Осмостық және онкотикалық қысым.Осмостық қысым заңдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 21:26, реферат

Описание работы

Ерітінді –– бір заттың екінші бір заттық ортада біркелкі таралуы аркылы әзірленген біртектес жүйелер; кем дегенде екі компоненттерден, бірі еріткіш, екіншісі еритін зат болатын айнымалы құрамның химиялық тепе-теңдiк күйі болатын жүйе.
Электрохимия — химиялық процестер мен электрлік құбылыстар арасындағы байланысты зерттейтін физикалық химияның бір тарауы. Сондай-ақ бұл тарауда еріген және балқыған электролиттердің де касиеттері қарастырылады.

Содержание работы

І КІРІСПЕ
Жалпы ерітінділер туралы түсінік
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1)Электролит ерітінділерінің коллигативтік қасиеттерінің ерекшеліктері
2)Осмостық және онкотикалық қысым.Осмостық қысым заңдары
3)Плазмолиз және гемолиз
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

химия3.docx

— 134.11 Кб (Скачать файл)

     Ерітінділердің, оның ішінде сұйық ерітінділердің  қасиеттерін зерттегенде,ол ерітіндідегі  заттың күйі газ күйіне өте  ұқсас екендігі 

 

7

анықталды.Газдардың негізгі  қасиеті – диффузия арқылы мейлінше кең көлем алуға тырысуы. Осындай қасиет еріген затта да болады: 1ыдысқа қанттың концентриялы ерітіндісі құйылады және оның үстіне апраласып кетпейтіндей етіп, ептеп сол қанттың сұйық ерітіндісін құяды.Бұл жағдайда  екі жақты диффузия жүреді, яғни қанттың молекулалары концентриялы ертіндіден сұйық ерітіндіге, ал сұйық ерітіндіден концентриялы ерітіндіге диффузияланады.Біраз уақыттан кейін судың да, қанттың да молекулалары  араласывп ерітіндіге айналады.

    Енді судың  молекулаларын өткізетін,одан ірірек  қант молекулаларын өткізбейтін түбі жартылай  өткізгіштен жасалған ыдысқа қант ерітіндісі мент аза су құйылған екінші кеңірек ыдыстың ішіне қойса, 1 жақты диффузия байқалады.Мұнда су молекулалары диффузияланады, әрі олар қанттың ерітіндісі құйылған кіші ыдысқа тез көшеді, кері өтуі баяуырақ болады.Осының нәтижесінде қант ерітіндісінің концентрациясы кемиді.Осындай шала өткізгіш арқылы болатын, бір жақты диффузияны осмос деп атайды(грек.итеру,басу).

     Осмос қысымы ерітінідінің концентрациясына,температурасына тәуелді. 1886 жылы Вант-Гофф бұл тәуелділік, бұрын газдарға қолданылып жүрген Бойль-Мариот пен Гей –Люссак заңдарына өте ұқсас екендігін тапты.

P = cRT

    Ерітіндінің осмос  қысымы, сол еріген зат газ  күйінде болып,осы температурада,  ерітіндінің көлеміндегі  көлем  алып тұрғандағы туғызатын қысымына  тең.

    Ерітінділердің  бетіндегі буының қысымы сумен  салыстырғанда едәуір төмен болуы - ерітінділердің негізгі қасиеттерінің бірі.Әрбір сұйықтық белгілі температурада бетіндегі бумен тепе-теңдікте болады, яғни оның  бетінен үзіліп шығып буға айналатын молекулалар саны будан қайтып сұйыққа қонатын молекулалар санына тең. Еріген зат еріткіштің бу қысымын төмендетеді.1887 жылы француз физигі Рауль ерітінділермен жұмыс істей келе мынадай заң ашты: Электролит емес заттардың сұйық ерітінділерінің буының қысымының кемуі, еріткіштің кесімді мөлшерінде еріген заттың мөлшеріне пропорционал.

    Әрбір таза  заттың өзіне тән қату және  қайнау температуралары болады.Сұйықтың  қату температурасы дегеніміз оның сұйық және қатты күйлерінде бетіндегі буының қысымдары біріне-бірі тең болатын температура.

    Айталық  0 –та мұз бен сұйық судың бетіндегі буының қысымы тең болады.Сондықтан 0 таза судың қату температурасы.Сұйықтың қайнау температурасы дегеніміз  сұйық бетіндегі буының қысымы сыртқы атмосфералықм қысымға теңесетін температура; суды алсақ 100  C- оның буының қысымы 101,3 кПа,сондықтан 1атм қысымда, су 100 C- та қайнайды.

    Суда бір затты  еріткенде бу қысымы кемиді.Ерітінділердің  қатуы менқайнау температурасын  өлшеп осы мәселенің сан жағын  есептеген Рауль болатын.Оның  эксперименттік қорытындылары Рауль  заңы деп аталады.

8

    1.Қату температурасының төмендеуі,еріткіштің сол салмақ мөлшеріндегі еріген заттың мөлшеріне пропорционал.

    2.Түрлі заттардың эквимолекулалық мөлшерлері бір еріткіштің бірдей етіп алынған мөлшерінде ерітілген болса,ол ерітінділердің қату температурасы бірдей градус санына төмендейді.

    Мысалы,глюкозаның 0,1 молін (18г) 1000г суға ерітсек  одан қату температурасы 0,186 қа  төмендейді. Енді этил спиртінің 0,1молін (4,6г) не қанттың 0,1молін  ( 34,2г) ерітсек, олар да ерітінділерінің қату температурасын 0,186 С қа төмендетеді.

 

   

    Плазмолиз - цитоплазманың қабырғаға жақын қабатының өсімдік жасушасының қатты қабықшасынан бөлінуі. Плазмолиз тургорға кері құбылыс. Жасуша сөліне қарағанда гипертоникалық болып табылатын ерітіндінің әсерсерінен протопласттың сығылуы нәтижесінде тек тірі жасушалар ғана болады. Ұзақ плазмолиз жасушаның өлуіне әсеркеледі.

   Гемолиз — қызыл қан түйіршіктерінің қабықтарыныц бұзылуы. Оның салдарынан гемоглобин сыртқа шығады. 

   Гемолиз екіге бөлінеді: арнайы және  арнайы емес. Арнайы емес гемолиз әр түрлі физикалық немесе химиялық факторлардыц әсерінен пайда болады. Арнайы Гемолиз комплементтің қатысуымен болатын антиген мен антидене байланысы кезінде пайда болады.

    Гемолиз жүйесі — тең мөлшерде алынған қой қанының қызыл түйіршіктері (3%) мен гемолиздік қан сарысуынан (3 есе үлкен титрде) тұратын жүйе. Гемолиз жүйесі комплемент байланыс реакциясында бос не байланысқан комплементтің бар екендігінің көрсеткіші болып табылады. Антиген антиденемен қосылған жағдайда комплемент ол қосындыға жабысады да, гемолиз тумайды (оң нәтижелі тәжрибе). Алантиген мен антидене бір-біріне сәйкес болмаса комплемент бос қалады да, гемолиз жүйесі қосылып гемолиз туғызады(теріс нәтижелі реакция)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

Қорытынды

 

Ерітінді дегеніміз дисперсті  жүйенің бір түрі.Қандай да бір  затқа екінші заттың өте ұсақ бөлшектері араласуын дисперстік жүйе(лат. Ұсатылып тараған) деп атайды. Ұсақталатын  заттың және ұсақтайтын ортаның агрегаттық күйіне қарай дисперсті жүйенің  мынадай 9 түрі бар: : г1+г2-ауа; с+г-ауадағы тамшы; қ+г-түтін; г+с-судағы ауа; с1+с2-судағы спирт; қ+с- судағы тұз; г+Қ-Pt,Pd,H2; с+қ-ылғал болған қатты зат; қ1+қ2- құймалар; дисперстік жүйелер араласатын заттың ұсатылған бөлшектерінің мөлшеріне қарай, әр түрлі болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.Сейтембетов  Т.С.Химия.-Алматы,1994

2.Пацаев Ә.К. Шитыбаев С.А.,Бейорганикалық және физ.коллидтық

3.Бірімжанов Б.А. Жалпы химия.- Алматы,2002

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Осмостық және онкотикалық қысым.Осмостық қысым заңдары