Минералды дәрілік заттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 15:24, доклад

Описание работы

Ауыр металдар, соның ішінде алюминий, висмут, темір, алтын, мыс, күшән (металлоид), қорғасын, күміс, сүрме (металлоид),сынап, мыс және т.б.-нан дәрілік препараттар дайындалады.
Ауыр металдар жергілікті және резорбтивті әсерінде жалпыжасушалық у болып табылады, кейбір түрлерге таңдамалы немесе нақты бір ұлпа немесе органдарға резорбтивті әсер етеді.
Бұл кезде металл молекуласының өзі еш әсерін тигізбейді (механикалық әсерді ескермесе), ал олардың ерігіш тұздары иондарға диссоциацияланып, әлдеқайда күшті әсерін көрсетеді.

Файлы: 1 файл

Минералды дәрілік заттар.docx

— 22.32 Кб (Скачать файл)

Минералды дәрілік заттар

  Ауыр металдар, соның ішінде алюминий, висмут, темір, алтын, мыс, күшән (металлоид), қорғасын, күміс, сүрме (металлоид),сынап, мыс және т.б.-нан дәрілік препараттар дайындалады.

Ауыр металдар жергілікті және резорбтивті әсерінде жалпыжасушалық у болып табылады, кейбір түрлерге таңдамалы немесе нақты бір ұлпа немесе органдарға резорбтивті әсер етеді.

Бұл кезде металл молекуласының өзі еш әсерін тигізбейді (механикалық әсерді ескермесе), ал олардың ерігіш тұздары иондарға диссоциацияланып, әлдеқайда күшті әсерін көрсетеді. Әсіресе металл молекулаларының коллоидты түріндегі формасы ерекше орын алады. Бұл формада металл иондалмаған, бірақ бөлшектері жоғары дисперстілікте, үлкен меншікті бетке ие болады.

Бұл бетте энергиялық физико-химиялық процестер өтеді. Бұл процестер түрлі токсиндерді (бактериалды және зат алмасу) сіңіруге (адсорбция) , ағза жасушаларына және бөгде микроағзаларға өз әсерін тигізетін электрон ағымының түзілуіне әкелуі мүмкін. Ағзада таралған соң коллоидты металдар қоршаған ортаның химиялық құрамынан біршама еріп, иондалған формаға ауысуы мүмкін.

 

Алюминий.

 Ерігіш тұздары. Ашудас, калий сульфаты мен алюминий сульфатының қос тұзы – түссіз мөлдір кристалдар. Тек сырттай қолданылады: трахома ауруында күйдіру үшін (қарындаш тәрізді), қаныққан сулы ерітіндісі қырынған соң қан тоқтатады, мұрын және ауыз қуысына – жұқа ұнтақ ретінде, ангина және ауыз қуысының шырышты қабығының ауруларында 0,5-1%-к сулы ерітіндісін, ісіну кезінде, гонореяда сепкіш зат болып табылады.

Күйдiрiлген ашудас – ақ дән тәріздес гигроскопиялық ұнтақ. Сырттай сеппе ретінде және басқа заттармен қоспасы шамадан тыс терлеу кезінде көмектеседі, аса көп мөлшерде күйдіргіш болып табылады.

Буров сұйығы алюминий ацетатының ерітіндісі – түссіз мөлдір сұйықтық, қышқылдық реакция көрсетеді, аса білінбейтін сірке қышқылының иісі байқалады, ауада қараяды (көмірқышқыл газын сіңіреді).  Ол сырттай түрде ісінуге қарсы және тез жазылтатын зат ретінде , соққы тиген жерді емдейді. (острица кезінде  тура ішек жарасында, зақымданған раналарды қайта өңдегенде) Алюминийдің ерігіш тұздары ақуызды тұндырады және жергілікті түрде қолданылатын емдейтін зат болып табылады, микробқа қарсы әсері де бар.

 

Висмут. Медицинада ішке және сырттай қолданылатын висмут препараттары суда ерімейді, сол себептен тітіркендіргіш қасиеті жоқ. Жазылтатын және анаэробты қасиеттері асқазанның ойық жарасын емдеуде, тері мен шырышты қабық ісінгенде қолданылады. Ішке қабылдағанда асқазанда висмут изъязвлениями мен тұрақты қабық түзеді, бұл оны тамақтың  механикалық әсерінен және асқазан шырынының химиялық әсерінен қорғайды. Асқазанның домалақ ойық жарасында висмуттың ерімейтін тұздары көп мөлшерде қабылданады (10,0-ға дейін). Түзілген альбуминат ішектің шырышты қабығын  құрамдас заттардан қорғап, ісіну процесі азаяды, перистальтика әлсізденеді, іш қатуы  мүмкін. Асқазанның рентгеноскопиясы үшін көп мөлшерде негіздік висмут карбонатын картоп езбесінде  қолданады (50,0-ге жуық). Бұл мақсат үшін  ішектің шіріткіш  бактериялары әсерінен түзілетін  висмут субнитраты жарамсыз, ол өздігімен сіңірілуі мүмкін.Сол себептен балаларға бұл препаратты бермеу керек. Антимикробты және тез жазылтатын қасиетінен басқа висмут қосылыстарының  жағымды әсері жарақат бетінен ылғалдылықты сіңіру қабілетімен де ерекшеленеді,  микробтың көбеюін алдын алады.  Висмуттан басқа, ксероформ құрамындағы фенол да, висмут таннаты мен дерматолындағы  таннинде де қасиеті бірдей.

 

Темір.

Темір препараттарының эффективтілігін зерттеу олардың терапевтикалық құндылығы әлдеқайда әр түрлі екендігін көрсетті. Максималды эффект асқын тотықты тұздардың жеткілікті мөлшерін қабылдағанда байқалды ( яғни, темірдің (ІІ)органикалық және бейорганикалық қышқылдары), себебі жай оксидтерге ұарағанда жақсырақ сіңіріледі.

Асқын тотықтар қатарына тотықсызданған темір асқазан шырынындағы жеткілікті мөлшердегі тұз қышқылымен әрекеттескенде асқын тотықты темір хлоридіне түрленеді. Темірдің асқын тотық ты тұздары гипохромды анемия (микроцитарлы) кезінде білінетін әсер береді, бұл ауруда әр эритроцит темірге кедей болып, қанның түс көрсеткіші 1-ден аз болады. (мысалы, әлсіздік, еметін баланың хлорозы, және т.б.)  Қан ауыстырудың қиын жағдайында аз дәрежеде бірақ жиі жақсы нәтижелер  байқалынады, бұл кезде гемоглобин мен эритроцит саны бірдей мөлшерде азайып, түс көрсеткіш тура сол қалпында қалады, 1-ге тең болады. Жоғарыда айтылған анемия жағдайында ағзаға темір жетіспейді. (сіңірілуі наша, тағамда аз, кқп шығындалады)

  

Алтын.

Сальвекризин, натрий ауротиосульфаты – ақ кристалды ұнтақ. (37,4 % алтын)Ампулада шығарылады (ауа қатысынсыз). Алтынның күшті бейорганикалық тұздарының антимикробты қасиеттері салыстырмалы түрде бұрыннан белгілі, дегенмен керек концентрацияда күйдіргіш және тітіркендіргіш әсерінен кең қолданыс таппады.

Алтын тұздары металға дейін жеңіл тотықсызданады, мұндай формада алтын тіпті коллоидты күйде де қиын сіңіріледі.Сондық тан резорбтивті әсері үшін тәжірибеде алтын қосылыстары жарамсыз болды. Бұл препараттар бірқатар тері ауруларында және буынның зақымдануында, туберкулездің жеңіл сатыларында қолданылып жатыр. Олардың терапевтикалық құндылығы әлдеқайда әр түрлі.

 

Мыс.

Мыс сульфаты, күкіртқышқылды мыс, мыс купоросы, көк тас – көк кристалдар немесе иіссіз, металдық дәмі жоқ көк кристалды ұнтақ. Трахоматозды ауруларда күйдіргенде қолданылады:0,1-0,5%-к ерітіндісі көзге арналған тамшы және сепкіш; іштей- жүректі айнытатын дәрі ретінде 0,15-0,3 (1-2% ерітіндісінде), егер әсері болмаса 15 мин-тан кейін ұайта қабылдау керек (одан жиі емес), асқазанды тазрту үшін  1%-к ерітіндісі, фосформен уланғана 2%-к ерітіндісін ішеді (ас қасықпен). Жоғарғы доза: 0,5 (жүректі айнытады). Мыс цитраты, лимонқышқылды мыс  - ашық жасыл ұнтақ.

Мыс тұздары жергілікті әсер ететін антимикробты, жазылтатын, тітіркендіретін немесе күйдіретін әсері бар, соның салдарынан көз, теріғ урологиялық және гинекологиялық тәжірибеде кең қолданыс тапқан.

Мыс сульфатының рефлекторлы сипаттағы жүректі айнытатын әсері байқалмаса  асқазанды көп мөлшерде сумен жуу керек, себебі мыс сіңіріліп, токсикологиялық улану орын аулы мүмкін.Мыс сульфаты фосфорға қарсы у, себебі фосфор тотығады, ал мыс тотықсызданып фосфорды жұқа қабатпен орайды да сіңіруіне кедергі болады.

Фосформен тері күйгенде, жалынды сөндіру үшін алғашқы көмек ретінде мыс сульфатының 5%-к ерітіндісімен дымқылданған майлықтарды пайдаланады.

 

Күшән.

Мышьяк ангидриді, ақ күшән- фарфор тәрізді ауыр ақ немесе шыны тәріздес кесектер, қатпарлы құрылымды, шаян сияқты омырылыммен, және ауыр ақ ұнтақ. Ішке 0,001-0,002 мкг пилюлада, ал сырттай – теріге жағыылатын паста тіске дупло ретінде пайдаланылады. Жоғарғы дозалар: 0,003- (0,01). Тері ауруларына – плантагин пастасы. Нан құрамдас паста ішінде 2%  

Мышьяк ангидриді, тазартылған бал, қара май және ұн болады. Сатылымға банкада 100,0 мкг мөлшерінде жіберіледі. Тері ісігінде, туберкулезді қызыл жегінде және т.б. тері ауруларында, зақымданған жерге 12-18 сағат бойы (1-2күн)оның некрозын алу үшін қолданады.

 

Сынап.

Сұр сынапты жақпа май- біртекті сұр май. Сифилисті емдегенде 2,0-4,0 мқлшерінде теріге жағылады, тағы да әр түрлі ісіну процестерінде және кенеге қарсы пайдаланылады.

Сынапты пластырь – құрамында концентрлі сұр сынапты майы бар біртекті сұр масса. (59 бөлігі пластырьдың 250 бөлігіне сәйкес) Алдыңғы препарат сияқты қолданылады.

Сулема, тотыққан сынаптың хлориді- ақ ұнтақ немесе ақ кристалдар. 1:1000-1:5000 ерітіндісінде қолды зарарсыздандыру үшін, 1:6000 дейінгі концентрацияда жарақаттанған жерге, сифилис ауруына қарсы ішке қабылданады.

Сулема таблеткалары және ерітінділері міндетті түрде эозинмен немесе фуксинмен боялады, сулема ерітіндісі басқа ерітінділермен араласпас үшін родамин пайдаланылады.

 

Қорғасын.

Қорғасын ацетаты, сіркеқышқылды қорғасын, қорғасын қанты (синонимдер)- түссіз мөлдіржылтыр кристалдар. Сырттай примочка,   сепкіш зат ретінде пайдаланылады.

Негіздік қорғасын ацетатының ерітіндісі, қорғасын сіркесі  -  мөлдір немесе түссіз әлсіз сілтілік реакция беретін сұйықтық. Ауада баяу көмірқышқылды сіңіріп, ақ тұнба береді. Қорғасын суын дайындауда пайдаланылады.

Қорғасын суы, қорғасынды примочка – лайланған сұйықтық, әдсіз сілтілік реакция береді. Шаю және примочка үшін қолданылады, бірақ көз ауруын емдеуде қолданыс таппады (түзілуі үмкін тұрақты альбумиттен көз роговицасының лайлану қаупі ).

Қорғасынды майжақпа -  сарғыштау түсті, жұмсақ біртекті консистенцияда, құрамында 1%-к негіздік қорғасын ацетатының ерітіндісі бар. Сырттай тыныштандыратын, емдейтін , ауырғанды басатын дәрі ретінде қолданылады. Сары немесе сарғыш қызыл ауыр ұнтақ, немесе чешуйка, суда ерімейдідегенмен сілкігенде сілтілік реакция береді.  Пластырь, майжақпа, негіздік қорғасын ацетатын алуда қолданылады.

 

Күміс.

Күміс нитраты, азотқышқылды күміс, ляпис – түссіз, мөлдір, иіссіз кристалды пластиналар немесе ақ цилиндрлік таяқшалар.  Физиологиялық ерітіндімен өңдеуде (1-2% ерітіндісі), күйдіру, жарақаттарды гранулдау, күйген жерге сепкіш ретінде , кейде 0,01пилюляда және ерітінділерде ішке қолданылады. Теріде және матада  жаңа түзілген  дақтарды  күміс тұздарының ерітінділерімен жояды, 1:2 калий йодидінде көп мөлшердегі сумен жуып, кейін түзілген күміс йодидін 1:10 натрий тиосульфатымен титрлейді. Ескі дақтарды 1:50 калий цианидімен жуып, 1:10 натрий тиосульфатымен шаяды.

Аммарген – аммиак ерітіндісінің артық мөлшеріндегі күміс нитратты комплексті тұзының сулы-аммиакты ерітіндісі. Құрамында 2,4-2,5 % күміс нитраты, 7,4-7,8 % аммиак. Металдық дәмі мен аммиакты иісі бар, түссіз, мөлдір сұйықтық, сілтілік реакция береді. Қоңыр шыныдан тұратын флакондарда 30 мл-ден сақталынылады. Дәрілік сұйылтулар 37˚С температураға дейін қызған суда, қараңғы бөлмеде, қызыл жарық қатысында  жүргізіледі. Жуу, шаю, сепкіш ретінде, кейде тамырға салынады.

  Антимоналкалий тартраты, шарап-сүрмелі-калий тұз,жүректі айнытатын  тас – иіссіз, металдық дәмі жоқ ақ кристалды ұнтақ немесе түссіз кристалдар, суық судың 17 бөлігінде және қайнап тұрған судың  3 бөлігінде,  глицериннің 20 бөлігіңде ерігіш, әлсіз қышқылды реакция береді.Спиртте ерімейді.

  Химиотерапия сияқты тамырға 1%-к ерітіндісі 9 мл-ге дейін, күре тамырға 2%-к ерітіндісін 5 мл-ге дейін құяды, (жаңа дайындалған натрий хлоридінің изотопты ерітіндісінде )., микстура, ұнтақ, ерітіндісінде 0,003-0,01-тен күніне бірнеше қайтара қақырық түсіргіш ретінде (сілті мен танниннан басқасында), кейде әр 15 мин. сайын   0,1-ден 3-ке дейінжүректі айнытатын дәрі сияқты пайдаланылады.

 

Сүрме

      Күкіртті сүрме (V) – үлпілдек, амофты, дәмсіз, иіссіз, қызыл сары  ұнтақ. Күніне бірнеше қайтара 0,001-0,1 мөлшерінде іштей қолданылады.

Сурьмин – сарғыш ашық қызыл ұнтақ. 0,1-0,15 және 0,2, 0,3 құрғақ препараты бар зарарсыздандырылған ампулада сақталынады. Жаңа дайындалған, қыздырылмаған 2%-к ерітіндісі  тамырға салынады ( баяу), ересек адамдарға 0,05-0,3 мөлшерінде  бұлшық етке, 2-3 күнде 1 рет салынады ( жалпы ем алу курсы – 11-16 инъекция, жалпы курс мөлшері – 2,5)

 

Цинк

Цинк хлорид, хлорлы цинк – ақ  немесе сарғыштау келген таяқшалар немесе иіссіз кесектер. Әлсіз ерітіндісінде (0,2-1%) жазылтатын, 50%-к ерітіндісі күйдіргіш ретінде қолданылады.

Цинк сульфаты, күкіртұышұылды цинк – түссіз мөлдір призма тәріздес кристалдар немесе  металдық дәмі бар майдакристалды ұнтақ, иіссіз. 0,2%-де к-зге арнал5ан тамшы ретінде қолданылады. 

Цинк фенолсульфанаты, сульфофенолцинкті тұз – түссіз мөлдір кристалдар. 0,5-1%-де сепкіш зат ретінде пайдаланылады. Цинк оксиді -  майда аморфты ақ ұнтақ. Сепкіл ретінде (талькпен, бор қышқылымен, висмут субнитратымен немесе крахмалмен), 5-10%--к ерітіндісі жақпа май мен паста үшін қолданылады. 

 


Информация о работе Минералды дәрілік заттар