Таза ауа үшін дуалға жерді желдің бағытын ескере отырып және лас жерлерден алысырақ таңдайды

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2014 в 09:22, доклад

Описание работы

1. Өндірістік ортаның метерологиялық шарты ауалы ортаның физикалық жағдайына байланысты және негізгі метерологиялық элементтермен: температура, ылғалды ауа қозғалысының жылдамдығы және де қондырғының бетінде қыздырылған жылулық сәулелену, өңделген бұйым және материалмен сипатталады. Өндірістік ортаның метерологиялық шарты – адам ағзасындағы жылу алмасуды анықтайды және ағзаның әртүрлі жүйелерінің функционалдық жағдайы – өзін-өзі сезінуіне, жұмысқа қабілеттілігіне және денсаулығына әсер ету жағдайларын қарастырады. Сонымен қатар жылу алмасудың бұзылуы адамға зиянды заттар, вибрация, шу, басқа өндірістік факторлардың әсерін жоғарылатады.

Файлы: 1 файл

СРС 3.docx

— 18.14 Кб (Скачать файл)

Таза ауа үшін дуалға жерді желдің бағытын ескере отырып және лас жерлерден алысырақ таңдайды.

Жылдың салқын мезгілінде келетін ауаны жылытады. Жеке жағдайларда ауаны қыздыруға кететін эксплуатациялық шығындарды азайту мақсатында сырттан келетін ауаны бөлмем ішіндегі ауамен араластыратын бөлшектеп рециркуляциялайтын желдету жүйелері қолданылады. Жаңа, екіншілік және шығарылатын ауаның мөлшері клапандармен (8) реттеледі.

Желдетудің фильтрлері, калорифтері және желдеткіштері әдетте, желдету камераларында орналастырылады. Олар көп жағдайда жертөледе қойлады.

Ауа жұмыс зонасына зиянды заттар аз бөлінетін жерде, тыныс алу дәрежесінде (2метрге дейін) беріледі. Бұл кезде ауаның шығу жылдамдығы шекті шуылмен және жұмыс зонасындағы қозғалғыштығымен шектеледі. Тартпалы саңылауларды зиянды заттар көп бөлінетін жерлерге орналастырады.

Тартпалы желдету камералары желдету камераларынан бөлек қойылады. Олардың ішіне ауа қозғалысын реттеп отыру үшін желдеткіштер орнатады. Қоғамдық ғимараттарда тартпалы камералар чердакта немесе техникалық этаждарда орналастырылады.

Жергілікті желдету зияндылықтың бөлінген жерінде аулап алуға және олардың бөлмедегі ауамен араслапауының алдын алады. Жергілікті желдетулер бөлініп жатқан зияндылықтардың жұмысшының тыныс алу зонасына енуін болдырмайды немесе қысқартады.

 Жергілікті тартпалы  желдетулер зиянды бөлінулерду  пайда болған жерінде (насосатар, араластырғыштар тығыздамаларында  және т.б.) тікелей жояды. Жергілікті  желдету жұмыс зонасына таза  салқындатылған (жылытылған) ауа береді.

Тасалардың үш түрі бар: бөлініп жатқан зияндылықтардың көзін толық жауып тұратын, зиндылықтар көзінен тыс жерлерде тұратын және передувкалар.

Бөлініп жатқан зияндылықтардың көзін толық жауып тұратын тасалар ең эффективті болып келеді, бірақ технология шарттарында көп қолданылмайды. Жұмысшыларды қорғау үшін капсулирлеуді (қондырғыны толығымен қаптама-капсуламен қаптайды), аспирацияны (зиянды бөлінулерді технологиялық қондырғылардың ішінен жояды), тартпа шкафтар, шатырлар, витрина типті тасалар, кабиналар, камералар және т.б. қолданылады.

Аспирация химия өндірісінде электрлік ванналардан, сыйымдылықтардан, шаю аппараттарынан, кептіргіштерден және т.б. зиянды бөлінулерді шығару үшін қолданылады.

Тартпа шкаф үлкен сыйымдылықты қақпақ сияқты болады. Оның ішінде зиянды заттармен жұмыс жасалады.

Жұмыс саңылауы арқылы шкаф сорып алатын ауаның жылдамдығы 0,5-0,7м/с кем емес – улылығы аз булар мен газдарды жою кезінде, 1-1,5 м – қатты әсер ететін зиянды заттарды (қорғасын, сынап булары, цианды қосылыстар және т.б.) жою кезінде.

Тартпа шатырларды жылу бөліну кезінде зиянды заттарды оқшаулау үшін қолданады. Шатырлар барлық жағынан ашық немесе бөлшектеп ашылатын, ал қима формасы бойынша тік бұрышты немесе дөңгелек болады.

Желдету жүйелерін және олардың өнімділіктерін қажетті ауа алмасу есебі негізінде таңдайды және жобалайды.

Желдеткіштер. Ауаны механикалық орын ауыстыру үшін ағындыдағы сияқты тартпа желдету жүйелерінде де желдеткіштер (ортадан тепкіш және осьтік) және эжекторлар(сирек) қолданылады.

Тұтынылуына байланысты желдеткіштерді белгілі бір материалдар мен әртүрлі конструкция бойынша дайындайды:

Қарапайым орындалу - 80оС температурамен таза немесе аз тозаңдалған ауаны ауыстыру үшін;

Антикоррозиялық орындалу – агрессивті орталарды (қышқылдар, негіздер булары) ауыстыру үшін. Бұл жағдайда желдеткіштерді хромды темір және болаттан, ал ықшамды өлшемдерде винипласттан жасайды;

Жарылыстын қорғалған орындалу – жарылуға қауіпті орталардың газды немесе булы ауалырын жою; желдеткіштің роторы мен корпусы ұшқын тудырмайтын материалдардан жасалуы керек немесе арнайы изоляциялық материалмен жабылуы тиіс. Электроқозғалтқыштары да  жарылыстын қорғалған орындалуда және желдеткішпен жалған болуы керек.

Эжекторлар. Егер жойылатын тастаулар құрамында өте агрессивті орта, мысалы, тек соққыдан ғана емес, үйкелістен де жарылатын шаң, сонымен қатар жарылуға қауіпті газдар мен булар (ацетилен, эфир және т.б.) болса, онда булар, газдар және шаң желдеткіштің жұмыс доңғалағымен жанасуы болмайтын эжекторлық желдетуді қолдануға болады.

Ауаны кондиционирлеу. Желдетудің қарапайым жүйелері адамдар келетін зоналарда жайлы жағдайлар жасау үшін ауаның барлық параметрлерін ұстап тұра алмайды. Бұл мәселені механикалық желдетудің ең түрі және ішкі жағдайлардан тәуелсіз жұмыс орнында микроклиматты автоматты түрде ұстап тұратын кондиционирлеу жүзеге асыра алады. Жалпы жағдайда кондиционирлеу қыздыру немесе суытуды, ылғалдау немесе ауаны кептіруді және оны шаңнан тазалауды тұспалдайды. Кейбір жағдайларда бұдан басқа ауаны иондау, жағымсыз иістерді кетіру немесе адамның иіс сезу қабілеттеріне жағымды иістер беру керек болады. Кондиционирлеудің жайлы жүйесі - бөлмеде адамға әрқашан жайлы жағдай жасайды және технологиялық жүйесі – өндіріс орнында технологиялық процесс талап ететін жағдайды ұстап тұрады. Бұл үшін кондиционерлердің әртүрлі түрлерін қолданады.

Желдетумен салыстырғанда ауаны кондиционирлеу үлкен бір реттік және эксплуатациялық шығындарды талап етеді. Бірақ бұл шығындар тез ақталады, себебі еңбектің өнімділігі жоғарылайды, адамдар аз ауырады және т.б.

