Тұз қышқылы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:10, реферат

Описание работы

Тұз қышқылы, хлорсутек қышқылы, HCl – хлорсутек газының судағы ерітіндісі; бір негізді қышқыл.
Тұз қышқылы 16 ғасырдың аяғында белгілі болды. Оны “тұз спирті” деген атаумен 17 ғасырдың ортасында неміс дәрігері И.Р. Глаубер (1604 – 1670) ас тұзы мен күкірт қышқылын әрекеттестіру арқылы бөліп алды.

Оның ең жоғары концентрациясы 36%, бұл ерітіндінің тығызд. 1,18 г/см3, буы өткір иісті мөлдір сұйықтық, ауада түтіндене бастайды. Күшті қышқыл, суда жақсы ериді. Тұз қышқылы көптеген металдармен және олардың тотықтарымен әрекеттесіп, көпшілігі суда жақсы еритін тұздар (хлоридтер) түзеді. Өнеркәсіпте тұз қышқылын өндіру екі сатыдан тұрады: хлорсутек алу және оны сумен абсорбциялау. Таза тұз қышқылын жай заттардан тікелей синтездеу арқылы алады: H2+Cl22HCl+184кДж; органикалық қосылыстарды хлорлау кезінде көп мөлшерде қосымша өнім ретінде түзіледі: RH+Cl2RCl+HCl, мұндағы R – органикалық радикал. Сату үшін өндірілетін Тұз қышқылының құрамындағы хлорсутек 12,2% болса сұйытылған, ал 24%-дан көп болса концентрлі, лабараториялық мақсатта пайдаланылатын 7%-дығы ерітілген деп аталады. Тұз қышқылы 0,3% шамасында адам асқазанында болады, ол оба, сүзек ауруларын туғызатын бактерияларды өлтіреді. Өнеркәсіпте тұз қышқылы металл (мырыш, кальций, барий, т.б.) хлоридтерін және көптеген органик. қосылыстарды синтездеуге жұмсалады. Спирт, глюкоза, қант өндіру, тері илеу және бояу, активтелген көмір алу, металл бетіндегі оксид қабыршағын кетіру, т.б. көптеген процестерде қолданылады. Газ тәрізді хлорсутек (HCl) өте улы, оның ауадағы мөлшері 0,005 мг/л-ден асса адам өміріне қауіп тудырады.
[өңдеу]Сілтемелер

Файлы: 1 файл