Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 17:01, реферат
Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі.Ә. Бидосов былай деген “Сабақтастық дегеніміз – мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш мектептегі пәндерді оқытудың әр түрлі сатысында балалардың білімдерінің арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату”.Балалар білім икемдігі мен машықтарын пайдалану және одан әрі дамыту кезінде олардың оқу ісінде әр алуан байланыстар орнату, жаңа білім мен бұрынғы білімді өзара байланыстыру.
Кіріспе
Сабақтастық дегеніміз, біріншіден,
екі буын арасындағы ортақ мақсат
міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе,
баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан
екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге
бағыттау, екіншіден білім берудің
әдістемелік жүйесінің әрбір
компонентінің үйлесімділігі.Ә. Бидосов
былай деген “Сабақтастық дегеніміз
– мектеп жасына дейінгілер мен
бастауыш мектептегі пәндерді оқытудың
әр түрлі сатысында балалардың білімдерінің
арасында қажетті байланыстар мен
қатынастар орнату”.Балалар білім
икемдігі мен машықтарын пайдалану
және одан әрі дамыту кезінде олардың
оқу ісінде әр алуан байланыстар
орнату, жаңа білім мен бұрынғы
білімді өзара байланыстыру. Сонымен
бірге, білімді кеңейту мен тереңдету,
оқығандарды жаңа, жоғары деңгейде байыптау”.
Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс
формаларының сабақтастығын екі өзара
байланысты аспектіге бөлуге болады: ақпараттық
– ағартушылық және практикалық.
Бірінші аспект, мұғалімдер мен тәрбиешілердің
оқу - тәрбие жұмысының міндеттерімен
өзара танысуын, балабақшаның жоғарғы
топтары мен мектептің бірінші сыныбы
бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды.
Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары
мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен
педагогикалық кеңестерінде балалардың
мектепке дайындығы мәселесі бойынша
қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және
т. б. жұмыстарды жүзеге асыру керек.Екінші,
тәжірибелік аспект – бір жағынан мұғалімдердің
балабақшада өздерінің болашақ оқушыларымен
алдын ала танысу, екінші жағынан, тәрбиешілердің
бұрынғы тәрбиеленушілерді бақылап отыруымен
бейнеленеді. Берілген мазмұнды жүзеге
асыру формалары: мұғалімдердің болашақ
оқушылармен танысу үшін балабақшадағы
дайындық топтарға жүйелі қатысуы, олардың
іс - әрекетін бақылау, балалардың диагностикаларының
нәтижелерімен және мінездемелерімен
танысу.
Қазіргі оқу тәжірибесінде мектепке дейінгі
және бастауыш мектеп оқуындағы сабақтастықты
жүзеге асыруда негізгі екі бағыттарын
белгілеуге болады. Олардың біріншісі,
балалар дамуының темптерін көбейту және
мектепке дейінгі мекемелердің мектептегі
оқудың талаптары мен ерекшеліктеріне
жету міндеттерінен тұратын тәжірибеге
сүйенеді. Екінші, бастауыш мектепке дейінгі
білімдер, іскерлік және дағдыларды дамыту
тактикасына негізделеді. Мұнда В. В. Давыдовтың
белгілеуі бойынша, бастауыш мектеп оларды
жүйелейді және жалпылайды, оқуға, жазуға,
санауға және т. б. үйретеді. Біздің көзқарасымызша,
бұл бағыт жан - жақты емес, бірақ біріншісіне
қарағанда көп қаланады.Сабақтастықтың
жағымсыз жақтарын тереңдететін негізгі
фактор болып біздің пікірімізше, бірінші
сыныптың бағдарламаларының күрделену
тенденциясы жалпы білім беретін мектептерде
практикаға, оқытудың альтернативті формалары
мен жаңа педагогикалық технологияларды
енгізу, бірінші сынып оқушысына өте жоғары
талаптар қою. Бұл тенденциялардың бірі
- көптеген арнайы мектептерде балаларды
қатал таңдау. Бірінші сыныпқа баратын
балалардың оқи білу, санау операцияларын
игеру, санның құрамын ұғыну және т. б.
талап етеді. Бұл өзінің баласының “жақсы”
мектепке түсуін қалайтын ата - аналар
жағының балабақшаға сәйкес талап қоюын
тудырады.
1.1.«Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық» Білім беру және ғылым саласына
елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі
кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар
мен бастауыш білім беру ісін жаңа
сапалық деңгейге көтеру міндеті
бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі.
Осы өзгерістер білім саласының
алғашқы сатысы болып саналатын
мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ
ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке
тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік
шақтан бастап толық жағдай жасауды,
тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты
қарауды басты міндет етіп қойып
отыр.Аталған міндетті шешуде кезек
күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде
мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш
білім берудің сабақтастығын
қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың
маңызы зор. Өйткені сабақтастық
туралы мәселе өткір қойылып отыр.
Бұл мәселені ғалымдар, білім беру
мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер,
ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың
дабыл қағуына толық негіз
бар.Мақсат, мазмұн бірлігі неғұрлым
тиімді деген әдістерді, оқыту құралдарын,
балалар мен оқушылардың Сондықтан балабақша мен бастауыш буын сабақтастығын айқындауда біріншіден:
Сонымен қатар аталған
сабақтастық сақталу үшін мектепке
дейінгі кезеңде — жас
Сабақтастық даму кезеңдері мен сатылардың арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс, бұл байланыс олардың толық және жеке жақтарының кейбір элементтерін сақтайтын тұтас жүйе. Жеке тұлғаның даму кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттарды іске асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен анықталады. Осының барлығы бір ғана түпкі мақсатқа — баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс. Сабақтастық білім беруде:
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі:
Сабақтастық үрдісін 2 жақтан қарауға болады.
Бұл:
Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6 жас пен 7 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт. Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:
Бастауыш мектептің міндеттері:
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сыныптың сабақтастық бойынша жұмысын ұйымдастыру:
Мектепке дейінгі мекеменің мақсаты:
Бастауыш мектептің мақсаты:
Екі ұйым арасындағы әрекет: Мектепке дейінгі мекеме —танымдық әрекет —мағлұмат алады, талдайды, ойнайды, білім алып, тәжірибе жасайды. Бастауыш сынып —оқу әрекеті —оқи алуға үйренеді, оқығысы келеді, жаңа мазмұнды меңгереді, жаңа түсініктер қалыптасады.
Мектеп пен мектепке дейінгі мекемедегі сабақтарды салыстыра отыра келесі ұқсастықтарды атап айтуға болады:
1.2.Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктері:
Балаларды мектепке даярлау кезеңінде назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады:
Сондықтан алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын —ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар бар. Олардың ең бастылары арнайы білім беру кеңістігін құратын орта:
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп сатысында мынадай жағдайлар туындайды: Бастауыш мектеп мектепалды дайындық тобында берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту моделінен оқытудың мектептік моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан да балалармен жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдердің сабақтастығы жоғары рөл атқарады. Басты мақсат мектепалды дайындық тобынан бастауыш мектепке көшудегі балалармен жұмыс түрлерінің тығыз сабақтастығы.Көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді, ал даярлық тобы тәрбиешілері көбіне бастауыш мектеп моделін пайдалануға мәжбүр болады. Балаларды оқытудағы бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп талаптарына сай білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны алғысы келеді. Мұндай сабақтастықтың нәтижесінде мектепке дейінгі балалықты бағалау түсіністігі жоғалады және баланың даярлық тобына баруы мектепке дайындық ретінде ғана қарастырылады. Мектепалды дайындық тобының мұғалімдері мен тәрбиешілері «Баланы мектепке даярлау» мақсатында балаларды партаға отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді.Мұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылады. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі қалыптаса бастайды. Осылайша, қазіргі заманда сабақтастықтың құрылымы табиғи жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады,себебі бастауыш мектептегі әдіс-тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық топтарында кең қолданылады. Сондықтан да бұл мәселені бірден 2 жақты қарастырған жөн. Ал, ұйымдастыру жоспарында мәселені шешудің мынадай жолдары қарастыруға болады:Біріншіден, балалардың мектепалды дайындық тобында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму деңгейін бағалау қажет деп ойлаймын.Екіншіден, бастауыш мектеп мұғалімдері білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде мектепалды дайындық тобына сай ойын әдістерін тиімді қолдана білсе.Сонымен қатар бұл шақта баланың көрнекі-әрекеттік және бейнелі-ойлау түрлерін де жетілдіруді қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген әріптестеріміз ойлаудың бұл екі түрін көп елемей, тез арада сөздік- логикалық ойлауды дамытуға кіріседі. Алайда, бала ойлауының жоғарғы формаларының жетік қалыптасуы нақ осы көрнекі-әрекеттік, көрнекі бейнелілік түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет.Көрнекі-әрекеттік ойлау- нақты заттарды пайдаланып, белгілі мақсатты көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс-әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қабілеті дамытылады. Көрнекі-бейнелілік ойлау- заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, бағыттарын, әдіс-тәсілдерін табу қабілеті дамиды.Сөздік-логикалық ойлау — сөз немесе белгі арқылы бейнеленген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қабілеті дамиды. Осындай жұмыстарды бірлесе отыра атқаратын істер сабақтастық мәселесін шешудің тиімді бағыты деуге болады. Қиындықтар:
Қорытынды Сонымен қатар сабақтастық мәселесін шешуде ата-аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының бірыңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Өйткені, ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін. Сондай-ақ баланың физиологиялық-психологиялық даму ерекшелігінен де назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады. Сондықтан педагог қауымның алдына қойған қосымша — ата-аналармен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмау.Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата-ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнай және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі. Сондай — ақ, бастауыш сыныптағы оқыту мен тәрбие беру жұмыстарының негізі қаланып, мектепке дейінгі балалық шақтан жүйелі оқытуға кедергісіз көшу үшін жағдай жасалады. Қорыта айтқанда, жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша елімізде ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру қолға алынуда. Тәрбие-білім беру әрбір баланың мектепке келуге және жетістіктерге қол жеткізуге деген қызығушылығын арттыру үшін жағдай туғызуға, білім алуға үнемі алға басуына кепілдік беріп отыруы қажет.Білім беру әр бала, әр оқушы үшін тұлғалық мазмұндығын қамтамасыз етуге және ол үшін өз ісінеде, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын, құруға, өзіндік қорғану, өзіндік тәрбиелеу механизмін қалыптастыруға және адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениет пен қауіпсіз қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді.Білім беру баланың жеке тұлғасында адамдық экологияны сақтап, тәрбиелеуге, өмір маңыздылығына, жеке бас бостандықтарына адамгершілікке тәрбиелеуде адамның қалыптасу функциясын қалыптастыру керек. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.
Қолданылған әдебиеттер: 1.Начальная школа, № 1, 2008 2.Дошкольное воспитание, № 3, 2007 3.М. Жұмабаев, «Педагогика» —1992 ж. 4.Тұрғынбаева Б.Ә. «Дамыта оқыту» —Алматы 1999 ж. 5.Школа на пути к свободе —М. 2002. |
6. Қазақстан Республикасы «12 жылдық жалпы білім беру» концепциясы
Информация о работе Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық