Мұнай және кен орындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2015 в 19:53, реферат

Описание работы

Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алқабында ақшыл түсті мұнай өндіріледі.Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа.

Содержание работы

1. Кіріспе........................................................................................................3
2. Мұнайдың шығу тарихы...........................................................................5
3. Қаламқас мұнай-газ кені...........................................................................6
4. Мұнайдың пайдасы...................................................................................8
5. Қоршаған ортаға әсері..............................................................................9
6. Қорытынды..............................................................................................13
7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................14

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 43.29 Кб (Скачать файл)

Біз мұнайдан не аламыз:

  • Синтетикалык Каучуктар;
  • Отыннын барлык түрі;
  • Май;
  • Гудрон;
  • Пластмассалар;
  • Синтетикалык талшыктар.

 

 

5. Қоршаған ортаға әсері

 

Қазіргі кезде, экологиялық қауіпсіздік жалғыз біздің Республикамыз үшін емес дүние жүзі жұртшылығының назарын аударып отырған ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Табиғи ортада экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері белең алған: кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, ластануы, техногендік шөлейттену, тірі табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті улы қалдықтардың қордалануы. Еліміздегі осындай экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын өнеркәсіптерінің жедел және мөлшерден тыс дамуы үлкен әсерін тигізуде. 

Жалпы кен орындарын игеру, оның ішінде мұнай  өндіру Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының қайнар көзі. Соңғы 40 жыл ішінде адамзаттың энергия пайдалануы 2,5 есе өсіп отыр. 2025 – 2050 жылдары аралығында халық санының өсуі болжамына қарасақ, энергия пайдалану ең кем дегенде екі есе өсуі мүмкін. Мұнай өндірудің 130 жылғы тарихында дүние жүзілік қордың 1/3 бөлігі игерілген, ол оның 1/3 бөлігі тек соңғы 10 жыл ішінде өндірілген. Егер энергия пайдалану жақын арада 2 есе артады десек, онда мұнай өндіру 2010-2020 жж аралығында, ал газ өндіру 2030-2040 жж аралығында биік шыңдарына жетпек.                                                                                  

Қазақстан мұнай қоры жағынан әлемдегі ең ірі мемлекеттердің алғашқы ондығына кіріп отыр. Мемлекетіміздің Республикалық балансында 212 көмірсутекті кен орындары бар. Мұнайдың қоры жағынан қарасақ, территориямыздың 62% жерінде мұнай кен орындары орналасқан. Тек қана Каспий теңізі қайраңындағы мұнай қоры 13 млрд.т. Ал, Ақтөбе облысында жылына 4,5 млн.т.мұнай өндіріледі.                                        

Мұнайгаз комплексі  бірден – бір қоршаған ортаны зиянды заттармен жабдықтаушы екендігін қазіргі уақытта өте белгілі. Әсіресе, көмірсутек күрделі құрамдары  геологиялық  жоғарғы беткі қабаттардың ластануы тіршілік орталарының деградациялануына әкелуде, халықтың денсаулығына залалын тигізуге алып келуде және әлеуметтік  алдыңғы өте маңызды да өткір экологиялық проблема болып қалуда. Қазақстанда  мұнайгаз өндіру өнеркәсіп  шаруашылығын алдыңғы орын алатын аймақтар Атырау облысы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызыл орда  облыстары. Экологиялық жоғары қауіпті аймаққа Атырау облысы жатады, яғни барланған (шоғырланған) органикалық және минералдық шикізат қорынан дүние жүзінде алғашқы орынды алады.

Осылардың  ішінде, сыртқы ортаны  мұнай және мұнай өнімдерімен ең көп ластануышы Жылой ауданы, яғни  территориясында  көптеген  мұнай  өнідіретін кәсіпорындар  орналасқан, яғни Құлсары, Теңіз, Королев, Гүюрва және т.б.

Мұнай және  мұнай өнімдері топырақта, суда, өсімдіктерде  жинақталып, қоректік тізбек арқылы жануарлармен  адам  ақзаларына  түседі, ауданның экологиялық  жүйе жағдайына және  тұрғындардың  денсаулығына әсер етуде. 

Қазақстан Республикамызда, әсірессе  Батыс  аймақтарында (Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызыл орда) мұнайгаз өңдеу  өндірісінің  жаңа импульс алуда. Атырау облысы республикамыздың батысында орналасқан, жер көлемі  112,15 мың км 2. Атырау облысы Каспий маңы ойпатында  орналасқан, жер рельефі - толқын тәрізді  жазықтың  каспий ойпатынан біраз  бөлігін бархан және үйінді құмдар алып жатыр. Облыс территориясының жартысы сортан және сортанды, топырақтардан тұрады. Атырау облысының климат жағдайы - жазы құрғақ, қатты ыстық және аз қарлы, қысы желді, ол атмосферадағы улы заттардың айналымға түсуіне жағдай жасайды. Мұнай  өндіру кәсіпорындары - Мартыши, Доссор, Құлсары, Комсомольск, Сагыз, Қошқар, Қаратон, Теңіз.

Мұнай өңдеу  және мұнайхимия  өнеркәсіптері жетілуде, негізгі өнім түрлері: жанғыш майы  материалдар, электродты кокс, полиэтилен, полипропилен сонымен қатар 200- ден астам өнеркәсіп объектілер орналасқан, қалдықтары мен тастанды зиянды заттарымен қоршаған ортаны ластайды.

Мұнай өндірісі: Қазақстан мұнай мен табиғи газға бай елдердің бірі. Қазіргі Атырау облысына жататын жерлерде мұнайдың бірінші фонтаны 1899 жылы Қарашұңқыр барлау алаңында атқылады, кейін 1911 жылы Доссор, 1915 жылы Мақат, 1934 жылы Ескене, 1935 жылы Байшонас, Қосшағыл, 1938 жылы Сағыз,  1939 жылы Құлсары сияқты мұнай көздері іске қосылды.      

1965 жылға дейін бізде  мұнай тек қана Ембі бассейінінен  алынып отырған. 1965 жылдан бастап  Маңғыстау кен орны елімізді  мұнаймен қамтамасыз етіп отырған. Соңғы жылдары қазақ жерінде  көптеген мұнай мен газға бай  орындар ашылған. Қазір істеп жатқан мұнай – газы бар ірі кен орындар – Теңіз, Қарашығанақ т.б. осы Каспий ойпатындағы кен орындары мен Каспий теңізінің қайраңындағы (шельфіндегі) мұнайдың қоры 7млрд. шамасында. Тек Қарашығанақ (1979жылы ашылған, 450 км жер көлемін алып жатыр) өзінде 21,3 триллион м3 табиғи газ, 644млн.газ конденсаты, 189млн. тонна мұнай бар.

Мұнайдың табиғатқа әкелетін зардаптары:Пайдасы мен бірге мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін  зиянды әсері де аз емес. Қоршаған ортаның ластануы іздеу – барлау және мұнай, газ өндіретін ұңғымалар (скважиналар) құрылысынан басталады. Бұл кездегі ластаушы көздерге бұрғылау қондырғыларында орнатылған дизельдерден шығатын түтіндер, азот пен көміртек оксидтері, шаң, бұрғылау ерітінділері және т.б. Бұрғы мұнарасынан 800 алшақтыққа дейін топырақ және өсімдіктер бұрғылау сұйығымен (құрамында 20ға жуық химиялық реагенттер болады) ластанып, зардап шегетіні ғылыми түрде дәлелденген.

Мұнайды алғанда табиғатқа тиетін зардаптар мынадай: Апатты жағдайлардың болуын азайту мақсатында көптеген шаралар қолдануға тиіс. Мысалы, коррозиямен күресудің нәтижелі жолдарын іздестіру және тасмалдау құбырларын жиі тексеру, жөндеу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру. Мұнайды жер бетіне шығару үшін біраз жер ресурстарының әр түрлі құрылыс обьектілерін салуға айналымнан шеттелуі, жер сұрқының бұзылуы, ластануы.Ластаушы заттар бөлініп, атмосфераның жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, топырақтың бұлармен ластануы.Мұнаймен қоса жер бетіне жоғары минералды судың шығуы.Бұрғылауда шыққан қалдықтарды көму. Мұнайдың төгілуі.

Мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны ластайды. Ластанудың жалпы бірнеше түрі бар. Олар инградиентті, параметрлі, биоценотикалық, стационалдық болып бөлінеді  (5.1-сурет).   

 

5.1-сурет. Ластанудың түрлері.

Негізінде негативті әсерді мұнай шығаратын кәсіпорындар атмосфералық ауаға тигізеді. Осы өндірістен шығатын ластаушы компоненттерге көмірсутектері (48%), көміртек оксиді (33%), қатты заттар (20%) жатады. Осы салада мұнаймен бірге қосыла шығатын газ әлі толығымен қолдануын таппағанына байланысты, жыл сайын оның көлемінің 20% пайдасыз алауда жағылады, сондықтан қоршаған ортаны ластаумен қатар табиғи ресурс ысыраптанылады. Осыған байланысты бұл газдарды кәдеге асыру жолдарын іздестіру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Мұнай және газ өнеркәсібі еліміздің стратегиялық маңызы зор саласы болғандықтан, бұл жүйе де алдағы кезде де уақыт талабына орай жаңа басқару құрылымдарының ашылуы, ұйымдық өзгерістердің жетілдірілуі әбден мүмкін. Қазақстан жас мемлекет болса да қазірдің өзінде геосаяси мемлекеттер қатарына қосылды. Қазір Қазақстан дәлелденген мұнай қоры жағынан әлем бойынша оныншы орында. Мұнай қоры жағынан болашағы зор - Қаламқас кен орны. Мұнайды өндіру барысында көптеген жұмыстар жүргізіп отырған мекеменің алдағы уақытта дамитыны сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Муравьев В.М. Эксплуатация нефтяных и газовых скважин.
  2. Юрчук А.С. Расчет нефтегазовых добычи. М. Недра, 1976.
  3. Сулейманов М.М. Охрана труда в нефтяной безопасности,1985.
  4. Домин П.А. Справочник по технике безопасности. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мұнай және кен орындары