Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 18:12, реферат
Су- химиялық технолияда ,дәрілік препараттарды дайындауда биосферада кең таралған.Таза су иіссіз, дәмсіз, түссіз, сұйық зат. Табиғатта таза су кедеспейді .Оның ішінде еріген заттар әр түрлі мөлшерде болады.Теңіз суларында еріген заттардың мөлшері 4 % ға дейін болады.Судың құрамында 11,2% cу және 88,8% оттек болады.Табиғатта су сұйық , газ және қатты мұз күйінде кездеседі.
I Кіріспе
II Негізгі болім
1. Судың иондық көбейткіші.
2. Сутектік көрсеткіш.
3. Судың pH өлшеу әдістері.
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
АКАДЕМИЯСЫ
ФГЗ ЖӘНЕ ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: СУДЫҢ ИОНДЫҚ КӨБЕЙТІНДІСІ. СУТЕКТІК КӨРСЕТКІШ.
Ph өлшеу әдістері.
ОРЫНДАҒАН: АҒЗАМ АҚЕРКЕ
ТОБЫ: 102»А» ҚДС
ҚАБЫЛДАҒАН:ДІЛДАБЕКОВА Л
I Кіріспе
II Негізгі болім
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер.
Су- химиялық технолияда ,дәрілік препараттарды дайындауда биосферада кең таралған.Таза су иіссіз, дәмсіз, түссіз, сұйық зат. Табиғатта таза су кедеспейді .Оның ішінде еріген заттар әр түрлі мөлшерде болады.Теңіз суларында еріген заттардың мөлшері 4 % ға дейін болады.Судың құрамында 11,2% cу және 88,8% оттек болады.Табиғатта су сұйық , газ және қатты мұз күйінде кездеседі.
Судың иондық көбейткіші.
Су өте нашар диссоциацияланатын заттың бірі. Таза су электр тоғын нашар өткізеді, бірақ өлшеуге келетін өлектр өткізгіштігі бар, өйткені су өте аз түрде болса да диссоцияланады.
оңайлату үшін былай жазылады
Таза судың электр өткізгіштігін өлшеу
арқылы, ондағы сутек иондарының және
әрине оған тең гидроксид иондарының концентрациясын
есептеп шығаруға болады.Ол 10
моль/л тең
Судың диссоциалануына әрекеттесуші массалар заңын қолданып,диссоциалану контантасын жазуға болады:
Судың диссоциациялануы өте нашар болғандықтан, диссоцияланбаған молекулалар концентрациясын- [H₂O] тұрақты шама деп қарауға болады.
Бұл теңдеуден су да болсын, не сұйық ерітінділер де болсын, температура өзгермеген жағдайда, сутек және гидроксид иондары концентрациясының көбейтіндісі тұрақты шама екенін көреміз.Бұл тұрақты шаманы су иондарының көбейтіндісі дейді. Оның сандық мәнін де табу қиын емес, ол үшін соңғы теңдеуде сутек және гидроксид иондары концентрациясының мәнін қоямыз.
КH₂o=10 ̄ 7 •10 ̄ 7=10 ̄ 14
Осыны бақаша да есептеуге де болады,ол үшін
[Нॱ] [ОН‘]=[Н₂О]К
Теңдігінің оң жағындағы екі тұрақты шаманың сандық мәнін табамыз.
[H₂O] дегеніміз судың диссоциацияланбаған молекулаларының концентрациясы, ал судың диссоциациялануы өте аз болғандықтан, айталық бір литр судың ішіндегі диссоциацияланған молекулаларын есепке алмай-ақ, ондағы су молекулаларының барлығы диссоциацияланбаған деп қарап,оның мольдік концентрациясын табамыз- 1000:18.016=55.56
Екінші тұрақты шама К- ол 22°С 1.8·10 ̄ 14 тең
[Hॱ] [ОН']=[Н₂О]•К=55.56•1.8•10 ̄ 16 =10 ̄ 14
Бәрі бір КH₂o =1•10 ̄ 14 болады
Су нағыз бейтарап зат. Сондықтан ішіндегі сутек және гидроксид, иондарының концентрациялары бірдей болып, әр қайсысы 10 ̄ 7 моль/л тең ерітінділер бейтарап ерітінді болады.
Қышқыл ерітінділерде сутек иондары көбірек, сілтілік ерітінділерде гидроксид иондары көбірек; бірақ ерітіндіміз қышқыл немесе сілтілік болсын бәрібір Нॱ және ОН‘ иондары концентрацияларының көбейтіндісі әрдайым тұрақты болады.
Егер таза суға қышқыл қосып сутек иондарының концентрациясын 10 ̄ 3 дейін көтерсек, гидроксид иондарының концентрациясы кемиді, өйткені [Нॱ][ОН‘] көбейтіндісі 10¯14 өзгермейді.
Демек, бұл ерітіндіде гидроксид иондарының концентрациясы
[ОН‘]= 10-14 / 10-3= 10-11
Осыған керісінше, ерітіндіге сілті қосып гидроксид иондарының концентрациясын 10 дейін көтерсек, онда сутек иондарының концентрациясы
[Нॱ] – 10 -14/10-5= 10-9
Сутектік көрсеткіш.Ерітіндінің қышқылдығын немесе сілтілігін жоғарыда қолданылғандай теріс мәнді көрсеткіші бар сандармен жазу, жұмыс кезінде қиындық туғызады, сондықтан оған басқа ыңғайлырақ әдісті қолданады:сутек иондарының нақты концентрациясының орнына ,оның теріс таңбамен алынған ондық логарифм көрсетеді.Ол сутектік көрсеткіш деп аталып,РН арқылы белгіленеді:
рН = -Ig[Н+].
Мысалы,егер [Нॱ]=10-3 болса,онда pH=3; егер [Нॱ]=10-10 болса,онда рН=10 т.с.с. осылай болғандықтан бейтарап ерітінділерде рН=7 болады,қышқыл ерітінділерде рН <7 , ал сілтілі ерітінділерде рН >7 .
Осы айтылғанды схемамен көрсетуге болады .(37- кесте).
Ерітіндінің реакциясы |
Қышқыл |
Бейтарап |
Сілтілік | ||||||||
(Нॱ) |
10˚ |
10¯3 |
10¯4 |
10¯5 |
10¯6 |
10¯7 |
10¯8 |
10¯9 |
10¯¯¯ |
10¯14 |
10¯14 |
pH |
0 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
14 |
Қышқылдық өседі сілтілік өседі |
Ерітіндінің рН білу химиялық зерттеу жұмыстарында да,әр түрлі өндірістік процестерде де,тірі органимдерде де жүретін құбылыстарды түсіндіруде өте керек.Көпшілік жағдайда рН дәл мәнін емес ,ерітіндінің реакциясы қандай,қышқыл ма,немесе сілтілік пе-соны сапалық турде білу жеткілікті болады, олүшін индикатор деп аталатын арнаулы реактивтерді пайдаланылады.Ол индикаторлар сутек иондарының концентрациясына қарай өз түсін өзгертіп ,ерітінді –қышқыл ,бейтарап не сілтілік екенін көрсетеді.Жиі қолданатын индикаторлар : лакмус, фенол-фталейн, метилоранж, солардың қандай ортада қандай түске боялатындығы көрсетілген
38-кестеде көрсетілген.
Индикатор |
| ||
қышқыл |
Бейтарап |
Сілтілік | |
Лакмус Фенолфталейн метилоранж |
Қызыл Түссіз Роза түсті |
Күлгін түсті Түссіз Қызыл сары |
Көк Малина түсті Сары |
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жалпы химия, бейорганикалық және физколойдтық химия.
Информация о работе Судың иондық көбейткіші. Сутектік көрсеткіш. Ph өлшеу әдістері