Мұнайдың шығу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 17:14, реферат

Описание работы

Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.

Файлы: 1 файл

нефть.doc

— 113.50 Кб (Скачать файл)

 

Кеніштің геометриялық мөлшері  оның жазықтыққатүсірілген проекциясы арқылы табылады. Кеніштің биіктігі деп  тік бағытта оның табанынан екі  жоғары нүктесіне дейінгі қашықтықты айтады, ал оның ұзындығы — екі мұнай  нұсқаларының ұзын және кіші диаметрлеріне  тең болады. Кеніш шеңберінің үлкен және кіші диаметрлері оның ортасынан (осінен) өтетін біріне-бірі перпендикуляр сызықтар ретінде орналасады. Жер қойнауында тектоникалық және стратиграфиялық экрандалған кеніштерменқатарлитологиялық экрандалғанкеніштер де кездеседі. Көрсетілген негізгі табиғи резервуарлармен байланысты төмендегідей кеніштер тобы кездеседі: 1)қабат тәрізді кеніштер (дөңбек күмбезді және экрандалған кеніштер); 2)массивті кеніштер; 3)литологияльгқ экрандалған кеніштер.

 

Жер қойнауында бір тектес құрылымдағы мұнай мен газ кеніштерінің жиынтығын мұнайжәнегаз кен _орындары деп атайды. Мұнай газ кен орындары көмірсутектерінің алғаш пайда болған жері емес, олардың көшіп-қону (миграция) арқылы әр түрлі құрылымдарға шоғырланып жиналған орны. Жалпы алғанда кен орнының катарына мөлшері, сапасы бойынша техникалық-технологиялық дәрежесіне және экономикалық түрғыда пайдалану жағдайларына байланысты мұнай мен газдың өндірісте игерілуі мүмкін табиғи жинағы жатады. Кен орындары қор мөлшеріне байланысты ірі, орташа және үсақ болып бөлінеді. Қоры көп мұнай алаңдарын игеру мәселесі — экономикалық мол пайдаға жолықтыратыны сөзсіз. Кор мөлшеріне және сапасына байланысты баланстық және баланстан тыс қорлар болып екі топқа бөлінеді. Баланстық қор өндіруге пайда келтіретін, ал баланстан тысқорлар таяу мезгілдерде игеру пайда келтірмейтін корлар.

 

Кен орындарының тілмесінде бір  немесе бірнеше мұнай-газ кеніштері  кездеседі. Тілмеде тек қана бір  кеніш (горизонт) кездесіп, оның қорын  игергенде экономикалық пайда келетін  болса, ондай шоғырды — кен орны деп атауға болады. Кен орындары тек табиғи бір текті құрылымдар арқылы ғана бөлінбейді. Кей жағдайларда көлем-пішіні созылыңқы моноклиналдарда кен орындары шұбатылып, түрлі кедергілерге тіреліп орналасуы мүмкін. Саны бір кен орнында бірнеше түр бойынша топтасқан әр типті кеніштер кездесуі де мүмкін.

 

Жер қойнауындағы геосинклиналдық  және платформалық құрылымдармен байланысты екі түрлі кен орындары кездесетін жағдайлар бар. Оның екі түрі бар: Iсынап — геосинклиналдық облыстарда пайда болған кен орындары; IIсынап - платформалық облыстарда пайда болған кен орындары. I сыныпқа жататын кен орындары Кавказда, Қырымда, Шығыс Қарпат, Түркмения, Ферғана, Өзбекстан, Тәжікстан, Сахалинде, т.б. аймақтарда кездеседі. Калған кен орындары II сыныпқа жатады, олар Еділ мен Орал аралығанда, Батыс Сібір аймақтарында, т.б. аудандарда кездеседі.

 

Отыз жылдай уақытта жүргізілген  терең барлау жұмыстарының нәтижесінде  Маңғыстау өте ірі мұнай мен  газ қоры бар өлкеге айналды. Облыста 59 мұнай-газ кен орындары игерілуде, олардың 40-ы «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігінің меншігінде болса, 18-і «Маңғыстаумұнайгазгеология» бірлестігінде. Тек бір кен орны (Қаражанбас) – «Қаражанбастермнефть» мұнай-газ өндіру басқармасына (МГӨБ) қарайды. Мұнай-газ кен орындарының ашылуын төмендегі кестеден көруге болады: Мұнай-газ кен орындары көмірсутектер түріне қарай төмендегідей болып бөлшектенеді: мұнай-газ кен орындары – 23, мұнай кен орындары – 22, газ кен орындары – 14. Кестеден көрсетілгендей кен орындардың басым көпшілігі Оңт. Маңғыстауда (41 кен орны) және соған сәйкес мұнай мен газдың алынатын қорлары да (бүкіл облыс қорының 66,5%-ы) осы аймақта. Оңт. Маңғыстауға Өзен – Жетібай, Жазыгүрлі, Қарақия мұнай-газ зоналары қарайды. Келесі орында Бозащы түбегі, онда 8 кен орны (қордың 29,8%-ы бар, 3-орында – Үстіртте 4 кен орны қордың 2,5%-ы), соңғы орында Оңт. Каспий маңы аймағы, 6 кен орны (қордың 1,2%-ы) бар. Маңғыстау мұнай-газ кен орындары бұрынғы Одақтың кен орындары сияқты қордың мөлшеріне қарай өте ірі (қоры 300 млн. т-дан астам), ірі (қоры 30 – 300 млн. т), орташа (10 – 30 млн.т) және уақ (10 млн. т-ға дейін) болып бөлінеді. Кен орындары қорының мөлшеріне қарай бөлінуін төмендегі кестеден көруге болады. Ірі кен орындары қорының пайыздық мөлшері: Қаламқас (14,2% қоры бар), Жетібай (13,6%), Қаражанбас (7,5%), Солт. Бозащы (6,2 %),Теңге (3,2 %), Оңт. Жетібай (2,0 %), Тасболат (1,4 %), Доңға-Еспелісай (1,2 %), Асар (0,8 %). Маңғыстауда мұнай-газ кен орындары палеоген тобынан бастап палеозой дәуіріне дейінгі шөгінділерінде табылғанын келесі кестеден көруге болады. Кен орындарының көпшілігі юра мен бор дәуірінің тау жыныстарынан табылған (59,3%), сонан кейінгі орынды юра мен триас (27,1%) түзілімдеріне беруге болады. Ең ескі дәуір палеозойда мұнай көзі Оймаша кен орнында гранит тау жыныстарымен байланысты болса, Елеместе – карбонит теңіз шөгінділерінде табылды. Қазір триас дәуіріндегі өндірістік мұнай мен газ қорлары тек Оңт. Маңғыстау алаңдарынан табылып отыр. Триастың әрбір үш бөлімшелерінде құнарлы қабаттар барлығы дәлелденді. Олардың ішінде орта триастың мұнайлылығы мен газдылығы, басқа бөлімдермен салыстырғанда едәуір басым. Осы құнарлы қабаттарда мұнай мен газ кендері ұсақ кеуекті тау жыныстары коллекторларында орналасқан. Триастың құнарлы қабаттары 2900 – 4400 м тереңдікте кездеседі. Маңғыстау обл-ның отын қоры ресурсы және оның басым бөлігі юра қабаттарымен байланысты. Оңт. Маңғыстау немесе Бозащы, Солт. Үстірт және Оңт. Каспий маңы аймақтарындағы табылған мұнай-газ кен орындарының көпшілігі юраның құнарлы қабаттарымен байланысты. Олардың тереңдігі әрбір тектоник. зоналарда әр түрлі: Бозащыда 360 м тереңдікте кездессе, Оңт. Маңғыстаудың кейбір алаңдарында 2000 м-ден астам тереңдікте кездеседі. Бұл өлшемдердің тек қана сол қабаттардың тереңдігінде ғана емес, олар кейде сол юра қабатының қалыңдығына да байланысты. Оңт. Маңғыстауда ол қабаттардың жалпы қалыңд. 1000 м-ден асса, ал Бозащыда ол өлшем 3 – 4 есеге кемиді, яғни олардың қалыңд. 250 – 350 м-ден аспайды. Ал Қаражанбас кен орнының орталық бөлігінде тіпті бұл түзілімдердің қалыңдығы мүлде азаяды. Оңт. Маңғыстауда юра шөгінділерінде 13 құнарлы қабат бар. Олардың ю-1 қабаты жоғ. юраның бөлігіне қараса, орт. бөлімшеде ю-2-ден бастап ю-12 қабатқа дейін, яғни 11 құнарлы қабат бар, ал ең тереңдегі төм. бөлімінде тек ю-13 қабат белгіленді. Осы құнарлы қабаттардың қалыңдығы орта есеппен 40 – 75 м шамасында, олар бір-бірінен тығыз және қатты, қалыңд. 10 – 12 м-ден 20 – 25 м-лік сазды тұнбалармен бөлінеді де, мұнай-газ немесе су кендерінің жасақталуына қолайлы жағдай жасайды. Бозащыда құнарлы юра қабаттары осы кезеңнің тек қана орталық бөлімімен байланысты. Осы юра тұнбаларындағы мұнай-газ және жер асты су кен көздері құмтас қабаттарынан орын алады. Соңғылардың ұсақ кеуектігі 13%-дан 36% арасында. Бор құнарлы қабаттардың қасиеті юра тұнбаларындағы құнарлы қабаттардың қасиетіне сәйкес. Бор қабаттарындағы ашылған кен орындары неокомнан (Бозащы) сеноман (Өзен) кезеңіне дейінгі аралықтағы қалыптасқан түзілімдермен байланысты. Олардың ұсақ кеуектігі 23 – 29% аралығында. Оңт. Маңғыстаудағы юра қабаттарының мұнайы аса сапалы, сирек кездесетін, ерекше мұнай +35 – +37°С-тың өзінде ұйи бастайтын, төрттен бірі парафинді мұнай жер қойнауында қабаттар қысымымен сұйық күйде сақталғанымен, жер бетіне шыға қоюлана бастайды. Өйткені оның құрамында шайыр мөлшері көбірек, күкіртті қосындылары аз, метанды көміртектері басым. Тығызд. 0,84 – 0,88. Оның құрамында 15% бензин бар. Бозащы мұнайлары Оңт. Маңғыстау мұнайларының құрамынан бөлектеу. Олар күкіртті (2,5%-ға дейін), парафин қоспалары аз (3,6%-ға дейін), асфальт пен шайыр қоспаларының көптігінен (14,8 – 29,9%) тығыздығы жоғары (0,89 – 0,94). Бозащы мұнайы суыққа төзімді (–17 – 27°С-та қатады), құрамында ванадий тотықтары кездеседі. Триас қабаттарының мұнайы тек қана өзіне сәйкес Оңт. Маңғыстау мен Бозащыдағы юра қабаттарындағы мұнай қасиеттеріне ұқсамайтын ерекшеліктері бар. Олардың тығыздығы жеңілдеу (0,81 – 0,86), күкіртсіз, кейде күкірт қоспалары аз (1,3%-ға дейін), парафинді (27,8%), асфальт пен шайыр қосындылары онша көп емес (11,80 дейін), жоғ. температурада (+38 – +400 дейін) қоюланады. Мұнай өндіру Маңғыстауда «Маңғыстаумұнай» бірлестігінің құрылуымен байланысты (қазіргі «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігі). Осы уақытта ММГ өндірістік бірлестігі қарауында 38 әр түрлі басқармалар мен зауыттары бар мемл. мекемені құрады. Бірлестіктің құрамына осы кәсіпорындардан басқа Қазақтың ғыл.-зерт. және жобалау мұнай ин-ты (ҚазҒЗЖМИ) қарайды. «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігінің өсу жолындағы басты кезеңдері: 1964 ж. «Маңғыстаумұнай» бірлестігі құрамында Жаңаөзенде «Өзен» мұнай өндірістік басқармасы құрылды (бастығы – Ө.Өтесінов, бас инж. – А.А. Дергачев, бас геологы – А.И. Осадчий). 1964 ж. 19 – 22 мамырда Шевченко қ-нда (қазіргі Ақтау) мұнайшылар мен мұнай барлаушылардың Бүкілодақтық ғыл.-тех. конференциясы болып, Маңғыстау байлығын игеру туралы аса маңызды мәселе қаралды. Оған бұрынғы Одақтың әрбір бірлестіктерінен, ғыл.-зерттеулер ин-ттарының өкілдері қатысты. 10 маусымда уақытша тапсырылған Өзен – Маңғыстау – Мақат т. ж-мен алғашқы Өзен мұнайы Атырау мұнай өндеу з-тына жіберілді. Ақтау – Өзен электр желісі (ЛЭП – 110 кВт) және Сауысқан – Өзен тұщы су құбыры пайдалануға берілді. 1966 ж. мамыр айында Жетібай мұнай өндіру басқармасы құрылды (бастығы Е.Нұржанов, бас инж. С.Қалжанов, бас геолог Б.Әлиев). Сол жылы 10 шілдеде Өзен кен орнынан тұңғыш рет 1 млн. т «қара алтын» өндірілді. Ұз. 140 км болатын Өзен – Жетібай – Ақтау мұнай құбыры пайдалануға берілді. Осы құбыр арқылы Оңт. Маңғыстау мұнайы Ақтаудағы теңіз порты арқылы тасымалдануға мүмкіндік алды. Жаңаөзен – Ақтау автомоб. жолы іске қосылды. 1967 ж. ұз. 1500 км болатын дүниежүз. маңызы бар трансконтиненттік Өзен – Атырау – Самара мұнай құбырларының салынуы басталды. Келесі жылы Жетібай мен Өзен кен орындарынан газды өндіру басталды әрі осы кен орындарында алғашқы газ-лифтмұнай өндіру әдісі қолданыла бастады. 1969 ж. Өзен – Атырау – Самара мұнай құбырының бірінші кезегі – ұз. 711 км болатын Өзен – Атырау аралығы іске қосылды. 1970 ж. Өзен кен орнында құнарлы қабаттарға ыссы су айдайтын дүние жүзінде алғашқы рет тәжірибелі-өндірістік қондырғы өндіріске берілді. Теңге газ кен орнынан өнім өндіру басталды. Мұнда ерекше қондырғылар арқылы газды төм. жылылықпен тазарту қаралды. Бұрынғы Бүкілодақтық ғыл.-зерт. мұнай ин-тының Маңғыстаудағы лабораториясының негізімен Ақтау қ-нда Қазақтың ғыл.-зерт. және жобалау мұнай ин-тының ғылыми бөлімі ашылды. 1971 ж. Жаңаөзен қ-н тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатымен Түйесу – Жаңаөзен су құбыры салына бастады. Теңге кен орнынан (1972) өндірістік газ өндіру басталып, Орта Азия – Орталық газ құбырымен тасымалдау іске қосылды. Өзен – Бейнеу газ құбыры өндіріске қабылданып алынды. Мұнай өндірісінде телемеханизацияландыру басталды. Қазақстанда бірінші «Маңғыстаугазөндіру» басқармасы құрылды. Оңт. Жетібай мұнай-газ кен орны ашылды. 1973 ж. республиканың тұңғыш газ өңдеу з-ты іске қосылып, Маңғыстауда 0,5 млрд. м3 газды айырып-өңдеу мүмкіндігіне қол жетті. Өзен кен орнының Қарамандыбас бөлігінде мұнай өндіру басталды. Жер асты қабаттарының қысымын өсіру үшін Жетібай кен орнында мұнай қабаттарына теңіз суын айдау басталды. Оңт. Жетібай, Асар кен орындары және Бектұрлы мұнай-газ кен орнында мұнай өндіру (1974) іске қосылды. 1975 ж. Өзен кен орнында өндірістік мұнай ісінде алғаш рет мұнай кендеріне термальдық суды өндірумен қатар үлкен қысыммен айдап құнарлы қабаттарды суландыру ісі жүзеге асырылды. Бірлестік бойынша жылдық мұнай өндіру деңгейі ең жоғ. көрсеткішке – 16343,6 мың т-ға жетті. Жетібай кен орнында газды төм. температурамен тазалау қондырғысы іске қосылып, Жетібайдан Өзендегі газ өңдеу з-тына дейін газ және конденсат құбырлары өндіріске тапсырылды. Бұрмаша мұнай және Батыс Теңге газ кен орындары ашылды. 1976 ж. Оңт. Жетібайда газ конденсатты кендер пайдалануға беріліп, триас қабаттарынан газ өндірілді. 1977 ж. «Өзенмұнайөндіру» басқармасы «Өзенмұнайгаз» өндірістік басқармасы деп өзгертілді. ҚазҒЗЖМИ ин-ты Өзен кен орнының барлық мұнай кендерін өндіруін қарастырған жоба жасады. Кен қабаттарына ыстық су айдау тәулігіне 1400 м3 жылдамдықпен жер асты жандыру қондырғысы жұмыс істей бастады. Бірлестік бойынша ең жоғ. жылдық газ өнімі 3,74 млрд.м3-ге жетті. 1978 ж. жер асты ыстық су айдау мақсатымен су қайнату қондырғылары (УВАГ-2 және ПТБ-10) бар пештер өңдіріске қосылды. Шығыс Жетібай мұнай кен орны іске қосылды. Газ конденсатты Терістік Ракуш кен орны ашылып іске қосылып, 53 шақырымдық мұнай құбыры салынып, мұнай мен газ өз қысымымен Жетібайдағы мұнай дайындау қондырғысына түсе бастады. 1979 ж. Құнарлы мұнай қабаттарының қысыммен көтеруге арналған жер асты су айдаудың термальдық-сатылы суландыру әдісі өндіріске қосылып, газ конденсатты Тамды кен орны ашылды. Сол жылы 2 наурызда «Комсомол» мұнай-газ өндіру басқармасы (бастығы Б.Ізтұрғанов, бас инж. Будников, бас геологы А.Мищенко, осындағы алғашқы мұнай өндіру цехының басшысы X.Құсаев) құрылды. Қаламқас – Қаражанбас – Ақтау мұнай құбыры, 277 шақырымдық Қаламқас – Қаражанбас – Ақтау жоғ. вольтты электр жүйесі өндіріске қосылды. Қаламқас кен орнында газды төм. температуралық әдіспен тазалайтын қондырғылар іске қосыла бастады. 1980 ж. Қаражанбас кен орнында өндірістік пайдалану жұмыстары басталды. Қаламқаста жер асты су айдау жұмыстары жүргізіліп, кен орнында мұнай өндірудің жинақты мөлш. 1,0 млн-ға жетті. Оймаша мұнай-газ кен орны ашылып, ол 1981 ж. мұнай бере бастады, Қазақстанда тұңғыш рет гранит тау жыныстарында мұнай кені барлығы дәлелденді. Қаражанбас кен орнында полимерлік ерітінділер айдау жұмыстары басталды. Ұз. 30 км болатын Каспий т-нің толқынды суларынан қорғаныс бөгеттері салынды. Қызылқұм тұщы су кен орнынан су өндіру үшін Қияқты өндіру бөлімшесі іске қосылды. 1982 ж. Қаламқас кен орнында өндіріс орындарын телемеханизациялау және өндіргіш су айдайтын ұңғымаларды жабысқақ-серпінді қоспалармен өндеу жұмыстары басталды. Тасболат және Батыс Теңге мұнай-газ конденсатты кен орындары пайдалануға қосылып алғашқы мұнай берді. Сол жылы Шынжыр мұнай қоры ашылды. 1983 ж. Өзен кен орнында қабаттық қысымды қолдау (ҚҚҚ) жүйесінде қабатқа су айдау толық орын алды, су айдау көлемі тәулігіне 150 мың м3-ге жетті. Шығыс Жетібайда мұнай өндіру әдісі толықтай газ-лифт жүйесіне ауысты. Бозащыда теңіз суын жинақтау қондырғысы тұрғызылып, Қаламқас – Қаражанбас су құбыры жасалды. Полиакриламидтік қоспаларды құнарлы қабаттарға айдау жұмысы өндірістік-тәжірибе түрінде басталды. 1984 ж. Өзен кен орнында кен қабаттарын алаңдық және мәнерлі суландыру жұмыстары қолға алынды. Асар кен орны газ-лифттік әдіспен мұнай өндіруге толық көшті. Солт. Қарақия мұнай және Солт.-батыс Жетібай мұнай-газ кен орындары ашылды. 1985 ж. Өзен кен орнында жинақты мұнай өндіру деңгейі 200 млн. т-ға жетті. Ақтас мұнай қоры пайдалануға қосылды. Каменистое мұнай және Сәрсенбай, Пионер газ кен орындары ашылды. Бір жылдан кейін Өзен кен орнында қабаттарды циклдық суландыру енгізіле бастады. Қаражанбас кен орны жаңадан құрылған тәжірибелі-экспериментті «Қаражанбастерммұнай» мұнай-газ өндіру басқармасына (ТЭ МГӨБ) берілді. Шығыс Нармаул мұнай-газ кен орны ашылды. 1987 ж. Бұрмаша, Алатөбе мұнай кен орындары пайдалануға қосылып, мұнай бере бастады. Құнарлы қабаттарды қолдау мақсатымен Қаламқас кендеріне Еділ суын пайдаланды. 1988 ж. «Жетібаймұнайгаз» өндіру басқармасы құрылғаннан бері жинақты мұнай өнімі 50 млн. т-ға жетті. Солт. Қарақия мұнай кен орны пайдалануға берілді. Солт. Придорожное, Солт. Қарамандыбас мұнай және Жарты, Мақат, Шығыс Өзен, Оңт.-шығыс Бектұрлы газ кен орындары ашылды. 1989 ж. Придорожное кен орны пайдалануға беріліп, мұнай өндіріле бастады. Батыс Ақтас және Сартөбе, Айрантақыр, Солт. Аққар мұнай кен орындары ашылды. 1990 ж. Атамбай мұнай кен орны пайдалануға беріліп, Ащыағар мұнай кен орны ашылды, ал 1991 ж. Айрантақыр мен Ащыағар мұнай кен орындары пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта Өзен, Қарамандыбас, Қаламқас, Қаражанбас, Жетібай – Бектұрлы, Асар, Оңт. Жетібай, Шығыс Жетібай, Оймаша, Солт. Қарақия, Алатөбе, Бұрмаша мұнай-газ кен орындары өндірістік пайдалануда. Придорожное, Ащыағар, Атамбай, Айрантақыр, Солт. Аққар кен орындарында байқау және пайдалану жұмыстары жүріп жатыр. Осы кен орындарының ішінде Өзен өзінің қоры жөнінен өте ірі кен орны болып табылады. Облыс өнеркәсібі кеңес өкіметі тұсында тек мұнай ғана емес, сонымен бірге минералдық тыңайтқыштар, полистирол, былғары шикізаттарын экспорттаушы болды. Бірақ жалпыға ортақ құлдырау, тұралау кезеңдерінде өнеркәсіп өнімдерінің құрылымы шынайы өзгерістерге ұшырады. Өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде кен өндіру саласы өнімдерінің үлесі 1991 ж. 41,5%-дан 2006 ж. 92,5%-ға дейін өсті. Сала дамуының мұндай ерекшелігі облыста мұнай мен газ кен орындарының басым болуы және мұнай-газ өнеркәсібінің жедел әрі қарқынды дамуымен түсіндіруге болады. Қазіргі уақытта облыста мұнай өндіру көлемінің жыл сайынғы өсу қарқыны сақталуда. Аймақтағы мұнай өндірудің негізгі көлемін «Өзенмұнай» ӨФ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбас», т.б. ірі кәсіпорындар өндіреді.


Информация о работе Мұнайдың шығу тарихы