Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 18:42, реферат
Көптеген косметикалық сұйықтықтар коллоидтық ерітінділер күйінде болады. Коллоидты ерітінділер таза гомогенді ерітінді емес. Онда сұйық немесе газды ортада (мысалы, суда) кішірек молекулалардан тұратын ірі молекулалар немесе бөлшектер диспергирленеді. Коллоид немесе коллоидты бөлшек кішкентай болғаны соншалықты жерге түспей, қалқымалы күйде тұрады. Оның бөлшектірінің көлемі 1-ден 100 нм-ге дейін ауытқиды, ал ең үлкені 500 нм болады.
Тірі ағзада барлық физиологиялық үдерістер ерітінділерде, коллоидты ерітінділерде және гельдерде (гель – тығыз коллоидты ерітінді) жүзеге асырылады.