Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 17:30, реферат
Лантаноидтар химиялық активті, олар берік оксидтер, галогенидтер, сульфидтер түзеді; сутек, көміртек, азот және фосформен әрекеттеседі. Суды ыдыратады, тұз, күкірт және азот қышқылдарында ериді. Лантаноидтар нашар еритін тұздардың қорғағыш қабықшасымен жабылғандықтан тұрақты болып келеді. Органикалық қосылыстармен кешенді қосылыстар түзеді. Барлық Лантаноитарды олардың тұзды балқымаларындағы қосылыстарын электролиздеу арқылы алуға болады. Механикалық коррозияға тұрақтылығын, ыстыққа төзімділігін арттыру үшін Лантаноидтарды болат, шойын, т.б. құймаларға қоспа ретінде, шынылардың арнайы түрлерін алу үшін, атом техникасында, т.б. қолданады. Лантаноидтар қосылыстарын лактар дайындау, радиоэлектроникада катодтар жасау үшін, тері, мақта-мата өнеркәсібінде, т.б. мақсаттарда пайдаланылады.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Лантаноидтардың периодтық жүйедегі орны және электрондық құрылысы
2. Лантаноидтардың табиғата таралуы және алынуы.
3. Лантаноидтардың физико – химиялық қасиеттері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет