Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 21:05, реферат

Описание работы

Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару.

Файлы: 1 файл

Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту.docx

— 95.57 Кб (Скачать файл)

Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту 
 
 
Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.Мақсаты: Модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын, таным-белсенділігін арттыру.Міндеттері: 
- модульдік оқыту технологиясының білім сапасына әсері;

 қоршаған ортадағы  жүріп жатқан құбылыстарды химиялық  таным-түсініктер арқылы ойлай  білуге үйрету, химиялық тілді  дамыту;

- оқыту барысында қоршаған  орта, тірі табиғат туралы қызығушылық  тудыру;

- химиялық білім-біліктерді  және химия ғылымының жетістіктерін  күнделікті өмірде пайдалануды  насихаттау.

 Оқу материалдарын  меңгеру деңгейіне қойылатын  талаптар:

  • Ғылым негіздерін, маңызды деректер, ұғымдар, химиялық заңдар мен теориялар және химиялық символиканы зерделеу;
  • Химиялық құбылыстарды бақылауға және түсіндіруге біліктілігін дамыту;
  • Заттар мен лабораториялық құрал-жабдықтарды пайдалана білу, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, қарапайым тәжірибелерді жасау білігін қалыптастыру;
  • Химияның қоғамдағы маңызын, адамзат алдында тұрған сан-салалы ауқымды мәселелерді шешудегі ізгілікті рөлінің артуын ашып көрсету;
  • Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

 
 
Күтілетін нәтиже:

- келешекте оқушылардың  кесіби білім алуына алдын  ала даярлықтан өтеді;

- қосымша материалдармен  танысуға мүмкіндік алады;

- адам, қоршаған орта туралы  дүниетанымдық көзқарастары дами  түседі.

Болжамы: Модульдік оқыту технологиясы тиімді ұйымдастырылса, онда оқушылардың білімге деген қажеттіліктері, қызығушылығы мен қабілеттілігі, түрлі модульдік оқуды таңдау құзыреттілігі жоғарғы деңгейде қалыптастырылады.

 Модульдік  оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.

Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы. 
Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады.

Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.

Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.

 Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.

Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып,ғ жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі.

Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология. Модульдік оқыту технологиясын 9 г сыныбында екінші жыл пайдаланып келемін. «Металдар» тарауын мынадай модульге бөлдім. тарау. Металдар 1 модуль (7 сағат)

 
Бөлімі

 
Сағат 
 
саны

 
Сабақтың мазмұны

 
Уақыты

 
Кіріспе

 
1

 
1) § 28 «Металдардың адам өміріндегі маңызы»; 
 
2) § 29 «Металдардың периодтық жүйедегі орны»; 
 
3) Әр оқушыға жеке-жеке тапсырма

 
45мин

 
2

 
1) § 30 «Металдардың физикалық қасиеттері»; 
 
2) § 31 «Металдардың химиялық қасиеттері»; 
 
3) Әр оқушыға жеке-жеке тапсырма

 
45 мин

 
3

 
1) § 32 «Металдардың жемірілуі, күресу шаралары»; 
 
2) § 33 «Табиғаттағы металдар»; 
 
3) § 34 «Металдардың қосылыстары»; 
 
4) Әр оқушыға жеке-жеке тапсырма

 
45 мин

 
Сөйлесу

 
4

 
«Қарлы кесек» ойыны

 
45 мин

 
5

 
«Бақытты сәт» ойыны

 
45 мин

 
Қорытынды

 
6

 
Тест

 
45 мин

 
7

 
Бақылау жұмысы

 
45 мин


 
 
Бұл білім сапасын, танымдық деңгейін арттыруда тиімді. Модульдік оқытуда эксперимент ретінде 9 г сыныбы, байқау сыныбы ретінде 9 м сыныбын алдым. Осы екі сыныптарды салыстырғанды мониторингтен көруге болады: тоқсандық бағалары мен тоқсандық бақылаулары. 
 
9 г сыныбының І тоқсанның білім сапасы 92%, ІІ тоқсанның білім сапасы – 95%. Ал. 9 м сыныбының І тоқсандағы білім сапасы – 89%, ІІ тоқсаны – 82%. 9 г сыныбының тоқсандық тест қорытындысы – 85%, ІІ тоқсан бойынша– 83%. Ал. 9 м сыныбының тоқсандық тест қорытындысы – 81%, ІІ тоқсан бойынша – 68%. 
 
 
 
 
 
 
 
Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде оқушылар көбінесе топтарға бөлініп,өтілген материалды қайта жаңғыртып, терминдерді, негізгі ұғым-ережелерді біледі. 
 
Енді аталған педагогикалық технология бойынша сабақтың өту барысын қарастырайық. 
 
