмсақ
қақталған ақ күмістен жасалса, тіпті
жақсы. Мұндай күмістің иондары суға бөлініп,
ерітінді түрінде ағзаға сіңеді. Қолданыла
келе күміс қасықтың жиегі мүжіле бастайды.
Бұл ағзаның күміс иондарын қаншалықты
пайдаланғанын көрсетеді екен.
Күміс қасық, әсіресе, жас балаларға өте
пайдалы. Балаға балды, тосапты және т.б.
тағамдарды күміс қасықпен қою күйінде
берсеңіз, бала ағзасы күмісті жеткілікті
түрде қабылдайды. Өйткені, бала қасықты
аузында көбірек ұстаған кезде күміс иондары
оның ағзасына көбірек тарала бастайды
екен.
Дененің көгерген жерлері тез және оңай
емдеуге көнеді. Бірақ, оны үй жағдайында
өзің емдеумен қатар, қай кезде дәрігерге
қаралу керектігін де білген жөн. Көгерген
жердің ауырсынуын басудың ең жақсы тәсілі
– сол жерге мұз қою. Мұны мүмкіндігінше
көгеру бойына, шамамен 10 минут бойы ұстау
керек. Әдетте көгерген жер екі апта бойы
кетпейтін болса, мұз қою оны жеделдетеді
әрі жеңілдетеді.
Емдеудің тағы бір тәсілі – соғылған жерді,
мысалы, аяқ немесе қолды 24 сағат бойына
жоғары көтеріңкіреп, қозғалтпай ұстау
керек, ал содан кейін ыстық сүлгімен ораған
жөн. Бұл соғылған жерге қанның көбірек
келуін қамтамасыз етеді.
Егер, тері зақымданбаса, онда көгерген
жер білінбеуі үшін косметикалық кремдерді
немесе опаларды жағуға болады. Тізенің
асты көгерсе, ол басқа жердегілерге қарағанда
ұзақ сақталады. Бұған жоғарыда айтылған
әдіс, яғни 10 минут мұз қоюдан кейін ыстық
сүлгімен орау жақсы көмектеседі. Сондай-ақ,
санда, сирақ бұлшықетінің арт жағында
және басқа да жерлерде көгеру пайда болса
немесе мұрыннан қан кетсе, етеккір мол
келсе, жарақаттанған жерден кеткен қан
тоқтамаса, міндетті түрде дәрігерге бару
керек. Себебі, бұл басқа аурулардың белгісі
болуы да мүмкін.
Бактерицидтік және антисептикалық қасиетке ие. Әрі қабынуға да қарсы әрекет ете алады. Бір сөзбен айтсақ, табиғи бактерицидтік металл. Бактерияның 650 түріне қарсылық білдіре алады екен.
Қазақ халқы ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп, күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деген жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажа-йып емдік қасиеті де жоқ емес. Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген. Емшілер өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы, Үндістанда, Египетте, Ресейде күміс қосылған суды түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланған. Адамдар мұндай судың өмірлік қуат беретін ерекше сиқыры барлығына сенген. Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиетте-ріне ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей бастапты. Күміс сумен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан күміс қосылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Шетелдік дәрігер Роберт Бекер күміс иондарының адам ағзасындағы жасушалардың көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдеген. Ол өзінің ғылыми кітабында күміс иондарының қатерлі ісік ауруына шалдыққан адамдардың жасушаларын қайта тірілтіп, көбеюіне көмегі барлығын жазған.