 

Метереологиялық параметрлерді анықтау

Жұмыс зонасындағы микроклиматтың адамның жұмысқа қабілеттігіне және көңіл күйіне әсер ететін болғандықтан, орртаның параметрін әрқашан бақылап отыру керек.

Өндіріс орнындағы ауа температурасын кәдімгі сынап немесе спиртті термометрмен өлшейді. Температураны уақыт бойынша үздіксіз тіркеп отыру үшін өздігінен жазатын приборлар – термографтар қолданылады. Температураны 1,5 м биіктікте және ішкі қабырғалардан, қыздырғыш аппараттардан және басқа да жылу көздерінен 1 м-ден кем емес жерлерге қояды.

Қондырғының жылулық сәулеленуі кезінде қарапайым термометрлер бөлменің шынайы температурасын көрсетпейді. Осындай жағдайда бу термометрлерін қолданады. Оның бір резервуары сынаппен қарайтылған, ал екіншісі күміс қабатпен жабылған болады. Біріншісі сәулені сіңіреді, ал екіншісі оны көрсетеді. Ауаның шынайы температурасын екі термометрдің көрсеткіштерін ескере отырып, таблицаға тіркелген кесте бойынша табады.

Ауаның салыстырмалы ыгғалдылығын стационарлы (Август психрометрі) немес аспирациялық психрометрлермен анықтайды. Психрометрлер екі бірдей – құрғақ және ылғал сынып термометрлерден тұрады. Ұшы дистилденген суы бар стаканга батырылған ылғал сынап термометрдің резервуары ылғал тартқыш (гигроскопический) матамен оралған. Ылғалдың булануына жылу шығындалатын болғандықтан, бұл термометр құрғақ термометрге қарағанда төмен температураны көрсетеді. Термометрлер көрсеткіштерінің айырмасы бойынша, арнайы кестелер мен графиктерді пайдаланып, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтайды.   Аспирациялық психрометр зерттелетін ауаны бірқалыпты жылдамдықпен құрал арқылы тартатын желдеткішпен жабдықталған. Бұл құрал көрсеткішінің дәлділігін жоғарылатады.

Психрометрлерді ауаның температурасы кемінде 10оС болғанда қолдануға болады. Төмен температурада сезгіш элемент ретінде майы кетірілген шаш қолданылатын гигрометр қолданылады.

Ауаның қозғалыс жылдамдығын өлшеу үшін өндірісте қанатты және табақшалы анемометрлер қолданылады. Қанатты анемометрлердің ауа ағынының жылдамдығын өлшеу шектері 0,3-тен 5 м/с дейін болады, ал табақшалынікі – 1-ден 20 м/с дейін. Бұл анемометрлерді көбіне желдеткіш жүйелер жұмысының эффективтілігін бағалау үшін қолданады.

Жұмыс орнындағы ауа қозғалысының аз жылдамдықтарын (0,5 м/с кем) анықтау үшін термоанемометрлер мен кататермометрлерді қолданады. Термоанемометрдің жұмысының негізі болып ауа ағынында болатын және токпен қыздырылатын қабылдау денесі – датчикті сақындату принципі табылады. Өзі 20 мл дейін резервуары бар спиртті термометрді көрсететін кататермометрдің жұмыс істеу принципі 38-ден 35оС дейін суыту кезіндегі температураның түсуінің жылдамдығын өлшеуге негізделген. Бұл қоршаған ауаның қозғалғыштығын бақылауға мүмкіндік береді.

  Жылулық сәулеленудің интенсивтілігін актиномермен өлшейді. Оның жұмысы сәулелік энергияны сіңіруге және оны жылулыққа айналдыруға негізделген. 

 


Информация о работе Таза ауа үшін дуалға жерді желдің бағытын ескере отырып және лас жерлерден алысырақ таңдайды