І кезең (5-7 минут) 
 
1) Ұйымдастыру кезеңі 
 
2) Үй жұмысын тексеру 
 
Мақсаты: өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтау дәрежесін тексеру (өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтап келу дәрежесі тексеріліп, тиісті ұпай саны өткен сабақтың соңында жиған ұпайына қосылады. Бұл әрекетті орындау механизмі төмендегі «Тақырыптық жоспар» кестесіндегі соңғы бағанда келтірілген): Үздік оқушылар өз дәптерлері бойынша басқа оқушыларды тексереді. Мұғалім әрбір оқушының үйде орындаған тапсырмалар үшін жинаған және қорытынды ұпайын «ашық журналға» жазады, тиісті бағаға айналдырып, сынып журналына қояды. 
 
3) Өткенді пысықтау. Мысалы, 9 сыныптың химия пәнінен «Көміртек» тарауын қайталау бойынша өткізілген сабақ жоспарын қарастырайық. 
 
-Ұйымдастыру кезеңі 
 
-Деңгейлік тапсырма 
 
-Тест бойынша жұмыс 
 
-Логикалық тапсырмалар 
 
-Семантикалық карта 
 
-Үйге тапсырма 
 
-Бағалау 
 
Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді. 
 
Оқушылар модульдік оқыту технологиясымен өткен сабақатар туралы ой-пікірлерін былай дейді: 
 
-МОТ берген сабақтар маған өте ұнайды, әсіресе, сөйлесу сабақтары; 
 
-сыныпта бір-бірімізбен пікір алмасу ұнайды, әртүрлі ойындармен өте қызықты өтеді; 
 
-әр тақырыпты сөйлесу сабақтарында бірнеше рет талдаймыз, осындай сабақтан жақсы түсінемін. 
 
9 г сыныбында МОТ 2 жыл жүргізіліп отырғандықтан, мектеп психологы оқушылардың мотивациясын анықтап, сауалнама жүргізді. Оның нәтижесі төмендегідей.  
 
 
 
 
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу. 
 
Оқушыларға: 1) өз ойларын толқы жеткізе алмауы; 2) материалды мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруін қалауы; 3) нақты фактілерге мән бермеуі; 4) білімді жинақтауға мән бермеуі.

Орта мектепте химия пәнін модульдік

жүйе арқылы деңгейлеп оқыту әдістемесі

Қазіргі таңдағы білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ықпал етуге бағытталған. Себебі, қоғамның дамуына қызмет ететін - Адам. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында білім беру жүйесінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдаудағы орнын атап көрсете келіп, “жеке адамның қабілетін шыңдауда білім, білік, дағдыны қамтамасыз ету үшін білім берудегі негізгі буын – мектеп екені анық көрсетілген”. Ал бүгінгі мектеп – орта білім беру ұстаханасы екендігін ескерсек, ол уақыт талабына сай болуы үшін білім саласындағы инновациялық процестер барынша дамытылуы тиіс.

Адамгершілік құндылықтарға негізделген жаңа білім парадигмасының қалыптасуы жағдайындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен түрлі қарама-қайшылықтар өз бетінше дами алатын, ізденімпаз тұлға даярлау бағытында білім жүйесін реформалау, оқу процесінің мүмкіндігінше ғылыми ізденіске жақындату мәселесін алға тартуда. Осы мәселенің шешілуінде орта мектепте білім беру процесінің, оның ішінде химиялық білім беру мен оның мазмұндық болмысына жаңа әдіснамалық тұрғыдан келуді талап етеді [1].

Оқыту процесі әрқашан мұғалімнің басшылығымен өтеді. Білім алу, біліктену және дағдылану процессі. Оны «оқыту» деп атап жүрміз. Ал “оқыту” ұғымы оқушылардың жүйелі білімі мен білігін, дағдысын қалыптастыруға, таным және ізденушілік қабілетін дамытуға бағытталған педагогикалық процесс. Олай болса, оқытып үйрету мен оқып үйрену оқыту процесінің екі ерекше қыры. Оқытудың сапалы нәтижесі мұғалім мен оқушының белсенді әрекетіне (оқыту және оқу) тығыз байланысты [2,3].

Әлемдік әдістеме тарихында оқытуды ұйымдастырудың бірнеше жүйесі мәлім. Оқытудың анағұрлым ерте, тарихи қалыптасқан ұйымдастыру жүйесі – оқытудың жеке дара – топтық жүйесі. Кейін оның орнына 17- ғасырда чехтың ұлы ағартушысы Ян Амос Коменский ұсынған оқытуды ұйымдастырудың жаңа жүйесі келді. Ол – оқытудың сыныптық – сабақтық жүйесі болатын. Аталған жүйе дамып жетіле бастағанда Англияда негіз алған оқытуды ұйымдастырудың белль- ланкастер жүйесі пайда болды. 19 және 20-ғасырлардың шебінде Еуропа елдерінде оқытуды ұйымдастырудың лангеймдік жүйе деп аталатын формасы бой көтерді. 20 ғасырдан басында АҚШ-та тұңғыш рет дальтон – жоспар деген атпен мәлім болған оқытуды ұйымдастыру жүйесі кең тарады. Аталғандардан басқа, бригадалық- лабораториялық жүйесінің бағыттары айқындалып, тәжірибеге енгізілді.

Сөйтіп, ұйымдастыру сөзі, 20-ғасырдың аса маңызды ұғым ретінде танылса, 21- ғасырда қолданбалы құралға айналмақ. Бұл айтылған тезисті терең түсініп, дұрыс жолға қоймайынша, тіпті адамзат қауымының үндесе жетілген өркенін көз алдыңа елестету қиын. Өйткені, әрбір жеке тұлғаның іс-әрекеттерінен бастап, мемлекеттің басқару жүйелеріне дейін, тіпті келешекте дүниенің тұтқасы болмақ ғылым мен білімнің жемістілігіне, тек дұрыс ұйымдастыру шеберлігін жете игергенде ғана қолымыз жетпек. Ендеше, бүгінгі таңда пәнді оқытудың жаңа технологиясын іздестіріп жатқан кезде мынадай мәселелерді қайта қараудың мезгілі жетті деуге болады: алдымен пәннің мазмұны мен құрылымын ғылыми тұрғыда сұрыптау және сабақты оқытуды ұтымды ұйымдастыру [4].

Әлемдік модульдік оқыту тәжірибесінде оқытудың мынадай жүйелері қолданылуда: алгоритмдік, оқытуда өзін-өзі басқару, аудиовизуальды, автоматталған басқару және бағдарламалық.

Демек, әдістерді таңдау және оны қолданудың қарапайым жолын ғана игеруге болмайды. Ол үшін әрқашан нақты жағдайларды ескеру қажеттігі туралы диалектикалық қағиданы ескеру керек.

Ғалым – ағартушы А. Байтұрсынұлы 1928 жылы “Жаңа мектеп” журналының 8-санында жарияланған “Қай әдіс жақсы” деген мақаласында “Әдіс деген қатып семіп қалған догма емес” деген тұжырым айтады. Ғұлама ғалым одан әрі ойын былай сабақтайды: “Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу. Әдіс керектіктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орынның керек қылуына қарай.” Сөйтіп бұл ойын: “Әдістің де озығы бар, тозығы бар, әрбір ұлт тіліне лайықты - лайықсызы бар, қолайлысын таңдап алу да күрделі іс” - деп түйіндейді.

Енді келесі бір мақаласында бұл ойын: “Әдісін алғанша қай істе болса қиын болады. Әдісін алған соң қайсысы да болса оңайланады. Әдісін алғаннан соң, кейін батылырақ қимылдайтын болады, онан әрі батылырақ жүретін болады, онан соң қалай болса солай жүретін болып әбден төселеді, төселгеннен әрмен басқалармен жарысып өнер салыстырарлық дарежеге жетеді” – деп жалғастырады.

Әдістемелік тұғырнамамыздың негізі ретінде алып отырған, ұлы ұстаздың бұдан 70-тен астам жыл бұрын көрегендікпен айтып кеткен осы тұжырымының күні бүгінге дейін ғылыми-әдістемелік, тәлімдік мәні зор екені даусыз.

Нақты педагогикалық жағдайда мұғалімнің өзі ғана тиімді әдіс таңдай алады. Бірақ бұл әдістерді сұрыптаудың нақты өлшемі жоқ дегенді білдірмейді. Әдістерді сұрыптау барысында жеке тұлғаның даму мақсаттары мен міндетттерін ескерген өте маңызды.

Модульдік бағдарламалада білімді жүйеге келтіру және қорытындылауда рольдік ойын, сынақ түріндегі өткізілетін сабақтар да қарастырылған. Оқушылардың білімін, білігін және дағдысын қорытынды тексеру сынақ түрінде жүзеге асырылады. Сынақ кезінде белгіленген сұрақтар бойынша жауап береді немесе эксперимент және сан есептерін шығарады. Оқушыларды толық қамту үшін жартылай жазбаша (химиялық диктант, бақылау жұмысы), жартылай әңгімелесу түрінде өткізілуі мүмкін. Химияны модульдік оқытуда мектеп бағдарламасы бойынша өткізілген сабақтар санымен салыстырғанда сағат саны ұтымды пайдаланылады. Оқушының танымдық іс-әрекеті тиімді ұйымдастырылады. Ұсынылған оқу материалын оқушылар толық игеруге мүмкіндігі болады.

9-сынып  химия пәнінен модуль арқылы өткізген сабағымда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырып, бірлескен іздену іс-әрекетінің мүшесі қызметін атқарып қана қоймай, модуль арқылы өткізген сабақтар құрылымын ойластырғанда оның барлық бөлімдері арасындағы сабақтастық пен оған бөлінетін уақыттың сәйкестігін ескерген жөн. Орындалатын жұмыстарға уақытты тиімді бөлу – педагогикалық еңбектің ең негізгі элементі.

Информация о работе Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту